130
Ғалымдардың пайымдауы бойынша бастауыш сынып оқушысының
оқулығының салмағы 300 гр. аспауы керек, 5-6 сынып білім алушылары үшін –
400 гр., ал жоғарғы сыныпта – 600 гр.
Пилоттық мектептердің 2 сынып мұғалімдерінің сауалнама нәтижесі
көрсеткендей, оқулықтың салмағы мен көлемінің сәйкестігі туралы пікірлері екі
жақты болып бөлінген. Орта есеппен алғанда сауалнамаға қатысушылардың
жартысына жуығы оқулықтың көлемі үлкен, оқу дәптерімен бірге қойғанда
партаға сыймайды, күнделікті мектепке апаратын оқулықтарының жалпы
салмағы ауыр деп санайды.
2 сынып мұғалімдерінің пікірі бойынша «Алматыкiтап» баспасы
бойынша – 65,2%, «Атамұра» баспасы бойынша – 50%, «НЗМ» оқулығы
бойынша – 36,8% қазақ тілі пәнінің оқулығы салмағы мен көлемі жағынан
қолайлы.
Сынаққа енген барлық баспалардың қазақ тілі пәнінің оқулықтары
бойынша мұғалімдердің жауаптарының нәтижесі диаграммада берілген.
«НЗМ» ДББҰ
131
Мұғалімдер үшін маңызды ресурс болып табылатын, сынаққа түскен оқу-
әдістемелік кешеннің құрамына оқу дәптері, хрестоматия, әдістемелік
нұсқаулық және оқуға арналған кітап кіреді.
Баспалардың көпшілігі оқу дәптерлерін, әдістемелік нұсқаулық және
аздаған көлемде хрестоматия және оқуға арналған кітап дайындаған.
Қазақ тілінен «оқулықпен бірге оқу-әдістемелік кешен алдыңыз ба?»
деген сұраққа төмендегідей жауап берілген:
•
«Алматыкiтап» баспасы – 73%;
•
«Атамұра» баспасы – 72,1%;
•
«НЗМ» оқулығы бойынша – 68,3% .
Сауалнама қорытындысына сәйкес, сынақ барысында 2 сыныптардың
білім алушылары мен мұғалімдері қазақ тілі оқулығының оқу-әдістемелік
кешенімен
•
«Алматыкiтап» баспасынан– 27%;
•
«Атамұра» баспасынан – 27,9%;
•
«НЗМ» оқулығы бойынша – 31,7%-ға қамтамасыз етілмеген.
132
ӘДЕБИЕТТІК ОҚУ
Сауалнамаға қатысқан пилоттық мектептердің 2 сынып мұғалімдерінің
бағалауы бойынша әдебиеттік оқу пәні оқулығының құрылымы мен
мазмұнының сәйкестігі «Алматыкiтап» баспасының оқулығы бойынша – 88,8%
және «Атамұра» баспасының оқулығы бойынша – 73,2%. «НЗМ» оқулығы бұл
параметрлер бойынша – 84,5% көрсетті. Яғни, барлық үш баспаның
оқулықтары бойынша оқулықтағы материалдардың мазмұнын қайта қарап,
құрылымын әлі де жүйелеу қажеттігін көрсетеді. Келесі диаграммада аталған 3
баспаның әдебиет оқулығының осы параметрлер бойынша бағалау нәтижесі
берілген.
Сауалнамаға қатысқан 2-сынып мұғалімдері әдебиеттік оқу пәні
оқулығының оқу материалдарының әдістемелік жүйесі мен материалдардың
білім алушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкестігін төмендегідей бағалаған:
•
«Алматыкiтап» баспасы – 84,9%;
•
«Атамұра» баспасы – 84,8%;
•
«НЗМ» оқулықтары бойынша – 80,0%.
Бұл жерде де орта есеппен 15-20% аралығында көрсеткіштің төмен
болуы, алдыңғы талдаудағы оқулықтың құрылымы мен мазмұнының өңделіп,
толықтырылуы қажеттілігіне қатысты мұғалімдердің пікірінің дұрыстығын
көрсетеді.
Сонымен қатар оқулықтағы иллюстрациялық материалдардың сапасын,
мазмұнмен байланыстылығын, көркемдігін бағалау нәтижесі зерделенген.
Диаграммада көрсетілгендей, иллюстрациялық материалдардың деңгейі:
•
«Алматыкiтап» баспасы – 91,6%;
•
«Атамұра» баспасы – 91,6%;
•
«НЗМ» оқулығы бойынша – 93,3%.
Яғни, иллюстрациялық материалдардың деңгейі қанағаттанарлық .
133
Әдебиеттік оқу пәні оқулығындағы оқу материалдарының баяндалу тілі
мен стилі бойынша анықтылығы, нақтылығы, мәнерлілігі:
•
«Алматыкiтап» баспасы – 94,1%;
•
«Атамұра» баспасы – 70,6%;
•
«НЗМ» оқулықтары бойынша – 100,0% көрсетті.
Оқулықтарда орын алған фактологиялық, грамматикалық, стилистикалық
қателері бойынша:
•
«Алматыкiтап» баспасы – 59,1%;
•
«Атамұра» баспасы – 75,1%;
•
«НЗМ» оқулықтары бойынша – 75,0% көрсеткішті берді.
Талдау нәтижесі көрсеткендей «Атамұра» баспасының әдебиеттік оқу
пәні оқулығы материалдардың анықтығы, нақтылығы, баяндау мәнері
мұғалімдердің пікірі бойынша «Алматыкітап» және «НЗМ» оқулықтарымен
салыстырғанда төмен, оқулықта орын алған фактологиялық, грамматикалық,
стилистикалық қателері бойынша «Алматыкітап» баспасының әдебиеттік оқу
пәні оқулығының сапасы сын көтермейді және өңдеуді қажет етеді.
Сауалнамаға қатысқан мұғалімдердің 40,9%-ы оң баға бермеген. Сонымен
қатар, «Алматыкiтап» баспасының әдебиеттік оқу пәні оқулығы және «НЗМ»
134
әдебиеттік оқу пәні оқулығы бойынша да оқулықтарда қателіктер орын алғанын
көрсетеді.
Нәтижесінде барлық 3 баспаның да әдебиеттік оқу пәні оқулықтарында
жіберілген фактологиялық, грамматикалық, стилистикалық қателері бойынша
өңдеуді қажет етеді.
Мониторинг барысында мұғалімдер 2 сынып оқушыларының әдебиеттік
оқу пәні оқулығының салмағы мен көлемінің сәйкестігі туралы сұрақтарға
жауап берді.
Пилоттық мектептердің 2 сынып мұғалімдерінің сауалнама нәтижесі
көрсеткендей, оқулықтың салмағы мен көлемінің сәйкестігі туралы пікірлері
біржақты емес. Орта есеппен алғанда сауалнамаға қатысушылардың жартысына
жуығы оқулықтың көлемі үлкен, күнделікті мектепке апаратын оқулықтарының
жалпы салмағы ауыр деп санайды.
•
«Алматыкiтап» баспасы – 47,8%;
•
«Атамұра» баспасы – 65,2%;
•
«НЗМ» оқулығы бойынша – 52,9% мұғалімдер әдебиеттік оқу пәні
оқулығының салмағы мен көлемі қолайлы деп есептейді.
Сынаққа алынған баспалардың әдебиеттік оқу пәні оқулықтары бойынша
мұғалімдердің жауаптарының нәтижесі диаграммада берілген.
Достарыңызбен бөлісу: |