№22 (7004) 31 мамыр 2016 жыл



жүктеу 360,92 Kb.
Pdf просмотр
бет5/8
Дата22.05.2018
өлшемі360,92 Kb.
#15731
1   2   3   4   5   6   7   8

31 мамыр 2016 жыл

5

E-mail: too-orda@bk.ru



ЖҰЛДЫЗЫ

ОрДа


Ұлт тарихындағы трагедия

1966 жылы ауыл шаруашылық техникумын бітіріп келгеннен 

кейін «Бисен» совхозына кіші экономист болып тағайындалдым. 

Бас  экономист  Бияшев  Ақап  аға  қызметтегі  алғашқы  ұстазым 

болды.  «Партия  ұйымының  хатшысы  Иманқұл  Құлшаров 

қарапайым  да  білімді,  мәдениетті,  сыпайы  жан.  Ол  маман-

дардан да сондай қасиетті талап етеді»,- деп түсіндірген Ақас 

экономикалық талдау, тағы басқа көрсеткіштерді шығарып, пар-

ткомге апарып бер деп мені жұмсайды. Имақаң экономикалық 

талдауды  мұқият  қарап,  сұрақтар  қояды.  Қайсыбіріне  жауап 

таппай қысыламын. Ол кісі экономикалық талдаудың мақсатын, 

неге қажет екенін ұғындырады. Сонда кабинеттен емес, тап бір  

моншадан шыққандай әсерде боламын. Имақаң әр жас маманға 

осындай емтихан ұйымдастырып, шыңдайды екен ғой.

Сол жылы совхоз комсомол ұйымының есеп беру-сайлау жи-

налысында  мен  ұйым  жетекшісінің  орынбасары  болдым.  Көп 

ұзамай комсорг басқа жұмысқа ауысып, орнына отырдым. Пар-

тком  бөлімшелерді,  дала  қостарын,  малшы  ауылды  аралауға 

шықса, мені де ала жүреді. Машинасы ескі, бірде сынады, бірде 

құмға батады. Сұрағандарға Имақаң: «Бұл Қазиханов Ескендір 

– совхоз комсомол-жастарының жаңа жетекшісі, әрі машинамыз 

батып қалса, қосымша күш (жастығымды меңзегені шығар – ав-

тор)»,-деп таныстыратын.

Комсомол  ұйымының  жетекшісі  болғым  келмей,  қанша 

тартыншақтасам  да,  Имақаң  өзі  баулып,  саяси  қызметкерлер 

қатарына қосты, партия мүшелігіне алды.

И.Құлшаровтың  тағы  бір  қасиеті  мамандардан  мәліметтерді 

жазбалай  беруді  сұрайтын.  Оқып  шығып,  грамматикалық 

қателерді,  сөйлем  құрудағы  орашолақтықтарды  талдап 

түсіндіретін. Мәселе тақырыбын ашу, қазіргі және алдағы жағдай, 

соған сай атқарылуға тиісті істер, бәрі-бәріне мән беруді қатаң 

тапсыратын.  Имақаңның  сол  сабақтары  арқасында  аудандық 

комсомол  комитетінің  конференциясында  сөйлеген  сөзім 

аупарткомның  бірінші  хатшысы  Рахметолла  Егізбаевтың  наза-

рына ілігіп, кейін партиялық қызметке ауысуыма себепші болды. 

Имақаңның:  «Дұрыстығына  көзің  жетіп,  мәселені  қолға  алсаң, 

аяғына  дейін  күрес»,-  дейтіні  де  әлі  есімде.  Бұл  ұстанымның 

кейде  сорыңа  шығатыны  да  бар.  Өйткені,  басшылардың  бәрі 

Құлшаровтай емес қой, жел жағынан шыққаныңды жаратпайды. 

Әділдіктің сойылын соғамыз деп, тоқырау кезінде де талай те-

перішті көргенбіз.

«Жастық жігер» деген сөз бекер айтылмаған ғой. Имақаңның 

қолдауы  арқасында  ауыл  жастарымен  жұмыс  істеген  сол  бір 

жылдар  өмірімнің  естен  кетпес  алтын  парағы.  «Алға,  комсо-

мол!» – деп ұрандатып, шаруашылық жұмыстарды да, қоғамдық 

істерді  де  жұмыла  атқарғанбыз.  Мәдени-көпшілік  шаралар 

да кең етек алды. Сыбай-салтаң, бос жүріс қысқарып, ауылда 

тәртіп бұзушылық азайды. Совхоз комсомол комитеті мақтауға 

ілікті. Өнерлі жастарымыз  аудандық байқауларда бірінші, екінші 

орындарды иемденіп жүрді. Ақын Кенжеғали Балабасов, күйші 

Ермек  Қазиев,  әнші  Хабиболла  Әлесовтың  есімі  сол  кездің 

өзінде облысқа танылды.

Бірде партиялық жұмысты тексеруге обкомнан келген уәкілді 

Имақаңның  машинасымен  Жәнібек  селосына  кештете  жеткізіп 

салғаным бар. Қонақ үйге жайғасқан соң ол кісі Имақаңды көптен 

білетінін  әңгімеледі.  Облыстық  партия  комитеті  ұйымдастыру 

бөлімі  меңгерушісінің  орынбасары  болып  жүрген  И.Құлшаров 

бір  ауданға  хатшылыққа  жіберілгелі  тұрғанда,  Н.С.Хрущевтің 

жұмыс  стиліне  және  оның  Қазақ  ССР-і  жөніндегі  ұстанымына 

сын айтыпты. Содан қудалау басталған.

– Жазықсыз жазалы болып кетпес үшін Имақаңды жүйке ау-

рулары  ауруханасына  орналастырған.  Десе  де,  ауруханадан 

шыққан  соң  да  КГБ  қызметшілері  ізінен  қалмаған.  Ілік  іздеп, 

қайта-қайта  тінту-тексеру  жүргізіп,  жүйкесіне  ойнаған.  Сол 

уақыттағы Қазақстан Үкіметінің төрағасы Жұмабек Тәшеновпен 

байланысы да болған деседі...-деп әңгімесінің соңын екіұштылау 

аяқтаған-ды уәкіл. Қайдам, бізді бала сынды ма, әйтеуір, ол кісі 

әңгімесін қысқа қайырды.

Алаштың  арысы  атанған  Ж.Тәшеновтің  де  КПСС  Орталық 

Комитетінің  бірінші  хатшысы  Н.С.Хрущевтің  Қазақстанның 

бес  облысын  Целиноград  өлкесі  етіп,  Ресей  Федерациясының 

құрамына бермек болғанына қарсылық танытқанын кейін білдік 

қой. Бас хатшының сол қылығы кейбір ұлтжанды азаматтардың 

ренішін тудырған. Иманқұл ағамыз да өз пікірін қасындағыларға 

ашық  айтып  жүрсе  керек.  Мұнысының  өзі  көзсіз  ерлік  еді. 

Әттең,  шынайы  патриоттың  сол  әрекеттері  кезінде  ақпарат 

құралдарында  көрініс  таппай,  уақыт  өте  келе  ұмыт  қалғаны 

өкінішті. Біздіңше, қайраткер Құлшаров Иманқұл ағамыздың да 

есімі ел есінде қалуға әбден лайық. Бисен ауылдық округі бас-

шылары  бұрынғы  ол  тұрған  үйге  ескерткіш  тақта  орнатып,  бір 

көшесіне атын берсе, артық етпес еді деген де ой бар. Өйткені, 

туған  өлкесі  мұндай  тау  тұлғаларын  ұмыт  қалдырмауы  керек 

қой. Сондай ардақты азаматтардың көзін көрген біздің қатардың 

өзі азайып барады.



Ескендір ҚАЗИХАНОВ,

зейнеткер.

Білімді һәм білікті 

азамат

И. Құлшаровтың да қайраткерлігін ұмытпайық

Жарылыстан көз ашпаған далам-ай!

Әкем Қазиханның туған ағасы Қади Ташқынов 

бұрынғы Орда ауданының Ноғайбай ауылында 

1890  жылы  дүниеге  келіп,  «Коминтерн»  кол-

хозында  қой  баққан,  еселі  еңбегімен  Социа-

листік Еңбек Ері (22.10.1949) атанған жан. Есімі 

«Қазақстан Социалистік Еңбек Ерлері» (Алматы 

– 1971. 4 том) кітабына, Батыс Қазақстан облысы 

энциклопедиясына енсе, кескіні ауданымыздан 

шыққан  Еңбек  Ерлеріне  арналған  тақтада  бе-

дерленген (суретте). «Ер есімі – ел есінде» де-

ген осы да. Қади атамның (ауыл жастары көке 

деп атайтынбыз) 4 қызынан тараған ұрпақтары, 

нақтырақ  айтсақ,  үлкені  Айғанша  мен  кенжесі 

Әсия дүниеден өтті. Мария мен Самария Бисен 

ауылдық  округінің  Жетібай,  Көктерек  елді  ме-

кендерінде балаларымен бірге  тұрып жатыр.

Жасы  асып  кеткен  көкем  майданға 

алынбағанымен,  әскердің  қара  жұмысына 

жіберіліп,  заводта  жұмыс  істепті.  Одан  ора-

лып,  қайта  отар  соңына  ілеседі.  1954  жылы 

ісік  ауруына  шалдығып,  асқазанына  Астрахан 

қаласында ота жасалыпты. Мәскеуден арнайы 

келген  дәрігерлер  сырқаттың  өтіп  кеткенін  ай-

тыпты.  Бұл  жаман  аурудың  өлкемізде  алғаш 

білінуі еді. Оған себеп іргедегі әскери сынақтар, 

ядролық  жарылыстар  екенін  ол  кезде  ешкім 

білмеген. Білсе де айта алмаған шығар. Соғыс 

кезінде талай бомбаның астында қалған дала-

мыз  кейін  де  жарылыстан  көз  ашпады-ау.  Бұл 

да ел басына түскен бір нәубет еді ғой. 

Бұрынғы  Орда  ауданы  жерінің  тең  жары-

мын  иемденіп,  1947  жылдың  күзінде  алғашқы 

атом  сынағын  жасаған  әскери  полигонның 

құрылғанына  да  70  жылға  аяқ  басыпты. 

Оның  осы  аралықта  тұрғындарға  келтірген 

моральдық-материалдық  залалын  кім  есептеп 

көрді дейсің?! «Қол сынса, жең ішінде, бас жа-

рылса,  бөрік  ішінде»  жүріп  келеміз  ғой.  Қанша 

сәби  мүгедек  болып  жаратылып,  қанша  адам 

ерте денсаулығын жойды. Осы қасіреттен зар-

дап шеккендерге арнап, келешекте бір ескерт-

кіш монумент тұрғызсақ қайтер еді?! Бұл ойым-

ды  жерлестеріме  жеткізу  үшін  қолыма  қалам 

алған жәйім бар. 



Е.ТАШҚЫНОВ.

Сайқын ауылы.

Отызыншы 

жылдар үні...

Отызыншы жылдар десе, ойсырап,

Қаламын  мен  жанымды жеп сан сұрақ.

Елестейді  қалбаңдаған құзғындар,

Өлік сасып,  жатқан дала қансырап. 

 

Отызыншы жылдар десе, егілем,



Қан тамған ғой, қазағымның көзінен.

Маң далада маңып көшкен аш-арық,

Безіп  кеткен туып-өскен  жерінен. 

Бұл жылдарда таусылмайтын нала бар,

Жетім қалып, аштан қатқан бала бар.

Бауыры күйіп, аңыраған ана бар,

Қайраны жоқ жер шұқыған дана бар. 

Бұл жылдарда қорлық көрген текті бар,

Жау атанып, қыршын кеткен кекті бар.

Үш миллиондай жазылмайтын жараның,

Әлі есебін түгендеуде жоқшылар.

Адыра қап өнеге мен өсиет,

Адамнан да жоғалған шақ қасиет.

Қаралады, ұстап берді бір-бірін,

Отызыншы жылдарды айтса – қасірет. 

Ән де қашып, сән де қашып далаңнан,

Мыңғырған мал жылыстаған қораңнан.

Дүниеге тоз-тоз болып таралған,

Бауырларың бүгін, міне, оралман. 

Өз жолыңда тіреліп сан  тұйыққа, 

Ауыр сынды арттың  халқым иыққа.

Зұлмат тиіп, зарлатқан сол қаралы,

Отызыншы жылдарды еш ұмытпа!

Темір МЫҢЖАСҰЛЫ.

Жыр


-жүректің лүпілі


жүктеу 360,92 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау