2-китап indd



жүктеу 2,63 Mb.
Pdf просмотр
бет54/196
Дата20.10.2023
өлшемі2,63 Mb.
#43915
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   196
68840cb3f30ffba49b4a0b6e74baf6a5

жасалды?
– Тіл туралы өзгеріс болмады, баяғыша бәріміз орысша шүлдірлеп 
жүре бердік. Ал қазақтың бір топ зиялысы әр жиналыс сайын тіл туралы 
мәселені көтере беретін болды. Мен ол кезде институт директоры едім. 
Қазаққа қозғау салмаса, тіл мәселесі қатқан орнынан қозғалмасына 
көзім әбден жетті. Сосын осы институтта жиналыс ашып, зиялы қауым 
алдына мәселе қойдым. Қазаққа тілді қорғап қалатын, тіл мәселесін 
қозғап отыратын бір қоғам керек, соны біз басқарып тұра аламыз ба, 
жұмысын жүргіземіз бе деп сұрақ қойғанда, аты-жөндерін айтпай-
ақ қояйын, кейбір кісілердің беттерін шымшып, бізді келеке еткенін 
қайтерсің. Сол кезде көпшіліктің арасынан Өмірзақ Айтбаев суырылып 
шығып, менің ұсынысымды қолдады. Сол кезде Өзбекәлі Жәнібеков 
Орталық комитетте хатшы болып істейтін. Соған барып құрайын деп 
жатқан қоғам туралы айттық. Ол әрине, біздің сөзімізді қуаттап шықты. 


117
Сосын іскер жігіттердің көмегімен халыққа арнап хат жаздық, осындай 
қоғам құрып, тілімізге араша түссек, бізді қолдайсыңдар ма деген ауанда. 
Сол-ақ екен халық бізді қолдамақ түгіл, төбесіне тік көтеріп әкетті. Елдің 
әр түкпірінен хат қарша борады. Өзбекәлі бізге «бұл хаттар тек оқылып 
бір жерде қалып қоймасын, сендер оны тіркеп, жинаңдар» деді. Сосын ол 
Орталық комитетте өзімен бірге жұмыс істейтін Мырзатай Жолдасбеков, 
Сейіт Қасқабасовқа тапсырма беріпті «мына хаттар туралы қорытынды 
жазыңдар, біз оны Колбинге табыс етейік» деп. Аз ғана уақыттың ішінде 
елден түскен бір қап хат халықтың өз тілінің мүшкіл халіне қатты алаңдап 
отырғанын көрсетті. Сол хаттарды тізімдеп Колбинге апардық. Алайда, 
Колбиннің ұстанған саясаты қайткенде де Қазақстанда екі тіл болуы керек 
деген бағытта ғана болды. Екі тіл қатар жүріп, екеуін тең қолдану керек 
деген пікірді күн сайын айтып отырды.
– 
Қазақтың үштен бірі сыртта десек, аса қателеспейміз. Сіздер сол 
шеттегі қандастарымыздан да қолдау таптыңыздар ғой.
– Иә, әрине! Қанша жерден артқа тартулар болса да, біз тіресіп жүріп 
«Қазақ тілі» қоғамын құрдық. Жан-жаққа хат жолдадық, бүкіл ел ішінде 
қозғалыс пайда болды. Енді халықтың басын құрап бір жиналыс өткізуді 
ойладық. Жәнібеков бізге драма театрының залын алып берді. Халық 
жиылар ма екен, жиылмас па екен деп біз бекерге күдіктеніппіз, жұрт залға 
сыймастай болып толып кетгі. Сол жиналысқа қатысқандардың арасында 
шетте жүрген қаракөздеріміз де болды. Олар тысқары қалмасын деп 
«халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» деп атадық. Қоғамның жарғысына 
сай жыл сайын құрылтай өткізіп тұрдық, жер-жерде өз өкілдіктеріміз 
ашылып жатгы. Елдің ішінен есті жігіттер келіп, өз ұсыныстары бойынша 
өкілдіктер аша бастады. Ол аз болса, Түркия, Ресей, Польша, Моңғолияда 
тұратын қандастарымыз бірге қолдау білдіріп, сол жерлерде қоғамның 
өкілдіктерін ашты.
– 
«Мемлекеттік тіл» мәртебесі де оңайшылықпен келмеген болар?
– Тілдің тағдырын заңды түрде қорғап қалу үшін біз қазақ тілінің 
мемлекеттік тіл болуын талап еттік. Егер оған мемлекеттік мәртебе 
беріп, қолдау көрсетпесе, өзіміз білетіндей кей ұлттардың тілі секілді 
елеусіз қалып, түбі оны ешкім керек қылмайтын болады. Сондықтан 
оған мемлекеттік мәртебе берілуі үшін күрестік. Күрес оңай болмады. 
Нағыз айтыс осы арада басталды. Кейбір қазақ зиялыларының өздері 
қарсы шықты. Сол қарсы шығушыларды қолдаған Колбин болды. Сол 
кезде мен «Мемлекеттік тіл» деген мақала жаздым. Оны ешбір газет 
Колбиннің рұқсаты керек деп баспай қойды. Құдай қолдап, Мәскеуде 


118
жиналыста жүрген Назарбаев елге келе сала қазақ тілін қолдайтынын 
ашық айтты. Сол-ақ екен, менің әлі жарыққа шықпай жатқан мақалам 
газетке басылды.
Мен талай үлкен жиналыстарда Колбинге қарсы шығып жүрдім. 
Арнайы шақырып сөйлескенінде де алған бетімнен қайтпадым. Сондай 
жиындардың бірінде, сол кезде Шет тілдер институтының ректоры болған 
қазақ Колбинді жақтап, өзге тілдің өрісін кеңейтуді қолдады. Бүкіл қазақ 
зиялыларының бетіне топырақ шаша сөйледі. Кейінірек, қазақ билігінің 
басына қазақ келген заманда, Ұлттық ғылым академиясына мүше сайлап 
жаттық. Міне, қызық, әлгі қазақ тіліне қарсы қазақ қоғамдық ғылымдар 
бөлімшесі бойынша мүшелікке құжат тапсырыпты. Мен сол қоғамдық 
ғылымның корреспондент-мүшесімін, соған орай дауыс беруім керек. Бір 
кезде әлгі қазақ шығып сөйлеген кезде, оған «сіз Колбиннің алдындағы 
қазақ тілі мен орыс тілін қатар қолдану керек деген пікіріңізді өзгерттіңіз 
бе?» деп сұрақ қойдым. Ол «ол енді саясат қой» деп күмілжи берді. 
Ақыры мүшелікке өте алмай қалды.
Біздің Елбасымыз сол заманда да қазақ тіліне қолдау көрсеткен еді. 
Қазір де қолдап жүр. Менің кеудеме «Отан» орденін тағып тұрғанда «бұл 
сіздің тіл үшін жасаған еңбегіңізге көрсетілген құрмет» деп айтты ол кісі.
Қазақ тілі бүгінде аяғынан тік тұрып кетті деп, әрине, айта алмаймыз. 
Дегенмен оң өзгеріс бар. Ең бастысы, Үкіметтің өзі бұл мәселеге тікелей 
араласып отыр. Түрлі заңдарды қабылдап, қадағалауды қолға алып отыр. 
Жауапты қызметке алынатын мамандардың тіл білуін талап ете бастады. 
Үкімет араласса, үкі таққан тіліміздің бағы ашылады ғой деп ойлаймын. 
Қазақ тілінің мәртебесін көтермей, мемлекеттің маңызы артпайтыны 
кім-кімге де белгілі қағида ғой.
– 
Қателессең, кері тартып, дұрыс қолдана білсең, алға 
сүйрейтін және тілді байытатын құралдың бірі – термин. Бір
кездері терминдерді жаппай қазақыландырамыз деп орынсыз 
еңбектенгеніміз соншалықты, тіліміздің дәмін кетіріп ала 
жаздадық. Жалпы, терминдерді аударуға калай қарайсыз?
Терминдерді сол қалпында қалдыруға болмайды. Жекелеген 
терминдер біздің ұғымымызға сіңісіп кетпеуі де мүмкін. Бірақ 
терминдерді қазақыландыру керек деп ойлаймын, бұл менің жеке 
пікірім. Сонымен қатар, сырттан келген терминдерді шығарып тастап, 
олардан бас тартуға да болмайды. Бұл мәселеде әлі көп ойласамыз. 
Терминология – өте нәзік ғылым. Әрбір жаңа терминнің табиғатын 
тұра тауып, қазақтың ұғымына сай жасау оңай шаруа емес. 


119
– 
Бүгінде жиырма жыл толып отырған, елімізді жаһанға 
мәшһүр еткен Тәуелсіздіктің туған тілімізге әсері болды ма?
– Тәуелсіздігіміздің тілге тигізген әсері орасан. Қазір қазақ баласы 
қазақ балабақшасына барады, қазақ баласы қазақ мектептерінде 
оқитын болды. Кезінде біздің студент шағымызда трамвайда отырып 
бір қазақ бір қазаққа деп өз тілінде сөйлессе, сондай жерде отырған 
орыстың кемпірлері «адамның тілінде сөйлесіңдер» деп зекитін. Мен 
өз көзіммен көрдім сондай жағдайды. Түркияға сапармен барьш, 
сонда осы елдің Премьер-министрі марқұм Демирелдің омырауына 
«Қазақ тілі» қоғамының Алтын белгісін таққан кезде, ол бізге 
«сендер бұл күнге егемендіктің арқасында жетіп отырсындар» деп 
еді. Осы Тәуелсіздіктің шарапаты қазақтың әрбір ісіне тиіп жатқаны 
анық. Қазір бізге жиналыстарда ешкім залдан «өзге тілде сөйле!» деп 
айғайламайды, қазір көшеде бізге ешкім «өз тіліңде сөйлеме!» деп 
жекімейді, осы табыс емес пе?! Тәуелсіздіктің, Қазақ мемлекетінің 
азаттығын, өзге ұлттармен терезесі тең екендігін қазақ түсінді, 
қазақ сезінді, енді арамыздағы өзге ұлттар да оны сезінуге тиіс және 
мойындауы керек.
Біз осы қол жеткізген жетістіктерімізге марқайып қалмауымыз 
керек. Тәуелсіздік үшін, азаттық үшін, мәдениет пен руханият үшін, 
тіл үшін күрес ешқашан тоқтамайды, соны әсте естен шығармауға 
тиіспіз.
– Әңгімеңізге рахмет.
«Егемен Қазақстан», 2011, 16 қараша.. 
(Сұхбаттасқан Қ. Ескендір)

жүктеу 2,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   196




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау