2015 жылғы мамырда Министрлер конференциясында мақұлданған



жүктеу 0,82 Mb.
Pdf просмотр
бет5/8
Дата23.11.2018
өлшемі0,82 Mb.
#23665
1   2   3   4   5   6   7   8

13 

 



 

бағалау барлық студенттерге қатысты бірдей (біртұтас), дәйекті болуы  

    және бекітілген ережелерге сәйкес жүзеге асырылуы керек; 

 



апелляцияның ресми рәсімі қарастырылуы керек. 

 

1.4 



Студенттерді  қабылдау,  үлгерім,  біліктіліктерді  тану  және 

сертификаттау 

 

Стандарт: 



Оқу  орындары  студенттік  «өмір  циклдерінің»  барлық  кезеңдерін 

қамтитын, алдын-ала белгіленген және жарияланған ережелерді бірдей 

қолдануы  тиіс,  яғни  студенттерді  қабылдау,  үлгерім,  біліктіліктерді 

тану және сертификаттау. 

 

 



Нұсқаулық: 

Студенттерге  олардың  академиялық  мансабын  ілгерілету  үшін 

студенттердің,  бағдарламалардың,  оқу  орны  мен  тұтас  жүйенің  мүдделерін 

сақтай отырып, қажетті жағдай мен қолдауды қамтамасыз ету. Студенттерді 

қабылдау,  біліктіліктерді  тану  және  оқуды  аяқтау  рәсімдерінің  белгіленген 

мақсаттарға,  әсіресе,  мемлекет  ішінде,  сондай-ақ  халықаралық  деңгейде 

студенттердің ұтқырлығы жағдайында сәйкес келуі өте маңызды. 

Қолжетімділік  саясатының,  қабылдау  процестері  мен  критерийлерінің  

дәйекті  түрде  және  ашық  жүзеге  асырылуы  маңызды.  Студенттерге  жоғары 

оқу  орнына  қабылданғаннан  кейін  жоғары  оқу  орнына  және  білім  беру 

бағдарламасына бейімделуге мүмкіндік берілуі керек. 

Оқу орындары студенттердің ілгерілеуі туралы ақпараттарын жинақтау, 

сараптау  және  басқару  үшін  құралдарды,  процестерді  қолданысқа  енгізуі 

керек. Жоғары білімнің, оқу кезеңдерінің және алдағы оқудың біліктіліктерін, 

бейресми оқуды тануды қоса есептегенде, әділ тану үлгерімді қамтамасыз ету 

мен студенттердің ұтқырлығына ықпал етудің маңызды құрамдас бөлігі болып 

табылады. 

 

Тиісті тану рәсімдері: 



 

біліктілікті  тану  туралы  Лиссабон  конвенциясының  принциптеріне 



сәйкес біліктілікті танудың институционалдық тәжірибесіне; 

 



тұтас  мемлекетте  келісілген  тануды  қамтамасыз  ету  мақсатында 

сапаны қамтамасыз ету бойынша басқа мекемелермен, агенттіктермен 

және  ENIC/NARIC  ұлттық  орталықтарымен  ынтымақтастыққа 

негізделген. 

Жоғары оқу орнын бітіру студенттердің оқу мерзімінің шарықтау шегін 

көрсетеді. Студенттер тағайындалған біліктілік, оның ішінде, қол жеткізілген 

оқу нәтижелері, оқылған және табысты аяқталған контексті, деңгейі, мазмұны 

және оқу мәртебесі туралы ақпараты бар тиісті құжатты, сонымен қатар оны 

табысты аяқтау туралы куәлікті алуы керек. 



14 

 

1.5 Оқытушылық құрам 



 

Стандарт: 

Оқу  орындары  өздерінің  оқытушылық  құрамының  құзыреттілігіне 

сенімді  болуы  тиіс.    Олар  өз  қызметкерлерін  жұмысқа  қабылдау  мен 

дамытуда әділ және ашық процестерді қолдануы қажет.  

 

Нұсқаулық: 

Оқытушының  рөлі  студенттердің  білім  мен  құзыреттілікті  және 

дағдыларды  игеруіне  ықпал  ететін  студенттік  тәжірибенің  жоғары  сапасын 

қамтамасыз етуде аса маңызы бар. Студенттер контингентін әртараптандыру 

мен  оқудың  нәтижелеріне  мықты  акцент  оқытушының  рөлін  өзгертіп, 

студентке  бағытталған  оқыту  мен  білім  беруді  талап  етеді  (1.3  Стандартты 

қараңыз).  

Жоғары  оқу  орындары  өз  қызметкерлерінің  жұмысты  тиімді 

орындауына  мүмкіндік  беретін,  олардың  сапасына  және  жағымды  жағдай 

жасауда негізгі жауапкершілікке ие болады. Мұндай орта: 

 



қызметкерлер  тәжірибесінің  маңыздылығын  мойындайтын,  жұмысқа 

алу  мен  жұмыспен  қамтылу  шарттарының  нақтылығын,  ашықтығын, 

әділдігін белгілейді және қамтамасыз етеді; 

 



профессор-оқытушылар  құрамының  кәсіби  дамуына  мүмкіндік 

жасайды және ықпал етеді; 

 

оқыту  мен  ғылыми  зерттеулер  арасындағы  байланысты  жетілдіру 



бойынша ғылыми қызметті ынталандырады; 

 



оқыту  әдістеріндегі  инновацияларды  және  жаңа  технологияларды 

қолдануды қолдайды. 

 

1.6 Білім беру ресурстары және студенттерді қолдау жүйесі 

 

Стандарт: 



Оқу  орындары  оқыту  мен  оқытушылық  қызмет  үшін  жеткілікті 

қаржыландырудың  болуын,  білім  беру  ресурстары  мен  студенттерді 

қолдау тәсілдері адекватты және жеңіл қолжетімді болуын қамтамасыз 

етуі тиіс. 

 

 

Нұсқаулық: 

Тиімді оқытуды қамтамасыз ету мақсатында оқу орындары студенттерге 

оқу  процесінде  қолдау  мен  көмек  беру  үшін  қажетті  бірқатар  оқыту 

ресурстарын  ұсынуы  керек.  Ондай  ресурстар  материалдық,  кітапханалар, 

оқытуға  арналған  жабдықтар,  ақпараттық-технологиялық  инфрақұрылым 

сияқты,  сондай-ақ,  тәлімгер,  куратор  және  басқа  кеңесшілер  сияқты  адами  

болуы да мүмкін. Студенттерді қолдау қызметінің рөлі жоғары білімнің ішкі 



15 

 

жүйесінде, сондай-ақ, түрлі жоғары білім жүйесінің арасында  студенттердің 



ұтқырлығына көмектесуде аса маңызы бар. 

Түрлі студенттер контингентінің  сұраныстары (мысалы, ересек, толық 

емес  жұмыс  күні  білім  алушылар,  шетелдік  студенттер,  сонымен  қатар, 

мүмкіндігі шектеулі студенттер), студентке орталықтандырылған білім беруге 

және  оқыту  мен  білім  берудің  икемді  моделіне  өту  оқу  ресурстары  мен 

студенттерді қолдауды реттеуде, жоспарлауда және ұсынуда ескеріледі. 

Студенттерді 

қолдау 


бойынша 

іс-шаралар 

мен 

жағдайлар 



институционалдық 

контекстке 

байланысты 

түрлі 


формаларда 

ұйымдастырылуы мүмкін. Дегенмен, сапаны қамтамасыз етудің ішкі жүйесі 

барлық ресурстардың белгіленген мақсаттарға сәйкестігі, қолжетімділігі және 

студенттердің  қызметтер  туралы  ақпараттандырылуы,  оларға  қолжетімді 

болуына кепіл болады. 

Студенттерді  қолдау  бойынша  қызмет  көрсетуде  техникалық  және 

әкімшілік қызметкерлердің маңызы зор, сондықтан олардың біліктілігі және 

өздерінің құзыреттіліктерін арттыру үшін мүмкіндіктері бар болуы керек.  

 

 

1.7  Ақпараттарды басқару  



 

Стандарт: 

Оқу орындары  өз бағдарламалары мен басқа да қызмет бағыттарын 

тиімді  басқару  үшін  тиісті  ақпарат  жинақтауға,  талдауға  және  оны 

пайдалануға кепіл болуы керек. 

 

Нұсқаулық: 

Сенімді  мәліметтер  ненің  жақсы  жұмыс  істейтіндігі,  нені  назарға  алу 

керектігі туралы ақпаратты алу және негізделген шешім шығару үшін қажетті 

шарт  болып  табылады.  Білім  бағдарламалары  мен  басқа  да  шаралар  туралы 

ақпараттарды жинақтау мен талдаудың тиімді процестері сапаны қамтамасыз 

етудің ішкі жүйесіне сәйкес келеді.  

Жиналған  ақпарат, жекелеген  жағдайларда  ұйымның  түрі  мен  жоғары 

оқу  орнының  миссиясына  байланысты  болады.  Дегенмен  келесі  ақпараттар 

маңызды болып табылады: 

 

оқу орны қызметінің негізгі көрсеткіштері; 



 

студенттер контингенті туралы ақпараттар; 



 

студенттердің үлгерім деңгейі, жетістіктері және оқудан шығарылуы; 



 

студенттердің таңдалған білім беру бағдарламаларымен қанағаттануы; 



 

оқу ресурстары мен студенттерді қолдау қызметінің қолжетімділігі; 



 

бітірушілердің мансаптық өсуі.  



 

Ақпарат  жинақтаудың  түрлі  әдістері  қолданылуы  мүмкін.  Студенттер 

мен қызметкерлердің ақпаратты ұсыну мен талдауды, сонымен қатар, алдағы 

іс-шараларды жоспарлауда қатысуы маңызды.  




жүктеу 0,82 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау