№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015



жүктеу 2,63 Mb.
Pdf просмотр
бет65/81
Дата20.11.2018
өлшемі2,63 Mb.
#22201
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   81

№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015 ISSN 2307-017X 
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
133 
ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР 
 
АБДУЛЛАЕВА Сара, 
Б. Шалғынбаев атындағы № 217 орта мектебінің 10 сынып оқушысы
Қызылорда қаласы, Қызылорда облысы, Қазақстан Республикасы 
 
Жетекшісі: РАЙМКУЛОВА Жанат Таңатарқызы,  
Б. Шалғынбаев атындағы № 217 орта мектебі «Қазақ тілі» пәнінің мҧғалімі, 
педагогика ғылымдарының магистрі, Қызылорда қаласы, Қызылорда облысы, 
Қазақстан Республикасы 
 
Ғылыми жетекшісі: ТҦЯҚБАЕВ Ғабит, 
филология ғылымдарының кандидаты, Қызылорда қаласы, 
Қызылорда облысы, Қазақстан Республикасы 
 
 
 
СЫР СҤЛЕЙЛЕРІ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ АВТОР МЕН ТЫҢДАУШЫ 
МӘСЕЛЕСІ 
 
Зерттеу  жҧмысының  мақсаты  мен  міндеттері.  Мақсаты  –  Сыр  сүлейлері 
шығармаларындағы автор мен тыңдаушы мәселесін кӛркем шығарма мәтіні аясында 
ашу болып табылады. 
Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін тӛмендегідей міндеттерді алдымызға қойдық: 
-  Автор  мен  тыңдаушы  ұғымдарының  поэтикалық  категория  екендігін 
дәлелдеу; 
-  Автор  мен  тыңдаушы  ұғымдарына  эстетикалық,  философиялық,  тұрғыдан 
анықтама беру; 
-  Кӛркем  шығарма  арқылы  кӛрінетін  автор  бейнесі  мен  тыңдаушы  бейнесінің 
Сыр сүлейлері шығармаларындағы кӛрінісін зерделеу; 
-  Сыр  сүлейлері  шығармаларындағы  мәтіннің  автор  мен  тыңдаушы 
қатынасындағы орнын, маңызын анықтау; 


№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015 ISSN 2307-017X 
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
134 
-  Жыраулар  поэзиясында  импровизациялы  түрде  туындаған  мәтіннің 
поэтикасын, авторлардың тыңдаушымен кӛркем сұхбаттастық жасау жолдарындағы 
кӛркемдік қүралдарды зерттеу; 
-  Зерттелініп  отырған  кезеңдердегі  әдебиеттің  қоғамдық  санадағы  орын  алған 
ӛзгерістерді  тарихи-функционалдық  тұрғыда  түсіндіре  отырып,  оның  әлеумет 
психологиясына, сӛз ӛнеріне ықпалын, әсерін талдау. 
Тақырыптың  ӛзектілігі.  Қазақ  әдебиеттану  ғылымында  Сыр  бойы  ақын-
жыраулары  шығармашылығы  тақырыптық,  жанрлық,  кӛркемдік  т.б.  тұрғыдан 
біршама зерттелді. 
Сүлейлер  шығармашылығындағы  «автор»  мен  «тыңдаушы»  проблемасы 
бұрын-соңды  зерттеу  нысанына  айналған  жоқ.  «Сыр  сүлейлері  шығармаларындағы 
«автор»  мен  «тыңдаушы»  мәселесі»  тақырыбындағы  жұмыстың  ӛзектілігі  де 
осындай ауқымды мәселені кӛтеруімен сипатталды. 
Зерттеу жҧмысының ғылыми жаңалығы: 
- Автор мен тыңдаушы мәселесінің методологиясы айқындалды; 
- Автор тыңдаушы мәселесі поэтикалық категория ретінде зерделенді; 
- Сыр сүлейлері шығармаларындағы автор бейнесі ашылды
- Сыр сүлейлері шығармаларындағы тыңдаушы бейнесі анықталды; 
-  Сыр  сүлейлері  шығармашылығы  уақыт  пен  кеңістік  тұрғысынан 
қарастырылды; 
-  Сыр  бойы  ақын-жыраулары  шығармашылығы  автор  –  мәтін  –  тыңдаушы, 
автор 
мен 
мәтін, 
мәтін 
мен 
тыңдаушы 
тұрғысынан 
зерттелді. 
Қорғауға ҧсынылатын негізгі тҧжырымдарым: 
-  Автор  мен  тыңдаушы  –  әдебиет  үшін  маңызды,  ажырамас  диалектикалық 
бірлік; 
- Автор мен тыңдаушы – поэтикалық категориялар; 
-  Автор  мен  тыңдаушы  кӛркем  сұхбаттастығында  мәтін  доминанталық  рӛл 
атқарады; 

Автор 
мен 
тыңдаушыны 
байланыстырушы 
негізгі 
поэтикалық 
категориялардың бірі – уақыт пен кеңістік бірлігі. 
Тақырыптың зерттелу деңгейі.  Автор мен қабылдаушы (тыңдаушы, оқушы, 
кӛрермен)  мәселесіне  байланысты  пайымдауларды  отандық  ғалымдар  А. 
Байтұрсынов, Қ. Жұбанов, Х. Досмұхамедов, М. Әуезов, Е. Исмаилов, Қ. Жұмалиев, 
З.  Ахметов,  Ш.  Елеукенов,  Р.  Сыздықова,  Қ.  Ӛмірәлиев,  В.В.  Савельева,  Т. 
Есембеков, Б.Р. Қазыханова, Қ.Ш. Нұрланова, А.С. Ісімақова, А.Ж. Жақсылықов, Ж. 
Әбілов, Т. Тебегенов еңбектерінен, халық ауыз әдебиетіндегі айтушы мен тыңдаушы 
арақатынасы мәселелерін Ә. Қоңыратбаев, Р. Бердібай, С. Қасқабасов, Ш. Ыбыраев 
зерттеулерінен кӛре аламыз. 
Ғылыми  жобаның  I  тарауында  (Автор  мен  тыңдаушы  категориялары) 
әдебиет  үшін  аса  маңызды  жас  саланың  зерттелу  методологиясына  байланысты 
сараптамалар жасалады. 
«Автор  (латын  тілінде  actor  –  жаратушы,  негізін  қалаушы)  –  ӛнертануда, 
философияда  эстетикалық,  сондай-ақ  мәдени-әлеуметтік  категория  ретінде 
қарастырылатын  ұғым.  Кез  келген  әдеби  туындының  кӛркемдік  әлемінің  тууына 
себепкер болатын негізгі үш субъекті: автор, кӛркем мәтін, кабылдаушы [2, 171]. 
Әдебиет  әлемі  үшін  ӛзгермес  «үштік»  мәселесі  Аристотель  еңбектерінде 
кӛрініс тапқан. 
«Тыңдаушы  –  ауызша  орындалатын  кӛркем  шығармаға  құлақ  түруші,  ден 
қоюшы,  кӛңіл  беруші»  [1,  210].  Кӛркем  шығарма  қабылдаушысыз  жансыз,  ӛлі. 


№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015 ISSN 2307-017X 
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
135 
Кӛркем шығарманы тудырушы автор болса, оның «екінші жартысы» қабылдаушыны 
да категория ретінде қарастыру әдебиеттану ғылымының алдындағы міндеттің бірі. 
Бұл  тарауда  «Автор  бейнесіне»  «Тыңдаушы  бейнесі»  қандай  түсінік  беріліп 
жүр,  әдебиеттануда  бұл  мәселе  қаншалықты  дәрежеде  зерттелген,  ауызша  туған 
авторлы  әдебиетте  автор  бейнесі  жасалған  ба,  жасалса,  қазақ  әдебиеттануында  ол 
қалай бағаланып, зерттеліп жүр деген сүрақтарға жауап іздейміз. 
Автор  бейнесі  мен  тыңдаушы  бейнесін  ғылыми  айналымға  ендірген  белгілі 
орыс  ғалымы  В.  Виноградов  болатын:  «Автор  бейнесі  –  бұл  стильдік  құралдарды 
тұтас сӛздік-кӛркемдік жүйеге байланыстыратын біріктіруші күш». 
Автор,  автор  бейнесі  қалыптаса  бастаған  кезең,  әдебиеттің  (поэзияның) 
шешендік ӛнермен (риторика) жапсарлас ӛмір сүрген кезеңінен бастау алады. Кӛркем 
мәтіннің құрылысы тәрізді автор бейнесі категориясы да үш деңгейден құралады. 
Автор  бейнесі  категориясы:  идеялық-эстетикалық  (идеологиялық);  жанрлық-
композициялық (бейнелік); тілдік (эстетикалық сӛз жүйесі). 
Қазақтың ауызша туған әдебиетінің басты ӛкілдері жыраулардың, ақындардың 
бойында  импровизацияның  тӛрт  түрлі  ӛнері  бірлесіп,  синкретизм  аңғарында 
кӛрінген: 
1) Олар асқан импровизатор болған, мұны сӛз ӛнері дейміз. 
2)  Теңдесі  жоқ  күйші  (домбыра,  қобыз)  болған,  мұны  музыкалық 
импровизация дейміз. 
3) Олар ғажап орындаушы (солист, артист) болды. Мұны сахна ӛнері дейміз. 
4) Заман, ел жайын терең толғайтын үлкен ойшыл-ұстаз болды [5, 276]. 
«Тӛл әдебиетімізде автор бейнесінің тұлғалануы дербес қазақ атымен аталатын 
әдебиеттің қалыптасу кезеңімен (XV ғ. орта шені) тұспа-тұс келеді. 
Автор  бейнесі  категориясын  қалыптастыру  тұсында  ғалымдар  арасында  түрлі 
кӛзқарастар орын алған. 
«Автор  образы»  –  тіл  жағынан  алғанда  кӛркем  шығарманың  мағыналық 
стильдік  діңгегі.  «Автор  образын»  анықтау  дегеніміз  –  сол  шығарманы  стилистика 
тұрғысынан талдау деген сӛз. 
«Автор образын» шығарманың баяндау стилінен, диалогтар мен монологтерді 
беру  үлгісінен,  экспрессивтік-стильдік  элементтерінен  кӛріп,  тануға  болады. 
Қысқасы, «автор образы» – лингвостилистикалық проблема» [7, 224]. 
Автор  мен  тыңдаушы  категориясынан  туындайтын  автор  бейнесі  мен 
тындаушы  бейнесі  поэтикалық  категорияларын  басқа  ғылым  салаларымен 
сабақтастыра, жан-жақты кешенді зерттеу қажеттілігінің туындап отырғанын ғалым 
орынды айтып отыр. 
Тыңдаушы  авторды  әдеби  акт  кезінде  тек  естімейді,  кӛреді  (визуалды).  Есту-
кӛру  филологиясы  туады.  Сӛйлеу  табиғатын  зерттеген  ғалымдар  сӛздің  25%-ын 
қабылдаушылар  сӛйлеушіні  кӛру  арқылы:  оның  сыртқы  келбеті,  қимыл-әрекеттері, 
бет-пішіні  мен  кӛздерінің  қимылына  назар  аударуы,  яғни  кӛру  арқылы 
қабылдайтындықтарын атап ӛтеді. 
Кез  келген  әдеби  шығарма,  әдеби  тектің  қай  түрінен  болмасын  автордың 
санасындағы  ӛнерді  тұтынушы-қабылдаушыға  арналғанымен,  автордың  үнемі  ой-
қиялында,  жүрек  қатпарында  жататын  қабылдаушы  не  қабылдаушы-адресатқа 
негізделеді. 
Адресат  ұғымын  Ю.  Лотман  ақпаратты,  хабарды  алушы,  адресант  ұғымын 
хабарды, ақпаратты жіберуші деп түсіндіреді. 
Кӛркем  коммуникацияда  кабылдаушының  ең  негізгілері  деп  санаталатын 
оқушы-тұтынушы, оқушы-адресат түрлерінен басқа, жалпылама кӛрінетін түрлері де 
кездеседі. Олар кӛбіне әлеуметтік және білім деңгейлеріне байланысты жіктеледі. 


жүктеу 2,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   81




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау