Баймаганбетова К. Т ¹, Джусупова А. Н.²



жүктеу 49,24 Kb.
Pdf просмотр
Дата14.05.2018
өлшемі49,24 Kb.
#12437


192 

 

 



 

Баймаганбетова К.Т ¹, Джусупова А. Н.² 

1.Ғылыми жетекшісі, аға оқытушы 

2.Студент 4 курста, Жаратылыстану ғылымдары кафедрасы, мамандықтың 

«География» 

 

ГЕОГРАФИЯ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ 



ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУДА ТОПТЫҚ ОҚЫТУ ФОРМАСЫН 

ҚОЛДАНУ 

 

Қазақстан республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға 



арналған мемлекеттік бағдарламасында еліміздің оқушыларына сапалы білім 

беру міндеті қойылған.Оны жүзеге асырудың бір жолы – оқыту процесінде 

топтық оқытуды қолдану болып табылады[1]. 

Топтық оқытудың мəні ХХ ғасырдың 20-шы жылдарынан бастап 

ескерілген. Бірақ осы күнге дейін көп сұрақтар өз жауабын күтуде.[1]. 

Оқушылардың ұжымдық жұмыстарының бір түрі топтық жұмыс болып 

табылады. Топтағы жұмыс қағидаты мұндай жұмыс кезінде мұғалім 

орындайтын қызметтерді оқушыларға беруден тұрады: ақпараттық, 

ұйымдастырушылық, бақылаушылық (ішінара) жəне бағалаушылық. Оқу 

жұмысының топтық түрі оқу жұмысын бірлесе жоспарлауға, ақпаратты 

қабылдау жəне айқындау, талқылау, өзара бақылауға оқушылар тобын 

қатыстыруды болжайды. Жұмыстың бұл түрі оқушылардың бірыңғай 

тапсырмамен жұмыс жасауын болжайды. Жұмыс қарқыны топ құрамына 

байланысты болады.[3] 

Барлық топтар жоғары нəтижелілікке жете бермейді. Оқушылардың 

топтағы тиімді өзара əрекеттестігін іске асыру үшін, оқу топтарын мақсатты 

қалыптастыру, жұмысты жоспарлауға қабілетті басшыларды (кеңесшілерді) 

мұқият іріктеу, оқушылармен қарым-қатынасты жақсарту қажет, мұғалім 

оқушылар жұмысын үнемі мұқият бақылап отыруы, оқу материалын талдау, 

жаттығуларды орындау кезінде ынтымақтасуға үйрету керек. Оқушылардың 

бірлескен оқу жұмысын табысты ұйымдастыру үшін олардың оқудан тыс 

кездегі қарым-қатынасын ескеру маңызды.[3] 

Сыныптағы топтық жұмысты ұйымдастыру үшін тапсырмаларды орындау 

кезінде 3-6 адамнан, көп жағдайда 4 адамнан тұратын топтарға бөлінеді. 

Тапсырма жеке адамға емес, топқа беріледі. Топтарды əртүрлі белгілер 

бойынша құруға болады. Мысалы, əртүрлі деңгейдегі топтар танымдық 

белсенділіктері бірдей деңгейдегі оқушылардан құрылуы мүмкін. Бұдан басқа, 

топтар оқушылардың өз қалауы бойынша құрылуы мүмкін: ұқсас 

қызығушылықтары, жұмыс стилі, достық қарым-қатынастары жəне т.б. 

бойынша. Топтағы жұмыс кезіндегі оқушылардың рольдері əртүрлі бөлінуі 

мүмкін. Рольдің орындалуы топ қатысушысының жеке-дара қасиеттеріне 

байланысты. Бұл үдеріске баланың əлеуметтік-психологиялық мінездемесі де 




193 

 

əсер етеді. Мысалы, сыныптағы төмен дəрежелі оқушы рольді қабылдау кезінде 



мұғалімнің көп көңіл бөлгенін жəне қолдауын талап етеді. Оқушылардың 

топтар бойынша жұмысы кезінде мұғалім келесі позицияларда болады: 

жетекші, топ «режиссері» болу; топтың бір қатысушысы қызметін атқару; 

топтық жұмыс барысы мен нəтижелерін қадағалаушы жəне бағалаушы 

сарапшы болу; топтар жұмысын бақылаушы болу. Басында мұғалім оқушының 

тапсырманы топта бірлесе орындауына қосылуын қамтамасыз етеді. Ол топтық 

жұмыс дегеннің не екенін, балаларға əрбір топта жəне сынып бөлмесінде 

топтардың қалай орналасуы тиістігін түсіндіреді; жұмыстың жүйелілігі туралы 

нұсқаулық береді, топ ішінде тапсырмаларды бөледі; балалардың топта 

орындауы мүмкін қызметтері (рольдері); топтағы жұмыстың жеке нəтижелерін 

талқылау қажеттілігіне көңіл аударады. Мұғалім оқушыларға топтың əрбір 

мүшесінің жұмысын серіктестерінің қабылдауына байланысты тəсілдерді 

хабарлайды: 

• жолдасының жауабын мұқият тыңдау, оның толықтығын бағалау; 

• материалды мазмұндау логикасына назар аудару; 

• жолдасының өз жауабын нақты мысалдармен, дəлелдермен көрсете 

алуын анықтау; 

• жіберілген қателерді сыпайы түзету; 

• қажетті елеулі толықтырулар енгізу; 

• жауаптың негізделген бағасын беру. 

    Мұғалім сонымен қатар əрбір оқушы өзінің көзқарасын айқын əрі нақты 

жеткізуі, басқа қатысушылардың идеяларын талқылау кезінде «жақтаушы» 

жəне «қарсы» болуды іріктеу жəне дəлелдеу үшін маңыздылығын түсіндіреді. 

Жұптық жұмысты үш түрде пайдалануға болады:  



Статистикалық жұп: рольдерімен алмасып отыратын қалауы бойынша 

екі оқушыны біріктіреді («мұғалім» - «оқушы»); осылайша өзара жағымды 

ықылас болған жағдайда мықты жəне нашар оқушы айналыса алады.  

Серпінді жұп: төрт оқушы бір, бірақ төрт бөлігі бар тапсырманы 

дайындайды; тапсырманың өзіне тиесілі бөлігін орындағаннан жəне өзіндік 

бақылаудан кейін оқушы тапсырманы үш рет (əрбір серіктеспен) талқылайды; 

əрі əрбір жолы ол баяндау жосығы, екпін, қарқынды жəне т.б. ауыстырып 

отыру қажет, яғни жолдасының жеке-дара ерекшеліктеріне бейімделу 

механизмін енгізу қажет;  



Түрлендірмелі жұп: топтың əрбір мүшесі өз тапсырмасын алады, оны 

мұғаліммен бірге талдайды, схема бойынша басқа жолдастарымен өзара оқыту 

жүргізеді, нəтижесінде əркім оқу мазмұнының өзіндік үлесін меңгереді. [3] 

Топтық оқыту технологиясы қандай кезеңдерден өтетінің нақты көрейік: 

1.  Ұйымдастыру жұмысы: сыныпты топқа бөлу, мұғалімнің кеңесшіні 

таңдауы (кеңесшіні оқушылар өздері де таңдай алады); жұмыстың орындалу 

ретін түсіндіру, топтар бойынша дидактикалық материалды тарату. 

2.  Топтық жұмыс: материалмен танысу, топтағы жұмысты жобалау, 

кеңесшінің қатысушыларға тапсырмаларды бөліп беру, тапсырманы жеке дара 



194 

 

орындап, топ ішінде талқылау, жалпы берілген тапсырманы талқылау (ескерпе, 



қосымша); топтық тапсырманы қорытындылау. 

3.  Қорытынды бөлім: топтағы жұмыстың нітижесін хабарлау. Жауап 

берушіні мұғалім немесе кеңесші белгілейді; топтың əр қатысушысының 

танымдық қызметін саралау (кеңесші); қойылған мақсаттың жету деңгейін 

жалпы қорытындылау; оқу қызметі жайлы мұғалімнің қосымша ақпараты; 

топтың əр мүшесін бағалау.[5] 

Сабақ барысында мұғалім бірнеше қызметті атқарады: жұмыс барысын 

қадағалайды, сұрақтарға жауап береді. 

География пəні – өзіндік ерекшелігі бар пəн. Ол жалпы құрлық – жер бетін, 

планетамызды, ондағы тіршілік ететін өсімдік – жануарлар дүниесін, жер 

бедерін, байлығын жəне өмір сүріп отырған бірнеше мыңдаған ұлттар мен 

ұлыстардың тіршілігін зерттеп үйрететін ғылым. Сондықтан, география пəні 

мұғалімі болу деген сөз – кең көлемді, терең білімді, есте сақтау қабілеті күшті, 

мазмұн – табиғаты терең ұстаз мұғалімдерді талап етуі, əрі осыны қажет етеді. 

Сабақтың мазмұны, түрі жəне əдіс – тəсілі оқыту жүйесінде біртұтас бірімен– 

бірі тығыз байланысты. География пəнінің басқа пəндерден ерекшелігі – мұнда 

оқушылар өздігінен ізденіп, білім дағдысын толықтыруға əр түрлі суреттер, 

сызбанұсқалар, карталармен көп жұмыстар жүргізуге ерекше назар 

аударылады. Олардың пəнге қызығуын арттырудың бір жолы – сабақта жаңа 

білімді меңгертуде оқушалырдың өздерін белсенді қатыстысуы.[4] 

Географияны оқытуда көп назар топтық жəне жеке оқушылармен жұмыс 

істеуге аударылады, бұл жерде жаңа технология жүйесінде мəнді ойындардың, 

семинар, дискуссия, баспасөз – конференциясы, лекция, сынақ, топ серуендері, 

практикалық жұмыстардың маңызы зор. Бұл сабақтарда оқушылардың əр түрлі 

проблемаларды, оларды шешу жолдарын іздестіруге мүмкіншілік туғызып, 

олардың логикалық ойлау қабілетін дамытады, оқуға қызығушылығын 

арттырады. География сабағында оқушы тек оқулықпен ғана емес, сонымен 

қатар атласпен, картамен, кескін картамен жəне географиялық сөздік, 



анықтамалық материалдармен жұмыс жасайды.[4] 

Сабақта берілген тапсырмаларды топ ішінде талқылау барысында оқушы 

өз білгенін өзгеге түсіндіре отырып, өзгенің түсінгенін ой иелегінен өткізу 

арқылы пікір алмасуы, ойларын толықтыруы, жинақтауы айқын байқалып 

отырады. 

Оқыту сапасын арттыру мақсатында балалардың танымдық қабілеттерін 

дамыту, оқуға деген қабілетін, зейін, сөйлеу дағдылары, шығармашылық ойлау 

сияқты қабілеттерін дамыту өте маңызды. Сыныптағы əр бір оқушы ақпаратты 

əр түрлі қабылдайды. Оқушылардың қабылдау ерекшеліктерін ескере отырып, 

əр сабақты тиімді стратегиялар мен əдіс-тəсілдерді қолдану қажет. Жаңа 

сабақты түсіндіруде, аудио, бейнемəтіндер болса, қолдану сатысында топтық 

əдісті қолдану ұтымды болады. Себебі топтар бір –бірлеріне сұрақ қоя алады, 

бір-бірлерінің жұмыстарын бағалай алады, өз идеяларын ұсынады,соның 

нəтижесінде біз «оқушының үнін» естиміз.[3] 

Топтарды құру тəсілдері  



195 

 

Топтық жұмысты ұйымдастыру кезінде топтарды құруға ерекше көңіл 



аударған жөн. Жалпы жұмыстың табыстылығы топтың қаншалықты дұрыс əрі 

сəтті құрылуына байланысты болады. Топтың көлемі алуан түрлі, жұмыстың 

мазмұны мен сипатына байланысты ол 3-тен 6-ға дейін өзгереді, бұдан үлкен 

топтарда топтың барлық мүшелерінің белсенді жұмысы қамтамасыз етілмейді. 

Мысалы:  

Қалауы бойынша топ. Қатысушылар топты өздері құрады, бірақ мұндай 

жұмыстың нəтижесін болжау қиын. Мұндай топтарда психологиялық сəйкестік 

жоқ, байланыс жақсы, бірақ топтардың күш шамасы жəне толықтығы əртүрлі.  

Кездейсоқ топ.  Қатысушылар осы жұмыс үшін ғана бірігеді. Мұндай 

топтардың сəйкессіздігі дау-дамайға əкелуі жəне жұмысты мүлдем іске алғысыз 

етуі мүмкін. Түс, сан жəне т.б бойынша.  

Көшбасшы қалыптастырған топ. Топ құрамы бір текті, өйткені 

көшбасшы белгілі нəтижеге қол жеткізуге қабілеттілерді таңдайды.  



Зодиак белгілері бойынша. Əдетте оқушыларға əсер ететін ерекше шешім. 

Топтың күш шамасы, топтық өзара əрекеттестікке қатысушылар саны туралы 

сұрақ ашық күйінде қалады.  

Мұғалімнің шешімі бойынша. Мұндай топ құру кезінде социометрия 

деректеріне сүйенген жақсы. [2] 

Топтық жəне жұптық жұмыстың нəтижелері: 

-  Топтық, жұптық жұмысты пайдалану сабақтың нақты мəнін терең ашуға 

көмектеседі 

-  Оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады 

-  Олардың əрқайсысының деңгейін анықтай аласын 

-  Оқуышлардың көбін бағалауға мүмкіндік 

-  Оқушыларды ізденіске баулып, жұппен, топпен жұмыс істеуге үйретеді 

-  Оқушылардың қабілеттері, сөз саптау еркіндігі, ұйымшылдығы, 

шығармашылық белсенділігі артады 

-  Жеке тұлғалық сипатын дамытуға,шығармашылығын шыңдауға, өзіне 

деген сенімін қалыптастырады. 

Топтық жұмыс география сабақтарында өте тиімді, себебі оқушылар өз 

ойларын жеткізе біледі. Топтық жұмыс өткізген барысында сабақ өте қызықты 

өтеді. Топтық жұмыс кезінде бəрі қызу жұмыста, біреуі картамен жұмыс 

жасаса, біреуі қойылған мəселені шешудің жолын іздейді. Топтық жұмыста 

барлық оқушылардың қызығушылығы артып, жұмылдыра жұмыс жасай  біледі. 

Орташа оқитын оқушы  төмен оқитын оқушыларымен ойларын бөлісіп жатады. 

Ал, дарынды балалар орташа оқитын оқушыларға кеңес бағыт бере отыра 

көмектеседі. Жаңа əдісті қолданып ұсынған тапсырмаларда оқушылар бір-

бірімен тығыз қарым-қатынас жасап, өздеріне ұсынылған тапсырманы орындау 

жолдарын іздеу барысында  топпен шешіп, бір-бірінің көмегіне жүгінеді. Бұдан 

оқушыларды топтық жұмысқа итермелеу арқылы, əрқайсысы өз қабілеттеріне 

қарай ойларымен бөлісуге ерікті. Берілген тапсырманы орындау барысында 

əркім өз идеяларын ортаға тастап, өзара рөлдерге бөліне отырып, берілген 

уақытты тиімді пайдалануға тырысып отырады. Ал, түсінгендерін топпен 



196 

 

қорғау барысында топтар бір-біріне сұрақ-жауап арқылы  кеңінен талқылап 



отырады. Топтық оқыту технологиясына сыныпты топқа бөлуге болатын 

дəстүрлі емес сабақтардың түрі де жатады. Мысалы, конференция сабақ, саяхат 

сабақ, жəрмеңке сабақ, географиялық футбол, біріккен сабақ.[4]

 

Қорыта келе, топтық əдіспен өткізілген сабақ нəтижелі болу үшін мұғалім 



сыныпты өте жақсы білу керек (тек білім деңгейін ғана емес, сонымен қатар 

ұжымда қалыптасқан жеке тұлғалық қарым- қатынасты)..  

Топтық жұмыста оқушылар өзін-өзі жəне өзгені бағалауды үйренеді. 

Топтық жұмыс барысында оқушылардың өзгеруін аңғаруға болады. Бұл жоба 

оқушылардың сабаққа белсене қатысуына мүмкіндік береді. Тұйық балалар 

ашылады, өз ойларымен еркін бөліседі. Əр оқушының топ ішінде міндеті 

болады, соған байланысты оқушы жауапкершілікке үйренеді. Топпен жұмыс 

барысында түгел оқушылар қамтылады. Оқушылар жүйелі сөйлеуге, ойын 

ашық жеткізе білуге, талдау жасауға, еркіндікке үйренеді. 

Топтағы жұмыс балаға тек оқуға ғана емес, сонымен бірге өзін көрсетуге 

көмектеседі, өйткені топта мұғалімнің басты беделі жəне барлық сыныптың 

назары жоқ. Өзара сыйластық тəрбиеленеді. Барлығына деген қатынас өзгереді

достық нығаяды, тұлғааралық қарым-қатынас жақсарады, ұжымдағы 

психологиялық жайлылық орнайды. 

 

Пайдаланған əдебиеттер тізімі: 

1.  Қазақстан республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға 

арналған мемлекеттік бағдарламасы. //Егемен Қазақстан.14 желтоқсан 2010. 

2.  Иваненко А.М. Современный урок. – М.: Прогресс, 2005. – 256 б 

3.  «Топтық əрекетте диалогтік оқыту əдісін қолданудың тиімділігі» 

Əдістемелік құрал, Көкшетау, 2014 ж.Самуратова Р.Т. Деңгейлік бағдарламалар 

орталығының тренері 

4.  «География жəне табиғат» журналы, Алматы,3/2010 жыл 

5.  «Использование групповых технологий на уроках географии, как 

средство повышения позновательной активности» мақала;  Россия,Московская 

область,Волоколамский район,д.Кашино МОУ "Кашинская основная 

общеобразовательная школа, Учитель Глазова Алина Александровна. 

 

 

Ахметова Э.Б.



1

, Есмуратов Е. А.

2

 

1. Ғылыми жетекшісі, география магистрі, аға оқытушы, 

2. Студент 4 курста, Жаратылыстану ғылымдары кафедрасы, мамандықтың 

«География» 

 

ГЕОГРАФИЯНЫ ОҚЫТУ ҚҰРАЛДАРЫН ОҚУ ҮРДІСІНДЕ 

ҚОЛДАНУДЫҢ МАҢЫЗЫ 

 

Қазіргі уақытта «педагогикалық технология» оқытушының практикалық 



қызметіне іске асатын моделі. Қазір дүние жүзінде оқытудың тиімді жолдары 

жүктеу 49,24 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау