140
«Атамұра» баспасының оқулығы бойынша – 60,2%;
«НЗМ» оқулығы бойынша – 89,7% сәйкес келеді.
Бұл көрсеткіштер жалпы «Атамұра», «Алматыкітап», «НЗМ»
баспаларының оқулықтарының материал мазмұнын қайта қарап,
«Алматыкiтап» баспасының оқулығында – 15,4%, «Атамұра» баспасының
оқулығы бойынша – 39,8%, «НЗМ» оқулығы бойынша – 10,3% өңделуге тиіс
материалды анықтау қажеттігін көрсетеді. Келесі диаграммада аталған 3
баспаның математика оқулықтарының осы параметрлер бойынша бағалау
нәтижесі берілген.
Сауалнамаға қатысқан 2 сынып мұғалімдері математика оқулығының оқу
материалдарының әдістемелік жүйесі мен материалдардың білім алушылардың
жас ерекшеліктеріне сәйкестігін төмендегідей бағалаған:
•
«Алматыкiтап» баспасы – 75,4%;
•
«Атамұра» баспасы – 66,7%;
•
«НЗМ» оқулығы бойынша –96,3%.
Сонымен қатар оқулықтардағы иллюстрациялық материалдардың сапасын,
мазмұнмен байланыстылығын, көркемдігін бағалау нәтижесі зерделенген.
Диаграммада көрсетілгендей, иллюстрациялық материалдардың деңгейі:
•
«Алматыкiтап» баспасы – 83,6%;
•
«Атамұра» баспасы – 89,4%;
•
«НЗМ» оқулығы бойынша – 91,4%
141
Математика оқулығындағы оқу материалдарының баяндалу тілі мен стилі
бойынша анықтылығы, нақтылығы, мәнерлілігі:
•
«Алматыкiтап» баспасы – 66,7%;
•
«Атамұра» баспасы – 80,0%;
•
«НЗМ» оқулығы бойынша – 82,6% көрсетті.
Оқулықтарда орын алған фактологиялық, грамматикалық, стилистикалық
қателері бойынша:
•
«Алматыкiтап» баспасы – 51,9%;
•
«Атамұра» баспасы – 51,9%;
•
«НЗМ» оқулықтары бойынша – 46,6% көрсеткішті берді.
Талдау нәтижесі көрсеткендей «Атамұра» баспасының математика
оқулығы бойынша – 20,0%, «Алматыкiтап» баспасының оқулығы бойынша –
33,3%,
«НЗМ» оқулығы бойынша –17,4%-ға баяндау тілі ауыр және есеп мәтіні
түсініксіз. Оқулықтарда орын алған фактологиялық, грамматикалық,
стилистикалық қателері бойынша көрсеткіш математика оқулықтарының толық
өңдеуді қажет ететінін көрсетеді.
142
Пилоттық мектептердің 2 сынып мұғалімдерінің сауалнама нәтижесі
көрсеткендей, оқулықтың салмағы мен көлемінің сәйкестігі туралы пікірлері екі
жақты болып бөлінген. Орта есеппен алғанда сауалнамаға қатысушылардың
жартысына жуығы математика оқулығының көлемі үлкен, оқу дәптерімен бірге
қойғанда партаға сыймайды, күнделікті мектепке апаратын оқулықтарының
жалпы салмағы ауыр деп санайды. Фокус-топтарда 2 сынып оқушыларының
ата-аналарымен жүргізілген сұхбат қорытындылары да осыны дәлелдейді.
Сынаққа алынған баспалардың математика пәнінің оқулықтары бойынша
салмағы мен көлемі қанағаттанарлық деп санайтын мұғалімдердің
жауаптарының нәтижесі:
•
«Алматыкiтап» баспасы – 55,1%;
•
«Атамұра» баспасы – 50,8%;
•
«НЗМ» оқулығы бойынша – 50,0%.
143
«Математика оқулығымен бірге оқу-әдістемелік кешен алдыңыз ба?»
деген сұраққа төмендегідей жауап берілген:
•
«Алматыкiтап» баспасы – 77,0%;
•
«Атамұра» баспасы – 43,4%;
•
«НЗМ» оқулығы бойынша – 69,0% .
Сауалнама қорытындысына сәйкес, сынақ барысында 2 сынып мұғалімдері
математика оқулығының оқу-әдістемелік кешенімен толық қамтамасыз
етілмеген. Соның ішінде «Атамұра» баспасының математика оқулығының оқу-
әдістемелік кешені – 56,6%-ға, «Алматыкiтап» баспасынан – 23,0%, «НЗМ»
тарапынан –31,0%-ға жеткіліксіз болған.
«НЗМ» ДББҰ
144
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ
Сауалнамаға қатысқан пилоттық мектептердің 2 сынып мұғалімдерінің
бағалауы бойынша жаратылыстану пәнінен оқулықтың құрылымы мен
мазмұнының сәйкестігі:
•
«Алматыкiтап» баспасының оқулығында – 53,7%,
•
«Атамұра» баспасының оқулығы бойынша – 64,7%;
•
«НЗМ» оқулығы бойынша – 88,1%;
•
«Мектеп» баспасының оқулығында – 78,5%;
•
«Дәуір-кітап» баспасының оқулығында – 73,6% нәтиже көрсетті.
Бұл көрсеткіштер барлық баспалардың оқулықтарында мазмұны өңдеуге және
толықтыруға жататын материалдардың бар екенін көрсетеді. Келесі
диаграммада аталған баспалардың жаратылыстану пәні оқулықтарын осы
параметрлер бойынша 2 сынып мұғалімдерінің бағалау көрсеткіші берілген.
Сауалнамаға қатысқан 2 сынып мұғалімдері жаратылыстану оқулығының
оқу материалдарының әдістемелік жүйесі мен материалдардың білім
алушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкестігін бағалаған:
•
«Алматыкiтап» баспасы - 51,9%;
•
«Атамұра» баспасы - 76,2%;
•
«НЗМ» оқулығы бойынша – 83,3%;
•
«Мектеп» баспасы – 90,5%;
•
«Дәуір-кітап» баспасы – 75,0 % көрсетті.
«НЗМ» ДББҰ
145
Жаратылыстану пәнінен «Алматыкiтап» баспасының оқулығы
құрылымы мен мазмұнының сәйкестігі жағынан, сонымен қатар әдістемелік
жағынан алғанда да сапасы төмендігін көрсетті. Яғни, сауалнама нәтижесі
бойынша тиісінше 46,3% және 48,1% оң жауапты жинай алмаған.
Сонымен қатар оқулықтардағы иллюстрациялық материалдардың сапасын,
мазмұнмен байланыстылығын, көркемдігін бағалау нәтижесі зерделенген.
Диаграммада көрсетілгендей, иллюстрациялық материалдардың деңгейі:
•
«Алматыкiтап» баспасы – 78,8%;
•
«Атамұра» баспасы – 81,8%;
•
«НЗМ» оқулығы бойынша – 95,1%;
•
«Мектеп» баспасы – 86,5%;
•
«Дәуір-кітап» баспасы– 73,2 % көрсетті.
Жалпы қанағаттанарлық, дегенмен өңдеп, толықтыруды қажет етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |