30 пилоттық мектептердің 2-сыныбына арналған жаңартылған білім мазмұнындағы оқу бағдарламаларын, ОҚулықтарды апробациялау процесінің мониторингі



жүктеу 7,96 Mb.
Pdf просмотр
бет2/63
Дата21.11.2018
өлшемі7,96 Mb.
#23231
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63


 
Кіріспе  
 
Әлемдік  білім  беру  кеңістігіне  кіру  мақсатында  Қазақстан  Республикасы 
отандық  білім  берудің  озық  дәстүрлері  мен  стандарттарын  сақтай  отырып, 
әлемдік  білім  беру  тәжірибесіне  бағытталған  стратегиялық  курсты  таңдады. 
Осыған  байланысты,  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрлігі 
орта  білім  мазмұнын  жаңартуға  бағытталған  іс-шаралар  кешенін  жүзеге 
асыруды бастады.  
Білім  мазмұнын  жаңарту  –  білім  беру  бағдарламасының  құрылымы  мен 
мазмұнын,  оқыту  мен  тәрбиелеудің  әдістері  мен  тәсілдерін  қайта  қарастыру 
болып  табылады.  Ұлттық  және  жалпы  адамзаттық  құндылықтарды  бойына 
сіңірген,  кез  келген  өмірлік  жағдайда  функционалдық  сауаттылығы  мен 
бәсекеге қабілеттілігін көрсете білетін тұлғаның үйлесімді қалыптасуына және 
зияткерлік дамуына қолайлы білім беру ортасын тудыру – жаңартылған білім 
мазмұнын енгізудің нәтижесі болуы керек.  
2015-
2016 оқу жылынан бастап республиканың 30 пилоттық мектептерінде 
жаңартылған білім мазмұнын апробациялау, ал 2016-2017 оқу жылынан бастап 
елдің жалпы білім беретін мектептеріне енгізілу басталды.  
Жаңартылған  білім  мазмұнының  апробациясы  аталмыш  үдеріске 
мониторинг  жасаумен  қоса  жүруі  керек,  себебі  бұдан  кейінгі  жалпы  білім 
беретін  мектептерге  енгізу  жаңалықтың  тиімділігін  көрсететін  анықтамалар 
негізінде  жүзеге  асырылуы  қажет.  Алғашқы  бір  жылда  жасалған  мониторинг 
барысында жиналған ақпараттар қажетті шараны дереу қолдануды талап ететін 
мәселелерді  табу  және  оларға  талдау  жасауға  қолданылады.  Мониторинг 
мәліметтері білім беру үдерісін ұйымдастыруды, оқу бағдарламалары мен оқу 
жоспарларының  құрылымы  және  мазмұнын,  бағалау  жүйесін,  оқу-әдістемелік 
кешендерді,  мектеп  мұғалімдері  мен  басшыларының  біліктілігін  арттыру 
курстарының мазмұнын жетілдіруде пайдаланылады.  
Апробацияны  мониторингілеу  сонымен  бірге,  жаңартылған  білім 
мазмұнын  енгізудің  тиімділігіне  әсер  етуі  мүмкін  қауіп-қатерлерді  анықтауға 
мүмкіндік береді. Оларға:  

заманауи  педагогикалық  әдістерді  қолдануды  талап  ететін  жаңа  білім 
беру  бағдарламасымен  жұмыс  істеуге  педагогикалық  кадрлардың 
дайындығының жеткіліксіз болуы;  

жаңа білім беру бағдарламасының мазмұнына сәйкес келетін білім беру 
ресурстарының жеткіліксіз болуы;  

БАҚ-тың  апробация  қорытындыларының  кем  тұстарын  жариялауына 
байланысты жаңа білім беру бағдарламасын қоғамның қабылдамауы.  
Бұл  құжат  мониторингтің  мақсаттары  мен  міндеттерін,  технологиялық 
тәртіптерін  сипаттап,  сонымен  қатар  оны  өткізудің  мерзімдері  мен  кезеңдері 
бойынша ақпараттарды қамтиды.  
Білім  беру  жүйесіне  енгізілген  жаңашылдықтың  бірі  –  білім 
алушылардың  жетістіктерін  бағалау  жүйесі,  бұл  бағалау  үдерісі  барынша 
гуманистік және тұлғаға бағыттауға мүмкіндік береді. Бағалау жүйесі баланың 
білімі  мен  білігінің  даму  шекарасы  және  қалыптасуын  бағалауға  сәйкес 



 
мұғалімнің  мақсатқа  негізделген  жұмысына  енгізілуі  қажет.  Критериалды 
бағалау жүйесі оқушының табысты көрсеткіштерін көрсетуге  және әр баланың 
жеке  тұлғалық  қасиеттерін  сақтай  отырып,  оның  жеке  даму  дәрежесін 
қалыптастыруға бағытталған.   
Критериалды  бағалау  жүйесі  технологиясын  қолдану  білім  алушының 
нақты  анықталған  жетістігін,  оқу  материалын  қаншалықты  меңгергендігін, 
жалпы  дайындық  деңгейін  белгілеу  үшін  және  түрлі  саладағы  танымдық  іс-
әрекеттегі  табысты  өсу  динамикасын    алдын-ала  белгілі  өлшемшартпен 
салыстыруға негізделеді.  
Ұсынылып  отырған  критериалды  бағалау  жүйесінің  тиімділік  
мониторингі жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында тек қана есеп беру 
ғана  емес,  білім  беру  үдерісіндегі  білім  алушының  жеткен  жетістігін  бағалау 
өлшемшарттары  және  педагогтер  мен  ата-аналар,  білім  алушылар  деңгейінде 
бағалау жүйесін қабылдау.  
Осылайша,  халықаралық  стандарттарға  сәйкес  еліміздің  білім  беру 
жүйесіне  қажеттілігімен  анықталатын,  оны  мектептерге  жаппай  енгізу 
үдерісінің маңызды болып саналатын  бағалаудың жаңа технологиясын енгізу, 
МЖМБС  оқу  бағдарламаларын  апробациялау  үдерісінің  мониторингін  өткізу 
өзекті болып табылады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 



 
1. 
Жаңартылған  білім  мазмұны  бойынша  оқу  бағдарламаларын, 
оқулықтарды апробациялаудың мониторингі 
 
 
1.1 Мониторинг мақсаттары мен міндеттері 
 
Мониторинг  мақсаты:  30  пилоттық  мектептердегі  нақты  оқыту  үдерісі 
жағдайында жаңартылған мазмұн бойынша әзірленген оқу бағдарламалары мен 
оқу  жоспарларын,  бағалау  жүйесі  мен  ОӘК  енгізу  тиімділігі  мен  сапасын 
бағалау  және  білім  беру  бағдарламасының  барлық  элементтерін  барлық  білім 
беру ұйымдарына енгізу үшін жетілдіру.  
Мониторинг міндеттері:  
1) 
әзірленген  оқу  бағдарламаларын,  оқулықтар  мен  ОӘК  және 
критериалды бағалау жүйесін енгізу тиімділігін тәжірибеде тексеру:  

оқу  бағдарламалары  мен  жоспарлардың  мұғалімдерге  қолжетімділігі 
(тиімділігі, оңайлығы, қолайлылығы, түсініктілігі және т.б.);  

оқу  мақсаттарының  сапасы  (оқу  мақсаттарының  анықтығы,  бір 
тоқсандағы оқу мақсаттарының мөлшерінің оңтайлылығы, оқу мақсаттарының 
өлшемділігі);  

оқу  бағдарламалары  компоненттерінің  сабақтастығы  (түсініктілігі, 
өзара байланыс және т.б.);  

оқулықтар  мен  ОӘК  сапасы  (әзірленген  ОӘК  мазмұнының  оқу 
бағдарламаларына  сәйкестігі,  ОӘК  оқу  мақсаттарына  жетуге  бағытталуы, 
дизайны);  

критериалды  бағалау  жүйесінің  оңтайлылығы  (оқу  мақсаттарына 
сәйкестігі, қалыптастырушы бағалаудың қолданылуы, бағалау критерийлерінің 
тиімділігі);  

оқушылардың  білім  беру  үдерісіне  эмоционалдық  қарым-қатынасы 
(қабылдауы, қызығушылығы, уәждеме, белсенділігі);  

мұғалімдердің,  мектеп  әкімшілігінің  және  ата-аналардың  білім  беру 
үдерісіне қанағаттануы (табыстылық, бейімделушілік, тұрақты қажеттілік);  
2)  
«Мәңгілік  ел»  жалпыұлттық  идеясы  құндылықтарына  оқу 
материалдары мазмұнының сәйкестік дәрежесін анықтау:  

«Мәңгілік  ел»  жалпыұлттық  идеясы  құндылықтарын  оқушылардың, 
мұғалімдердің, ата-аналардың түсінуі;  

«Мәңгілік  ел»  жалпыұлттық  идеясы  құндылықтарын  сабақ,  жобалық-
зерттеушілік  және  сабақтан  тыс  іс-әрекет  арқылы  жүзеге  асырудың  әдістері, 
тәсілдері, түрлері;  
3) 
апробацияланған  оқу  бағдарламаларының,  оқулықтар  мен  ОӘК 
МЖМБС-ның негізгі ережелеріне сәйкестік дәрежесінің анықтамасы;  
4) 
оқу  бағдарламалары  ұсынатын  оқу  әдістері  мен  бағалауды  қолдану 
дәрежесін анықтау (мұғалімдердің түсінуі және қолдануы);  
5) 
жаңа  оқу  бағдарламасы  бойынша  оқушылардың  оқу  нәтижелерін 
талдау (оқушылардың білім сапасы, оқу мақсаттарына жету, оқу бағдарламасы 
бойынша оқыту үдерісінің оқушының жалпы денсаулық жағдайына әсері);  


жүктеу 7,96 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау