Мемлекеттік тілге өзге ұлт өкілдернің көзқарасы қандай?
Әдетте, біз
мемлекеттік тілге орыс тілінің таласы бар деп, барлық дау-дамайды осы тіл
төңірегінен іздейтініміз рас. Ал, біздегі 130-ға тарта тіл өкілдері бұл жөнінде
не ойлайды? Әрине, олардың ең алдымен ойлайтыны өз мүддесі. Мемлекеттік
тілдің көсегесін көгертейін деп жүргендерді біз сирек кездестіреміз. Бір
ғажабы, олардың қай-қайсысы болмасын, Қазақстанда жүріп өз тілін
«дамытқысы» келеді. Бұл сөзсіз, ізгі ниет. Бірақ, Қазақстанда мемлекеттік
тілдің көсегесі көгермей тұрып, ешбір басқа тілдің өз бетінше өркендей
алмайтынын және олар өз топырағында ғана мәселен, орыс тілінің – өз отаны
Ресейде, неміс тілінің – өз отаны Германияда, корей тілінің – Кореяда, еврей
тілінің – Израильда өркендей алатынын бұл ағайындардың түсінбеуін түсіну
қиын. Бұл не, тоңмойындық па, бақталастық па, жоқ, әлде, тілден «ілгішек»
тауып, ұлтара наразылығын тудыратын солақай саясаткерлік пе?
Бір қызығы, қазақтың елі де жақсы, жері де жақсы, тіпті өзі де жақсы,
бірақ бұларға қазақ тілінің керегі жоқ сияқты. «Халықтың өзін сыйлау
үшін оның сөзін сыйла», «Ділін білу үшін оның тілін біл» деген нақыл бұл
жерлестеріміздің көбінің әзір құлағына кірмей жатыр. Шынайы достық
халықтың тілін, ділін білуден басталады емес пе?
«Демократия» дейтін көрпені бұл жерлестеріміздің әрқайсысы өзіне
қарай тарта бермей, ең алдымен мемлекеттік тілге деген қамқорлығын
танытқаны жөн болар еді.
Кейбір саясаткерлер (әсіресе, ресейліктер)
«орыс тілділер»
дейтін
терминді шығарып, Қазақстан жұртшылығын іштей жіктеп, тілді білу-
білмеуге қарап топтастыру арқылы сүттей ұйып отырған көп ұлтты, біртұтас
республика жұртшылығына іріткі салып отырғаны да белгілі. Бұл кімге, не
үшін керек болып отырған құйтырқы саясат екенін шамалауға болады. Ең
бастысы, бұл тәуелсіз еліміздің тілдік тұтастығына нұқсан келтіретін өте
тиімсіз пиғыл.
Ал көрші түркі тілдес халықтар өмірін алып қарасақ, оларда бір-бірінен
алшақтай түсу жағдайы қалыптасқан. Олардың тілдік тұрғыдағы болмысы
да бірдей емес. Мәселен, Өзбекстанда орыс тіліне байланысты проблема жоқ
десе де болады. Әзірбайжанда бұл мәселе басқашалау бағыт алған. Татар,
башқұрт, түрікмен, қырғыздарда бұл жағдай бөлек-бөлек көрініс тапқан.
Мәселен, түрікмендер мен қырғыздар орыс тілінен келетін «қорқыныш жоқ»
деп сенгендіктен бе, әйтеуір оны екінші мемлекеттік тіл етіп жариялап отыр.
Бұл не, саясат па, әлде басқа бір тәсіл ме, олар мұны ашып айтқан емес.
110
Бұлардың бірде-бірі Қазақстан үшін үлгі бола алмайды. Өйткені,
біздегі тіл жағдайы бұлардан мүлдем басқаша қалыптасқан. Яғни
саяси, мәдени, тарихи-әлеуметтік даму жолымызда біраз өзгешелік
бар. Мұны есепке алып отырмаса болмайды. Демек, Қазақстандағы
тіл проблемасы тамыры тереңде жатқан, «батпандап кіріп, мысқалдап
шығатын» ескі ауру сияқты күрделі құбылыс. Артық-кем айтылып
жатқан пікірлердің біразы кейде осыны түсінбеуге де байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |