2015 жылғы мамырда Министрлер конференциясында мақұлданған


 Жұртшылықты ақпараттандыру



жүктеу 0,82 Mb.
Pdf просмотр
бет6/8
Дата23.11.2018
өлшемі0,82 Mb.
#23665
1   2   3   4   5   6   7   8

16 

 

1.8 Жұртшылықты ақпараттандыру 

 

Стандарт: 

Оқу 

орындары 

өздерінің 

қызметтері 

(соның 

ішінде 

білім 

бағдарламалары)  туралы  анық,  нақты,  шынайы,  өзекті  және  жеңіл 

қолжетімді болатын ақпаратты жариялауы керек. 

 

 



Нұсқаулық: 

Оқу  орындарының  қызметтері  туралы  ақпарат  талапкерлер  мен 

студенттерге,  сондай-ақ  түлектерге,  басқа  мүдделі  тараптарға  және 

жұртшылыққа пайдалы.  

Сондықтан  оқу  орындары  қызметтері,  оның  ішінде,  өздері  ұсынатын 

бағдарламалар  мен  оларға  қабылдау  критерийлері,  сол  бағдарламаларды 

меңгеруде күтілетін нәтижелер, тағайындалатын біліктіліктер, оқытуда, білім 

беру  мен  бағалауда  қолданылатын рәсімдер,  шектік балл мен  студенттердің 

дамуы  үшін  қолжетімді  мүмкіндіктер,  сонымен  қатар  бітіруші  түлектердің 

жұмысқа орналасуы туралы ақпаратты ұсынуы тиіс. 

 

1.9 

Білім  беру  бағдарламаларын  тұрақты  мониторингтеу  және 

мерзімді бағалау 

 

Стандарт: 



Оқу  орындары  өздерінің  алдына  қойған  мақсаттарына  қол  жеткізуді 

қамтамасыз  ететін  және  студенттер  мен  қоғамның  сұраныстарына 

жауап беретін  білім  бағдарламаларына  мониторинг  жүргізуі,  мерзімді 

бағалауы  және  қайта  қарауы  қажет.  Бұл  шолулардың  нәтижелері 

бағдарламаларды  тұрақты  жетілдіруге  алып  келуі  тиіс.  Кез-келген 

жоспарланған  қызмет  немесе  алынған  нәтижелер  барлық  мүдделі 

тараптардың назарына жеткізілуі тиіс.  

  

 

Нұсқаулық: 

Бағдарламаларға  тұрақты  мониторинг  жасау,  талдау  және  қайта 

қарастыру  бағдарламаларды  жүзеге  асырудың  қажетті  деңгейін  және 

студенттерге жағымды және тиімді оқу ортасын құруға бағытталған. 

Осы бағалау процестері: 

 

оқытылатын бағдарламаның өзектілігін қамтамасыз ете отырып, нақты 



пән бойынша жаңа зерттеулер аясындағы мазмұнын; 

 



қоғамның мерзімдік өзгермелі сұранысын; 

 



студенттік жүктемені, студенттердің үлгерімі мен оқуды бітіруін; 

 



студенттерді бағалау рәсімдерінің тиімділігін; 

 



бағдарламалар  бойынша  студенттердің  болжамдарын,  сұраныстарын 

және қанағаттануын; 




17 

 



 

оқу ортасы мен қосалқы қызметтердің, сондай-ақ олардың бағдарлама 

мақсаттарына сәйкестігін қамтиды. 

 

Бағдарламалар студенттер мен басқа мүдделі тараптардың қатысуымен 



тұрақты түрде бағаланады және қайта қарастырылады. Жинақталған ақпарат 

талданып, бағдарлама заманауи талаптар мен стандарттарға сәйкестендіріледі. 

Қайта қарастырылған бағдарлама жарияланады. 

 

1.10 Сапаны циклдік сыртқы қамтамасыз ету 



 

Стандарт: 

Оқу  орындары  циклдік  негізде  ESG-ге  сәйкес  сапаны  сыртқы 

қамтамасыз ету рәсімдерінен өтуі керек.

 

 

Нұсқаулық: 

Түрлі  формалардағы  сапаны  сыртқы  қамтамасыз  ету  рәсімдері 

сапанының  сыртқы  қамтамасыз  ету  тиімділігін  тексеруге  бағытталып,  өз 

кезегінде даму катализаторы мен жаңа мүмкіндіктерді жүзеге асыруға қызмет 

етеді.  Сонымен  қатар,  олар  жоғары  оқу  орны  қызметінің  сапасы  туралы 

жұртшылыққа ақпарат ұсынуы керек. 

 

Оқу орындары мерзімдік негізде, тиісті жағдайларда, өз жұмыстарының 



аясында  заңнама  талаптарын  ескеріп,  сапаны  сыртқы  қамтамасыз  ету 

процестеріне  қатысады.  Сондықтан  контекстке  байланысты  сапаны  сыртқы 

қамтамасыз  ету  түрлі  формаларды  қабылдауы  және  түрлі  ұйымдастыру 

деңгейлеріне (мысалы, білім беру бағдарламалары, факультеттер немесе оқу 

орны) жүзеге асырылуы мүмкін. 

 

Сапаны қамтамасыз ету – сыртқы  кері байланыспен, жоғары оқу орны 



есебімен  немесе  алдағы  қызметімен  шектелмейтін  үздіксіз  процесс. 

Сондықтан жоғары оқу орындары  келесі бағалауға дайындық кезінде соңғы 

сапаны  сыртқы  бағалаудан  кейін  қол  жеткізілген  ілгерілеудің  ескерілуіне 

ұмтылуы тиіс. 

 

 

 



 

 

    



 

 



18 

 

2-



бөлім: Сапаны сыртқы қамтамасыз етудің стандарттары мен 

нұсқаулығы 

 

2.1 Сапаны ішкі қамтамасыз ету рәсімдерін есепке алу 

 

Стандарт: 

Сапаны  сыртқы  қамтамасыз  ету  рәсімдері  ESG-дің  1-бөлімінде 

сипатталған  сапаны  ішкі  қамтамасыз  ету  рәсімдерінің  тиімділігін 

назарға алуы керек.  

 

 

Нұсқаулық:  

Жоғары  білімдегі  сапаны  қамтамасыз  ету  жоғары  оқу  орындары 

бағдарламалары  мен  басқа  қызметтерінің  сапасы  үшін  жауапкершілігіне 

негізделген:  сондықтан  сыртқы  сапаны  қамтамасыз  етуде  ЖОО-ның 

жауапкершілігін  мойындау  мен  қолдауда  сапаны  қамтамасыз  ету  маңызды. 

Сыртқы  сапаны  қамтамасыз  ету  рәсімдері  сапаны  ішкі  және  сыртқы 

қамтамасыз ету рәсімдерінің арасындағы байланысты қамтамасыз ету үшін 1-

бөлімде сипатталған стандартты ескеруі тиіс. 1-бөлімнің стандарттары сапаны 

сыртқы қамтамасыз ету рәсімінің  түріне байланысты әртүрлі қарастырылуы 

мүмкін. 

 

 



2.2.  Сапаны  сыртқы  қамтамасыз  ету  рәсіміне  сәйкес  келетін 

әдіснаманы әзірлеу 

 

Стандарт:  

Сапаны сыртқы қамтамасыз етудің барлық рәсімдері тиісті ережелерді 

назарға  ала  отырып,  арнайы  белгіленген  мақсаттар  мен  міндеттерге 

сәйкес  белгіленуі  және  әзірленуі  тиіс.  Мүдделі  тараптар  әзірлеу  мен 

тұрақты жетілдіру процестеріне тартылуы тиіс. 

 

 

Нұсқаулық: 

Мүдделі  тараптармен  келісілген,  сапаны  сыртқы  қамтамасыз  ету 

рәсімдерінің нақты белгіленген мақсаттарының бар болуы олардың тиімділігі 

мен объективтілігін қамтамасыз етеді. 

Процестердің мақсаттары, міндеттері және жүзеге асырылуы: 

 

оқу орындарына жүктелетін жүктеме мен бағасының деңгейін ескеруі; 



 

жоғары оқу орындарына сапаны қамтамасыз ету үшін қолдау көрсетуі; 



 

оқу орындарының осы жетілдіруді көрсетуге ұмтылуына көмек беруі; 



 

нәтижелер  мен  алдағы  шаралар  бойынша  қажетті  анық  және  нақты 



ақпаратты алуға көмек беруі қажет. 

 



жүктеу 0,82 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау