№№5-12(95-102), мамыр-желтоқсан, май-декабрь, May-December, 2015 ISSN 2307-017X
Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World
of scientific research
___________________________________________________________________
72
«Пошта» ойыны. Тақтаға «Шығыс Еуропа елдері» және «Оңтүстік-Батыс
Азия елдері» атты екі конверт ілінеді. Әр топ қажетті географиялық обьектілерді
тауып, ӛз конвертіне салу керек.
«Сыңарын тап» ойыны. Ойынға екі топ қатысады. Топ мүшелері кезекпен
шығып, тақтаға жазылған таулардың, шыңдардың, олардың биіктіктерінің
сәйкестігін тауып жазады (Кавказ, Анды, Кордильер, Алтай, Орал, Гималай,
Эльбрус, Аконкагуа, Белуха, Народная, Мак-Кинли, Джомолунгма – 6959, 6194,
1899, 4506, 8848, 5642).
Орындалу үлгісі: Кавказ – Эльбрус – 5642.
«Телефон» ойыны. Телефон шырылдайды. Судың дыбысы анимация арқылы
жіберіледі. Бір оқушы телефонды кӛтеріп: «Бұл тұщы су ғой, ол ӛзінің аз қалғанын,
оны қорғау керектігімізді айтты», - дейді. Оқушылар суды қорғау керектігі жайында
ортақ ойға келеді.
«Номенклатура» ойыны. Бұл ойында географиялық нысандарды картадан
кӛрсету арқылы жүргізіледі.
«География» сабағында әр кезде пайдаланылатын мұндай ойын элементтері
оқушының танымдық қабілеттерін дамытып, шығармашылық бағытқа жетелейді.
Ойын арқылы оқыту технологиясы «Биология» сабақтарында кеңінен қолданылады.
Мәселен, 8 сыныптың «Эритроциттердің оттек пен кӛмірқышқыл газын
тасымалдауы» тақырыбын қарастырайық.
«Алтын қақпа» ойыны. Ойын барысында үш қақпа ашылады. Әр қақпада
тапсырмалар беріледі. Ол қақпалар ашылған сайын тапсырмалар күрделене түседі.
Осы ойын арқылы оқушылардың білімдерін тексеремін. Сабақта білімдерін ортаға
салып, тапсырмаларды мүлткісіз орындатып, сандықтағы сыйлықты алуға
тырысады.
І. Тас қақпа тапсырмасы: Сӛзжұмбақ шешу.
І топқа: Сӛзжұмбақтың сұрағы:
1. Организмдегі ішкі сұйық ортаның бірі (Қан).
2. Қан ұлпалар мен мүшелерге қоректік заттарды, суды минералды тұздарды
және дәрумендерді тасымалдайды (Ас қорыту).
3. Тромб негізінен ерімейтін талшықты белок неден құралады? (Фибрин).
ІІ топқа: ІІ. Күміс қақпа тапсырмалары:
Топ басшылары шығып, күміс қақпасындағы 2 хатты оқып, 1 минут ішінде
ойланып, әңгіме құрастыру керек.
І топқа – «Донор», ІІ топқа – «Реципиент» деген тақырыптарда ой қозғау керек.
ІІІ. Алтын қақпа тапсырмалары. Тапсырмаларды алғаш орындап, алтын
қақпаны ашқан оқушы сандықтың тапсырмасын орындайды.
Сандықтың тапсырмасы: Сандық ішінде әр түрлі тақырыпқа байланысты
суреттер
беріледі, екі топ сол суреттерді анықтау керек.
Биологиялық кештерде ойналатын ойын тҥрлері. «Брейн-Ринг» ӛткізу
әдістемесі. Оқушылардың дүние танымын кеңейітіп, танымдық қабілетін ӛрістетуге
«Брейн-ринг» зерделік-танымдық ойынын қолдану тиімді әрі қызықты болмақ.
Бұл ойын мынадай мақсатты кӛздейді:
1. Жалпы білім беретін орта мектепте оқылатын пәндердің жекеленген
тақырыптары мен мәселелері бойынша балалардың танымдық қызығуын ояту,
ғылыми-мәдени білімін арттыру.
2. Оқушыларды бағдарламалық материалдарды тереңірек меңгеруге, қосымша
ақпарат кӛздерін пайдалануға тарту. Ойынға кӛбірек қатыстыру.
Ойын ережесі. Ойын екі бӛлімнен тұрады: бастапқы кезең және финал. Кезеңде
мезгілде екі топ қана қатысады да, 3 ұпай жинағаны (финалдық кезеңде – 5)