Жоба Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде



жүктеу 29,57 Kb.
Дата16.02.2018
өлшемі29,57 Kb.
#9872







Жоба

«Азаматтық қызметшілер болып

табылатын және ауылдық жерде

жұмыс істейтін мәдениет

саласындағы мамандар

лауазымдарының тізбесін

айқындау туралы» Қызылорда

облысы әкімдігінің 2016 жылғы

15 маусымдағы № 489 қаулысына

өзгеріс енгізу туралы

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 cәуірдегі Заңының 26-бабына және «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» Қызылорда облысы әкімдігі қаулысының жобасына келісім беру туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2016 жылғы 1 маусымдағы  № 35 шешіміне сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 15 маусымдағы № 489 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5557 нөмірімен тіркелген, облыстық «Сыр бойы» және «Кызылординские вести» газеттерінде 2016 жылғы 16 шілдеде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

аталған қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Р.Р. Рүстемовке жүктелсін.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қызылорда облысының

әкімі Қ. Көшербаев

Қызылорда облысы әкімдігінің

2016 жылғы «__» _________ №___

қаулысына қосымша


Қызылорда облысы әкімдігінің

2016 жылғы 15 маусымдағы № 489

қаулысына қосымша

Азаматтық қызметшілер болып табылатын, ауылдық жерде тұратын және

жұмыс істейтін арнайы білімі бар мәдениет және өнер, архив ісі және құжаттама саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

1. Мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорын басшысы және басшысының орынбасары (экономика, қаржы және әкімші-шаруашылық жөніндегі басшысының орынбасарларынан басқа).

2. Көркемдік жетекшісі; бас: қор сақтаушы, редактор, режиссер, балетмейстер, дирижер, хормейстер, суретші.

3. Әдеби-драмалық, режиссерлық, музыкалық, көркемдік қойылым, педагогикалық бөлімдерінің; өндірістік шеберхана, әдістемелік кабинет, қалпына келтіру шеберханасы, кітапхана, зертхана, архив қоймасының; кітапхана, музей филиалдарының меңгерушісі (басшысы); сектор басшысы.

4. Ғылыми қызметкерлер (бас, жетекші, аға, кіші).

5. Мамандар (жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ): аккомпаниатор, аккомпаниатор-концертмейстр; барлық атаудағы әртістері; музейлер қорын есепке алу архивисті; археограф (негізгі қызметтер); балетмейстер; библиограф; кітапханашы; дирижер; дыбыс режиссері; барлық атаудағы инженер (негізгі қызметтер); кинорежиссер; мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер); барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер); музыкалық жетекші; палеограф; режиссер; қоюшы-режиссер; хормейстер; қор сақтаушы; барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер); экскурсовод; археолог; режиссер ассистенті; арт-менеджер; тарихшы (негізгі қызметтер); өнертанушы; продюсер; редактор (негізгі қызметтер); хореограф; архивист; суретші-реставратор.



 
жүктеу 29,57 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау