31 мамыр 2016 жыл
2
E-mail: too-orda@bk.ru
ЖҰЛДЫЗЫ
ОрДа
ЕШКІМ ДЕ, ЕШНӘРСЕ ДЕ ҰМЫТЫЛМАЙДЫ
сырмақ кеудеше, кеудесінде үсті жоқ
екі медаль, тағы спорттық белгілер ме,
әйтеуір, кеудесі толы. Майданнан кел-
гесін әкем үстіндегі шинелін Ордадағы
балалар үйіндегі інісі Естайға кигізіп,
медальдарын шешіп шешемізге
ұстатқан ғой. Аман-есен келгеніне
қуанып, олардың қадірін білді дей-
сіз бе?! Әжеміз Меңдіғаным босқа
жатпасын деді ме, медальдардың
үстін алып тастап, бәрін Күләштің
кеудесіне тағыпты. Әкеміздің ел-
дегі құрдастарының бірі (аты-жөнін
ұмыттым) салтанатты жиындарға
шақырғанда кемпірі аналарыңды
тағып барсаңшы деп наградаларын
шығарып жатса, «Соғысқа қатынасқан
жалғыз мен дейсің бе»,-деп тағуға
ыңғайсызданатын көрінеді.
Қисмет ағамыз дүниеден озғаннан
кейін, Жұпар жеңгеміз (өзі тен-
тектеу адам болатын) «өзі өлді,
бұлар кімге керек»,- деп мүгедектік,
соғысқа
қатынасқаны
туралы
құжаттарын лақтырып тастайды.
Кейін ауыл әкімдігі Қисмет ағамыздың
құжаттарын сұратқанда, оларды
әскери комиссариат арқылы әзер
деп қалпына келтіріпті. Ал, соғыстан
мүгедек болып келген әкем осыған
арланғаны ма, мүгедектік құжаттарын
адамға
көрсетпестен
лақтырып
тастапты. Үлкейгесін мүгедектікті
алған болар, бірақ, тап сол кезде
осылай жасағандарын мүгедек болып
келгендердің бірнешеуінің аузынан
естідім.
Калмыков ауылында тұрған І
топтағы соғыс мүгедегі, Социалистік
Еңбек Ері, бір қол, бір аяғынан жа-
ралы болған нағашымыз Калеш
Ғиылмановқа тумалары үй сұра десе,
жігіттер көріп-біліп жүр ғой деп еш-
кімге бармастан, ескі үйде дүниеден
өтті. Елден кетпеймін деп, қаладан да
баспана сұрамады.
Әкеміз майданға аттанғасын, Орда
мен Сайқынның арасында пошта тасу
анамыз Мұқилаға жүктелген. «Бірде
Сайқыннан поштаны алып, Ордаға
қарай атпен шыға бергенімде, қайдан
келіп қалғанын білмеймін, немістің
бір топ самолеті Далбын елді мекені
жаққа бомба тастап, Ұңғысын көлі
жағында жайылып жүрген түйелерді
атқылады. Атым үркіп, құлап түстім.
Сөмкемді сүйреп, бомбаланғаннан
пайда болған шұңқырлардың бірін
паналадым. Сәлден кейін само-
леттер Жолтым (Эльтон) жаққа бет
алғасын, атымды ұстап, Ордаға кет-
тім»,-деп еске алатын. Сайқынның,
оған жақын ауылдың қыз-келіншек-
терін (ішінде анамыз да бар) поездың
ашық
платформасына
мінгізіп,
Жоғарғы Басқұншақ, Шоңайға (Ста-
линград бағытындағы) бомбалаудан
бұзылған темір жолды қалпына келті-
ру жұмыстарына апарғанын да айтып
отыратын.
Айта кетейін, отты жылдар тура-
лы сол соғыста жүріп, окопта оты-
рып күнделік жазып, қағазға түсіріп
жүргендердің бірі – әкемізге ағайын,
көп жылдар «Социалистік Қазақстан»
газетінде, Қазақ радиосында еңбек ет-
кен бөкейлік журналист Мағзұм Мер-
тенов еді. Ол 80 жылдық мерейтойы
қарсаңында: «Қазақ радиосы» менің
мерейтойымды өткіземіз деп жатыр.
Орда мұражайына күнделіктерімді
тапсырып едім, соларды уақытша ала
тұрсам»,-деп телефон шалды. Со-
сын марқұм Темірболат Мақымовпен
хабарласып, өте мұқият жазылған,
сақталған 3 қалың дәптерді Алматыға,
ағайға беріп жібердім. Алдымен ағай,
кейін жеңгей қайтыс болды. Балала-
ры үйін сатты, күнделіктердің қайда
екенін білмеймін. Алматыда тұратын
Тамара деген апамызға айтқам,
бәлкім, табылып қалар.
Біздің қатарластарымыз Жеңіс
тойларын көріп келеді ғой, соңғы
жылдардағы Жеңіс тойлары өте
жоғары деңгейде оздырылуда.
Өмірден өткеніне он сегіз жыл толса да, Ұлы
Отан соғысы, еңбек ардагері атам Шадияр Зай-
ноллинді Жеңіс мейрамы жақындағанда келіп
қалатындай елеңдеп, ол бардағы бақытты,
шуақты күндерді еске аламын. Баласынан
қалған екі немере қыздары Анаргүл мен Аягөзді
әкелерінің жоқтығын білдіртпей әлпештеп,
еркелете отырып, жақсы тәрбие бергенін
мақтанышпен айта аламын.
Атам 1926 жылдың пішендік кезінде
«Көгалүйде» дүние есігін ашады. Уайымсыз
балалық шағы ашаршылық, жастық шағы
соғыстан басталған ол 1944 жылы 18 жасында
неміс фашистерімен шайқасқа түседі. Поль-
ша жерінен басталған жорық жолы Берлинде
аяқталады. 1950 жылға дейін армияда болып,
бүлінген Берлинді тұрғызуға қатысады. Күзде
қарт әке мен қос ананың тілегі қабыл болып,
елге оралады. Қан майданда бір рет ауыр,
екі рет жеңіл жараланған жауынгер тұралап
қалған халық шаруашылығын қалпына келтіру-
ге, ел тұрмысын көтеруге аянбай атсалысады.
Оралмаған боздақтардың жанұясына, балала-
рына қолынан келген көмегін көрсетеді. 1951
жылы Күлжамал Оңаеваға үйленіп, бір ұл, төрт
қыз сүйеді. Гүлнары сәби кезінде шетінесе,
ұлы Талғат (менің жұбайым) көлік апатынан көз
жұмды. Талғаттың екі қызынан төрт ұрпағы, үш
қызынан сегіз жиен, сегіз жиеншар тарады.
Атамыздың бейбіт өмірдегі еселі еңбегі де
ұжымдастары тарапынан өз бағасын алды.
«Ерлігі үшін», «Жауынгерлік қызметі үшін»,
«Германияны жеңгені үшін» және әскери ме-
рекелік медальдары қатарына өңіріне «Құрмет
Белгісі» ордені, «Тың және тыңайған жерлерді
игергені үшін», «Ерен еңбегі үшін», «Лениннің
100 жылдық» медальдары тағылды. Жергілікті
кеңестің депутаттығына да екі-үш қайтара сай-
ланды.
Атаның орден-медальдары мен құжаттарын,
суретін, әскери билетін өзгелер де көрсін деп
былтыр Орда музейіне тапсырдым. Енді ол та-
сада қалмай, көрініп тұрса деймін. Ата дара еді,
дана еді. Бұл күнде 90-ға келген енем Оңаева
Күлжанды бағып отырмын. Ол да тыл, еңбек
ардагері. 2006 жылдан бері төсекке таңулы.
Бір өкініштісі, әлеуметтік сала бөліміндегілер
группасы жоқ деп, жәрдемдеспей, сұраған ке-
рек-жарағымызды бермей отыр. Төсектен тұра
алмай жатқан қарияға не группа керек?! Көрініп
тұр ғой. Мен де 62 жасқа келген зейнеткермін,
белім ауырады. Қыздар тұрмыста.
Бұрындары ішінде атам да бар майдангерлер
Жеңіс күні митингіге, дала қызықтарына барып,
үйге келген соң әңгіме-дүкен құрып, өткенді
еске түсіріп, соғысты ұрпақ көрмесін деп тара-
сатын. Тірі болса, атам биыл тоқсанға толар еді.
Сағынышпен еске ала отырып, ұлы болмаса да
ұрпақтары бар екенін білдіргім келді.
Бақытжамал ӨТЕГЕНҚЫЗЫ.
Бисен ауылы.
Суретте: ата екі анасы Жаңыл,
Қатира, жұбайы Күлжамал, екі немере-
сі Анаргүл, Аягөз, келіні Бақытжамал,
немере інісінің баласы Әлібекпен бірге
(1985 жыл).
Атам да 90-ға толар еді
«Өзі өлді, бұлар кімге керек...»
Жеңістің 15 жылдығында Орда
мектеп-интернатында оқып жүргенбіз
(1960 жылы 9 мамыр) бәрімізді сапқа
тұрғызып, М.Мәметова ескерткіші
жанына алып келді. Ескерткішке гүл
қойылды және сол жерде митинг
өтті. Ал, Жеңістің 20 жылдығына
арналған
салтанатты
жиналыс
(1965 жылы 9 мамырда) Сайқын
ауылындағы совхоз клубында бол-
ды, оқушылар, ауыл өнерпаздары
концерт қойды. Ол кезде соғысқа
қатысқан мен қатыспағандарды айы-
рып болмайсың, тіпті, соғыс ардагері
деген термин жоқ қой деймін. Май-
дангерлерді бөлектеп, құрметтеп
жатқандарын көрмеппін, себебі,
екінің бірі соғыстан келгендер. Сов-
хоз директоры болған, өзі де соғысқа
қатынасқан, өңіріміздің ардақты аза-
маты Мұрат Насимоллин, соғыстан
аға лейтенант шенінде келген ұстаз
Сисен Кенжеғалиевтер сияқты аза-
маттар, қазір еске алып отырсақ,
Елімізде Ұлы Отан соғысының оты
шарпымаған бірде-бір жанұя, әулет
жоқ деуге әкемізден, анамыздан, көз
көре қалған ардагерлерден естіген
әңгімелер толық дәлел. Оның жалыны
Құлышқажының Сарысы ұрпақтарын
да айналып өтпепті. Қан майданнан
жараланып оралып, кейін Социалистік
Еңбек Ері атанған әкем Қарасай Сариев
1982 жылы көз жұмды.
Атырау облысының Балқұдық
аулының тұрғыны болған Рухын-
баян апамызды, Бисен ауылын-
да туып, дүниеден өткен әкеміздің
ағасы Қази мен інісі Қисметті де көре
қалдым. Соғысқа алғашқы күндерден
қатынасып, жараланып оралған
Қисмет ағамыз аяғын сылтып басып
жүретіні есімде. «Бисен» совхозын-
да мал баққан ол ерте қайтыс бол-
ды. Ал, әкем ағасы Қапезді Ғұмар
Зарипов пен Бисен Жәнекешевтің
жақын жолдастары болды деп ай-
тып отырушы еді. Ол 30 жылдардың
басында Ресейдің Палласовка ауда-
ны Савеньки ауылына көшіп барып,
бала оқытыпты. Соғысқа дейін дүние
салған ол сонда жерленген. Артында
Камен, Естай деген екі ұлы қалады.
Соғыс басталған жылы мектеп
бітірген Камен бірден әскерге алы-
нады. «Сталинград маңындамыз,
сержанттық курста оқып жатыр-
мын, жақында майданға кіретін бо-
лармыз»,-деген жалғыз ғана хат
келеді де хабарсыз кетеді. Әкем
әр жерге сұрау салып көрген екен,
бірақ, нәтиже болмапты. Есімі Орал
қаласында Мәңгілік алау жанындағы
тақтада жазулы.
Соғыс басталғанда Орда аудандық
байланыс бөлімінде фельдегер бо-
лып істеп жүрген әкем Сайқынға поез-
бен келген құпия құжаттарды Ордаға,
Ордадан Сайқынға тасымалдаған.
Майданға тек 1942 жылдың ба-
сында алынып, Солтүстік Кавказда
шайқасқан. 1943 жылдың күзінде жа-
раланып, госпитальда емделіп, елге
оралған.
Осыдан бірнеше жыл бұрын про-
фессор, марқұм Серікқали Шараба-
сов маған телефон шалып: «Бізге
мемлекеттік комиссияның төрағасы
болып Қарағанды университетінің
профессоры, филология ғылымының
докторы Задан Жұмағалиев кел-
ген, бүгін жүреді. Өзі саған рулас,
әкеңмен бір ауылдан, Бисен ауы-
лынікі, шығарып салайық»,-деді.
Сәлемдесіп, танысқаннан кейін За-
дан аға: «Мен Қарекеңді бала кезім-
нен білемін. Ағайдың соғыстан жа-
ралы болып оралғаны жас болсақ та
есімде. Оның бір саусағы илікпейтін,
қайырылып тұратын еді», – демесі
бар ма. Әкеміздің дүниеден өткеніне
отыз жылға жуықтаған кез-ді. Задан
ағамыз полигонға байланысты ел
көшпес бұрын оқуға кеткен, одан кейін
кездескен-кездеспегенін
білмей-
мін, сонда да көргенін ұмытпағаны
таңғалдырды.
Әкем соғыс туралы көп айтпа-
ушы еді. Сол кездің адамдарының
қарапайымдылығы ма, ақтығы ма,
сыпайылығы ма, надандығы дейміз
бе, әйтеуір, біздің қазіргі көзқара-
сымызбен олардың жандүниесін
түсіну оңай емес-ті.
Нарын құмында қарапайым тір-
шілік етіп отырған, жасы 40-тың
үстіндегі Сапар деген жездесін де
әскерге шақырған ғой. Ол Ордадан
әрі шықпаған, орысша да түртпейді
екен. «Сайқыннан пошта алып, ат-
пен Ордаға келе жатырсам, ішінде
Сапекең бар әскерге шақырылған
жүз шақты адам алдымнан шықты.
Мені көріп, үзеңгіге жабысып: «Апаңа
қиын болатын болды, балалар жас
(Қабылахат ағай қазір Қарауылтөбе,
Қабдолла ағамыздың ұрпақтары Бу-
дарин ауылдарында тұрады) бәрі
де саған аманат»,- деді. Сонда мен:
«Сені нанға шығын қылып қайтсын,
Сайқыннан қайтарып жібереді»,- деп,
қоштаспастан арқасынан қамшымен
жәй салып өтіп, Ордаға қарай шаба
жөнелгенмін. Апырмай, сол соңғы
кездесуіміз екен ғой, есіме түссе, ерсі
қылығыма әлі күнге жайсызданамын»
дейтін-ді әкем.
Кейде әкемізден соғысқа қатынас-
тым дейсіз, алған наградаларыңыз
қайда? десем: «Мынау саған аз ба»,-
деп Еңбек Ерінің «Алтын Жұлдызын»
нұсқайтын. Осыдан бірнеше жыл
бұрын Бішкек қаласында тұратын
1944 жылы туған Күләш деген апама
барғанымда ескі суреттерді қарасам,
апамыздың 4-5 жастағы фотосына
көзім түсті. Үстінде қолдан тігілген
сол кезде 40 жастан сәл асқан
сылқылдаған жігіттер екен ғой.
1985 жылы Жеңістің 40
жылдығында «Уральскводопроводс-
трой» тресінің партком хатшысы едім,
соғыс ардагерлерін жинап, құрмет
көрсеттік. Трест ауласындағы ескі
шіркеу біздің баланстағы мәдениет
үйі еді. Соның үлкен залына дастар-
хан жайып, ардагерлерімізді әзер
сыйғызғанбыз. Біздің партия ұйымы
есебінде 70-ке тарта майдангер
тұрды. Көбінің бейнелері осы уақытқа
дейін көз алдымда.
Иә, қазір соғыс ардагерлері азайып
барады. Жеңісті жақындатқандардың
ерлігі, есімдері, естелік әңгімелері
кітап,
баспасөздерде
жазылып,
эфирден берілсе деген оймен кей-
бір естігендерімді, көргендерімді
қағазға түсіріп отырмын. Кейде со-
нау жылдардағы сұрапыл соғыстың
жаңғырығы
құлаққа
келгендей
болады... Біздің қатардың дені
майдангерлердің ұрпақтары ғой.
Талғат ҚАРАСАЕВ,
Қазақстан Журналистер
одағының мүшесі.