Қолданылған әдебиеттер тізімі ................................................................................38
Кіріспе
Қазіргі таңда археологиялық ескерткіштер мен ландшафттармен ұлттық фольклордың, салт-ғұрыптардың, материалдық ескерткіштер мен қолданбалы халық өнерінің бүгінгі жағдайын жан-жақты зерттеуге бағытталған кешенді этнографиялық экспедициялар өткізу қажеттігін ескеруіміз керек.Туристік-рекриациялық орталық ретінде дамуына мүмкіндік беретін өзіне ғана тән табиғат сұлулығы да, аңызға толы тарихи орындары мен көшпелілер өркениетінің қайталанбас материалдық және рухани ескерткіштері де баршылық. Мәдени құндылықтарымыздың мүмкіндіктерін толық пайдалану үшін тарихи, сәулет ескерткіштері, қызықты табиғи орындар негізінде жаңа тарихи-этнографиялық, табиғи-ландшафттық қорықтар ашылуы керек. Облыс көлеміндегі тарихи-мәдени құндылықтарды сақтау, зерттеу, күтіп-ұстау, насихаттау бойынша негізгі орталықтарға айналуы қажетті жаңа тарихи-этнографиялық, табиғи-ландшафттық қорықтарды ашу бойынша ұсыныстар мен негіздемелерін жасақтауды мәдени құндылықтарды сақтаудыңаясында “Мәдени мұра” мемлекеттік бағдарламасы аясында 2004-2007 жылдары көптеген игілікті істер атқарылғанын баршамыз білеміз. Айталық, бағдарламаны іске асыру барысында еліміздегі 35 тарихи-мәдени ескерткіштер қайта жаңғыртылса, Қазақстан аумағындағы 30 қалашықта, обалар мен қорғандарда археологиялық зерттеу жұмыстары жүргізілді. Қытайға, Түркияға, Моңғолияға, Ресейге, Жапонияға, Батыс Еуропа елдеріне ғылыми-зерттеу экспедициялары ұйымдастырылып, бұрын-соңды белгісіз болып келген бес мыңға жуық қолжазбалар мен баспалық басылымдар табылып, сатылып алынды.Бұрын беймәлім болып келген қыпшақ қолжазбалары қолға түсті. Сондай-ақ, мұрағаттық құжаттарды сақтандыру мақсатында көшіру және қайта жаңғырту, музыкалық қолжазбаларды қалпына келтіру және осы заманғы аудиоқұралдарға көшіру үшін арнайы жұмыстар атқарылды. Бағдарлама аясында 218-ге жуық кітаптың түрлері шығарылып, олар еліміздің әдебиет, тарих, археология, этнография салаларына үлес боп қосылды. Әрине, біткен істің бәрін осы жерде санамалап отыруға келмес. Өйткені, “Мәдени мұра” мемлекеттік бағдарламасы 2007 жылдың ақпан айында қорытындыланып, сол жиында Елбасы Н.Назарбаев жүзеге асырылған істердің бәрін бүге-шігесіне дейін халыққа жария еткен болатын. Сол қорытынды жиында Елбасы бағдарламаның идеологиялық және саяси мәніне тоқталып, оны қайта жалғастыруға тапсырма бергені есімізде. Таяуда елордадағы ұлттық академиялық кітапханада сол Қоғамдық кеңестің “Мәдени мұра” салалық бағдарламасы аясында атқарылуы тиіс жобаларды талқылаған алғашқы отырысы өтті. Бұл жердегі бір ерекшелік – “Мәдени мұра” бұрын мемлекеттік бағдарлама болса, осы жолы “салалық” деп өзгертіліп отыр. Оның алдында, яғни 2004-2007 жж. бағдарламаны жүзеге асыратын Қоғамдық кеңестің төрағалық міндетін әр жылдары Иманғали Тасмағамбетов, Мұхтар Құл-Мұхаммед сияқты азаматтар атқарса, осы жолы ол міндет Елбасының тікелей тапсырмасымен Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Мәулен Әшімбаевқа жүктеліпті.Жиында алғашқы сөз кезегін алған Мәулен Әшімбаев Мәдениет және ақпарат министрлігінің еліміздегі зерттеу институттарымен, секция жетекшілерімен ақылдаса отырып, 2007-2009 жылдарға арналған “Мәдени мұра” салалық бағдарламасы, сол бағдарламаны жүзеге асыру үшін іс-шаралар жобасы жасалғанын тілге тиек етті. “Министрлік Қоғамдық кеңеске бірнеше бағытта ұсыныстар жасап отыр. Соның негізінде жобаға Қазақстанның тарихи қалалары мен этномәдени орталықтарын жаңғырту, сол арқылы халықаралық туризм жүйесіне кіру мақсатында жаңа мұражайлар мен тарихи-мәдени мұражайлар ашу мәселелерін кіргізді. Қазақстанның тарихына қатысты құжаттарды, деректерді сатып алу не көшірме жасату да соңғы екі-үш жылда талқыланып жүрген мәселелердің бірі. Осы уақытқа дейін шығарылған көптомдықтарды ары қарай шығару мәселесі де осы жобада күн тәртібінде. Үлкен жұмысты бастар алдында әбден ақылдасып алайық” – деді ол Қоғамдық кеңес мүшелеріне. Ол сондай-ақ, жиналғандарды Қоғамдық кеңестің жаңа мүшелерімен таныстырды. Атап айтқанда, Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев, академиктер Ғарифолла Есім мен Аманжол Қошанов, ғылым докторы Камал Бұрханов, археолог Зейнолла Самашев, “Қазқайтажаңғырту” мемлекеттік мекемесінің директоры Қанат Тұяқбаев Қоғамдық кеңес мүшелерінің қатарын толықтырыпты.Мәдениет және ақпарат министрлігінің жобасында салалық бағдарламаны жүзеге асыру арқылы ұлттық мәдениетте айрықша орын алатын мәдени мұраны сақтау, одан әрі дамыту бойынша кешенді шаралар қарастырылған. Тарихи қалалар мен ежелгі діни сәулет кешендері базасындағы туризм инфрақұрылымын дамытуға жағдай жасау – оларды халықаралық туризм жүйесіне енгізу болып табылады. Бірінші кезекте өз еліміздегі тарих және мәдениет ескерткіштерін, Қазақстан тарихына қатысты алыс және жақын шетелдердегі ескерткіштерді зерделеу мен қалпына келтіру жұмыстары тұр. Бұл бағыт бойынша Дамаск қаласында Әл-Фараби кесенесі мен этномәдени орталығын салу, сол қаладағы сұлтан Бейбарыстың кесенесі мен Каирдегі сұлтан Бейбарыс мешітін қайта жаңғырту, Дамаск қаласында екі тұлғаға да монументті ескерткіштер орнату өзекті болмақ. Сонымен қатар, Монғолия аумағынан табылған көне түркі руникалық жазбаларының көшірмесін дайындау мен Өзбекстан аумағында Әйтеке би кесенесін зерттеу және қайта жаңғырту көзделіп отыр. Салалық бағдарламаның екінші кезеңінде археологиялық зерттеулер, оның ішінде орта ғасырлық қазақ елінің саяси, экономикалық және мәдени өмірінде маңызды болған тарихи қала орталықтарына археологиялық, этнографиялық зерттеулер жүргізу жоспарланған. Іс-шараның жоспарына Берел, Шілікті обалары мен Қызылұйық зиярат орнына, қазақ даласындағы ежелгі және орта ғасырдағы сақтардың, қарлұқтардың, оғыздардың астаналары және Ақ орда мен Қазақ хандығының астаналарына терең археологиялық зерттеу жүргізу кіргізілген. Айтылған барлық іс-шаралар жоспарында еліміздегі тарих және мәдениет ескерткіштерін насихаттау және пайдалану, оларды туризм инфрақұрылымы жүйесіне енгізу, кешендерді қайта жаңғырту, абаттандыру, мұражайландыру мәселелері басшылыққа алынған. Отырыс барысында салалық бағдарламаның жобасы туралы арнайы баяндама жасаған Мәдениет және ақпарат вице-министрі Асқар Бөрібаев негізгі бағыттарды төмендегіше түйіндеді: “Қазақстан Республикасының тарих және мәдениет ескерткіштерінің негізінде бәсекеге қабілетті және рентабельді туризм құру мүмкіндіктері бар.
Достарыңызбен бөлісу: |