№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015 ISSN 2307-017X
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research
___________________________________________________________________
117
Сусын құрамындағы лимон қышқылы терезені немесе автокӛліктің
саймандарын жуу кезінде жақсы нәтиже алуға болады.
«Кока-кола» сусынын тамақдайындауға да қолдануға болады.
Ол тек қана дақты кетірмейді, иісті де жақсы кетіреді. Кір жуғыш ұнтақпен
бірге араластырып, киімдерді жусаңыз, нәтижесі жақсы болады.
Осындай айғақтардан кейін мен де ӛз тәжірибелерімді істеп, ӛз ойымды,
пікірімді сыныптас достарыма айтып, іс жүзінде кӛрсетіп, олармен бӛлісіп отырдым.
Менің тәжірибелерім. Ғылыми жұмыспен айналысқаннан бері бірнеше
тәжірибелер жасап кӛрдім. Осы тәжірибелер нәтижесі туралы айтып кеткім келеді.
Тәжірибе негізінде «Кока-кола» сусынының:
- бояумен жазылған бояуды кетіргені;
- тырнақтағы лактың кетіргені;
- сүтті ірітіп кеткені;
- шәугімдегі қақтын кетуі;
- малдың қарының тазалауы анықталды.
«Кока-коланы» сусын ретінде тҧтынбау керек. Осындай дәлелді
айғақтардан кейін бұл сусынның денсаулыққа кері әсері бар деп ойладым, оған
менің тәжірбиелерім дәлел бола алады.
«Кока-коланың» зардаптарын еліміздің тұрғындарының 80 пайызы кӛруде.
Себебі, сусынның құрамында қан айналымын баяулататын және аққан ауруына
әкелетін жасанды бояғыштар жетерлік.
Сусынды ішсек – денсаулыққа ӛте зиянды екенін білдік. Елімізде Денсаулық
сақтау министірлігі жалпы газдалған сусынды мӛлшерден кӛп ішсе, кері әсері де
артығымен болады деп ескертіп келеді. Оның кӛзге кӛрінетін дәлелі – оны кӛп
ішетін балалар толып, семіріп кетеді. Ӛйткені газдалған сусындарға балалардың бәрі
де құмар, күнде мектептен шыққан соң жолшыбай дүкенге кіріп, бір-бір газдалған
сусын алады.
Бірде-бір бала айран не лимонад немесе сүт алып ішпейді. Менің ойым – егер
кем дегенде он бала ӛзіміздің сүт ӛнімдерін күнделікті алса, басқалары да 2-3 күннен
кейін ала бастар еді деп ойлаймын.
«Кока-кола», «Пепси» сусындарын мектеп асханаларында сатуға тыйым
салынуда, ӛйткені менің мектебімде мұндай ӛнім сатылмайды.
Күшті газдалған бұл сусынның құрамында қанттың мӛлшерден кӛп екені әбден
анықталған. Адамның сүйектері әлсіреп, сусамыр дертіне шалдықтыратыны да
белгілі болған.
Осындай айғақтардан кейін бұл сусынды мүлдем тұтынбау керек дер едім. Осы
«Кока-коланың» сырын ұғып, біраз мағлұмат алдым. Оның адам денсаулығына
әкелетін әсерін де білдік.
Бірақ бұл сусын барлық дүкендердің сӛрелерінде толып тұрады. Оны кӛрген
біздер, әрине, алып ішкіміз келіп тұрады. Ӛйткені, сӛредегі заттарды үлкендер
сатады ғой...
Әдебиеттер
1 Қазақ тілінің сӛздігі. – Алматы: Дайк Пресс, 1999.
2 Қызықты айғақтар. – 2011.
3 Ғаламтордағы ақпараттар.
№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015 ISSN 2307-017X
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research
___________________________________________________________________
118
РЫСБЕКОВ Алим,
АМАНГЕЛЬДИНОВ Алишер,
Райымбек батыр атындағы №50 «Қазғарыш» мектеп-лицейінің
3 «Б» сынып оқушысы, Астана қаласы, Қазақстан Республикасы
Жетекшісі: ҚОЗЫБЕКОВА Анар Жарылкаповна,
Райымбек батыр атындағы №50 «Қазғарыш» мектеп-лицейінің
бастауыш сынып мҧғалімі, Астана қаласы, Қазақстан Республикасы
БАЛ АРАСЫНЫҢ АДАМ ДЕНСАУЛЫҒЫНА ПАЙДАСЫ
Аңдатпа. «Бал арасының адам денсаулығына пайдасы» атты тақырыбында
жазылған ғылыми жобасында бал арасы жайлы, оның түрлері, қоректенуі, кӛбеюі,
бал арасын сату, бал арасынан түсетін кіріс, бал арасының ауыруы, бал арасының
азайып бара жатқандығы, бал арасының уы ем екендігі, бал жинау, балдың түрлері,
балдың құрамы мен қуаты, балдың емдік қасиеті жайында айтылған. Ғылыми жоба
бірнеше тараудан тұрады.
Бұл жұмыста алға қойған мақсат – бал арасыныңжалпы табиғатқа, адам
баласына пайдасы мен зиянын таныту.
Бал арасының тіршілігін бақылау адамды табиғатты жақсырақ білуге,
байқағыштыққа, еңбексүйгіштікке баулиды.
Табиғат жәндіктерінің бірі бал арасына қызығушылығын білдіріп, олардың
қоршаған орта мен адам ӛміріндегі маңызын зерттеп отырған оқушының келешекте
Отанын сүйетін, білімді де білікті, табиғатты аялай білетін, жауапкершілігі жоғары
азамат болатындығына сенімдімін.
Кіріспе. Ара, үй арасы, бал арасы – жарғақ қанаттылар отрядының ӛкілі.
Қазақстанның барлық облыстарында кездеседі. Ара топталып, үлкен ұя болып
тіршілік етеді. Бір ұяда бір ұрғашы Ара (аналық Ара), бірнеше жүз еркек Ара және
ондаған мың (100 мыңға дейін) «жұмысшы» Ара болады.
Ұрғашы ара ұяда ұрпақ ӛсіреді. Ол аралардың ішіндегі ең ірісі, жыл
маусымына қарай денесінің ұзындығы 20-25 мм, ал салмағы 150-300 мг-ге жетеді.
Тәулігіне 2-3 мың, маусымына 200 мың ұрықтандырылған жұмыртқаға дейін (кейде
ұрықтандырылмаған жұмыртқа да) салады. Ұрықтанған жұмыртқадан ұрғашы,
жұмысшы және аналық Аралар, ал ұрықтандырылмаған жұмыртқадан тек еркек
Аралар ғана шығады.
Аналық Ара ұяның анасы болып есептеледі, ол 3-5 жыл, кейде 10 жылға дейін
ӛмір сүреді. Күзде салқын түсісімен жұмыртқа салуды тоқтатып, оны қайтадан
ақпанның 2-жартысынан бастайды.
Еркек Ара денесінің ұзындығы 15-17 мм, салмағы 250 мг болады. Ол негізінен
ұрғашы Араны ұрықтандырады да, одан кейін ӛліп қалады. Омартаның негізін
қалайтын жұмысшы Аралардың денесінің ұзындығы 12-15 мм, салмағы 90 мг
болады. Жұмысшы Аралар – кӛбею мүшелері жетілмеген ұрғашы Аралар. Олар
жұмыртқадан жаңа шыққан ұрпақты қоректендіреді, балауыз ұяшықтардың
тазалығын, ауа алмасуын қадағалайды, тәтті шырын мен гүл тозаңдарын жинайды.
Жұмысшы Аралар 7-8 ай тіршілік етеді. Ұяда тұратын әрбір Ара ӛзінің қызметі
мен міндеттерін жақсы біледі және оны мүлтіксіз орындайды.
Бал арасының бір аналығының қарамағында неше жүзге жуық ара тіршілік
етіп, бір ғана отбасын құрайды екен. Бәрі жиналып, бір аналыққа бағынады.
Аналықтың нұсқауын бұлжытпай орындайды. Аналық жәй араға қарағанда ұзақ ӛмір
сүреді. Қартайып, отбасын басқаруға шамасы келмеген жағдайда, ол араларды
Достарыңызбен бөлісу: |