4 ќызметкерлер санын немесе ќызметкерлер штатын ќысќартќан кезде жеке ењбек шарттарын бірінші кезекте



жүктеу 239,1 Kb.
Pdf просмотр
бет3/12
Дата25.12.2019
өлшемі239,1 Kb.
#24950
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

 

12)  сыйлықақы  төлеу  үшін  кезекті  еңбек  демалысында  (жұмыс  күндері),  қызметтік 



іссапарда  (оның  ішінде  біліктілікті  арттыру  курстарында),  оқу  демалысында  болған 

кезеңдерді жұмыс істеген уақыт деп есептеуге;    

13)  еңбекақыны  есептеу  кезінде  сыныптылық,  кәсіби  шеберлік,  еңбектің  зиянды 

жағдайлары,  кәсіптерді  қоса  атқару,  түнгі  және  жұмыс  уақытынан  тыс  уақытта  атқарылған 

жұмыс үшін қосымша ақылар мен үстемеақылар есептеуге:  

14)  9-а  және  9-б-формаларындағы  провизиялық  билеттердің,  5-формадағы 

билеттердің  –  карточкалардың,  10-формадағы  консультативтік  билеттердің  жойылуына 

байланысты мына станцияларда тұратын және жұмыс істейтін қызметкерлерге: 

5-сыныпты  станцияларда,  жолайрықтар  мен  озу  пунктілерінде  –  Қазақстан 

Республикасының  сәйкес  жылға  арналған  республикалық  бюджеті  туралы  заңында 

белгіленген 2 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (бұдан әрі – АЕК); 

4-сыныпты станцияларда – 1,5 АЕК; 

3-сыныпты станцияларда – 1 айлық АЕК ай сайынғы қосымша ақы белгілеуге. 

Егер  қызметкер  жоғарыда  аталған  станциялардың  біреуінде  тұрып,  екіншісінде 

жұмыс істесе, үстемеақыны оның тұратын жері бойынша белгілеуге; 

15)  қызметкерлерге  жұмыс  уақытынан  тыс  уақытта  атқарған  жұмысы  үшін,  оның 

ішінде  жұмыс  уақытын  жинақтап  есепке  алған  кезде  кем  дегенде  бір  жарым  мөлшерде 

төлеуге; 

Тараптардың келісімдері бойынша жұмыс уақытынан тыс жұмысы үшін қызметкерге 

демалыс  сағатын  бір  сағат  жұмыстан  тыс  уақытқа  кем  дегенде  бір  сағат  демалыс  сағаты 

есебінен беруге рұқсат етіледі. 

 Жұмыстан  тыс  сағаттарды  есептеу  үшін  жұмыс  уақытының  нормаларын  болмаған 

сағаттарға  (уақытша  еңбекке  жарамсыздық,  жыл  сайынғы  төленетін  еңбек  демалысы,, 

еңбекақысы сақталмайтын демалыс, оқу демалысы) қарай түзету жүргізіледі.  

16)  қызметкердің  кінәсінен  емес  жұмыссыз  болған  уақытына  орташа  айлық 

еңбекақының  50  пайызы  көлемінде  төлеуге.  Қызметкердің  өміріне  немесе  денсаулығына 

қауіп  төндіретін  жағдай  туындаған  кезде  (мұндай  жағдайда  Қоғамның  еңбекті  қорғау 

жөніндегі  арнайы  қызметтері,  даулы  жағдайларда  –  Мемлекеттік  еңбек  инспекциясы 

растаған  кезде)  оған  бұзушылықтарды  жою  үшін  қажет  болған  барлық  кезеңге  орташа 

еңбекақы төлеуге (қызметкердің кінәсінен жұмыссыз болған уақытқа төлем жасалмайды); 

17)  еңбек  келісімшартында  белгіленген,  қызмет  көрсететін  учаскелерден  тыс 

жерлерде  тұрақты  түрде  орындалатын,  ауысып  отыруына  немесе  жұмысты  сапар  желісі 

бойында  орындауына  байланысты,  жүріп-тұратын  жұмыстарды  орындауда  Қазақстан 

Республикасы бойынша АЕК-тің 35 пайызынан кем емес мөлшерде үстемеақы төлеуге;   

18)  негізгі  жұмысынан  босатылмаған,  олардың  келісімі  бойынша  Қоғам  филиалдары 

директорларының  бұйрығымен  басқа  қызметкерлерді  оқытуға  жұмылдырылған  білікті 

қызметкерлерге  қабылданған  немесе  ауыстырылған  бір  қызметкерді  оқытқаны  үшін  (әр  ай 

сайын) тарифтік мөлшерлеменің (қызметақының) 10 пайызы көлемінде төлеуге; 

19) ауысым немесе вахталық әдіспен жұмыс істейтін қызметкерлерді мейрам күндері, 

сондай-ақ  Еңбек  кодексінің  84-бабының  5-тармағында  көзделген  демалыс  күндері 

қызметкерлердің  жазбаша  түрдегі  келісімдерінсіз  және  жұмыс  берушінің  актілерін 

шығармай жұмылдыруға. 

Ауысым кестесі (вахта кестесі) бойынша жұмыс істейтін қызметкерлерді мейрам және 

демалыс  күндері  Еңбек  кодексінің  86-тармағында  көзделген  жағдайдардан  басқа 

жағдайларда жұмыс берушінің актілері негізінде қызметкердің жазбаша түрдегі келісімімен 

немесе оның өтініші бойынша жұмылдыруға. 

Қызметкерге  демалыс  және  мереке  күндері  жұмыс  істегені  үшін  екі  есе  мөлшерде 

төлеуге немесе қызметкердің қалауы бойынша қосымша демалыс күнін беруге міндетті. 

 



 



IV тарау. Жұмыс уақыты, демалыс уақыты, еңбек және басқа да демалыстар 

 

10. Жұмыс беруші:  



1)  жұмыс  уақытының  ұзақтығын  Қазақстан  Республикасының  заңнамасына  сәйкес 

қамтамасыз етуге (жұмыстың нақты режімдері кәсіподақ комитетімен келісім бойынша ішкі 

еңбек тәртібі қағидасында белгіленеді); 

Жұмыс  уақытын  есепке  алу  және  төлеу  Кәсіподақтың  келісімі  бойынша  Жұмыс 

берушінің актілерінде белгіленеді; 

2)  өндіріс  жағдайлары  бойынша  үзіліс  беруге  мүмкіндігі  жоқ  жұмыстарда  жұмыс 

істейтін қызметкердің жұмыс уақытында тамақтануына мүмкіндік беруге. 

Көрсетілген  уақыт  (тамақтану  уақыты)  жұмыс  уақытына  есептеледі.  Мұндай 

жұмыстардың  түрлері,  осындай  үзіліс  беру  тәртібі  мен  ұзақтығы  Жұмыс  берушінің 

актілерінде белгіленеді. 

3) жұмыс істейтін 1 және 2-топ мүгедектеріне толық еңбекақысы сақталған, 6 күндік 

жұмыс аптасында отыз алты сағаттан, 5 күндік жұмыс аптасында отыз бес сағаттан аспайтын 

қысқартылған жұмыс уақытын белгілеуге; 

4)  үздіксіз  тасымалдау  процесіне,  пойыздар  қозғалысының  қауіпсіздігіне,  ауысымда 

тәулік  бойы  үздіксіз  жұмыс  істеуге,  объектілерді  күзетуге  және  күзет  қызметіне  қатысты 

жұмыстарда жұмыс уақытын жинақтап есепке алуды бір жыл есептілік кезеңімен қолдануға; 

5)  ауысымды  жұмыс  кезінде  жұмыс  ауысымының  ұзақтығы,  бір  ауысымнан 

екіншісіне ауысу ауысым кестесінде белгіленеді. Ауысым кестесі оны қолданысқа енгізуден 

кем дегенде бір ай бұрын қызметкерлерге жариялануы тиіс; 

6)  ауысымды  жұмыста  істейтін  қызметкерлер  үшін  жұмыс  кезінде  мұсылман 

күнтізбесі  бойынша  Құрбан  айттың  бірінші  күні,  православиялық  Рождество  7  қаңтар 

күндері  Шарттың  9-тармағының  29)  тармақшасына  сәйкес  еңбекақы  төлеуге  немесе  бір 

еселенген  төлемді  төлей  отырып,  қызметкердің  қалауы  бойынша  басқа  күні  демалыс 

ұсынуға;   

7)  толық  емес  жұмыс  уақыты  режімін  енгізген  кезде  демалысты  төлеу  үшін 

(қолданылмаған  демалыс  үшін  өтемақы)  нақты  жұмыс  істеген  уақыттың  есебінен  орташа 

күндік (орташа сағаттық) еңбекақы есептеледі.   

 8) қызметкерлерге ұзақтығы:  

басшылар  мен  мамандарға  –  30  күнтізбелік  күн,  қызметшілер  мен  өндіріс 

персоналына  –  24  күнтізбелік  күн  (3-қосымша)  деп  белгіленген  жыл  сайынғы  ақылы  еңбек 

демалысын беруге. 

Жыл  сайынғы  ақылы  еңбек  демалыстарын  беру  кезектілігін  Жұмыс  беруші 

қызметкерлердің пікірлерін ескере отырып бекіткен демалыс кестесінде немесе тараптардың 

келісімдері бойынша демалыс кестесінен тыс белгілеуге. 

Өндірістік  қажеттілікке  байланысты  демалыс  кестесін  өзгерткен  жағдайда  Жұмыс 

беруші  бұл  туралы  қызметкерге  еңбек  демалысы  басталғанға  дейін  кемінде  екі  апта  бұрын 

хабарлауы тиіс. 

Қызметкерге  жыл  сайынғы  ақысы  төленетін  еңбек  демалысы  алғашқы  және  кейінгі 

жұмыс жылдарында тараптардың келісімі бойынша жұмыс жылының кез келген уақытында 

беріледі. 

Жыл сайынғы ақысы төленетін еңбек демалысы (оның бөлігі) қызметкердің жазбаша 

түрдегі  келісімі  бойынша  немесе  оның  өтініші  бойынша  ғана  тоқтатылуы,  ауыстырылуы, 

бөліктерге  бөлінуі  мүмкін.  Тараптардың  келісімі  бойынша  ауыстырылған  еңбек  демалысы 

келесі  жылдың  еңбек  демалысына  қосылуы  немесе  қызметкердің  өтініші  бойынша  басқа 

уақытта берілуі мүмкін. 

Пайданылмаған жыл сайынғы ақысы төленетін еңбек демалысын немесе оның бөлігін 

екі жыл қатарынан бермеуге тыйым салынады. 



жүктеу 239,1 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау