151
әрекеттері байқалып қалады. Екіншіден, қазір ашық айтып жүрміз, басқа
ұлттардың өкілдері, әсіресе орыс ұлтының өкілдері біздің заңымызды
өздері үшін құбыжық көретін пиғыл білдіріп жүр. Осы заң азаматтық
праволарына зиянын тигізетіндей, күндердің күнінде қазақ тілі арқылы
өздеріне қысым жасалуы мүмкін дегендей қарсы әрекет жасайды. Мінеки,
осы жағдайларға қарамастан бүгінгі таңда жүз процнт деп айту әрине
қиын, бірақ заң өзінің күшіне енгенінен бері, одан бұрын да ел болып, жұрт
болып жүргізген жұмыстың нәтижесінде кейбір жоспарлы істер жақсы
басталды.
Заңның жүзеге асуының жолдары көп. Тілдің өзі бар да оған қатысты
мәдени, рухани өміріміз тағы бар. Балабақшадан бастап, мектептерде,
жоғары оқу орындарында қазақ тілінде білім, тәрбие беру басталды.
Бұл бұрын-соңды болмаған жағдай. Жаңадан жүздеген балабақшалар,
мектептер қайта ашылып жатыр. Кейбіреулердің берген бағасындай заңның
іске асуында кішкене мимырттық жүрістің бәсеңдігі, шабандық бар. Оның
да себебін айтуға болады. Бір себебі, заңымыздың өзі халқымыздың өзі
секілді момақан, жуас, жалпақ шешей, созылуға ыңғайлы тұратын заң.
Сол Заңдағы 33-баптың жиырма шақты бабында мемлекеттік қазақ тілімен
қатар орыс тілі бірге жүр. Соның өзінде де кейбір жолдастар бұл заңға қырын
қарайды. Егер екі тіл мемлекеттік тіл ретінде қатар жүргенде бұрынғы
70 жылдық дәстүрді бұзып, қазақ тілін ілгері шығарып, мемлекеттік тіл
ретінде таныту деген оңай шаруа болмай қалады.
Бұл алдымен сана-сезімге де байланысты. Әлі күнге дейін
парламенттік жиналыстарда қазақ тілі өзінің бойын көрсете алмай келеді.
Ол анау есіктің аузында тұрған өгей бала сияқты, төрге шыға алмайды.
Бұл туралы көптеген пікірлер бар. Дегенмен де, Қазақ ССР Президенті Н.
Ә. Назарбаев жолдас өзі өткен кездесулерде, теледидарда әрі қазақша, әрі
орысша сөйлеп, тілімізге мән беріп, үлгі көрсетіп жүр. Осы сияқты біздің
басшы кадрларымыз, азаматтарымыз мүмкін болған жерде қазақша сөйлеу
керек. Сонда оны көріп отырған қарапайым халық «жоқ мынау тілді
үйрену, құрметтеу керек екен, бұл мемлекеттің тілі» деп сезінетін
болады.
Достарыңызбен бөлісу: