2015 жылғы мамырда Министрлер конференциясында мақұлданған


  Контекст, қолдану салалары, мақсаттары мен принциптері



жүктеу 0,82 Mb.
Pdf просмотр
бет2/8
Дата23.11.2018
өлшемі0,82 Mb.
#23665
1   2   3   4   5   6   7   8

 

1. 



Контекст, қолдану салалары, мақсаттары мен принциптері 

 

Контексті айқындау 

Жоғары  білім,  ғылым  және  инновациялар  әлеуметтік  тұтастықты, 

экономикалық  өсу  мен  жаһандық  бәсекелестікті  қолдауда  шешуші  рөл 

атқарады. Еуропалық қауымдастықтың берік білім негізін қалау ұмтылысын 

назарға  ала  отырып,  жоғары  білім  әлеуметтік-экономикалық  және  мәдени 

дамудың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Осы уақыттағы дағдылар 

мен  құзыреттіліктерді  игеруге  сұраныстың  артуы  жоғары  білім  берудің 

алдына жаңа міндеттер қойып отыр. 

Жоғары  білімге  қол  жеткізуге  деген  ұмтылыстың  кеңеюі  жоғары  оқу 

орындарына  түрлі  жеке  тәжірибелерді  пайдалануға  мүмкіндік  береді. 

Тәжірибенің алуан түрлілігі білім беруде күтілетін нәтижелерге жауап ретінде 

жоғары білім берудегі қызмет көрсетуді түбегейлі өзгертуі тиіс:   оқыту мен 

білім  беруде  студентке  орталықтандырылған  көзқарасқа  өту,  формалды  оқу 

бағдарламасының  шеңберінен  тыс  алынған  құзыреттілікті  тану  және    білім 

берудегі  икемді  бағыттарды  іздеу  қажет.  Жоғары  оқу  орындары  өздерінің 

миссияларын  жүзеге  асыруда,  білім  беру  қызметі  мен  ынтымақтастықты 

ұсынатын 

формалар 

мен 

тәсілдерде, 



оның 

ішінде, 


интернационализациялауды, сандық оқыту мен білім берудің жаңа әдістерін 

дамытуда


2

  әртарапты  бола  бастады.  Сапаны  қамтамасыз  ету  рөлі  осы 

өзгерістерді  жүзеге  асыруда  жоғары  білім  беру  жүйесі  мен  оқу  орындарын 

қолдауда шешуші болып табылады, өйткені оқу процесінде алынған тәжірибе 

студенттердің  меңгерген  біліктіліктеріне  кепілдік  беріп,  ЖОО-ның 

миссиясында басымдық болып қала береді. 

Жоғары  білімнің  еуропалық  кеңістігінде  Сапаны  қамтамасыз  ету 

стандарттары мен нұсқаулығының (ESG) басты мақсаты  барлық мемлекеттер 

мен  барлық  мүдделі  тараптар  арасында  оқыту  сапасын  қамтамасыз  етудің 

жалпы  ұғымдарына  ықпал  ету  болып  табылады.  Олар  Жоғары  білімнің 

еуропалық  кеңістігі  (EHEA)  және  халықаралық  ынтымақтастық  аумағында 

сапаны  қамтамасыз  етудің  ұлттық  және  институционалдық  жүйелерін 

дамытуда маңызды рөл атқарды және атқара бермек. Сапаны қамтамасыз ету 

процестеріне,  әсіресе  сапаны  сыртқы  қамтамасыз  ету  процестеріне  тарту 

еуропалық  жоғары  білім  беру  жүйесіне  сапаны  көрсетуге  және  ашықтықты 

арттыруға, осылайша өзара сенімділікті қалыптастыруға және біліктіліктерді, 

бағдарламаларды  және  басқа  да  ережелерді  тануды  жақсартуға  мүмкіндік 

береді. 


ESG-ді  жоғары  білім  берудегі  сапаны  қамтамасыз  етудің  ішкі  және 

сыртқы  жүйелері  үшін  анықтамалық  құжат  ретінде  жоғары  оқу  орындары 

және  сапаны  қамтамасыз  ету  агенттіктері  қолданады.  Сонымен  қатар,  осы 

стандарттар сапаны қамтамасыз ету агенттіктерін тіркеуге жауапты және ESG 

                                                           

2

  



Еуропалық комиссияның хабарламасы: Білімдегі ашықтық: жаңа технологиялар мен ашық білім беру 

ресурстары  негізінде  барлығы  үшін  инновациялық  оқыту  мен  үйрету,  COM  (2013)  654,  соңғы  нұсқасы 

http://ec.europa.eu/education/news/doc/openingcom_en.pdf 



 

талаптарына сәйкес Сапаны қамтамасыз етудің еуропалық тізілімінде (EQAR) 



де қолданады.  

 

Қолданылу салалары мен ұғымдары 

ESG  жоғары  білім  берудегі  сапаны  ішкі  және  сыртқы  қамтамасыз  ету 

стандарттары  мен  нұсқаулығының  жиынтығы  болып  табылады.  ESG  сапа 

стандарттары  болып  табылмайды,  сондай-ақ  сапаны  қамтамасыз  ету 

процестерінің  қалай  жүзеге  асырылатынын  да  белгілемейді.  Дегенмен  осы 

стандарттар  жоғары  білім  беру  жүйесінде  сапа  мен  оқу  ортасын  табысты 

қамтамасыз  ету  үшін  ерекше  маңызға  ие  салаларды  қамти  отырып, 

нұсқаулықты  қамтамасыз  етеді.  ESG-ді  Жоғары  білімнің  еуропалық 

кеңістігінде жоғары білім беру саласындағы ашықтыққа ықпал ету мен өзара 

түсіністікке  үлес  қосатын,  біліктілік  шеңберлерін,  ECTS    және  дипломға 

еуропалық қосымшаны қамтитын кеңірек контексте қарастырған жөн. 

ESG-дің негізгі назары жоғары оқу орындарында оқыту мен білім 

берудің, оқу ортасы мен ғылым және инновациямен тиісті байланысты 

қоса алғандағы сапасын қамтамасыз етуге бағытталған. Сонымен қатар, 

жоғары оқу орындарының ғылыми зерттеу мен басқару сияқты өзінің басқа да 

қызмет  түрлерінде  сапаны  қамтамасыз  ету  мен  жақсарту  үшін  саясат  пен 

процестерді қолданады. 



ESG Жоғары білімнің еуропалық кеңістігі ұсынатын жоғары білім 

беру  қызметінің  барлығына,  яғни  оқытудың  түрі  немесе  білім  берудің 

орнына қарамастан қатысты болады. Осылайша, ESG барлық жоғары оқу 

орындары  үшін,  оның  ішінде  білім  беру  қызметін  трансұлттық  және 

трансшекаралық  ұсыну  саласында  да  қолданылады.  Бұл  құжатта 

«бағдарлама»  термині  жоғары  білімге  қатысты  кең  мағынасында,  яғни 

формалды дәрежені (біліктілікті) алуға апаратын бағдарламаның бөлігі болып 

табылмайтыны есепке ала отырып берілген. 

Жоғары білім беру бірнеше мақсатты жүзеге асыруға ұмтылады: оның 

ішінде  студенттерді  белсенді  азаматтық  ұстанымға,  болашақ  мансапқа 

(мысалы,  жұмысқа  орналасуға  көмек  ету)  дайындау,  заманауи  білімнің  кең 

базасын құру, ғылыми зерттеулер мен инновациялық қызметті

3

 ынталандыру. 



Сондықтан  түрлі  мақсаттары  бар  мүдделі  тараптар  жоғары  білім  беру 

саласындағы  сапаны  түрлендіріп  қарастыра  алса, ал  сапаны  қамтамасыз  ету 

жүйесіне осы көзқарастарды назарға алуы тиіс.  

Бірнеше  мағыналы  анықтамасы  бар  сапа,  ең  алдымен  оқытушылар, 

студенттер  мен  ЖОО-дағы  оқу  ортасы  арасындағы  өзара  әрекеттестіктің 

нәтижесі  болып  табылады.  Сапаны  қамтамасыз  ету  бағдарламалардың 

мазмұны,  білім  алу  мүмкіндіктері  мен  материалдық-техникалық  базасы 

бағдарламаның мақсаттарына сәйкес келетіндей оқу ортасын қамтамасыз етуі 

тиіс.

 

 



                                                           

3

 Жоғары білім мен ғылыми зерттеулердің қоғамдық жауапкершілігі жөніндегі Еуропалық кеңесі Министрлер 



комитетінің ұсынымдары (2007), http://www.coe.int/t/dg4/highereducation/News/pub_res_EN.pdf 


жүктеу 0,82 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау