2-китап indd



жүктеу 2,63 Mb.
Pdf просмотр
бет46/196
Дата20.10.2023
өлшемі2,63 Mb.
#43915
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   196
68840cb3f30ffba49b4a0b6e74baf6a5

«Мәдени мұра»
бағдарламасының ауқымында жоспарланып
орындалып жатқан ірі-ірі еңбектер көп-ақ. Мысалы, солардың ішінде 15 
томдық қазақ тілінің түсіндірме сөздігін (шамамен 150 мың реестр сөзді 
қамтиды), Қазақ тілінің аймақтық сөздігін (22 мың реестр сөзді қамтиды), 
31 томдық терминологиялық сөздікті, сондай-ақ қос сөздер сөздігін, 
синонимдік, фразеологиялық, паремиологиялық т.б. сөздіктерді атауға 
болады.
Тіл байлығы тек сөз санымен ғана емес, сөздің сапасымен де, яғни 
мағына санымен де өлшенеді. Егер осы тұрғыдан қарастыратын болсақ, 
қазақ тілі сөз қорының сапалық (мағыналық) байлығы 150 мың емес, 1 
миллион мағыналық бірліктен (семантикалық единицадан) тұрады деп 
жобалай аламыз. Бұл – жер бетіндегі өркениетті елдердің (ағылшын, 
орыс, қытай т.б.) тілдерімен шамалас көрсеткіш. 
«Мәдени мұра»
бағдарламасы бойынша жүзеге асырыла бастаған 
және жақын жылдарда оқырман қауымының қолына тигелі отырған 
рухани мұраның жүздеген том болып шығатын, әрқайсысы бір құнан 
қойдың бағасымен барабар құндылықтарға, міне, осылар жатады.
Күтіп ұстай білген, қолдана білген, бағалай білген тіл қауымы үшін 
бұл қазына-байлықтан артық құндылық болмаса керек. Өйткені ол - 
өзінше өркендеп, дамыған ұлттық мәдениетіміздің ұйытқысы, қайнар 
бұлағы. «
Ел мәдениеті тілден басталады» 
дейтініміз де, міне, содан 
болса керек.
Тіл саясатына байланысты Елбасының тікелей өзі араласып 
жөн сілтеп, көрсетіп отырған бағыт-бағдары (мыс.. «Қазақстанның 
болашағы – қазақ тілінде»; «Мемлекеттік тіл – Қазақстан халықтарын 
ұйымдастырушы ұйытқы» т.б.), мемлекет тарапынан қабылданып 
жатқан қаулы-қарарлары мен нақтылы іс-шаралары – бәрі де, сайып 
келгенде, мемлекеттік тіліміздің мәртебесін көтеруге бағышталып 
отыр.
Солайы солай, бірақ Елбасының, өкіметіміздің тәуелсіз мемлекет 
болғаннан бергі ұстанған саясаты көп ұлт өкілдері тоғысқан 
мемлекетте ел тыныштығын сақтау, халықтар бірлестігін нығайту 
және елдің экономикалық-әлеуметтік жағдайын жақсарту болып 
келгендігі айдай әлемге белгілі. Бүгінде еліміз бұл салаларда да 


100
дұшпандарымыз күйініп, достарымыз сүйінетін зор табысқа қолы 
жетіп отыр. Бұл табысымыз да барша әлемге аян.
Әлеуметтік-экономикалық проблемалардан кейінгі кезекте 
шешілуге тиісті проблемаға халқымыздың рухани-мәдени даму 
үрдісін анықтап, соны жан-жақты қолдау іс-шаралары жатса керек.
Елбасының өзі бас болып, қолдаушысы көптеген ұлтжанды 
азаматтар болып, қабылданып, жүзеге асырыла бастаған 

жүктеу 2,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   196




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау