Лашын Нуртасовна Киекбаеваның
6D074800 – «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығы бойынша
философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін «Echinops L. туысы
түрлерінің өсімдік шикізатынан алынған экстракттың технологиясын
жасау және стандарттау» тақырыбында дайындалған диссертациясына
АННОТАЦИЯ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі
Қазақстан өсімдіктер әлеміне өте бай. Қазақстанның бай флорасы
дәрілік өсімдіктерді іздестіруге бағытталған ізденістерді ынталандырады,
өсімдіктің құрамындағы шипалық белсенді заттарды анықтау, оларды бөліп
алып, физика - химиялық қасиеттерін зерттеу, сапалық және сандық
көрсеткіштерін анықтау, сондай-ақ әдістерін жасап шығару - фармацевтика
ғылымын дамыту жолының басты бағыттардың бірі болып табылады.
Өсімдік ресурстарын рациональды қолдану және сақтау мемлекетаралық
деңгейдегі басты мәселелерге жатады. Өсімдік шикізаттарын дәрілік
препараттарды алуға қолданғанда пайдалы түрлерін интродукциялау тұрақты
шикізат базасын қалыптастырудың маңызды сатысы болып саналады.
Қазақстандағы дәрілік өсімдіктердің бай қоры - қазіргі замандағы тиімді
және қауіпсіз фитопрепараттарды жасап шығару қажеттілігін анықтайды
және Отандық фармацевтік өндірісті дамытудың бірден бір жолы ретінде
саналады. Сондықтан Республикамыздағы денсаулық сақтаудың ең маңызды
міндеттерінің бірі - Ұлттық дәрі-дәрмек саясатын іске асыру, халықты жаңа,
эффективті, зиянсыз, бағасы қолжетімді дәрілік препараттармен қамтамасыз
ету, импортқа тәуелділікті төмендету және денсаулық сақтау жүйесінің
қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету, жаңа дәрілік заттарды іздеу,
отандық фитосубстанцияның түпнұсқасын фармацевтикалық өңдеу және
олардың негізінде дәрілік препараттарды қолданысқа енгізу аса маңызды
болып табылады. Осы мақсатта өсімдік тектес дәрілік құралдарды басты
назарға алу Қазақстан ғылымы аясында тиімді, әрі қолжетімді, ғылыми-
техникалық потенциалдық маңыздылыққа ие.
Дәрілік құралдарды алудағы өсімдік шикізаттарының алатын орны
әсіресе
синтетикалық құралдармен емдегендегі токсикоаллергиялық аурулардың
көбеюіне байланысты ерекше. Өсімдік шикізаттары негізіндегі дәрілік
қалыптар терапевтикалық және реттеуші әсер көрсетеді, ағзадағы зат алмасу
үрдісіне әсер етеді, қорғаныс және лейкоциттердің фагоцитарлық қабілетін
арттырады және синтетикалық дәрілік қалыпқа қарағанда ағза табиғатына
жақын келеді.
Соңғы жылдарда әлемдік нарықта жоғары сұранысқа ие болып келе
жатқан құрамында алкалоидтары мен флавоноидтары бар дәрілік өсімдіктер
бағалы шикізаттар көзі болып табылады. Құрамы биологиялық белсенді
заттарға бай перспективті дәрілік өсімдік ретінде Echinops L. туыстас
өсімдіктерінің түрлері практикалық қызығушылық туғызады. Осы топтағы
өсімдіктердің Қазақстанда өсетін түрлері жүйелі түрде зерттелмеген,
сондықтан Echinops L. туыстас өсімдік ішіндегі эндем түрлері Қазақстандық
ақсабақ лақсамен (Echinops albicaulis Kar. et Kir) Іле Алатауы лақсасының
(Echinops transiliensis Golosk) химиялық құрамын зерттеп, потенциальды ББЗ
бөліп алудың оңтайлы әдістерін ашу және алынған заттар негізінде сапалы
экстракттың технологиялық аспектілерін зерттеу және оларды стандарттау
өзекті мәселе болып саналады.
Ғылыми зерттеудің мақсаты: Echinops.L туысы түрлерінің өсімдік
шикізатынан негізгі биологиялық белсенді заттардың көзін іздестіріп,
алынған экстракттың фармацевтикалық технологиясын жасау және
стандарттау.
Зерттеу міндеттері:
- Echinops L. туысы (Echinops albicaulis Kar. et Kir) ақсабақ лақса өсімдік
шикізатының фармакогностикалық ерекшеліктерін анықтау;
- Echinops L. туысы (Echinops transiliensis Golosk.) – Іле Алатауы
лақсасы өсімдік шикізатының фармакогностикалық ерекшеліктерін анықтау;
- Echinops L. туысы түрлерінің өсімдік шикізаттарын фармако –
технологиялық және фитохимиялық зерттеу;
- Echinops L. туысы түрлерінен тиімді экстракт алу технологиясын
жасау және стандарттау;
- Echinops
albicaulis
экстрактын
фракциялау
және
белсенді
қосылыстарды бөліп алу және идентификациялау;
- Физико
-
химиялық
әдістермен
негізгі
бөлініп
алынған
қосылыстарының тазалығын дәлелдеу және сандық талдау жүргізу;
- Алынған
экстракттың
және
қосылыстардың
биологиялық
белсенділігін және қауіпсіздігін анықтау;
Зерттеу обьектілері: Астра тұқымдасына жататын, Қазақстандық Лақса
(Echinops L.) туысының эндемикалық түрлері: Ақсабақ лақса (Echinops
albicaulis Kar. et Kir) және Іле Алатауы лақсасы (Echinops transiliensis Golosk.)
Зерттеу әдістері: стандартталған физикалық, физика - химиялық,
фармакогностикалық, фармако - технологиялық, фармакологиялық,
биологиялық, статистикалық фармакопеялық және фармакопеялық емес
әдістер.
Ғылыми жаңалығы:
Алғаш рет:
- Echinops L. туысы ақсабақ лақса (Echinops albicaulis Kar. et Kir) мен
Іле Алатауы
лақсасы
(Echinops
transiliensis
Golosk.)
шөптеріне
фармакогностикалық
анализ
жүргізіліп,
стандартталды
және
макроскопиялық, микроскопиялық ерекшеліктері салыстырталы түрде
анықталды;
- Қазақсатанда өсетін Echinops L. туысы түрлерінің өсімдік шикізатына
фармако - технологиялық және фитохимиялық салыстырмалы зерттелді;
- Echinops L. туысы түрлерінен тиімді экстракт алу технологиясы
жасалды және стандартталды; Нәтижеінде антиоксидантық белсенділігі бар
Echinops albicaulis Kar. et Kir. 18.11.2016 жылғы Ақсабақ лақса өсімдігінен
құрғақ экстракт алу тәсілі тақырыбында № 2582 пайдалы модельге патент
алынды.
- Echinops albicaulis эктракттынан химиялық табиғаты әртүрлі 11 таза
зат; екі алкалоид (эхинорин, эхинопсин) төрт флавоноид (апигенин, рутин,
кверцетин, 7 – О метокси апигенин), екі үштерпердер (лупеол, 3 - О - лупеол
ацетат) бір стероидты гликозид (бета ситестирол гликозид), және екі тиофен
(2,6,10 – триметилдодека - 2,6,10-триен, 5- (3-бутен-1 -нил) -2,20-битиофен)
бөлініп алынды, қосылыстардың химиялық құрылысы заманауи әдістермен
анықталып, арасынан протозоидқа қарсы белсенділігі бар қосылыс іріктеліп
алынды және идентификацияланды;
- Экстракттың және субстанцияның биологиялық белсенділігі мен
қауіпсіздігі анықталды.
- Экстракттың және субстанцияның фармацевтикалық технологиясы
жасалынды және стандартталды.
Диссертациялық жұмысты қорғауда ұсынылатын мәселелер:
- Echinops L туыстас өсімдіктердің перспективті эндемикалық түрін
фармакогностикалық зерттеу ерекшеліктері;
- Қазақстандық ақсабақ лақса (Echinops albicaulis Kar. et Kir) өсімдік
шикізатын стандарттау нәтижелері;
- Echinops L туыстас өсімдіктердің дәрілік өсімдік шикізатының
химиялық талдау нәтижелері;
- Экстракттағы негізгі қосылыстарды бөліп алу және идентификациялау
нәтижелері.
- Алынған экстракттың стандартизациясы және тұрақтылыққа сынау
нәтижелері.
Ғылыми жұмыстың тәжірибелік маңызы. Қазақстанда өсетін
Echinops L. туыстары өсімдіктерінің түрлерінен ББЗ бөліп алу технологиясын
таңдау, ББЗ негізгі топтарының сандық анықтаулары, бөлініп алынған
қосылыстардың химиялық құрылысын заманауи әдістермен анықтау,
алынған қосылыстардың биологиялық белсенділігін және қауіпсіздігін
анықтау, алынған өнімді стандарттау ұсынылып отырған жұмыстың
ғылыми-техникалық деңгейін арттырады. Индивидуалды бөлініп алынған
жеке қосылыстар мен жалпы экстракт алу жолдары, олардың химиялық
құрылыстарын анықтау - осы қатардағы қосылыстарды жылдам әрі тиімді
бөліп алуға себеп бола алады. Бөлініп алынған биологиялық белсенділігі
жоғары фармацевтикалық субстанциялар болашақта отандық жаңа дәрілік
құралдардың жасалуына негіз болып, еліміздің фармацевтика өндірісінің
дамуына үлес қоса алады. Зерттеу нәтижелерінің сенімділігі мен негізділігі
орындалған жұмыстардың бүгінгі таңдағы өзекті мәселені шешуге
бағытталуы, әлемдік деңгейде алдыңғы қатарлы заманауи зерттеу
орталығында
орындалуы,
биологиялық
қосылыстардың
химиялық
құрылыстары мен қасиеттері заманауи құрылғыларды қолдана отырып
зерттелуімен расталады. Зерттеу барысында анықталған барлық биологиялық
белсенділіктер - АҚШ-тың NCNPR - Табиғи заттарды зерттеу ұлттық
ғылыми орталығында зерттеліп, арнайы реттік нөмірлерімен тіркелген.
Жұмыстың апробациясы
Диссертация тақырыбы бойынша орындалған зерттеулердің негізгі
нәтижелері: Healtf Forum of The Silk Road- International Summit Forum of
Research and Development on Traditional Chinese Medicine and Ethnic Medicine,
Meeting Guide (Урумчи қ, Қытай 2015 ж), ІХ международная научная
конфернеция «Инновационное развитие и востребованность науки в
современном Казахстане» (Алматы қ, 2015ж), Ⅲ международная научно-
практическая конференция «Охрана и устойчивое использование ресурсов
лекарственных растений» (Алматы қ, 2015ж), Ⅵ Всероссийская научная
конференция студентов и аспирантов с международным участием «Молодая
фармация- потенциал будущего» (Санкт-Петербург қ 2016 ж.), XⅠ научно-
практическая конференция молодых ученых и студентов ТГМУ им.Абдуали
ибни Сино с международным участием посвещенная 25-летию
государставенной независимости Республики Таджикистан «Медицинская
наука: достижения и перспективы» (Душанбе қ., 2016 ж.), The 16 th annual
International Conference on the Science of Botanicals (АҚШ, Миссиссиппи,
Оксфорд қ, 2016ж),
халықаралық ғылыми конфернецияларда тұжырымдалды.
Жариялылымдар
Диссертация нәтижелеріне байланысты 20 ғылыми жұмыс, оның ішінде:
- Scopus және Web of Science дерекқор қатарына кіретін шетелдік
журналында - 3 мақала
- ҚР БҒМ білім және ғылым саласында бақылау Комитеті ұсынған
журналдарда - 11 мақала;
- халықаралық және шетелдік конференциялар жинағында (АҚШ,
Қытай, Россия, Казахстан) - 6 басылым;
- пайдалы модельге патент - 1.
Ғылыми бағдарламалар жоспарына сәйкес зерттеу міндеттерінің
байланысы
Диссертациялық жұмыс «Биологические особенности и фитохимическое
исследование перспективных видов растений рода Echinops L. в условиях
Джунгаро
-
Северотяньшанской
горной
провинции,
разработка
фитопрепаратов на их основе» тақырыбында 0762/ГФ, «Ғылыми немесе
ғылыми-техникалық қызмет» 055 бағдарламасына және «Ғылыми
зерттеулерді гранттық қаржыландыру» 101 кіші бағдарламасына сәйкес
ғылыми жоба аясында жасалынды.
Диссертация құрлымы Диссертация кіріспе, әдеби шолу, тәжірибелік
нәтижелерді талқылаудан, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен
қосымшалардан тұрады. Диссертация материалы компьютерлік терімнің 150
бетінен құралған, 49 кесте, 95 суретті қамтиды, қолданылған әдебиеттер
тізімі 206 атаудан тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |