Қоңыр төбе некрополі. -Қазба жұмысы жүргізілген қорған - диаметрі 32 м, биіктігі 60 см. шамасындағы жұмыр төбе. Қорғаннан керамиканың бірнеше сынықтары және жануарлар сүйектері, бүйірлеп жатқан құмыра табылды. 1 м тереңдіктен жерлеу орыны анықталды. Марқұм шалқасынан, екі қолы денесін бойлай соза салынған. Басы солтүстік-шығысқа қаратылған. Бас жағына ыдыс қойылған. Табылған заттарға қарағанда сүйек әйел кісінікі. Сол қолының білезігіне 9 қара дақтары бар ақ моншақтар тағылған. Мойын аумағында сондай ақ түсті цилиндр моншақтар бар. Екі қазба жұмыстарына да ғылыми құжаттама жасалды.
Достарыңызбен бөлісу: |