15.2. Өсімдіктердің көбею және тозандау тәсілдеріне байланысты сұрыптау тәсілдері
Қоршаған ортаға байланысты пайда болған өсімдік топтарының өз ерекшеліктері болады. Сұрыптау нәтижесінде құрғақшылық аймақтарында пайда болған өсімдіктер топтары ылғалды жерде пайда болған топтарға қарағанда өнімді аз береді, масақтары қысқа, ал дәндері ұсақ келеді. Бұл икемделгіш көрсеткіші мен өсімдік өнімінің кері байланыста болатындығымен түсіндіріледі. Құрғақшылық жерлерде, кейбір өсімдіктерде жоғары өнім беретіп белгілері болуы да мүмкін, бірақ олардың құрғақшылыққа төзімділігі төмен болады. Масақтардың кішілеу, дәндерінің ұсақ болғандары ғана, ірі масақты және ірі дәнділерге қарағанда құрғақшылыққа төзімді келеді, ал сұрыптау осылардың ұрпақтар ішінде алғашқысының көбейіп, екіншілерінің құрып кетуіне ұшыратады. Өте сирек болса да, құрғақшылық аудандарда пайда болған ұрпақтардың ара сында икемделгіш келген, ұсақ дәнді ұрпақтарды ығыстырып шығаратын ірі дәнді өсімдік топтары болуы мүмкін. Осындай өсімдіктер селекцияда аса бағалы ұрпақтар болып саналады. Егер құрғақшылық аудандарда ірі дәнді өсімдіктер, ұсақ дәнді топтардан басым болса, олардын тұқым қуушылық қасиеттерінің — соның ішінде тамыр жүйесінің жақсы дамып немесе аса көп жарық мөлшеріне икемділгі болғандығын, құрғақшылыққа төзімділігі жоғары өнімділігімен қатар жүріп, кейбір заңдылықтың бұзылатындығын байқатады.
Тегі ылғалды жерлерден шыққан, ірі дәнді өсімдіктер ден алынған сорттарды құрғақшылық аудандардан шыққан ірі дәнді сорттармен салыстырсақ, соңғылардың өнімі жоғары келеді, 1000 дән салмағының жоғары болуы сорттың Құрғақшылыққа салыстырмалы ғана төзімді екендігін көрсетеді. Сорттардың ірі дәнділігі мен өнімділігі арасындағы байланыс, беретін өнім корсеткіштері, құрғақшылық ауданда орналасқан тәжірибе станцияларында, бір мезгілде алынған жағдайда салыстырылса анық көрінеді. Бір-бірін ауыстырып отырған өнімді сорттардың өздері ірі дәнді болып келеді. Егер ылғалды аудандар жағдайында, мол тыңайтқыш беру арқылы алынған, жоғары өнімді сорттар болса, олардағы құрғақшылыққа төзімділік белгілері нашар байқалады. Осы жоғарыдағы сұрыптау жолы, күздік дақылдардың суыққа төзімді үрпақтары мен сорттарын алу кезінде байқалады. Бірақ өнімі мол және суыққа төзімді қасиеттер бір өсімдікте бірікпейді, физиологиялық тұрғыдан үйлеспейді де.
Күздік бидайдың батыс еуропалық сорттары өте жоғары өнім бергенімен суыққа төзімсіз келеді, ал шығыс аймақтарында алынған — Ульяновка, Алабас, Лютесценс 329 сорттары суыққа төзімді, бірақ масағы қысқа, дәндері ұсақ болып келеді.
Осында кері байланыс картоп өсімдіғінен де байқалады. Түйнектің құрамында протеині көп, өнімі мол бағалы қасиетті бір сортта кездестіру өте қиын. Дән өнімінің жоғары, құрамында белогының көп болуы да кері байланыста болады, алынатын дән өнімі жоғары болған сайын, оның құрамындағы белокта азая түседі. Батыс еуропалық мол өнімді бидай мен арпа сорттарының құрамындағы белок мөлшері аз келеді. Ал, осы дақылдардың қуаңшылық-далалық аудандарда алынған сорттарының өнімдері аздау болғанымен, дән құрамындағы белок мөлшері жоғары болады. Өсімдіктердің көптеген шаруашылықтың кажетті белгілерінің физиологиялық біріге алмайтындығы сірескен, өзгермейтін қасиеттер емес. Селекция арқылы бұл кері байланыстарды аз да болса жеңілдетуге немесе бір сортқа жинақтауға болады.
Мысалы: Әрі өнімді, әрі суыққа жане құрғақшылыққа төзімді (күздік бидайдың Мироновтың 808, жаздың бидайдың Альбидум 43 және т. б.) мол өнімді, дәнінің құрамында белоғы мол (күздік бидайдың Безостая I) кері байланыстардың бұзылуын кейбір алынған сорттардан көруге болады.
Сұрыптаудың еңбектік маңызы және тұқым қуалаушылықтың сіреспе еместігі, өсімдіктердің ауруға және зиянкестерге төзімді топтары мен сорттарын шығарғанда анық байқалады. Өсімдіктердің жәндіктермек заңымдануы нәти жесінде немесе осы зақымдану арқылы оған қарсы тұру қасиеттерінің пайда болмайтындығы айдан анық.
Мысалы, картоп қоңызының өсімдік жапырақтары мен сабақтарында алькалоид демиссин барларын зақымдамайтындығы баршаға мәлім.
Бидайдың тұқым салуға қолайсыз, жапырақ қолтығы түкті түрінен басқа түрлерін Швед шыбыны толық зақымдай алады. Осы жағдайдағы бидай түрінің зақымданбауы тек сұрыптаудың ғана нәтижесі, өсімдіктердің өздігінен өзгеруі — икемделуі емес. Осындай құбылыстар ауруларға төзімді өсімдік топтарының пайда болуынан да байқалады. Мысалы, татқа төзімді өсімдік топтары мен сорттарының алынуы, осы аурудың кең тараған аудандарында ғана байқалады, ол кездейсоқ құбылыс емес. Н. И. Вавилов қандай да болмасын ауруға төзімді өсімдіктерді жер шарының осы ауруды туғызушыларының пайда болган аудандарынан іздеу керек деп көрсеткен болатын.
Кенияда бидайдың ең қауіпті ауруы — сабақ татының кең дамуына қолайлы жағдайлар бар екені белгілі. Сондықтан Кения бидайлары сабак татына қарсы тұра алатын, сақтанғыштығы жоғары болуы керек, Аргентина және Чили мемлекеттерінде сары және қоңыр тат
аурулары кеңінен тараған, алайда, осы аймақта, осы ауруларға жағдайында төзімді келетін өсімдік топтары мен сорттары да көптеп кездеседі.
Сонымен, барлық селекциялық тәжірибелер, Ч. Дарвиннің табиғи даму ғылымына сәйкес, өзгергіштік өздігінен икемділік жасап алмай, жаңа тіршілік топтарын және өсімдік сорттарын шығара алмайтындығын дәлелдейді.
Селекцияның мақсатына байланысты сұрыптау жекелеген немесе бірнеше, не көптеген белгілерін ескеру арқылы жүргізіледі. Біржақты, өсімдіктің басқа ерекшеліктерін ескермей, тек бір белгісіне қарап жүргізілген сұрыптау, егер өсімдіктің өнім құраушыларына немесе өнім мөлшеріне әсер ететін, қалыптасқан құбылыстардың өзгеруіне ұшыратса, кері нәтиже беруі де мүмкін. Айталық, тек тұқымның ғана ірілігіне қарап жүргізілген сұрыптау, бір уақытта осы өсімдіктердің тамыр жүйесінің дамуын ескеріп жүргізілмесе, нәтижесіз болып есептеледі. Дәннің ірілігін сұрыптау арқылы бекіту, көп жағдайда масақтағы дән санының азаюына әкеліп соғады. Жекеленген аудандар үшін өсімдік өсіп-өну мерзімдерінің өзіндік қолайлы ұзақтығы болады, ол мерзімдерден ауытқу — өнімнін азаюына соқтыруы мүмкін. Сондықтан, тек тез пісуіне қарап жүргізілген сұрыптау, кейбір ауа райы жағдайларында өсімдік өнімінің азаюына ұшыратуы мүмкін, қант қызылшасы тамыр түйнегін үлкейту бағытында жүргізілген сұрыптау көп жағдайда оның құрамындағы қант мөлшерінің азаюына әкеледі және т. б.
Өсімдіктерді сұрыптау кезінде аса көңіл аударылатын басты көрсеткіштер — әр гектардан алынатын өнім мөлшері, өсірілетін ортаның қолайсыз жағдайларына (қуаңшылық, құрғақшылық, суық және т. б.) төзімді, алынатын өнімнің жоғары сапалы, ауру және зиянкестерге төзімді болуы, өндіру, өсіру, баптау, жинау жұмыстарында техникаларды пайдаланудың икемділігі.
Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми – зерттеу институтындағы картоппен жүргізілетін селекциялық жұмыстар бірден сұрыптаудың көптеген көрсеткіштеріне қатар жүргізілуін қалайды, олардың бастылары: тез пісетіндігі, егістіктегі күн жарығын ұстайтын жапырақтардың мол болуы, түйнек қабығы мен жұмсағының реңдері, түйнектердің кескіні және ірілігі, түйнек көзшелерінің орналасу тереңдігі, әр гектардан беретін өнімі, түйнек құрамындағы крахмал мөлшері, сақталу ұзақтығы, тұқымдык түйнекті басқа елдерге шығаратындықтарынан рак, фитофтора, картоп азғыны (парша), түйнек жұмағыныңның темір торлыққа (железистая пятнистость), жапырақтардың жиырылма ауруына, түрлі вирустарға, түйнек жұмсағының көгеруі ауруларына, түйнектердің уақытынан бұрын өсуі және қуаңшылыққа төзімділігі.
Бірақ, кейбір дақылдарда, жоғарғы өнім және онан алынатын пайдалы өнім арасындағы кері байланыстық болатындығын естен шығармаған дұрыс. Мысалы, біздің еліміздегі және шетелдерде соңғы 30—40 жыл бойына, қант қызылшасы селекциясының болашағы мол әдісі — бір рет
сұрыптау арқылы жоғары қантты линиялар шығарып және болашақта оларды өзара шағылыстыру арқылы мол өнімді гетерозистік қасиеттері бар будадар алу болып отыр.
Селекция тәжірибесінде сұрыптаудың екі әдісі қолданылады: жалпылама және жекелеп сұрыптау. Ол әдістеменің әр қайсысы алға қойылған селекцияның мақсатына, гүлдеу биологиясына, алғашқы шығу тегіне және басқада жағдайларға байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |