№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015



жүктеу 2,63 Mb.
Pdf просмотр
бет60/81
Дата20.11.2018
өлшемі2,63 Mb.
#22201
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   81

№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015 ISSN 2307-017X 
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
123 
үнемді, жылы, бал сақтау сыйымдылығы да кӛлемді. Алты бұрышты біркелкі алтыға 
бӛліп, ортасында кездесетін алаңдарын да бірдей етіп ӛрнектеп, тоқып шығады екен. 
Бұл балауыз қабырғалар – мүлдем ауа ӛткізбейтін қасиетке ие. Атап айтқанда, 
аралар  ондай  болашақ  ұрпақтары  жайғасқан  торлардың  бетін  гүлдің  тозаңы 
араласқан  балауызбен  жабатын  кӛрінеді.  Сонда  ғана  личинка-құрттарға  ауа  барып 
тұрады екен. Олай болмаған жағдайда, яғни ұрығын жая алмаған аралар жер бетінен 
баяғыда-ақ жойылып кеткен болар еді. 
Бал  толық  әзір  болғанша,  аянбай  еңбек  еткен  ара  ең  соңында  балға  толы 
ұяларын  ӛз  ағзасынан  бӛлінетін  балауызбен  бекітіп  тастайтын  кӛрінеді.  Тек 
ұрықтары  орналастырылған  торлардың  «есігін»  ғана  ӛзі  тасып  әкелген  гүл 
тозаңдары  (орысша  –  «пыльце»)  мен  әлгі  балауызды  араластыра  отырып  бекітеді 
екен. Аталған тозаңдардың ауа ӛткізгіштік қасиеті – жоғары. 
Жұмысшы аралардың алдыңғы аяқтарында тарақ іспетті  «сыпырғыштар» бар. 
Оныменен әуелі гүл тозаңын тазалап, содан кейін таза тозаңды жинап, артқы аяқта 
орналасқан  «қоржынға»  салатын  кӛрінеді.  Ара  ӛз  ұясына  қарай  ұшқан  кезде  әлгі 
тозаңдар шашылып қалмас үшін, ол «қоржындарды» артқы аяқтың жоғарғы, сыртқы 
жақтарына,  шұңқыр  ретінде  орналастырған  екен.  Аралардың  ұрықтану  үдерісі  де 
таза ауада, ұшу кезінде жүзеге асатын кӛрінеді. Кәрі араларға қарағанда, жас аралар 
еңбекке  ықтиятты,  ұқыпты.  Олар  бӛлетін  бал  да  –  әрі  тәтті,  әрі  пайдалы.  Күннің 
жылысында таң атқаннан күн батқанға дейін тынбастан еңбек ететін аралар қауымы 
суық  түскеннен  кейін,  жаз  бойы  жинаған  балдарын  қорек  етіп,  жылы  кӛктемнің 
келуін күтеді. 
 
Аралар  да  ауырады.  Омарталардың  ветеринарлық-санитарлық  жағдайын 
тұрақты  ұстап  тұру  үшін  кӛшпелі  дүңгіршектер  гигиеналық  және  дезинфекциялау 
(сутегі  тотығы,  т.б.)  заттарымен,  арнайы  дезинфекциялау  орнымен,  омарташылар 
жуынатын  бӛлме  және  қолданылған  суға  арналған  жабық  шұңқырлармен 
жабдықталуы тиіс. Стационарлық омарталарда бал салатын бос ыдыстар сақтайтын 
және  омарташы  құралдарын  дезинфекциялайтын  арнайы  ғимарат  болуы  шарт. 
Ӛйткені  қолданылатын  барлық  құрал-жабдықтарға  дезинфекция  жүргізіліп  отыруы 
керек. Дезинфекциядан ӛткізілген заттар арнайы бӛлмеде сақталады. 


№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015 ISSN 2307-017X 
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research 
___________________________________________________________________ 
 
 
124 
Омартада  таза  және  ас  тұзының  0,01  пайыздық  ерітіндісі  қосылған  араларды 
суғаратын  ыдыстар  болады.  Жарамсыз  болған  кәрездер  балауызға  тұщытылады. 
Осындай кешенді ветеринарлық-санитарлық іс-шаралар атқарылуы тиіс. Омартадағы 
ара ұяларынан алынған бал мен балауыз тек «аурудан таза» деген аудандық, қалалық 
ветеринарлық  инспектордың  анықтамасынан  кейін  сатуға  шығарылады.  Ал 
кондитерлік  ӛндірісте  техникалық  жоғары  температурадан  ӛңделгеннен  кейін  ғана 
қолданылады.  Қысқы  уақытқа  дүңгіршектер  азық  қорымен  толықтырып,  тұқым-
құрттардың негізгі бӛлігі шығарылғаннан кейін ұяларды жинайды. 
Бал  арасы  тұқым-құрттардан  босаған  кәрездерді  ұядан  ӛздері  шығарып 
тастайды.  Салқын  түскеннен  кейін  ара  үйшіктері  тағы  да  тексеріліп,  олардың 
орналасуы  реттеледі.  Бал  арасының  жаппай  ауырып,  эпидемияға  ұшырамасы  үшін 
осындай алдын алу шараларын жүргізіп отыру керек. 
Омарташылардың  барлығы  жаппай  жайылымға  шыққан  кезде  бал  аралары 
ауруларының алдын алу, емдеу, бал араларының зиянкестерімен күресу жұмыстарын 
жүргізу керек. 
Бал аралары азайып барады. «Жер шарындағы соңғы ара ӛлгеннен соң тӛрт 
жылдан  кейін  адамзат  та  ажал  құшады».  Бұл  –  әйгілі  Альберт  Эйнштейннің 
тұжырымдамасы. 
Ия, соңғы жылдары аралардың азаюы әдеттегісінен 10-15 пайыз жоғары екенін 
айтып, әлемдегі ғалымдар да дабыл қағып жатыр. 
Қазір  елуге  жетер-жетпес  шаруашылық  қалыпты.  Бал  арасын  ӛсірумен 
айналысатындар жыл ӛткен сайын осылайша күрт азайып барады. Енді бір санаулы 
жылда  он  шаруашылық  қала  ма,  қалмай  ма,  ол  жағы  белгісіз.  Енді  бұл 
шаруашылыққа  мемлекеттік  деңгейде  қолдау  кӛрсетіп,  кӛңіл  бӛлмесе,  қолға  ұстап 
отырған баға жетпес байлықтан айрылып қалуымыз оп-оңай. 
Мамандардың түсіндіруінше, бірінші себеп – омарташылардың дені кӛрші елге 
кӛшіп  кетуінен  болса,  екінші  себеп  –  біздің  ӛңірімізде  ара  балы  азықтанатын 
ӛсімдіктердің қатары сиреп кеткен. 
Бұрын  құрамында  балы  кӛп  ӛсімдіктер  арнайы  себілетін.  Мұндай  ӛсімдіктер 
тек бал арасының азығы ғана болмайды, аралар ұшып-қонып, тозаңдандырғанда ол 
ӛсімдіктердің  ӛнімділігі  артады.  Топырақтың  құнарын  байытады.  Ондай  алқапты 
сосын кез келген бағыттағы шаруашылық мақсатқа пайдалануға болар еді. 
Бүгінде  керісінше,  алқаптарға  улы  химикаттар  кӛп  себіледі.  Азғантай  егінді 
зиянкестерден  қорғау  үшін  тонналап  улы  химикат  себеді.  Бұдан  табиғат  ӛлшеусіз 
зиян  шегіп  жатыр.  Басқасын  айтпағанда,  бал  ӛндірісі  тӛмендеді.  Аралар  бір-бірлеп 
емес, отбасы болып қырылып жатыр. 
Мұндай жағдай әлемде де байқалып отыр. Мәселен, Батыс Еуропаның бірқатар 
елдерінде аралар түгелге жуық жойылып кеткен. Осындай жағдайларды ескеріп, біз 
енді  кешіктірмей,  аралардың  жойылып  кетпеуі  үшін  қажетті  шараларды  қолға 
алуымыз керек. 
Бал  арасының  уы  –  ем.  Адамдарды  ӛздерін  ара  уымен  әр  түрлі  аурулардан 
емдеуді  қолға  алу  тарихы  бізді  есте  жоқ  ескі  замандарға  жетелеп  алып  барады. 
Мәселен, Мысырда, Үндістанда, Қытайда, Грекияда апитерапия (ара уымен емделуді 
медицинада  осылай  атайды,  араның  уын  «апитоксин»  дейді)  ежелгі  дәуірлерде 
белгілі болған. 
Бізге әдебиеттерден мәлім, Ұлы Карл мен Иван Грозный ӛздерін араға талатып, 
подагра деген аурудан айыққан. Халықтық медицинада ара уымен емделу барынша 
қарапайым  тәсілдермен  жасалған.  Ал,  омарташылар  арасында  ревматизммен  және 
подаграмен ауыратындар мүлдем дерлік кездеспейді екен. 


жүктеу 2,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   81




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау