БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО), Астана қаласының әкімшілігі, «Инновациялық технологиялар паркі» және «Jumore» компаниясы Ынтымақтастық Меморандумына қол қойды
23 маусым 2017 жыл Астана қ.
Бүгін «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіндегі Қытай Халық Республикасының павильонында «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО), Астана қаласының әкімшілігі, «Инновациялық технологиялар паркі» Автономдық кластерлік Қоры (АКҚ) және «Zhejiang «Jumore» E-commerce Co. Ltd» компаниясы арасында Ынтымақтастық Меморандумына қол қойылды
Чжэцзян провинциясының күні аясында өткен бұл іс-шараға осы провинцияның Вице-Губернаторы Лян Лимин, ҚХР халықаралық сауданың дамуына ықпал ететін Комитет Төрағасының орынбасары Чэнь Чжоу, ҚХР-дің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чжан Ханьхуэй қатысты.
Қол қойылған құжаттар аясында Тараптар «Жібек Жолының экономикалық белдеуі» Бастамасы мен «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасында көрсетілген мақсаттарды жүзеге асыру, Қазақстан Республикасы Үшінші Модернизациясы аясындағы технологиялық модернизациялау мақсатындағы цифирлық сервистерді енгізу және сол үшін жағымды жағдай жасау үшін ынтымақтасып жұмыс істеуге келісті.
«Jumore» компаниясы тиісті онлайн-платформаны пайдалану арқылы қазақстандық және қытайлық компаниялардың арасындағы ынтымақтастықтың орнауына жағдай жасаумен, электрондық коммерция, логистикалық және қаржы қызметі салаларын дамытумен айналысады, АКҚ қажетті экспертиза мен операциялық бақылау жасайды, Астана қ. Әкімшілігі технологиялық кәсіпкерлікпен айналысатын компаниялар мен стартаптарды тартпақ, ал АХҚО өз кезегінде онлайн-платформа базасындағы қаржылық технологиялардың дамуына бағытталатын компаниялар мен стартаптардың жұмысына қажетті қолдау көрсетумен айналыспақ.
Ақпарат үшін:
АХҚО. 2015 жылғы желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық заңға қол қойды. АХҚО-ның мақсаты қаржылық қызметтерді көрсететін халықаралық деңгейдегі жетекші орталық қалыптастыру.
АХҚО-ның міндеттері қаржылық қызметтер саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру арқылы ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету болып табылады. АХҚО сондай-ақ елімізде сақтандыру, банк қызметтері мен исламдық қаржыландыру нарығын дамытуға ниеттенеді.
«Zhejiang «Jumore» E-commerce Co. Ltd» (әрі қарай «Jumore») – тауарлар мен қызметтердің түр-түрі, жер қойнауы қазбалары, металлургия, энергоресурстар, химиялық өнімдер, ауылшаруашылық тауарлары, өндірістік және өнеркәсіптік тауарлары, тұтыну тауарлары мен азық-түлік өнімдері, қаржылық, логистикалық қызмет түрлері, Big Data, техникалық, кеңестер беру тауарларды сертификациялаумен айналысады.
Аса жылдам дамуының арқсасында Қытайдың мемлекеттік органдары тарапынан қолдауға ие. Әрі әлемдік қауымдастықтан жақсы баға алған. Компания Экономикалық ынтымақтастық және даму Ұйымының, Африкалық Одақтың, Араб елдері Лигасының мүшесі.
«Инновациялық технологиялар паркі» Автономдық кластерлік Қоры (АКҚ) Қазақстан Республикасы Үкіметі құрған ұйым. Almaty Tech Garden брендімен белгілі. «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластері туралы Заң негізінде жұмыс істейді. Бұл коммерциялық емес ұйым.
Достарыңызбен бөлісу: |