№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015



жүктеу 2,63 Mb.
Pdf просмотр
бет62/81
Дата20.11.2018
өлшемі2,63 Mb.
#22201
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   81

№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015 ISSN 2307-017X 
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
127 
шекер  ӛңдес  іріткі  кристаллға  айналады.  Балы  –  тәтті,  дәмді,  усыз  болады.  Ара 
балының  бӛлінуі  негізінен,  ара  балы  бір  шырынды  және  кӛп  шырынды  болып 
бӛлінеді. 
Бір  шырынды  бал.  Тек  ӛсімдіктің  бір  түрінен  ғана  жиналған  шырын.  Оны 
ӛсімдіктің түріне (қарақұмық балы, жӛке ағаштың балы, т.б.) қарай атайды. 
Кӛп шырынды бал. Ӛсімдіктердің бірнеше түрінен жиналған шырын. Мұндай 
балды табиғи бал беретін ӛңірлерге байланысты (дала балы, тау балы, бақ балы, т.б.) 
әр түрлі атайды. 
Табиғи балдың тҥрлері. Ӛмірде табиғи балды ажырату оңай емес. Қантты бал 
араны қант шырынымен қоректендіру арқылы алынады. 
Сатушылар  оны  табиғи  балға  араластырып  сатады.  Бұл  орайда,  табиғи, 
жасанды  балды  ажыратуға  ешқандай  анализ  кӛмектеспейді.  Жасанды  балдың 
құрамында  қант,  қант  крахмалы,  ұн,  желім,  гипс  болады.  Оның  кейбірін  үй 
жағдайында  анықтауға  мүмкіндік  бар.  Ол  үшін  бір  стақан  қайнаған  су  аласыз  да, 
оған балды араластырасыз (Бір стақан суға – жартыстақан бал). Сол кезде тұнбаның 
тӛменгі жағында немесе бетінде механикалық қалдықтар шыға келеді. Ол – балдың 
құрамында крахмалдың бар екендігінің айғағы. 
Гүлдейтін қаншама ӛсімдіктер бар болса, соншама балдың түрлері бар. Біз енді 
солардың бастыларын атап айтсақ. 
Тҥйебҧршақ (донник) балы бірінші сортты балға жатады. Ақ  немесе ашық  – 
янтарь түсті болып келетін хош иісі бар балдың бұл түрі глюкозаға бай. Түйебұршақ 
балы ішек ауруларына пайдалы. 
Шайқурай  (кипрей)  балы  мӛлдір  жасыл  сары  түсті  сұйық  бал.  Балдың  бұл 
түрі әлсіздікке, жараны қайтаруға пайдаланылады. 
Жӛке (липа) балы жақсы сортқа жатады. Сары жасыл түсті балдың бактерияға 
қарсы  қасиеті  бар.  Жӛке  балының  тамақ  ауруларына  пайдасы  мол.  Сондай-ақ, 
тыныштандыратын, ұйқыны жақсартатын қасиеті бар. 
Шабындық (луговой) балы бірінші сортты балға жатады. Сары қоңыр немесе 
алтын  түсті  балды  шабындықтағы  түрлі  гүлдерден  алады.  Бұл  бал  арқылы  тыныс 
алу, жүйке, жүрек және ас қорыту жүйесін емдеуге болады. 
Таңқурай (малина) балы ақ түсті болады. Жоғары сортқа жататын балдың бұл 
түрі суық тигенде тұмаудың алдын алу үшін пайдаланылады. 
Қарақҧмық  (гречишный)  балы  қою  қызыл  немесе  қоңыр  түсті  болады. 
Жоғары  сортқа  жататын  бұл  балдың  ерекше  иісі  бар.  Қарақұмық  балы  темірге, 
магний,  мысқа  бай  болғандықтан,  түрлі  қан  ауруларын  емдеуге  пайдаланылады. 
Жүйке  жүйесіне  де  қарақұмық  балы  бірден-бір  ем.  Сондай-ақ,  тері  ауруларын  да 
балдың осы түрімен емдеуге болады. 
Араның  зияны.  Айналаңызда  ара  ұшып  жүрсе,  оған  мән  беріп,  оны  қағып, 
ӛлтіруге  ұмтылмаңыз.  Себебі,  ара  себепсіз  адам  баласын  шақпайды.  Тек  адам 
тарапынан қарсы әрекеттер кӛрсе ғана, ол ӛзін қорғау мақсатымен, шағып алуға бел 
буады. 
Егер де сізді ара шағып алса, сабыр сақтаңыз! Айғай салып, байбаламға түсудің 
еш қажеті жоқ. 
Ара  шаққан  кезде  дереу  жақын  арадағы  медициналық  пунктке  бару  керек 
немесе жедел жәрдем шақыртқан жӛн. 
Ара шаққан жерге кішкене қант басып қойыңыз. Қант арадан қалған улы затты 
сыртқа шығаруға ықпал етеді. 
Ара  шаққан  жерді  сығуға,  қасуға,  тырнауға  болмайды.  Кері  жағдайда,  ағзаға 
инфекция түсіп, ара уы денеге таралып кетуі мүмкін. 


№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015 ISSN 2307-017X 
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
128 
Ара  шаққан  жерді  мүсәтір  спиртімен  немесе  йод  не  кӛк  дәрі  қосылған  сумен 
шайып  жіберу  керек.  Қол  астында  бұл  заттар  болмаса,  ара  шаққан  жерді 
ақжелкеннің жапырағымен ысқылап жіберуге болады. 
Ара  шаққан  жерге  ылғалды  сүлгі  немесе  салқын  суға  толы  жылытқы  басу 
керек. 
Шаққан жердің ісігін басу үшін мұз немесе салқын су басқан абзал. 
Ара шаққан жанды кӛлеңке астында жатқызып немесе орындыққа отырғызып, 
кӛп мӛлшерде салқын су беру керек. Салқын су болмаса, қант қосылған қайнатылған 
су мен бал қосылған шәй беруге де болады. 
Ара  шаққан  жанның  денесі  қызарып,  бӛртіп  жатса,  оған  кордиамин 
сұйықтығының 20-25 тамшысын беру керек. 
 
Балдың шипасы. Енді осы шипалы балдың ауруларды емдейтін қасиеттеріне 
тоқтала кетейік. 
Балдың  емдік  қасиеттері  ерте  кезден  халыққа  кең  тараған.  Ерте  заманда  ата-
бабамызда  балды  дәрілікке  пайдаланған.  Әсіресе  жүрек,  бауыр,  асқазан,  бүйрек, 
ішек,  бүйен  ішек,  қан  тамырлары  мен  жүйке  жүйелердің  қолқа,  қан  қысымының 
кӛтеріліп кетуі, созылмалы қызыл ӛңештердің дерттеріне ӛте пайдалы. 
Балдың минералды, дәруменді құрамдарын жойып жібермей дайындай да білу 
қажет.  Омарташылардың  кӛбі  араны  қантпен  тамақтандырып,  бал  алады.  Алайда, 
тауға  немесе  жазықтағы  гүл  ӛсімдіктері  жиі  ӛсетін  жерге  апарып,  бал  шелекті 
қолайлы  жерге  қойып,  ӛз  еркімен  гүл  шырынын  алып  келген  араның  балы  ауруға 
керемет ем. 
Кейде  бал  сататындар  қанттан  болған  бал  мен  гүлден  болған  балды 
араластырып  сатады.  Жасанды  мен  табиғиды  араластырып  жіберсе,  табиғи  балдан 
айырмашылығы  жоқ  болып  шығады.  Түрі  де,  түсі  де,  дәмі  де  бірдей.  Жасанды 
балдың  құрамында  қант  ӛте  кӛп  болғандықтан,  қант  храмалы,  үн,  желім,  гипс  кӛп 
мӛлшер де болады. Мұның жасанды бал екенін анықтау үшін жарты стақан суға бір 
қасық  балды  салып,  ерігенше  жақсылап  араластыра,  беру  керек,  егер  түбінде 
тұнбасы қалса, онда жоғарыда айтылған храмалы бар деген сӛз. Бұл – жасанды бал. 
Гүлдің  қанша  түрі  болса,  балдың  да  түстері  гүл  шырынына  байланысты  ӛзгеріп 
тұрады. 
Арадан алынатын балдың негізі үш түрі бар. Ең пайдалысы – кӛктемгісі, оның 
пайдалы  болатын  себебі:  ерте  кӛктемде  алғаш  рет  бәйшешек,  еңлікгүл,  сирен 
ағаштары гүлдеген шағы. Оның ішінде әсіресе пайдалысы – бәйшешек шырыны. Бұл 


жүктеу 2,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   81




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау