№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015



жүктеу 2,63 Mb.
Pdf просмотр
бет61/81
Дата20.11.2018
өлшемі2,63 Mb.
#22201
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   81

№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015 ISSN 2307-017X 
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
125 
Бал  арасы  уымен  емделудің  бірінші  насихаттайтындар  да  осы  омарташылар 
болған.  Ресейде  XIX  ғасырдан  бастап  ара  уымен  емделу  ісі  дәрігерлердің  назарын 
аударған.  1864  жылы  Петербургтегі  орман  академиясының  профессоры  М.И. 
Любарский  ревматизм,  подагра,  бастың  сақинасы  секілді  кӛптеген  сырқаттарды 
жазудағы ара уының рӛлі туралы мақала жазған. 
1988  жылы  австриялық  дәрігер  Филипп  Терч  арамен  шақтырғаннан  кейін 
неврология, ревматизм сынды бірқатар кеселдерді жазып шығудағы оң нәтижелерді 
жариялады.  Ал  ара  уының  химиялық  және  фармакологиялық  жағынан  алғаш  рет 
зерттеуді Прага университетінің профессоры Лапгер 1897 жылы қолға алды. Ол 1915 
жылы бірінші рет ара уының перепаратын жасап шығарды. Ресейде бұл бастаманы 
дәрігер  Л.В.  Любарский  жалғастырса,  кеңес  заманында  М.Б.  Кроль  одан  әрі 
дамытты. 
Адам  аяғы  сынып,  дұрыс  бітпегеннің  әсерінен  аяқ  сүйегі  қысқарып,  ракка 
айналғанда бірінші күні бір арадан бастап күніне кӛбейтіп отырып, он бірінші күні 
он  арадан  қайтадан  азайтып,  бір  араға  дейін  апарып,  бір  ай  дем  алып,  қайта 
жалғастыру керек екен, сонда қатерлі ісік ауруынан да жазылады екен. 
Бірақ, араның уы емдік мақсатта талай ғасырдан бері қолданып келе жатқанына 
қарамастан,  ғылыми  медицинада  ол  әлі  күнге  дейін  ӛзінің  лайықты  орнын  алып 
отырған жоқ. Белгілі бір жағдайда бұл ара уын жұрттың бәрі бірдей кӛтере бермеуі 
де  мүмкін.  Тіпті  ірі  аналық  аралар  шақса,  оның  уы  адамды  ӛлтіріп  жіберетін  де 
жағдайлары ұшырасады. 
Бал  арасынан  не  алынады?  Ара  ұясынан  емдік,  тағамдық  қасиеті  бар  бал 
алынады. Арадан алынатын ара балы, араның уы, перга, аналық сүтше, балауыз және 
ара желімі (прополис) медицинада және техникада кеңінен қолданылады. 
Ара  балы.  Жұмысшы  бал  арасының  гүлді  ӛсімдіктердің  шырынынан  ӛңдеп 
шығаратын  ӛнімі  –  қоймалжың,  тәтті  сұйықты  бал  деп  атайды.  Ара  балы,  бал  – 
жоғары  калориялы  диеталық  тағам.  Жұмысшы  бал  арасының  гүлді  ӛсімдіктердің 
шырынынан ӛңдеп шығарған ӛнімі, қоймалжың, тәтті  сұйық. 
Аралардың  ішінде  бал  жинауға  тек  ерекше  балауыз  бездері  бар,  «жұмысшы» 
аралар  ғана  қатысады.  Ара  ӛзінің  «бал  сауытына»  (артқы  екі  аяғында  болатын 
арнайы  қуыс)  ӛз  салмағының  жартысындай  шірне  (нектар)  жинай  алады.  Олар 
жинаған  шірнесін  ұядағы  жас  араға  қалдырып,  қайтадан  ұшып  кетеді.  Жас  аралар 
шірнені тор кӛзшелерге салады, желдетіп, артық ылғалын жояды. 
Араның сілекей безі шірнедегі қант құрамын ӛзгертіп, оны балға айналдырады. 
Кӛзшелер балға толғаннан кейін, ара оны балауыз қақпақшамен жабады. Мұндай бал 
ұзақ сақталады. Араның бал жинауы ара ұясының күйіне, ауа райына, ӛсімдік түріне 
және  оның  омартаға  қашықтығына,  шірненің  бӛліну  дәрежесіне  байланысты.  Бір 
маусымда ара ұясы 100-200 кг бал жинайды. 
Араның бал жинауы ӛсімдіктердің жаппай гүлдеуіне тұстас келеді, сондықтан 
оны  үш  кезеңге  бӛлуге  болады.  Кӛктемгі  жинау  –  ӛсімдіктің  алғашқы  гүлдеу 
кезеңінде  басталады.  Ерте  кӛктемде,  тал,  үйеңкі,  алма,  алмұрт  ағаштары  гүлдеген 
кезде аралар екі аптадай тынымсыз (күніне 5-6 кг) бал жинайды. Кӛктемде жиналған 
балдың сапасы ӛте жоғары болады. 
Жазғы  жинау  2-3  аптаға  созылады.  Бұл  кезде  бал  (күніне  6-7  кг),  негізінен, 
жӛке ағашынан жиналады. Ӛйткені жӛке ағашы маусымның аяғы, шілденің басында 
гүлдейді. Жӛкеден алынатын бал қоңыр түсті, хош иісті келеді. 
Ең  кӛп  бал  –  қарақұмықтан  жиналады.  Қарақұмық  бір  айдан  артық  гүлдеп 
тұрады. Күн ашық, ылғалды болса, бір ара ұясы маусымына қарақұмықтан 50-60 кг-
ға дейін бал жинай алады. Күзде аралар балды аз, негізінен, күнбағыстан (күніне 3-4 
кг) жинайды. Одан алынатын бал ашық сары түсті, иіссіз болады. 


№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015 ISSN 2307-017X 
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
126 
 
Балдың қҧрамы мен қуаты. Ара балының химиялық құрамы шырын жинаған 
ӛсімдіктердің түріне, ол ӛскен топыраққа, сол жердің ауа-райының жағдайына және 
балдың түрлеріне тығыз байланысты. 
Бал  –  қуаты  жоғары  тамақтық  азық.  Оның  1  кг-ы  3250  кал.  қуат  береді.  Гүл 
балының  құрамында  12-13  пайыз  су,  0,4  пайыз  белок,  0,3  пайыз  күл,  кӛмір  сутегі, 
глюкоза,  жүзім  қанты,  сахороза,  мальтоза,  т.б.  бар.  Және  де  В3,  В5,  А,  С,  Н,  Е,  К 
дәрумендері,  минералды  тұздар,  ферменттер,  сондай-ақ,  химиялық  элементтер 
(калий, кальций, фосфор, хлор, күкірт, натрий, темір, марганец, мыс, т.б.) кездеседі. 
Бұлардан басқа алма, жүзім, қымыздық тәрізді қышқылдар да болады. 
Ара балының сапасын, негізінен, хош иісі, дәмі, түсі, тығыздығы, ылғалдығы, 
қоректік, жабысқақтық қасиеттері арқылы анықтайды. Ара балының қуаты жоғары. 
Оның  1  келісі  3150  кал.  қуат  береді.  Ара  балы  адам  ағзасын  дәрумендермен, 
белокпен,  ферменттермен,  тағы  да  басқа  тіршілікке  қажетті  заттармен  байытып, 
қамтамасыз етеді. Балды құрғақ, жақсы желдетілген бӛлмеде 5 градустан 10 градусқа 
дейінгі температурада сақтайды. 
Емдік  қасиеті  ерте  кезден-ақ  белгілі  болған  бал  суық  тигенде,  жүрек,  бауыр, 
ӛкпе,  асқазан,  ішек,  жүйке  ауруы,  қан  қысымының  кӛтерілуі  сияқты  дерттерге  аса 
шипалы. Кейбір кездерде асқынып кеткен тері ауруларына да жағуға болады. 
Жүрек ауырғанда белгілі бір мӛлшерде анардың (гранат) шырынына қосып та 
ішеді.  Қатарынан  бір-екі  ай  үзбей  ішкен  ауру  адамның  жағдайы  әжептәуір 
жақсарады. Кеудесі қысылып, демікпесі ұстаған адамға да пайдалы. Сонымен қатар, 
балықтың  майына  қосылған  бал  асқынған  жарақатты  оңай  жазады.  Аузы  уылған 
адам бал жесе, тез айығатыны белгілі. Бал күйген жерге де пайдалы. Күйікке балды 
күніне  екі  рет  жағып  отыру  керек.  Жараға  жағатын  дәріні  60  грамм  балға  бір  шәй 
қасық балық майын қосып, жақсылап араластырып жасайды. 
Білікті  дәрігерлердің  пікірінше,  балды  дәрумен  ретінде  еңбектеген  баладан 
еңкейген қартқа дейін пайдаланғаны дұрыс. Себебі, бал – шипалы тағам. Құрамында 
адам  ағзасына  ӛте  қажетті  жетпістен  астам  зат  бар.  Бал  адамның  есте  сақтау 
қабілетін  арттырып  қана  қоймай,  жоғары  қан  қысымын  түсіреді,  күш-қуатты 
толықтырады,  әсіресе  іш  құрылысына,  жүрек  ауруына  пайдалы.  Балдан  жасалған 
сусынның асқазан ауруын емдеуде әсері зор. 
Жинау мен ӛңдеу. Жаз және күз айларында омарта ішіне жиналған балды алу 
әдістері  бойынша  сауып  алады.  Дәрілікке  жасалатын  балды  отқа  жылытып, 
сұйылған  сүзгіден  ӛткізіп  әзірлейді.  Бал  ақ  және  сарғылт  түсті  болады.  Жаз,  күз 
мезгілдері  тұнық  ӛсімдік  майы  тектес  сұйықтау  болып,  қыс  мезгілінде  қоюланып, 


жүктеу 2,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   81




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау