153
Пилоттық мектептердің 2-сынып мұғалімдерінің сауалнама нәтижесі
көрсеткендей, дүниетану пәні оқулығының салмағы мен көлемінің сәйкестігі
туралы пікірлері төмендегідей:
•
«Алматыкiтап» баспасы – 72,5%;
•
«Атамұра» баспасы – 83,3%;
•
«НЗМ» оқулығы бойынша – 68,8%;
•
«Мектеп» баспасы – 40,7%
Оқулықтары сынаққа енген баспалардың ішінде дүниетану пәні
бойынша салмағы мен көлемі ең қолайлы деп табылғаны «Атамұра»
баспасының дүниетану оқулығы.
Мұғалімдердің жауаптарының нәтижесі диаграммада берілген.
154
Дүниетану пәнінен оқулықпен бірге оқу-әдістемелік кешен алдыңыз ба
деген сұраққа төмендегідей жауап берілген:
•
«Алматыкiтап» баспасы – 75,0%;
•
«Атамұра» баспасы – 69,3%;
•
«НЗМ» оқулығы бойынша – 68,8%;
•
«Мектеп» баспасы – 60,2%.
Сауалнама қорытындысы көрсеткендей, сынақ барысында 2 сынып білім
алушылары мен мұғалімдері дүниетану пәні оқулығының оқу-әдістемелік
кешенімен толық қамтамасыз етілмеген.
155
МУЗЫКА
Пилоттық мектептердің 2-сынып мұғалімдерінің бағалауы бойынша
музыка пәнінен оқулықтың құрылымы мен мазмұнының сәйкестігі:
•
«Алматыкiтап» баспасының оқулығында – 83,2%,
•
«Атамұра» баспасының оқулығы бойынша – 90,0%;
•
«НЗМ» оқулығы бойынша – 82,3%.
Бұл көрсеткіштер барлық баспалардың оқулықтарының құрылымы мен
мазмұнында өңдеуге және толықтыруға жататын материалдардың бар екенін
көрсетеді. Келесі диаграммада аталған баспалардың музыка пәні оқулықтарын
осы параметрлер бойынша 2 сынып мұғалімдерінің бағалау көрсеткіші
берілген.
156
Сауалнамаға қатысқан 2-сынып мұғалімдері музыка оқулығының оқу
материалдарының әдістемелік жүйесі мен материалдардың білім алушылардың
жас ерекшеліктеріне сәйкестігін бағалаған:
•
«Алматыкiтап» баспасы – 76,2%;
•
«Атамұра» баспасы – 79,6%;
•
«НЗМ» оқулығы бойынша – 84,4%
Музыка пәнінен «Алматыкiтап» баспасының оқулығы құрылымы мен
мазмұнының сәйкестігі жағынан, сонымен қатар әдістемелік жағынан алғанда
да төмен нәтиже көрсетті. Яғни, сауалнама қорытындысы бойынша
салыстырмалы түрде төмен бағаланды.
Сонымен қатар оқулықтардағы иллюстрациялық материалдардың сапасын,
мазмұнмен байланыстылығын, көркемдігін бағалау нәтижесі зерделенген.
Диаграммада көрсетілгендей, иллюстрациялық материалдардың деңгейі:
•
«Алматыкiтап» баспасы – 88,1%;
•
«Атамұра» баспасы – 87,2%;
•
«НЗМ» оқулығы бойынша – 88,0%
Жалпы қанағаттанарлық, өңдеп және толықтыруды қажет етеді деген
пікірлер 12-13% аралығын құрайды.
157
Музыка пәні оқулығындағы оқу материалдарының баяндалу тілі мен
стилі бойынша анықтылығы, нақтылығы, мәнерлілігі:
•
«Алматыкiтап» баспасы – 75,0%;
•
«Атамұра» баспасы – 86,7%;
•
«НЗМ» оқулығы бойынша – 80,0%
158
Музыка оқулығында орын алған фактологиялық, грамматикалық,
стилистикалық қателері бойынша:
•
«Алматыкiтап» баспасы – 29,7%;
•
«Атамұра» баспасы – 46,7%;
•
«НЗМ» оқулығы бойынша – 73,3%
Талдау нәтижесі көрсеткендей оқулықта орын алған фактологиялық,
грамматикалық, стилистикалық қателері бойынша барлық баспалардың
оқулықтары өңдеуді және толықтыруды қажет етеді.
159
Пилоттық мектептердің 2 сынып мұғалімдерінің сауалнама нәтижесі
көрсеткендей, музыка пәні оқулығының салмағы мен көлемінің сәйкестігі
туралы пікірлері төмендегідей:
•
«Алматыкiтап» баспасы – 97,1%;
•
«Атамұра» баспасы – 65,6%;
•
«НЗМ» оқулығы бойынша – 71,9%
Оқулықтары сынаққа енген баспалардың ішінде музыка пәні
бойынша салмағы мен көлемі ең қолайлы деп табылғаны «Алматыкітап»
баспасының дүниетану оқулығы– 97,1%.
Мұғалімдердің жауаптарының нәтижесі диаграммада берілген.
160
«Музыка пәнінен оқулықпен бірге оқу-әдістемелік кешен алдыңыз ба?»
деген сұраққа төмендегідей жауап берілген:
•
«Алматыкiтап» баспасы – 59,4%;
•
«Атамұра» баспасы – 42,9%;
•
«НЗМ» оқулығы бойынша – 87,5%
Сауалнама қорытындысы көрсеткендей, сынақ барысында 2 сынып білім
алушылары мен мұғалімдері музыка пәні оқулығының оқу-әдістемелік
кешенімен толық қамтамасыз етілмеген.
КӨРКЕМ ЕҢБЕК
Сауалнамаға қатысқан пилоттық мектептердің 2 сынып мұғалімдерінің
бағалауы бойынша көркем еңбек пәнінен оқулықтың құрылымы мен
мазмұнының сәйкестігі:
•
«Алматыкiтап» баспасының оқулығында – 94,4%,
•
«Атамұра» баспасының оқулығы бойынша – 93,4%;
•
«НЗМ» оқулығы бойынша – 84,4%;
Бұл көрсеткіштер «Алматыкiтап» баспасының және «Атамұра»
баспасының көркем еңбек пәні оқулықтарының құрылымы мен мазмұнының
сәйкестігі бойынша сапасы жоғары екенін көрсетеді. Келесі диаграммада
аталған баспалардың көркем еңбек пәні оқулықтарын осы параметрлер
бойынша 2 сынып мұғалімдерінің бағалау нәтижесі берілген.
Достарыңызбен бөлісу: |