3 і-бөлім. Тарихи –мәдени мұраларды қорғау және пайдалану


Мәдени мұра саласы мәселелерінің қазіргі кезеңдегі жағдайларының талдамы



жүктеу 191 Kb.
бет10/14
Дата10.04.2022
өлшемі191 Kb.
#38075
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Диплом Тарихи-мәдени мұраларды қорғау

2.2.Мәдени мұра саласы мәселелерінің қазіргі кезеңдегі жағдайларының талдамы.

Алматы қаласы мәдени мұрасының қазіргі ахуалы көп ғасырлық мәдени мұраларды сақтауды зерттеу және насихаттау бойынша кешенді шаралармен мүмкіндігінше қамтамасыз етумен, жаңа монументтерді ашумен және тарих және мәдени ескерткіштерін қалпына келтіру жұмыстарын жандандырумен сипатталады.Тарихи-мұрағаттық ізденістер мен түбегейлі зерттеулер нәтижесінде Алматы қаласының тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізімі жаңартылуда. Қазіргі уақытта 179 тарих және мәдениет ескерткіштері бар. Оның 30-ы республикалық маңыздағы ескерткіштер, 99-ы тарих және сәулет, 52-і монументалдық, 28-і археологиялық ескерткіштер санатына жатады. Қаланың әртүрлі аудандарындағы археологиялық зерттеулер нәтижесі бойынша мыс дәуіріндегі көне қоныстар мен қорған молалар анықталды. Олардың кейбіреуіне апаттық археологиялық қазбалар жүргізілуде. («Ұлжан» ықшамауданындағы сақ қорғаны, Таулы қырат кентіндегі тұрақ). Келесі жылы 2 үлкен жобаны жүзеге асыру межеленіп отыр, атап айтқанда: Қазақстан аумағындағы сақ ақсүйектер қорғандарының аса таңғажайып кешені болып табылатын «Боралдай сақ қорғандары» археологиялық бағы және «Верный қамалы» ашық аспан астындағы мұражайын ашу. Үстіміздегі жылы барлық монументалдық ескерткіштерге жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары аяқталады. Бұған қоса М.Әуезовтің, Қ.Сәтбаевтың М.Төлебаевтің, К.Бәйсейітованың зираттарындағы ескерткіштерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Соңғы 3 жылда қалада Ғ.Мүсіреповке, М.Мақатаевқа, М.Төлебаевқа, М.Гандиге, Ә.Қастеевке монументтер, «Ауғанстан мен өзге елдер аумақтарындағы соғыс қимылдарында қаза тапқан Қазақстандық жауынгерлерге», «Тәуелсіздік таңы» ескерткіштері орнатылды. Орталық Азия халықтарының тарихи-мәдени мұраларын зерттеуге, олардың Ұлы Жібек жолындағы мәдени ықпалдастығын, оның ішінде Алматының мәдени мұрасын қорғау мен насихаттауға байланысты қоғамдық–мәдени шаралар және ғылыми-тәжірибелік конференциялар тұрақты өткізіледі. Алматы қаласының мәдениеті бойынша Қоғамдық комиссия туралы ереженің жобасы мен оның құрамы әзірленді, Ескерткіштерді қорғау жөніндегі инспекция жұмысын жандандыру бойынша материалдар даярланды. «Алматы мен Жетісудың көне асыл қазыналары» альбомы, «Алматы –мәдени астана» фотоальбомы, «Алматының тарихы» (1 том) және «Әбу- Насыр әл- Фарабидің философиялық тағылымы» кітаптары жарық көрді.Үстіміздегі жылы «Алматы қаласының энциклопедиясы» және «Алматы қаласының тарихы және мәдениеті бойынша шығыс жазба ескерткіштері» кітаптарының басылымын аяқтау жоспарлануда. Келесі жылы «Алматы мыңжылдықтар тоғысында», «Тазкира-и Буграхан» –ғылыми-көпшілік мақалалар жинағы мен «Қазақ халық сазының антологиясы» СД дискісін шығару жоспарланып отыр. Алматы қаласының мәдени инфроқұрылымын жақсарту бойынша шаралар қабылданды: Қазақ Мемлекеттік циркі, Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының ғимараты, А.Байтұрсынов мұражайы, Хайуанаттар бағы, Көктөбе тауы және өзге де мәдени нысандар қалпына келтірілді. Сонымен қата, мәдени мұраны сақтау және дамыту саласындағы қалыптасқан жағдай осы бағыттағы қызметті одан әрі дамыту мен жандандыру бойынша шұғыл кешенді шараларды қабылдауды қажет етеді. Ұлттық тарих үшін үлкен маңызы бар көптеген тарих, археологиялық, сәулет объектілері шұғыл көмекке зәру. Олардың көпшілігі қалалану, индустрияландыру және техникаландыру салдарынан болатын қирау және жойылу қаупінен қорғалмаған. Пайдаланушылар мен меншік иелері ескерткіштердің бастапқы қалпын бұрмалауға жол беруде, ал археологиялық және сәулет ескерткіштері жер және құрылыс жұмыстарын жүргізу барысында жойылуда. Заңмен бақылау-қадағалау міндеттерін жүзеге асыратын және анықталған бұзушылық деректерін ауыздықтайтын ескерткіштерді қорғау жөніндегі қалалық инспекция жұмысын жандандыру қажет. Бюджетте сәулет ескерткіштерін қалпына келтіруге іс жүзінде қаражат қарастырылмаған. Мысалы, соңғы 5 жылда тек 3 объектіге ғана қалпына келтіру жұмысы жүргізілді: ішінара бұрынғы Офицерлер үйіне (қазіргі Ықылас атындағы халық сазы мұражайы), бұрынғы Верный 3 сыныптық училищесі ғимаратына (қазіргі ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі ғимараты), және Кафедралық собор ғимаратына, Осы ескерткіштерді қалпына келтіру, Кафедралық соборды қоспағанда, республикалық бюджет қаражатынан жүргізілді. Тарихи-мәдени мұраларды қорғау мен пайдалану саласында заңнамалық және нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру қажеттігі болып тұр. Олардың көпшілігі кеңестік дәуірде бекітілген, сондықтан бүгінгі күннің талабына сай келмейді.Әзірленген «Тарихи және мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңы маңызды рөл атқаруға тиіс. Осы бағдарлама шеңберінде жоғарыда көтерілген мәселелерді кешенді шешу - Қазақстан халқының мәдени мұрасын зерттеу , сақтау және насихаттау жүйесін одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.

ІІ- Бөлім.Отанымыздың мәдени ланшафтардағы аймақтары




жүктеу 191 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау