тіл тағдыры – ел тағдыры
» деп басталған осынау бір игілікті іске
қосқан оның ғылыми үлесі де ұлан-ғайыр. Осы кейінгі (1989-2014)
25 жыл ішінде баспа бетінде жарық көрген 70-тен астам үлкенді-
кішілі еңбек ғалымның тіл тағдыры жөніндегі әртүрлі идеялары мен
ой-пікірлерінен, ұсыныс, тұжырымдарынан дерек береді. Бүгінде
бұлардың біразы тарихтың аударылып кеткен парақтары іспеттес, дәл
сол кездегідей актуальды болмаса да, өмір талабына, замана үрдісіне
6
сай өзгеріп, айқындалып, уақыт сынынан өтіп, жалпы тіл саясатының
өзекті мәселелерін қозғаған ғылыми-практикалық негіздерінің бірі
болып қалды деп айта аламыз. Бұл зерттеулер өзінің мәні мен маңызына,
көлемі мен ауқымына қарай, әсіресе кейінгі 10 жылда атқарған ерлікке
бергісіз ерен еңбегінің жемісі еді.
Тіл саясатына қатысты бұл еңбектерде қозғалған сан алуан
мәселелер мен қамтылған тақырыптарды атап өтіп, олар сөз болған
кейбір мақалаларды көрсетуді артық емес деп ойлаймыз. Республикадағы
тіл саясатына қатысты Ә.Қайдар көтерген нақтылы мәселелерден,
мысалы, мыналарды атауға болады. Олар –
мемлекеттік тіл және
тілдің әртүрлі мәртебесі мен қоғамдағы қызметі:
бір тілділік, қос
тілділік, көп тілділік, мемлекеттік қос тілділік, ресми тіл, ұлтаралық
тіл, халықаралық тіл, ортақ тіл, т.б.,
тіл тағдыры, тіл экологиясына
байланысты:
ана тілі үшін күрес, мемлекеттік тілдің болашағы, орыс
тілінің қоғамдағы орны, ана тілін меңгерудің деңгейі (соның ішінде «40
процент» мәселесі), жазу мен тіл мәдениеті, ғылым тілі; сондай-ақ тіл
заңы, тіл бағдарламасы, тіл тұжырымдамасы және олардың орындауы
туралы;
«Қазақ тілі» қоғамының атқарған қызметі,
жұртшылықтың
(соның ішінде қарапайым халық, зиялы қауым, шенеуніктер мен
үкіметтің, т.б.) жалпы тілге, соның ішінде мемлекеттік тілге деген
көзқарасы, іс-әрекеті т.б. осы сияқты толып жатқан тілдің өзекті
мәселелерін қамтиды.
Енді осыларға бағышталған ғалымның кейбір еңбектерін атап
көрейік.
Мемлекеттік тіл проблемасына қатысты мақалалары:
1)
«Мемлекеттік тіл және оған байланысты мәселелер туралы ой-
толғау»
// Соц. Қазақстан, 1989, 3 авг; 2)
«Қазақ тілі мемлекеттік тіл
ретінде дамытудың жолдары мен шаралары».
Алматы, 1990, 44 б. 3)
«Қазақстанда мемлекеттік тілдің жағдайы»
(қытай тілінде) // «ҚХР
Орталық ұлттар университетінің ұлттарды зерттеу хабарлары». Пекин,
1993, №3, 17-19 б.; 4)
«Мемлекеттік тіл қандай мүмкіндік береді
?» //
Мәдениет және тұрмыс, 1989, №5, 6-7 б.; 5)
«Мемлекеттік тілдің
жайын ойласақ»
// Егемен Қазақстан, 1994, 6 шілде (Р.Сыздықовамен
бірге) 6)
«Ғылым тілі және әдеби тіл статусы
»// Терминдер мен
олардың аудармалары. Алматы, 1990, 9-21 б. т.б.
Ана тілі тағдырына
қатысты еңбектерінен:
1)
«Ана тілі – арың бұл»
// Лениншіл жас, 1989,
18 окт.; 2)
«Ұлт тұтасса ғана тіл көгереді»
// Ана тілі, 1991, 21 наурыз;
3)
«Ана тілін ардақтай білейік»
// Қазақстан әйелдері, 1982, №2, 12-
13.; 4)
«Ана тілің азбасын, атамекен тозбасын»
// Егемен Қазақстан,
7
1992, 26 қыркүйек; 5) «
Ғылым сарайының босағасындағы тіл»
// Ана
тілі, 1992, 20 ақпан; 6)
«Тіл тағдыры – ел тағдыры»
// Қазақ әдебиеті,
1989, 3 март; 7)
«Тіл тағдыры – жастардың қолында»
// Өркен, 1991,
29 маусым; 8)
«Тіл тағдырына ғалымдар да жауапты»
// Қаз. Рес. ҰҒА
Хабарлары, 1992, №3, 38-40 б., т.б. көптеген мақалаларды атауға болады.
Бұлардың бәрі Ә.Қайдардың республикадағы жаңа тіл саясатының өзекті
мәселесі және ең басты міндеті – қазақ тілінің мүшкіл тағдырын дұрыс
шешуге бағышталған ой-толғаныстары еді. Мұнда жанайғай да, ұранды,
жалынды сөздер де, сабырлы ақыл-кеңес те баршылық.
Тіл заңына қатысты: 1)
«Государственный язык в основном законе
государства»
// Алма-Ата, 1992, c. 39; 2)
«Бұрынғы тіл заңының заманы
өтті»
// Ана тілі, 1993, 18 ақпан; 3)
«Қазақ ССР-нің тіл туралы Заңын
жүзеге асырудағы Қазақ ССР ҒА ролі және қазақ тілін ғылым саласында
кеңінен қолданудың өзекті мәселелері»
// ҚазССР ҒА Хабаршысы,
1990, тағы басқа осы қатардағы мақалаларында ғалым тіл туралы 2
рет қабылданған заң және одан туындаған құжаттардың бәрі, сайып
келгенде, қазақ тілін заң арқылы қорғап, халық үшін сақтап қалудың сан
алуан жолдары мен нақтылы шараларын сөз етеді.
Қос тілділік пен көп тілділікке байланысты мақалалар: 1)
«Қос
тілділік – қос қанат»
// Жұлдыз, 1988, 153-159 б.; 2)
«Екі тілде сөйлей
білу – бүгінгі күннің талабы»
// Қазақстан әйелдері, 1987, №7, 26-27 б.;
3)
«Русский язык как средство межнационального общения народов
Казахстана»
// Навеки вместе... Сб. статей. Алма-Ата, 1982, 369-373 c., т.б.
«40 процент» мәселесіне байланысты пікірлер: 1)
«Сорок процентов
– это беда, а не вина народа»
// Веч. Алма-Ата, 1992, 13, 14 окт.; 2)
«Если
исчезнет язык»
// Каз. правда, 1992, 14-15 окт.
Айта кету керек, ғалым бұл еңбектерінде «екі тілділік», «қос
тілділік» және «мемлекеттік қос тілділік» деген ұғымдарды қоғамдағы
дұрыс түсінбеушіліктерге, сондай-ақ бүгінгі таңда Республикадағы
қазақтардың қазақ тілін ана тілі ретінде мүлдем білмейтіндері –
15
процент
, шала білетіндері
25 процент
Достарыңызбен бөлісу: |