№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015



жүктеу 2,63 Mb.
Pdf просмотр
бет74/81
Дата20.11.2018
өлшемі2,63 Mb.
#22201
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   81

№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015 ISSN 2307-017X 
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
152 
«Айыр» ою-ӛрнегі. «Ашатұяқ», «айыр-тұяқ» ӛрнегі кейде «айыр» ӛрнегі деп те 
аталады. Пішен ашалайтын айыр құралға ұқсас болып келеді. 
«Ботакӛз»  ою-ӛрнегі  әшекейлі  композициясының  ортасына  салынатын  немесе 
бірнеше  қайталанып  келіп,  шетін  кӛмкеретін  жиектеме  түзейтін  ою.  Сырт  пішіні 
ботаның  кӛзіндей  дӛңгеленген  ромбыға  ұқсайтын  геометриялық  ою-ӛрнек.  Бұл 
орамалдың шетін кӛмкеретін жиектеме түзейді. 
«Қаңқа» ою-ӛрнегі тоқыма бұйымдарында қолданылады. Малдың қурап қалған 
сүйегін  тұспалдайды.  Алаша,  басқүр,  бау,  т.б.  тоқыма  бұйымдар  негізіндегі  ӛрнек 
ретінде салынады. 
«Омыртқа»  ою-ӛрнегін  кестелерден,  ӛрме  шилерден,  сүйек  пен  ағаштан 
жасалған бұйымдардан жиі кӛреміз. Бұл ӛрнек түрі омыртқаның түрін тұспалдайды, 
ол  әр  түрлі  үйлесімде  түрленіп,  ою  композициясының  ортасына  және  жиегіне 
қолданылады. 
«Жіліншік»  ою-ӛрнегі  малдың  жілік  сүйектерінің  негізінде  туған  атау. 
Жіліншік ӛрнегі қатар екі сызық бейнесінен құралатын буынды ӛрнек (алаша, киіз, 
тысқап, баулар, басқұрларды безендіруге қолданылады). 
«Тіс»  ою-ӛрнегі  малдың,  аңның  тісіне  ұқсас,  аққара  түсті  шақпақтан 
құралатын,  шахмат  тақтасына  ұқсас  ою-ӛрнек.  Кесте  тігуде  бұрыштарын  қарама-
қарсы  түйістіріп  отыратын  тік  сынық  сирек  тігістердің  ӛрнегінде  қолданылады. 
Мұны «тіс», «иттіс» деп те атай береді. 
«Таңдай»  ою-ӛрнегі  малдың  таңдайының  бедерін  бейнелеуден  шыққан, 
диагональ  тәрізді  ӛрнек.  Бұл  ӛрнек  ағаш,  мүйіз,  сүйек  заттарының  шетіне, 
киімдердің  жағасына,  кимешектің  жақтауына  салынады.  Таңдай  ӛрнегі  басқа  түркі 
тектес халықтарда да кездеседі. 
«Бӛрікӛз»  ою-ӛрнегі  бӛрінің  кӛзін,  қасқырдың  басын,  құлағын,  сондай-ақ 
«бӛріқұлак» деп аталатын жапырақты бейнелейді. 
«Итқұйрық»  ою-ӛрнегінің  сырт  кӛрінісі  иттің  қайқайып  тұрған  құйрығына 
ұқсас,  кӛбінесе  мұны  сүйек  пен  ағаштан  жасалған  бұйымдардың  (киіз  үй  есігі  мен 
ағаш тӛсектің) бетін бедерлеу үшін, киіз бұйымдарды әшекейлеу үшін қолданады. 
«Түлкібас» ою-ӛрнегі мысықтың, түлкінің бас бейнесін тұспалдайтын, сопақша 
дӛңгелектерден,  алмұрт  бейнелерінен  құралады.  Бұл  ою-ӛрнек  сүйекке,  ағашқа, 
шиге,  кестенің  шетіне  салынады.  Сондықтан  бұйымдарды  сүйектен  әшекейлегенде 
сүйекпен ойып, «түлкібас» ӛрнегін түсіреді. 
«Жылан»,  «жыланбас»  ою-ӛрнегі  балалардың  тақия-сына  «кӛз  тимесін»  деп 
тағатын, жыланның бас сүйегіне ұқсас ою-ӛрнек. Бұл ою-ӛрнек жыланның бейнесін 
тұспалдап тұрады. 
«Құсқанат»  ою-ӛрнегі  мүйіз  оюымен  не  шахмат  шақпақтарының  ізімен 
бейнеленген  құстың  қанаты  тәріздес  ою-ӛрнек.  Ал  бұйымдарда  кӛп  қолданылатын 
бұл  ою  қанатын  жайып,  ұшып  келе  жатқан  құсты  тұспалдайды.  Қазіргі  кезде 
«құсқанаты» ою-ӛрнегін басқа ӛрнектермен аралас колдана береді. 
«Құсмойын»  ою-ӛрнегі  құстың  мойнын  тұспалдаудан  туған.  Бұлар  кӛбінесе 
мүйіз мәнерімен жасалады. Ол иіле келген доғал тармақты мүйіздерден, ромбтардан, 
сызықтардан құралады. Құс атына байланысты ӛрнектердің бәрі қолӛнер үлгілерінің 
барлық түрлеріне тән. 
«Құстұмсық»  бұл  ӛрнек  құстың  тұмсығын  тұспалдаудан  туған.  «Құстұмсық» 
тармақты  мүйіздер  мен  сызықтардан  құралады.  Ою-ӛрнекті  қиғанда  ортасындағы 
сызықтың  ұшының  басы  құстың  тұмсығына  ұқсас  қиылады.  «Құстұмсық»  жүзік 
немесе  «топсалы»  сәлемдеме  ретінде,  жүзігі  туыстар  арасында  дәнекер  қызметін 
атқарған. Тұрмысқа шыққан қызынан орамалға түйілген құстұмсық жүзік келсе, ата-
анасы  қуанып,  кӛршілерін  шақырған.  Құс  бейнесі  халық  түсінігінде  азаттықтың 


№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015 ISSN 2307-017X 
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
153 
белгісі.  Жүзікке  қарап,  ата-анасы  қызының  ұзатылған  жерінің  жақсы  екендігін 
біледі. 
«Қазтабан»  ою-ӛрнегі  Маңғыстаудағы  құлпытастарды  ӛрнектеуде  кӛп 
қолданылған,  қаздың  табанын  тұспалдаған  күрделі  S  элементтерінен  тұрады.  Бұл 
оюдың  S  үлгімен  бейнеленетін  «ботамойын»  оюынан  айырмашылығы  екі  қатар 
орналасқан  SS  екі  қаздың  бейнесін  тұспалдайды.  Қаздың  басы,  мойны  анық 
байқалып тұрады. 
«Шетою»  ою-ӛрнегін  шексіздікке  ұластыра  ою  деп  те  атайды.  Берілген 
ӛрнектің бір элементі шексіз қайтапана береді. «Шетою» есіктің жақтауына, текемет, 
сырмақ, кебеже, киімкешек, ыдыс-аяқтың жиегіне салынатын ою-ӛрнектер. 
«Ирек», «Ирексу» ӛрнектері кейде түзу сызықтардың сынықтары, кейде доғал 
сынықтардың ұштасуы арқылы жасалады. Ондай сызықтар бірнеше қатар сызықтар 
түрінде қатарласа келеді. 
«Ирек», «ирексу» ӛрнегінің жасалуы кейде бір иректің іші екінші ирекке қарсы 
келіп  «тӛртбұрыштар»  мен  «сағатбау»,  «саты»  тәріздес  ӛрнектер  жүйесін  түзейді. 
Бұл  ӛрнек:  бешпент,  қамзол,  шапан,  тақияның  жиегіне  орнатылады.  Зергерлік 
бұйымдарда:  сақина,  білезік,  қапсырма,  алқалардың  жиегінде  және  ши,  сырмақ, 
кебеже, жүкаяқ, табақ ернеулерінде, әдіп тігісте кӛбірек кездеседі. 
«Қос  дӛңгелек»  ою-ӛрнегі  мал  таңбасына  ұқсайды.  «Қос  дӛңгелек»  ӛрнегімен 
негізінен киіз бұйымдарын, текеметтерді, сырмақтарды әшекейлейді. 
«Тұмарша»  ою-ӛрнегі  үшбұрыш  үлгілес  болып  келеді.  Үш  гүл,  үшбұрыш  – 
осындай  тұмарлар  тіл-кӛздӛн  сақтау  үшін  адамдарға  ғана  емес,  үй  жануарларына 
бойтұмар ретінде де тағылады. Кілем бұйымдарының жиегін, киіз, кілем, текеметтің 
орта тұсын кӛмкеруде кездеседі. 
«Қостұмарша» ою-ӛрнегі тӛбесінен түйістірілген екі тұмарша үшбұрыш ӛрнегі 
қосылады  да,  екі  геометриялық  үшбұрыш  жасайды.  Бұл  ӛрнектің  түрі  «тұмарша» 
ӛрнегі  секілді  тіл-кӛзден  сақтау  дегенді  білдірмейді,  тек  эстетикалық  тұрғыдан 
әшекей ретінде қолданылады. 
«Бағанӛрнек» қора тӛбесінің арқалығын астына тіреп тұратын діңгек ағаш. Осы 
ағаш секілді ою-ӛрнек салынатын заттың, бұйымның ортасына келтіріледі, оны негіз 
қылып  алып,  жан-жағын  басқа  ӛрнектермен  бейнелейді.  Бұл  ӛрнек  асадал, 
кебежелердің аяқтарында, қырларында, айна қойғыштың шетінде, піспек саптардың 
жоғарғы жақ басында, адалбақанның бойында жиі ұшырайды және текеметтің орта 
тұсын кӛмкеруде кездеседі. 
Ӛрнектердің  тҥстері  мен  бояулары.  Қолӛнерде  пайдаланылатын  бояуларды 
шеберлер  ӛздері  қолдан  жасап  алатын.  Оларға  әр  түрлі  қоспаларды  қосып,  бұрын 
табиғатта жиі кездесетін және сол күйінде пайдалануға жарай беретін ақ, сары, кӛк, 
қызыл және қара топырақтар, түрлі түсті жосалар (сары, кӛк, қызыл) ағашты, теріні, 
қайысты бояуға жұмсалған. 
Сол  сияқты  малдың  қанын,  қара  бауырын,  кӛк  бауырын  да  бояу  ретінде 
пайдаланған.  Кӛк  тікеннің  бүрі,  мойыл,  долана,  қарақат,  бүлдірген,  итмұрын  және 
тағы  басқа  да  осылар  тәрізді  түрлі  жемістердің  шырыны  да  даяр  тұрған  бояу  десе 
болғандай  еді.  Халық  шеберлері  шие  жемістерін,  әр  түрлі  ӛсімдіктерді,  олардың 
қабықтары  мен  тамырларын  қайнатып  бояу  жасау  әдісін  кӛп  қолданған.  Мысалы, 
талдың,  теректің,  қарағайдың,  еменнің,  алма,  анар,  жүзім  және  ӛрік  ағаштарының 
қабықтарынан қызыл, сары, күрең, қошқыл түсті бояулар қайнатқан. 
Қына  (жер  қынасы,  тас  бетінің  қынасы)  «томарбояу»  дейтін  қурай  мен 
тобылғының  тамырларын  қайнатып  та  бояу  жасаған.  Қабықтарды  күздігүні  жинап, 
қол диірменге тартып, не келіге түйіп, ұнтақтап қайнатады. 


жүктеу 2,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   81




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау