2-китап indd



жүктеу 2,63 Mb.
Pdf просмотр
бет42/196
Дата20.10.2023
өлшемі2,63 Mb.
#43915
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   196
68840cb3f30ffba49b4a0b6e74baf6a5

біріншісі
– Қазақстанда жасаушы қазақтардың 
жан санына байланысты. Өткен 15 жылдың ішінде қалыптасып 
қалған және күн сайын деформацияға ұшырап, мүшкілдене 
бастаған демографиялық жағдаят оң сипатқа ие бола бастады: қазір 
Қазақстандағы қазақтардың жалпы саны кешегі 37 пайыздан 54-55 
пайызға (цифрды тексеру керек!) өсіп отыр.
Халықаралық
«Қазақ тілі» 
қоғамының 1992 ж. өткен 
2-құрылтайына қатысқан елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының төралқа 
басында отырып, Қазақстандағы сол кездегі демографиялық 
жағдайды айта келіп, төралқа басында отырған біздерге: «Қазақтың 
саны Қазақстанда 50 пайызға жетіп, 51-ге ауғанда тіл саясатында 
менің ұстанған көзқарасым да өзгере бастайды» дегені бар еді. 
Құдайға шүкір, демографиялық фактор да мемлекеттік тілдің 
пайдасына өзгеріп отыр. Айтқан сөзінде тұратын, берген уәдесіне 
берік елбасының бұл мәселе бойынша да нақтылы іс-шаралар 
белгілеуіне сенеміз.
Демографиялық фактордың тілге қатысты 
екінші
саласына 
Қазақстанда жасайтын қазақтар мен басқа ұлт өкілдерінің сан-сапа 
жағынан өсіп-өркендеуі және ара салмағының сәйкестігі жатады. 
Осыған орай қазақстандықтардың жақын жылдардың ішінде 20 
миллионға жетуі де бағдарлануда. Бұл идеяның орындалуы көптеген 
басқа атап айтқанда, тіл, оқу-білім, педагогика, тәрбие, экономикалық, 
әлеуметтік, т.б. проблемаларға байланысты екені белгілі.
Этно-лингво-демографиялық дамудың тағы бір, тарихи мәні зор 
саласына жер бетінде бытырап жүрген қазақ диаспорасының басын 
қосып, өз Отанының құзырына жинақтау. Төрт көзі түгел емес 
халықтың тілі де тұтас емес. Ал бүгінгі қазақтардың жалпы санының 


96
3/1 (үштен бірі) Қазақстаннан тыс жерлерде жасайды. Бұл – бірден 
шешілуі қиын, бірақ түбінде бір шешілуге тиісті тарихи маңызы зор 
мәселе. Бірақ оны бүгіннен бастап дұрыс жолға қою қажет.
3. Тарихи бір тағылым. Түркі әлеміндегі ірі мемлекеттердің бірі 
– Түркия. Ол кезінде Осман империясы болып, 7 ғасыр бойы дәуірлеп 
келді. Түркия да көп ұлтты мемлекеттердің біріне жатады. Көп тілдің 
(Рим, Алмания, Франция, Византия т.б.) әсері түрік тілінің ұлттық 
қасиетін, нақышын кетіре бастайды.
Міне, сондықтан болу керек, 1277 жылы Қараман, Кониа 
уалаяттарының әкімі Қараманоғлу Меһмет бей:

жүктеу 2,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   196




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау