3.2. Қазақстан мәдениеті ланшафтардағы көрікті жерлері
Қазақстан табиғи көрнекi жерлермен қатар мәдениет пен өнермен ерекше айқындалады. Қазақстан жерiндегi бейнелеу өнерiнiң бастау тегi жартас суреттермен, тас мүсiндермен байланысып жатыр. Таңбалы тастар ежелгі кезден дамып келе жатқан елдің бір тарихи іспетті. Тамғалы шатқалында табылған 2000-ге жуық суреттерден күн басты құдайлар таңбаларын бастап тасқа қашалған Будда мүсінін де көруге болады. Бұл суреттерден Аңшылық көрiнiстердiң суреттерiн қиял-ғажайып бейнедегi жан-жануарлардың мүсiндерiн, сәндiк қолданбалы өнердiң түрлерiн түсінбеген кездер де болды. Сақтардың сәулетшiлiк шеберлiктердiң бiздiң жыл санауымызға дейiнгi ескерткiштерге қарап бағалауға болады. Жетi-Асар, Шiрiк рабат, Бабыш-молда мазарлары сияқты ғимараттардың салынуындағы талғам-тәсiлдер Орта Азия мен Қазақстан, Таяу Шығыс сәулет өнерiнiң дамуына ықпал еткен. Өкінішке орай осы күнге жеткен кешенді тарихи жерлердің жағдайы нашар күйде.Орта ғасырдағы ең әйгiлi қалалар: Испиджаб, Отырар, Тараз, Құлан, Суяб, Мерке, Баласағұн, Асы және т.б. Туризм дамыту бағдарламасы Отырар қаласын жаңғыртып, үлкен туристік орынға айналдыру мәселесі шешуде.Қараханидтер кезiнде, яғни XI-XII ғасырларда сәулет өнерi шырқау биiкке көтерiлдi. Құрылысқа күйдірiлген кiрпiштер қолданыла бастады.Туристердiң ең қызығатын объектiлерiнiң бiрi мәдени көрнекi жерлер. Өзіндік ерекшелігі бар Қазақтардың өмiр салты, ол- көшпендiлiк өмiрiмен байланыстылығы. Қазақ ауылдары әдетте мекен-тұрақтары бойынша рулық тегiне орай қалыптасқан. Ұлы Жүз оңтүстікті, Орта Жүз орталықты, Кіші Жүз батыста иемденген. Қалаларда саудасы мен қолөнерi, мал шаруашылығы мен егiстiктер қатар дамып отырған. Қалаларда үлкен кітапханалар орналасып сауатты адамдар арабша төте жазу білген. Көшпелi өмiр салт төрт түлiктiң ұдайы жайылымын өзгертiп отыруды қажет етедi.Әрбiр ауыл белгiлi бiр мөлшерде шаңырақ құрап, оладың қоныс-өрiсi, су көздерi мен шабындықтары болған. Олар киiз үйде немесе жаппада тұрып ошақтағы отты өшiрмеуге тырысқан. Қыстаулар арасы әдетте бiр-бiрiнен ондаған шақырым қашықтықта болып отырған. Жазғы жайылым кейде қыстаудан 500 шақырымға дейiн қашықтаққа созылған. Көш жолдарының ұзақтығына қарамастан жазғы көшi қон ең көңiлдi, ең қызықты кезең болған. (Қазақстан, энц.)Қазақ үшiн ең киелi мал-жылқы. Жылқы шаруашылығы оларда ерекше дамыған, жылқы түлiгiн түсiне қарап елуден астам атаумен айыра бiлген. Жылқы түлiгiн қазақ сұлулықтың, тектiлiктiң, нысаналықтың, киелiлiктiң рәсi деп бiледi. Қой түлiгi қазақ үшiн бейбiт тiрлiктiң рәсi. Қонаққа қой сойып, мүше таратудың терең мәнi бар. Түйе түлiгiн де қазақтар қасиет тұтады, береке-бiрлiктiң айғағы деп бiледi. Сиыр түлiгiн көбейтуге көшпелiлер онша құлықты болмаған. Көш-қонға қолайсыз, қыста тебiндей алмайды, етi де маңызсыз болғандықтан сиыр басын көбейтпеген.
Қазақ жанұясындағы ең бiр маңызды уақиға-дүниеге перзенттiң келуi. Егер ол перзент ұл болса, қуаныш еселене түседi. Ұл баланың баласа немере болып, қыз баланың баласын жиен деп атайды.
Нәрестенiң дүниеге келуi, алғаш ауыздануы, алғаш шомылдырылуы, алғаш бесiкке бөлену, алғаш қадам басуы, алғаш атқа мiнуi дәстүрлi атап өтетеiледi. Мұндайда алуан түрлi жөн-жоралғылар жасалып, сый-сияпат үлестiрiлiп, ойын-той болып, ат бәйгесi ұйымдастырылған. Халық дәстүрiндегi маңызды оқиға-үйлену тойы. Әке баласын үйлендiру үшiн болашақ құдасына арнаый сөз алып, құдалық сөйлеседi. Екi жақтың ет жақындары қажеттi алыс-берiстi келiседi. Бармақтарын қанға малыпуәде бекiтiп, құдалықтың белгiсi ретiнде құйрықбауыр жесiп төс түйiстiредi. Жiгiт жағының беретiнi "қалың мал " деп аталса, қыз жақтың шығыны "жасау" деп аталады. Ұзатылған қыз сыңсу айтып, өскен шаңырағымен қоштасса, күйеу баланың керуенi ауылға жақындағанда сүйiншiлер жiбередi. Қалыңдықтың алдынан шымылдық құрып, бiтен ешкiмге көрсетпей ауылға алып келедi. Тойда беташар айтылып, келiн оң аяғымен босағаны аттайды. Келiннiң енесi ең жақсы тiлектерiн айтып, отқа май құйяды. Бұл-От-анадан шапағат тiлеген ең киелi ырым. Қазақ халқының ең киелi салты үлкендi сыйлау. (Қазақстан, энц)
Ұлттық киiмдер жүн, мақта-мата, кездемеден тiгiлген. Бас киiмге түлкi, сусар сияқты аң терiлерi пайдаланылған. Қыз балалар қос етек көйлек, қамзол, бешпет, үкi тағылған бас киiм кисе, тұрмыс құрған әйелдер сәукеле, сосын кимешек киген. Ер адамдар бешпет, шапан, қамзол және саптама етiк киген.
Қазақтың тоу думанда ұлттық ойындар көп мән берген. Олар Көкпар, бәйге, қыз қуу және ақсүйек ойналған. Өнер жарыстыруда Айтыстың ролi зор. (Қазақстан, энц) Қазақстанның тарихи көрнекi жерлерiнiң денi Жiбек жолының Қазақстандық бөлiгiнiң негiзгi трассасындағы объектiлер. Оңтүстiк қазақстан (Алматы, Жамбыл, Оңтүстiк Қазақстан облыстары) – ортағасырлық сәулет өнерiнiң әйгiлi ескерткiштерi (Тараз қаласындағы Айша-бибi, Қарахан, Бабаджа-Хатун мазары, Түркiстандағы Қожа Ахмет Яссауи кешенi), Жетiсуда (Алматы облысы) айрықша скиф қорғандары бар ежелгi тарих және мәдениет аймағы. Аймақта Байқоңыр ғарыш айлағы орналасқан.
Алматы – елiмiздiң аса iрi орталығы, 1997 жылғы 10 желтоқсанда астана мәртебесiнiң өзгеруiне қарамастан, Қазақстандағы басты қалалардың бiрi болып қалуда. Бұл қала мемлекет iшiндегi мемлекет болып табылады. Бұл – Қазақстанның мәдени, ғылыми, қаржы, сауда, көлiк және туристiк орталығы.Тянь-Шань жоталарының баурайында орналасқан әсем қаланың “бақ-қала” деп аталуы кездейсоқтық емес. Көктемде алма, өрiк, шие ағаштары гүлдеген кезде қала ертегiге ұқсас болып кетедi. Асқар тау бөктерiндегi жасыл желекке оранған Алматы басқа қалалардан ерекшелене түседi. Бақтар, тоғайлар, парктер, гүлзарлар қала аумағының 8 мың гектардан астамын алып жатыр.Алматы атауы “алма” сөзiнен шыққан. Алматының әйгiлi апорты әсем Iле Сырты Алатауы сияқты қаланың символы болып табылады.Қаланың өте бай тарихы бар. Кейбiр деректерде ертеректе осы жерлерде, атақты Жiбек жолында Алматы сауда мекенi болғаны келтiрiледi. Оны ХIII ғасырда Шыңғысхан ордасы талқандады. Ал 1854 жылы ежелгi қала маңында Верный қаласы пайда болды. Кеңес өкiметi жылдары бұл бекiнiс Алматы деп аталды, 1929 жылдан 1997 жыл аралығында Қазақстанның астанасы болды.Бүгiнгi таңда Алматы аса iрi мәдени, ғылыми, оқу-ағарту орталығы болып табылады. Кәсiпкерлiк салада ынтымақтастық орнату, туристердiң керемет демалуы және көңiл көтеруi үшiн мүмкiндiктер жетерлiк.Атақты жазушы Юрий Домбровский осыдан отыз жыл бұрын Алматыны Зенков ғимараттарынсыз елестету мүмкiн емес деп жазды. Оның бiрегей сәулет ғимараттарының бiрi – әулие Вознесенскийдiң Кафедральдық соборы, ол 28 панфиловшылар паркiнде орналасқан. Бұл сәулет ескерткiшi – дүние жүзiндегi ежелгi бiрегей 8 ғимараттың бiрi. Ол 1904-1907 жылдары архитектор А.П.Зенковтың жобасы бойынша салынды. Оның қабырғаларын суретшi Хлудов салған суреттер безендiредi. Собордың биiктiгi 50 метр. Ең қызығы, собор 1910 жылғы жер сiлкiнiсiнен аман қалды. 1997 жылдан бастап соборда шiркеу қызметi қайта жүргiзiле бастады. (Алматы, энц.)Қазақстанның ежелгi қалаларының бiрi -Тараз қаласы. Тараз (Талас) қаласы – iрi сауда орталығы болған. Ежелгi кезде оны саудагерлер қаласы деп атаған. Бұлақтарға ұқсас тар көшелер орталыққа – базарға келiп тiрелетiн.
Тараздағы базар – барлық тiршiлiк тоғысқан жер. Мешiтi, балшықтан салынған үйлерi, шеберханалары бар бұл қала базарға байланысты және базар маңында пайда болды. Базардан барлық нәрсе сатылады және керек затыңды сатып алуға болады. Тараздың iскерлiк байланысы ауқымды болғаны соншама, мұнда көптеген елдер өз көштерiн жiберетiн. Базар әлемi таңғажайыпға толы. Ежелгi кезде “Тараз базары – әлемнiң айнасы” деп бекер айтпаған.Тараз базарымен ғана әйгiлi болған жоқ. Тараз – алтын, күмiс және мыс тиындарын шығарған қала. Бұл қала халықаралық сауда бекетi ғана емес, сонымен қатар көптеген ғасырлар бойы аса маңызды түстi металлургия орталығы болып табылады. Таразға жақын жерде күнi-түнi тау-кен кәсiпорындары жұмыс iстеп тұратын. Бас бостандығынан айрылған 10 мың адам кен өндiрiп, одан күмiс балқытатын.Тараздың қолөнершiлерi металды ыстықтай өңдеу – балқыту, құю және әшекейлеу әдiстерiн бiлдi. Металлургтер металдарды балқыту мен қорытпаларды алуда үлкен жетiстiктерге қол жеткiздi. Тараз шеберлерiнiң мыстан жасалған бұйымдары – әсемдiк заттар салатын қобдишалар, шамдар, қару-жарақты, киiмдi безендiретiн заттар, ер-тоқым әбзелдерi және тағы басқа заттар дүние жүзiне таралды. Бұл бұйымдар көркемдiк өрнектелуiмен және құю әдiсiмен ерекшеленетiн. Ең бастысы, шеберлер дәстүрi ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып отырды. құю өнерiнiң мысалы ретiнде Түркiстандағы Қожа Ахмет Яссауи мавзолейiндегi қазанды атауға болады. Оның өлшемi бойынша теңдесi жоқ. Оның диаметрi – 2,2 м, салмағы – 2 тонна.Тараз қаласы зергерлiк өнерде үлкен жетiстiктерге қол жеткiздi. Тараз зергерлерi сәндiк бұйымдарды жасаудағы шеберлiгi өте жоғары болды. Олар шағын тигльде металды балқытып, оған форма бердi. Асыл тастарды қашау зергерлiк бұйымдар жасалатын орындарда жүргiзiлдi. Тараз зергерлерi көптеген асыл тастармен жұмыс iстедi, бiрақ та ең сүйiктi тасы – бирюза болды.Зергерлер күмiстi қарайтуға ерекшеден қойды, оның құпиясы ұрпақтан ұрпаққа берiлiп отырды.Қарахан және Дауытбек мавзолейi, ел басқарушылар сарайлары, ежелгi мазарлар өткен ғасырға саяхат жасауға мүмкiндiк бередi. қазiргi Таразқасының айналасында ЮНЕСКО дүниежүзiлiк ескерткiштер тiзiмiне қосқан, ежелгi сәулет өнерiнiң ескерткiштерi - Бабаджи-Хатун және Айша-бибi мавзолейi және Ақыр-тас кешенi сақталған.Айша-Бибi мавзолейi– бұл махаббат пен қасiрет ескерткiшi. Аңыз бойынша ақын қызы Айша-Бибi шайқас алаңынан жеңiспен келе жатқан сүйiктiсiн күтедi. Әскерлер жақындап қалғаны туралы хабар алысымен, сәйгүлiктi ерттеп алып, жеңiмпаздарды қарсы алуға шығады. Тағатсыздана күткенi соншалық, сүйiктiсiнiң қолында қыз жүрегi жарылып кетедi. Тағы бір аңызда су жағасында жылан шағып өлтіреді. Сүйіктісін қатты сағынған ару өмірден қош айтысар шағында некесін құюды сұрайды. Жiгiттiң қайғысы шексiз болады.Сонда белгiсiз сәулетшi келер ұрпаққа шексiз махаббат туралы айтуды көздедi. Содан берi сегiз ғасыр өттi. Айша-Бибi мавзолейi – ою-өрнектердiң 60 астам түрi қолданылған Қазақстандағы бiрден-бiр ескерткiш.Ақыр-тас кешенi – Ұлы Жiбек жолында салынған ең құпиялы ғимараттардың бiрi. Оның қалдықтары қазiргi кезге дейiн Жамбыл қаласынан 40 шақырым шығысқа қарай Ақшолақ станциясы маңында сақталған. Ақыртас қалдықтарын зерттеген көптеген ғалымдар осындай үлкен ғимараттың нелiктен салынғанын түсiнуге тырысты. Ол сыртқы контурының периметрi 185 және 205 метр тiкбұрыш болып табылады. Сыртқы қабырғаларының қалыңдығы бес метрге дейiн жетедi, олар ұзындығы бiр жарым метрлiк, енi сексен және биiктiгi тоқсан саниметрлiк қара-қызыл құмдықтан жасалған блоктардан жасалған.
Достарыңызбен бөлісу: |