№22 (7004) 31 мамыр 2016 жыл



жүктеу 360,92 Kb.
Pdf просмотр
бет6/8
Дата22.05.2018
өлшемі360,92 Kb.
#15731
1   2   3   4   5   6   7   8

31 мамыр 2016 жыл

6

E-mail: too-orda@bk.ru



ЖҰЛДЫЗЫ

ОрДа


Халықаралық конкурс

Сахна  төріндегі  бейнебаян  да 

өлең  желісімен  үндесіп  жатты. 

Халықаралық  би  байқауларының 

лауреаты  «Сымбат»  үлгілі  би  тобы 

мен  республикалық  байқаулар  лау-

реаты  «Дарын»  би  тобының,  «Саз» 

этнофольклорлық 

ансамблінің 

орындаған  нөмірлеріне  жиналғандар 

дуылдата  қол  соқты.  Ойнақшыған 

әуен,  жарқылдаған  сәуле,  екі  иығын 

жұлып  жеген  шалт  қимыл  жастарға 

ұнағаны  соншалық,  олар  өздерін 

дискотекада  жүргендей  сезінді.  Ал, 

үлкендер жағы «Жайдарман» әжелер 

би  ансамблі  сызылтқан  «Ой,  жай-

лау»,  «Радуга»  славян  этномәдени 

орталығы әншілері шырқаған «Утуш-

ка  луговая»  әндеріне,  жыршы-тер-

мешілер  Сұңғат  Жанаев,  Гүлжамал 

Қайбалиева,  Данияр  Елеуов,  Зи-

нат  Қасымова,  Аружан  Әзілханның 

өнерлеріне  тәнті  болды.  Сондай-ақ, 

Әділжан  Елешов,  Дәулет  Шәмелов, 

Асылан Бақтығалиев (трио) әуелеткен 

«Қазақстан» 

(сөзі 


Е.Ахметовтікі, 

сазы  А.Боранбаевтікі),  «Ақжайық 

–  өлкем»  (сөзі  М.Бердәлінікі,  сазы 

Ғ.Қибашевтікі)  әндері  ешкімді  де 

бейжай  қалдырмады.  Бір  сөзбен 

айтқанда,  әсем  ән  мен  тәтті  күй, 

келісті би залдағыларды желпіндіріп, 

көңілдерін бір көтеріп тастады.

Ақжайықтық 

өнерпаздарға 

«Ықылас» гүлін жолдап, артынан өзі 

сахнаға  көтерілген  ауданымыздың 

басшысы тағы да қош келдіңіздер ай-

тып, алда да биіктерден көріне беруі-

не бөкейліктер атынан тілектестік біл-

дірді. Ақжайық ауданы басшысы Әділ 

Таупихұлы  мегажоба  эстафетасын 

Нұрлан  Сағынтайұлына  табыстады. 

Ол өз кезегінде меймандарға «Алғыс 

хат» пен ескерткіш сыйлықтарын және 

былтыр  Хан  ордасында  оздырылған 

Қазақ  хандығының  550  жылдық  ме-

рейтойына  сүбелі  үлес  қосқандары 

үшін  Бөкей  мен  Жәңгір  хандардың 

бейнелері  кескінделген  картинаны 

ұсынды.


Мегажоба 

эстафетасын 

енді 

бөкейліктер 



маусым 


күні 

зеленовтықтарға жеткізуге  тиіс.



Каримолла ҒАЙСИН. 

Жұбан елінен жеткен ән мен жыр

Жерлестеріміз 

жеңіспен оралды

Талай өнер тарландарын төрінен түлетіп ұшырған қасиетті Орда топырағы 

–  дарындылар  мекені.  Оны  жуырда  Атырау  қаласында  өткен  халықаралық 

«Жадыра, жас дарын» конкурсына қатысып, хореография жанры бойынша бас 

жүлдені иеленген бөкейлік шәкірттер тағы бір мәрте дәлелдеді. 

Жеңімпаздарды  аудандық  мәдениет,  тілдерді  дамыту,  дене  шынықтыру 

және спорт бөлімінің басшысы Әлібек Айтқалиев бастаған демалыс орталығы 

көркемөнерпаздары  мен  жүлдегерлердің  ата-аналары  ауылға  кіреберістен 

шашу шашып, ән-жырмен қарсы алды. Одан кейін мәдениет үйінің алдындағы 

алаңда  жас  бишілерге  (жетекшісі  С.Сүндетова)  құрмет  көрсетіліп,  Әлібек 

Қанатбайұлы мен оқушылардың ата-аналары ізгі лебіздерін жеткізді. Әрі олар 

би өнеріне  баулыған  жетекшісі  мен  осынау  ұзақ  сапарда  балалардың  басы-

қасында болған өзге де жауапты жандарға алғыстарын жаудырды. 



Гүлжаз БАДЕЛОВА.

Қошеметке 

бөленген қобызшы

Аудандық  саз  мектебіндегі  қобыз  сыныбының  мұғалімі  Зуһра 

Дүйсенғалиеваның  есімі  өнер  сүйер  қауымға  жақсы  таныс.  Аудандық  халық 

оркестрінің белді мүшесі жас таланттарды тәрбиелеуде де зор жетістіктерге 

жетіп  жүр.  Одан  тәлім  алған  жастар  облыстық,  республикалық  байқауларда 

топ  жарып,  түрлі  марапаттарды  да  иеленуде.  Өнер  жолын  таңдап,  сахнада 

өнер көрсетіп жүргендері қаншама?!

Жақында  аудандық  мәдениет  үйінде  Зуһра  Қаздөкқызының  зейнет-

керлік  жасқа  толуына  орай  шығармашылық  кеш  ұйымдастырылды.  Оған 

жиналған  көрермендер  арасында  қобызшының  ұжымдастары,  аудандық 

оркестрдегі  әріптестері,  шәкірттері  де  болды.  Ашылу  салтанатында  сөз 

сөйлеген аудан әкімінің орынбасары Лариса Қайырғалиева өнерпазға аудан 

әкімінің  құттықтауын  жеткізіп,  «Алғыс  хат»  пен  естелік  сыйлық  табыстады. 

З.Дүйсенғалиеваның  өмір,  өнер  жолы  баяндалып,  жетістіктері,  шәкірттерінің 

табысы слайд арқылы көрсетілді. Бүгінгі шараға келе алмаған түлектері ват-

саппен  тілектерін  жолдаса,  сәті  түсіп  осы  жерден  табылғандар  саз  мектебі 

оқушыларымен бірге концерт қойды.

Сөз  орайы  келген  соң  айта  кетелік,  саз  мектебі  оркестрінің  құрамындағы 

қобызшылар  түгел  дерлік  тәлімгердің  оқушылары  екен.  Осы  оркестр  ауыл-

дасымыз  Сейсемәлі  Қуаншалиевтің  «Қайран  ер-ағалар»  күйін  де  шабытта-

на  орындады.  Бір  сөзбен  түйіндер  болсақ,  шығармашылық  кеш  ойдағыдай 

өтті.  Риза  болған  көрермендер  ауданымыздың  жетекші  қобызшысына  зор 

денсаулық, шалқар шабыт, шалтты тұрмыс, ұзақ ғұмыр тілеп тарасты. Біз де 

сол ниеттеміз.  



Тамара МАҒЗОМОВА,

зейнеткер.

Ешкімге өкпем жоқ, бірақ...

«Атымды ата да, сыбағамды итке таста» дейтін халықтың ұрпағымыз ғой, 

«Әбекең бүгін жетпісте» деп аудан журналистері «Орда жұлдызы» атауымен 

қайта  шыға  бастаған  басылымның  алғашқы  санына  атсалысқанымды  еске 

түсірсе, зейнеткерлікке шығарып салған фитосанитариялық диагностика және 

болжамдар әдістемелік орталығының аудандық филиалы ұжымы иығыма ша-

пан жапты. Сондай-ақ, қырық үш жылдан бері тұрып жатқан ауылымның әкімі 

Бисенбек  Насимоллин  құттықтап,  ескерткіш  сыйлығын  ұсынды.  Адам  жасы 

ұлғайған соң балаға айналатыны рас екен. Көңіл шіркін бір көтеріліп қалды. 

Аталмыш ұжымдар мен олардың басшыларына зор ризашылығымды білдіріп, 

өзімнің сүйікті басылымым арқылы алғысымды жеткізсем деймін.

Несін жасырайын, қазағымның бір атым насыбайдан көңілі қалатыны және 

бар  ғой.  «Аудан  құрылған  сәтте  шақырумен  орталыққа  келіп,  партия,  совет, 

кәсіподақ  саласындағы  жұмыстарға  араласып,  аудандық  деңгейде  қызмет 

атқарғаным, мекеме басқарғаным бар емес пе, аудан әкімдігі болмағанымен, 

ардагерлер  кеңесі  мені  неге  ұмыт  қалдырды  екен?»  деген  ой  санада  қылаң 

берді. Қателеспесем, ол ұйымның жанында мерейжасқа толғандарды елеусіз 

қалдырмау  жөнінде  алқа  болса  керек-ті.  Сөз  хақында  айтып  жатқаным  ғой, 

әйтпесе, ешкімге өкпем жоқ, еш нәрсеге мұқтаж емеспін. Өткенге – салауат, 

қазіргіге  –  қанағат.  Мәңгілік  ел  болуға  бағыт  ұстаған  мемлекетіміз  көркейіп, 

нығая берсін, ұрпақтарымыз аман болсын.



Амангелді МАҚСОТОВ,

зейнеткер.

Сайқын ауылы.

Шығармашылық кеш

Оқырман ой толғайды

Бағындырған өнер-ғылым шыңдарын,

Табындырған туды талай шын дарын.

Туған өлкем тарихың бар танылған,

Боз шағылды, боз көделі құм Нарын.

          



Қайырмасы:

Бөкейлікпіз біз деген,

Үміт отын үзбеген.

Жаңалыққа ұмтылған,

Жәңгір салған ізбенен.

 

Табыстырған тәрбие мен танымды,



Таныстырған талантымен жаңа үлгі.

Туған жерім – Тұңғыштардың мекені,

Бөкей орда жастарымыз жалынды.                                                                            

Қайырмасы:

Бөкейлікпіз біз деген,

Үміт отын үзбеген.

Өнер,білім-ғылымда

Сара жолды іздеген.

Нарынымның нар ұлдары майталман,

Жаудың бетін ерлігімен қайтарған.

Ақындары Махамбеттей дауылпаз,

Айтар ойын биіктерден айта алған.

Қайырмасы.

Дәстүр-салты жаңалықпен жаңғырып,

Арайланып атсын әрбір таң күліп.

Елің азат, жерің жәннат, құт мекен,

Бөкей ордам жасай берші мәңгілік!

Ерназар ҚИСАХМЕТОВ.

P.S. Осы мәтінге саз жазатын жерлестер 

табылып жатса, тіптен құба- құп.

Туған ел түлектері

Біз бөкейлік жастармыз

(Әнге арналады)

(Соңы. Басы 1-бетте).

Аудандық мәдениет үйіндегі Ақжайық ауданы 

көркемөнерпаздарының «Бейбітшілік пен келісім жол кар-

тасы» мегажобасы аясындағы «Жұбан елі – жыр әлемі» 

атты концерттік бағдарламасы ақынның «Мен қазақпын» 

поэмасымен басталды.



жүктеу 360,92 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау