№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015 ISSN 2307-017X
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research
___________________________________________________________________
129
асқазан, ішек, бір сӛзбен айтқанда, адам ағзасының ішкі құрылысының ауруына мың
да бір ем. Одан шыққан балдың түсі сарғыштау, хош иісті, мұрынды жарып тұрады.
Мұның құрамында глюкоза ӛте кӛп мӛлшерде болады, сонысымен де ӛте пайдалы.
Екінші түрі – жаздық, бұл кӛбінесе шайқурайдың шырыны. Әсіресе әлсіздік
пен жараны тез жазады. Оның түсі қоңырлау болады. Ең соңғысы – күздік, мұның
түсі ақшылға айнала бастайды. Ӛйткені шӛптер мен ағаштардың жапырақтары түсіп,
бойындағы шырыны қатайып, ағаштардан да күш-қуат кете бастаған шақ.
Ара балының химиялық құрамы ӛскен ӛсімдікке, топырақтың құнарлылығына,
тағы да табиғаттың, қысты айтпағанда, тӛрт мезгіліндегі ауа-райына да байланысты.
Негізі зиянды дәрі пайдаланғанша, пайдалы балмен емделген дұрыс.
Бал арасының ҧясы мен балын емдік қасиетте қолдану. Ара балының
басты ем болатын аурулары мен оны емге қолдану тәсілдері мынадай:
Қол-аяқ жансызданғанда, сары ара ұясының үлкенінен бір дана, кішілеуінен 3-
4 данасын, жалқы ӛскен усарымсақпен қосып, жаншып ауру жерге таңады.
Тері қышымасына: ара ұясын (ӛңделген) спиртке 7 күн шылап, 8 күннен бастап
қышымаға бірнеше рет жағады.
Емшек безі ісінгенде ара ұясын отқа ӛртеп, 6 грамын суға қайнатып, самасын
тұндырып, суынан күніне 2-3 рет ішеді.
Ыстық, суықтан тіс қақсағанда: ӛңделген ара ұясын, суға бұқтырып, суымен
ауызды шайқайды. Ӛңделген ара ұясынан кішкене мӛлшерде алып, қақсаған тіске
басады.
Ара ұясынан бір дана, қырықаяқтан 2 дана, ашутастан тиісті мӛлшерде алып,
талқандағаннан кейін ара ұясының ішіне салып артынан отқа біраз қыздырып, кендір
майына араластырып, тез арада жараға жағады.
Балалар кіндігі сыртқа шығып кеткенде ара ұясын ӛртеп, күлін кіндікке
таңады.
Дизентерияға: ара ұясын кептіріп ұнтақтаған соң 0,3 гр-нан күніне 2-3 рет
ішеді. Жасалу және ішу мӛлшері 2-4 гр. Құрамында балауыз, ағаш майы тектес зат
және ұшқыш майы бар.
Үйреншікті іш қатуға балдан 60 гр. қара күнжұт дәнінен 15 гр. Балды
жылытып, араластырып, қайнаған сумен екіге бӛліп, күніне 2 рет ішеді.
Асқазанның он екі елі ішек жарасына балдан 60 гр. шикі қызыл мия тамырынан
9 гр. мандарин қабығынан 6 гр.-ды суға лайықты мӛлшерде жоғарыдағы дәрілерді
қосып, қайнатып, самасын сүзіп, бір күнде үш рет ішеді.
Улы жәндіктер шаққанда, шиқан, сыздауық шыққанда, балдан, ұзын
сарымсақтан тиісті мӛлшерде алып, жаншып, балға араластырып, жараға таңса,
жараның аузын шығарады. Сыздап ауырғанды басады, қабынуын қайтарады.
Ауызға ауыздық, қотыр шыққанда, қас бояу жапырағы, бал екеуін қосып
жаншып, әзірлеген дәріні ауызға салып, сорады. Сонымен бірге қотырға жағады.
Отқа, қайнаған суға күйген жеңіл күйікке, жараның бетін физиологиялық
тұзды сумен тазалап жуып, артынан жараға бал жағады.
Тістің түбін бекемдеп, тісті ағартуға бал мен уксусты қосып тісті 3-4 рет жуса,
тістің түбі бекемделеді, тіс аппақ болады.
Құлақ ауруларына: сиыр сүтіне, омырау сүтіне, ешкі сүтіне, бұлар болмағанда
жұмыртқаның ағына балды араластырып жылытып, құлаққа тамызса, әртүрлі құлақ
ауруларын жазады.
Құтырған ит қапқанда, улы жәндіктер шаққанда, апиыннан уланғанда, зірәні
қайнатып, қайнатпасына бал қосып ішкізсе, уытты қайтарады, ауырғанды басады.
Қан қысымы ӛрлегенде зығырдан 50 гр. балдан 60 гр-ды 220 гр. қайнаған суға
қосып күніне екі рет ішсе қан қысымын тӛмендетеді.
№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015 ISSN 2307-017X
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research
___________________________________________________________________
130
Мәйітті бір мезгіл сақтауға тура келсе бүтін денесін балменен тегіс сылап
қойса мәйіт тиісті уақытқа дейін бұзылмайды. Шипалық емге қажет мӛлшері 10-20
гр-нан аспауы керек. Балдың құрамында глюкоза, фруктоза, сахароза, ӛсімдік
желімдері, белок, фермент, балауыз, бояу заты, хош иісті заттар, минералды тұздар
және А, Д, Е витаминдері бар.
Ұйқысыздықтан құтылу үшін жасалатын әртүрлі ем бар. Солардың ішіндегі ең
тиімдісі – бал жеу. Жатар алдында 1 шай қасық балды 1 стақан жылы суға
араластырып ішсе, жүйкеге жайлы әсер етіп, тез ұйықтауға кӛмектеседі. Моншада
емен жапырақтарымен шабыну да жақсы ұйықтауға септігін тигізеді. Таза ауада
кӛбірек жүру, күнделікті бір уақытта дағдылану да ӛз кезегінде ұйқының
тұрақтылығына ықпал етеді.
Суық тигенде, тұмауратқан кезде балды ыстық сүтке, немесе лимонның
шырынына қосып, науқастан әбден айық-қанша ішкен дұрыс. Ол үшін бір стақан
ыстық сүтке бір шай қасық қосып ішеді. Ал, сүт жақпайтын адам бүтін бір
лимонның шырынына 100 гр. бал қосып, әбден езілгенше араластырып, сұйылған
соң пайдалануына болады. Оны ішкенде екі-үш күндей жылы үйде жатқаны жӛн.
Ӛйткені, бал адамды терлетеді, ал терлеген кезде тез суық тиеді. Оңдайда адам
жӛтеле береді. Жӛтелді басу үшін пияздың сӛліне бал, сары май, не қойдың майын
қосып ішкен дұрыс. Немесе, бір литр суға ұнтақталған 500 гр. пиязды, 400 грамм
қантты және 50 грамм балды қосып, әлсіз отқа үш сағаттай қайнатып, суыған соң
шыны шӛлмекке құйып, аузын мықтап бекітіп қояды. Оны суық тиіп, қатты
жӛтелген адам күніне ас қасықпен тӛрт-алты рет ішуі керек. Онымен қызарып
ауырған тамақты шайқау да пайдалы. Сондай-ақ, шәйнекте қайнап тұрған суға бір ас
қасық бал қосып, ауыз бен мұрынды булау тамақтың қызарғанын басады.
Асқазан, ішек науқасына шалдыққан, не қышқылы аса кӛбейіп, керісінше, ӛте
азайып кеткен адамдардың да балды ем ретінде пайдаланғаны жӛн. Әсіресе,
асқазанында жарасы бар науқас тамақтың алдында бір жарым, екі сағат бұ-рын,
немесе тамақтан үш сағат кейін үзбей бал жеп отырса, ауруы бәсеңсіп, жүрек айнуы
мен асқазанның қыжылдауы басылады, әрі бал қанның құрамындағы гемоглобинді
(қызыл түйіршік) кӛбейтеді. Қышқылы аз адамдар бір ас қасық балды тамақты ішер
алдында ғана жесе, ол ас қорытатын шырынның кӛбірек бӛлінуіне әсер етеді. Ал,
қышқылы кӛп адамдар тамақтан 1,5-2 сағат бұрын пайдаланса, асқазан қышқылын
азайтады.
Жӛтелді басу үшін пи-яздың сӛліне бал, сары май, не қойдың майын қосып
ішкен дұрыс. Сондай-ақ, 1 литр суға ұнтақталған 500 грамм пияз, 400 грамм қант
және 50 грамм балды қосып, баяу жанған отта үш сағаттай қайнатып, суыған соң,
шыны ыдысқа құйып, аузын мықтап бекітіп қояды. Оны суық тиіп, қатты жӛтелген
адам ас қасықпен кү-ніне бес-алты рет ішуі керек.
Балды, әсіресе, бауыры және ӛт жолы ауыратын адамдар кӛбірек пайдаланады.
Оны белгілі бір мӛлшерде ақ ірімшікке (творог), сәбізге, лимон шырынына қосып
жеген дұрыс. Кейде тұрыптың (редька) ішін үңгіп, оған балды толтырып қойып, үш-
тӛрт сағаттан соң дайын болған шырынды ӛт жолы ауыратын ересек адамға ас
қасықпен, ал балаға шәй қасықпен күніне 2-3 рет беру керек. Мұндай әдіс ӛт жолы
мен бүйректе құм, тас жиналудан сақтайды.
Сондай-ақ, бір стақан сәл жылытылған минерал суына бір ас қасық бал қосып,
оны аш қарынға ішіп, бір жарым, не екі сағаттай қырынан жатып, бауырға аса ыстық
емес грелка басқан жӛн. Сонда бауырда жиналып қалған ӛттің асқазанға қарай ағып
ӛтіп, бауырдың жеңілденуіне әсер етеді.
Балықтың майына қосылған бал асқынған жарақатты оңай жазады. Аузы
уылған адам бал жесе тез айығатыны белгілі. Бал күйген жерге де пайдалы. Күйікке
Достарыңызбен бөлісу: |