№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015 ISSN 2307-017X
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research
___________________________________________________________________
121
тозаңдарын балтозаңға, яғни ұзақ мерзімге сақтауға болатын және ара ағзасымен
жақсы игерілетін ӛнімге айналдырады.
Араларды сонымен қатар қосымша қант шәрбатымен (жүзім тұнбасы қышқылы
қосылған суға араласқан құрғақ қант) азықтандыру қажет. Олар қорек ретінде
ӛлекселерді, мал етін немесе олардың жемдерін пайдаланбайды.
Кӛбейту. Бал аралардың кӛбеюі екі түрлі жолмен болады: шағылысу және
аралардың үйірлену жолымен (бұл ара отбасыларын жеке жайғастыру жолымен
аналық отбасын аралардың жартысынан бӛлу – роя болып табылады).
Аналық – бір ӛзі үлкен отбасының жалғыз анасы. Шағылысудан кейін 3-4 күн
ӛткен соң аналық ара жұмыртқа сала бастайды. Жұмыртқалау кезеңінде ол тәулігіне
2-3 мыңға дейін жұмыртқа салады. Аналығы 30 күн бойы шағылысу қабілетін
сақтайды.
Үйірлесуге дайындалу барысында аралардың отбасы кәріздер құрылысын
тоқтатады, бірден шырын мен тозаң жинауды тӛмендетеді. Аналықтың алмасуы
отбасының үйірлесуі үшін ынталандыру бола алады. Бұл жаздың ортасында, бал
ӛсімдіктері гүлдеуі азайғанда байқалуы мүмкін.
Үйірлесу 2-ден 6 аптаға дейін жалғасады. Жаңадан жарып шыққан араның
жұмсақ хитинді сүйегі болады, денесін жүн жауып тұрады, сондықтан түрі ұлпаға
ұқсайды. Алғашқы үш тәулікте барлық личинкалар ақуыз жемімен – аналық сүтімен
тамақтанады. Үш тәулік ӛткеннен кейін асыраушы аралар жұмыс істейтін және
жалқау аралардың личинкаларын кӛмірқышқыл жемімен – бал мен балтозаңның
араласқан түрімен қоректендіреді. Нәтижесінде үш тәуліктің ішінде (3 күннен 5
күндік жасқа дейін) аналық личинканың таза салмағы 26 есеге дейін ӛседі
(жұмысшы аранікі – 6 есе, жалқаудікі – 3 есе).
Неден бастау керек? Омарта орналастыратын жерді таңдаудан (ара ұясымен
бірге бірнеше омарталар) және қажетті құрал-жабдық алудан бастау керек.
Омартаны ұйымдастыру үшін құрғақ жерде орналасқан, желден жақсы қорғалған
шағын жер учаскесі қажет. Сонымен қатар оның маңында орман, бақша, балды
ӛсімдіктер ӛсетін шалғындар мен алаңдар болуы керек. Омарталар конструкциясы да
үлкен мәнге ие, оның сапасы күшті, жұмысқа қабілетті аралардың тобын құруға
және омарташының еңбек ӛнімділігінің артуына тікелей әсер етеді.
№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015 ISSN 2307-017X
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research
___________________________________________________________________
122
Қҧрылғылар мен технологиялар.Ең алдымен сізге омарта алу қажет. Әрине,
тәжірибесі мол омарташылардың ӛздерінің ағаш ӛңдейтін құралдары бар және олар
омартаны ӛздері жонып жасай алады.
Сіздің қолыңыздан омарта жасау келмейді, сондықтан сатып алуға тура келеді.
Омартаның бұрын қолданылғанын әрі онша тозбағанын алу керек. Бұл олардың
кемшіліксіз болатынын білдіреді және сізге де оны түзету үшін қолыңызға балға
алудың қажеті болмайды. Бірақ бұндай жағдайда баға мен сапаның үйлесімдігі ӛте
қолайлы болып табылады. Ондай омарталарды 1 500-2 000 теңгеге сатып алуға
болады.
Бірақ бір ғана ара отбасын асырау – «бұл бизнес емес». Күзде ӛнімді сату үшін
ең жоқ дегенде 5 омарта сатып алып, ең кемі 5 ара отбасын асырау керек (бұдан да
кӛп болса болады, бірақ тәжірибе болмағандықтан сіз үлкен омартаға қарау
барысында проблемаларға ұрынуыңыз мүмкін). Сондықтан да 5 омарта сатып
алсаңыз, барлығы шамамен 10 000 теңге болады.
Қҧрал-жабдықтар. Сізге бетжақ перде, мұржа және ең керегі омарташы
қашауын алу керек, онсыз омартаға жақындай алмайсыз. Сонымен қатар, ашық
түсті, түксіз киім керек, араларды ұйпау үшін щетка (қаздың қанаты) және
қажеттілікке қарай басқа да жабдықтар керек.
Сату. Балдан басқа жанама ӛнімдерді сатумен де айналысуға болады: аналық
сүтті, балауызды, тозаңды. Дегенмен, омарта шаруашылығының негізгі табыс кӛзі
(шамамен 80%) – бал сату.
Сіз балды ӛз туыстарыңызға, достарыңызға сата аласыз, базарға, дүкенге
ӛткізуге де болады және т.б.
Енді кірістер туралы. Бүгінгі күні балдың литрі 1 000-1 200 теңге (ӛңіріне
сәйкес) тұрады. Орта есеппен алғанда бір ара отбасынан шамамен бір маусымда 30
кг сатуға арналған бал алуға болады, бұны қарапайым есепке салу үшін литрге
айналдырайық, шамамен – 20 л. Сонымен, 20 л х 1 000 теңге х 5 отбасы = 100 000
теңге.
Балдан басқа балауызды, ара желімін, гүл тозаңын, ара уын сатуға болады, яғни
кірістер бұдан да жоғары болуы мүмкін.
Бал арасының ҧясы. Аралар тобы бал жинау үшін әуелі ұясын сайлайды.
Ғалымдардың айтуынша, мұндай қара жұмыспен тек қана жұмысшы аралар
айналысатын кӛрінеді. Ал бал жинаумен айналысатындары – басқалар.
Зер салып қарасаңыз, бал құйылатын ұя жасушаларының алты бұрышты
екендігін және әрбір қабырғасы мен бұрыштарының ӛлшемі бір-бірімен керемет
үйлесімділікпен дәл келетінін байқайсыз. Бейне бір түзу, сызық бойына сызғышпен
ӛлшей отырып, әдейі орналастырғандай дәлдікпен жасалған. Осы жерде: «Ол неге
үш, тӛрт не болмаса жеті, сегіз бұрыш емес, дәл алты бұрыш?» - деген сауал
туындауы мүмкін.
Ғалымдардың дәлелдеуінше, тегіс кеңістікте ұя тор жасушаларын бір-бірімен
үйлесімді жалғастықпен, арасында қуыс қалдырмастан әрі дӛңгелете орналастыру
ісінде алты бұрышты геометриялық кескіннен артық қолайлы «сәулет» ӛнері мүмкін
емес.
Қолыңызға қалам алып, ӛзіңіз де жайлап сызып қарасаңыз, алты бұрыштың
әрбір қабырғасының келесі алты бұрыштық кескіндемеге жалғасуға ӛз-ӛзінен
сұранып тұрғанын байқайсыз. Яғни алғашқы алты бұрыш пен келесі алты бұрыш
арасында ине шаншар жер қалмайды екен.
Бұлар шеттерінен керемет құрылыс инженері. Алты бұрышты, бір миллиметр
қателеспей, түп-түзу етіп пішіп, бал ұяшықтарын жасайды. Аралар не үшін алты
бұрышты ұяшық жасайды, бұған жұмсалатын құрылыс материалдары да ӛте аз әрі
Достарыңызбен бөлісу: |