3 і-бөлім. Тарихи –мәдени мұраларды қорғау және пайдалану



жүктеу 191 Kb.
бет6/14
Дата10.04.2022
өлшемі191 Kb.
#38075
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Диплом Тарихи-мәдени мұраларды қорғау

Көк-Мардан қалашығы.-Бұрын қазылған «зиярат орнында» (төбенің солтүстік-шығыс жағы) археологиялық зерттеу жүргізілді. Тазарту барысында құрылыстың құрылымдық элементтерінің – алтарь (орталық) бөлігіне, қабырғаны бойлай жүргізілген суфаға (периметрлік бөлігі), құрылыс қабырғасына сараптама жасалды. Тұрғынжайдың солтүстік-шығыс бөлігіне ерте құрылымдарды хронологиялық жағынан анықтау мақсатында шурф салынған. Төбенің орталық бөлігі жан-жағынан суретке түсірілді (3000-нан астам бөлігі түсірілді). Қаланың шығыс қабырғасын суретке түсіру аяқталды. Материалдар өңделіп, 3D сандық түсіруші арқылы әрі қарай интеграциялауға дайындалған аэрофототүсірілім жасалды. Қалашықта храмның кіретін жеріне шурф салынған. Қазба барысында топырақты үңгу арқылы храмның едені аршылды. Еденнің астынан негізінен, бүйірлері, ішінара түбі сақталған керамика қалдықтары табылды.Храм еденінің деңгейінен 1 м. төмен тереңдікте үш тұрғынжайдың қабырғалары табылды. Бұл жерден керамика мен қазан тағандығының қалдықтары да табылды. Әрі қарай тереңдеу барысында еденнің астынан 20 см тереңдіктен дөңгелек формадағы ошақ-сандал табылды. Ошақ монолитті түрде қоңыр түсті саз балшықтан жасалған.
Қаланың аэрофототүсірілімі жасалып, алынған мәліметтер нәтижесінде жалпы көрінісіне алдын-ала сараптама және болашақ стратиграфиялық қазбаның орнын түзу жұмыстары жасалды.Весидж қалашығы-Қалашықты аэрофотоға түсіру нәтижесінде оның стратиграфикалық қазба орындары анықталып, сонымен қатар, топографиялық үшөлшемді сандық түсіру жұмыстары жасалды. Қаланың алдыңғы жылдардағы шурфтарының орындары тазаланды. Төменгі қабатының астынан шикі кірпіштен тұратын тығыз үйінді және 50 см. тереңдіктен квадрат пішіндес күйдірілген кірпіштен салынған еден табылды. Материалдарға қарағанда, бұл жерде монументалдық құрылыс болғанға ұқсайды. Қаланың оңтүстігінен шикі кірпіш қаламасы табылды. Бұл қалама моланың ішкі қабірі болса керек деген болжам бар. Өйткені, оның қасынан мұсылман салтымен жерленген тағы да бір қабір орны осыны айғақтайды. XIII-XIV ғғ. цитадель некрополь ретінде қолданылған. Талтақай- қорымында екі жерлеу орны табылды. Оның біреуі баланың қабірі. Сүйек шалқасынан жатқызылған, басы оңтүстік-батысқа қаратылған. Сүйектің бойы 45 см. Аяқ жағына құлағы және тұмсығы құйылып жасалған құмыра қойылған. Басының сол жағында – тұтқасы бар шағын саптаяқ бар. Төсінің тұсында ромб тәрізді формадағы, крест өрнегі салынған жіпке өткізілген қола бұйым бар. 2-қорым – тоналған, қалдықтары шашылған. Солтүстік жағынан бас сүйек пен жақ сүйегі табылды, марқұмның денесі басы солтүстікке қарата жерленген. Марқұмның жанынан темір пышақ қалдығы мен бірі ақ шыны пастадан, екіншісі қара тастан жасалған екі моншақ табылды.

жүктеу 191 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау