431
емес. Құзырындағы халықтардың жазуын өзгерту әрбір мемлекеттің
ішкі ісі екендігі де бізге белгілі. Ол сол елдің заңына, ұлттық дәстүріне
байланысты. Мәселен, Қытай Халық Республикасының «Негізгі
заңының» 4-тармағында: «Ұлттардың барлығына да өздерінің тіл-жазуын
қолдану және дамыту еркіндігі беріледі» деп көрсетілген екен. Демек, 20
жылдай пайдаланып келген латын жазуына қайта оралу, оралмау ҚХР
құзырындағы миллионнан астам қазақ туыстарымыздың өздеріне ғана
байланысты ма деп ойлаймыз.
8. Жер жүзі өркениетті елдердің барлығы өздерінің жазу мәдениетін
компьютер техникасы арқылы дамытып отырған бүгінгі таңда мұндай
болашағы зор мүмкіншіліктен біздің де толық пайдалануымыз керек.
Ал
бұл техниканың тетігі латын жазуында екені айдый әлемге белгілі.
Сондықтан да латынды қабылдау деген сөз – болашақпен санасу.
9. Латын әліппесіне көшудің нақты жолдары мен әліппенің өзі
туралы да жұрт білгісі келеді.
Біріншіден, бұл мәселе үкімет тарапынан ресми шешілуі қажет және
жаңа әліппеге
көшу жан-жақты дайындықтан соң, біртіндеп (этаппен)
және бірнеше жылдың ішінде арнайы бағдарлама бойынша жүзеге
асырылуы тиіс.
Екіншіден, қазақтар да, басқа түрк туыстарымыз сияқты, ұлттық
жазуын – «Қазақ әліппесін» – Анкара конференциясында қабылданып,
Англиядағы жер жүзі түркі халықтарының Құрылтайында бірауыздан
бекітілген жобадағы 34 әріптен тұратын латын
әліппесінің негізінде өз
тілінің ерекшеліктеріне сай етіп түзуге тиісті. Негізінен, «бір дыбысқа – бір
таңба» деген принцип бойынша қазақ тілі үшін алынатын әріп-таңбалардың
саны мамандар тарапынан айқындалуға тиіс. Бірақ әріптердің жалпы саны
34-тен аспауы керек те, түр-тұлғасы өзгермеуі керек. Қазақ тілінің өзіне
ғана тән фонемаларды таңбалайтын әріптерден басқа шетел сөздерінде
кездесетін графемаларды Қазақ әліппесінде алу,
алмау немесе оларды
қосарлы таңбалар арқылы беру мәселесі де арнайы комиссияда шешілгені
жөн.
Латын әліппесінің осы ерекшеліктерін ескере отырып, біз жоғарыда
келтірілген түрк тілдеріне ортақ 34 әріптен тұратын әліппеден қазақ тілі
үшін мына төмендегі 28 таңбаны ұсынамыз:
Aa, Bb, Dd, Ee, Әә, Gg, Ii, Jj,Kk,Qq, Ll, Mm, Nn, Oo, Pp, Rr, Ss, Tt, Uu,
Ww, Yy, Zz
Бұл әріптердің ішінен екеуін – (Әә) мен taw, jaw, suw, buw, puw, juwan,
duwman сияқты сөздерде кездесетін дауыссыз (Ww)-ның қазақ тілі үшін
432
қажеттігін дәлелдеп, әліппе жобасына енгізсек те, дәл осы принцип бойынша
(Оо)-ні, (Өө) түрінде қабыладата алмаған едік. Бұл тәрізді мәселелерді,
сондай-ақ алфавит тәртібін анықтай түсуге комиссияның мүмкіншілігі
болар деп ойлаймыз.
Ортақ латын әліппесі жобасының толық кестесі мен болашақ «Қазақ
әліппесімен» жазылған хат үлгісі ретінде ұлы ақын Мағжан Жұмабаевтың
екі шумақ өлеңі хат соңында келтірілді.
10.
Кез-келген әліппенің тағдыры, тілде атқаратын қызметі, сайып
келгенде, жазу емлесіне тікелей қатысты. Сондықтан да қазақ тілі үшін
латын әліппесін қабылдаумен қатар, бұл мезгілде оның емле ережелерін
де дайындау қажет. Өйткені,
әліппенің жаны, өмірі, барлық мүмкіншілігі
тек емле арқылы ғана айқындалады. Латын әліппесінің басты бір қасиеті
емленің дыбыстық (фонетикалық) принципіне сай және сөйлеу тіліміздің
өзіндік ерекшеліктерін толығырақ бере алуында. Бұл да ескерілетін маңызды
мәселе.
Құрметті президент мырза!
Қорыта келгенде айтарымыз – бірнеше ұсыныс:
1. Терезесі тең тәуелсіз мемлекеттер қатарында, қоғамдағы прогрессивті
үрдісті, замана талабын және тілдің өз қажеттігін ескере отырып, қазақ
мемлекеттік ұлттық жазуына негіз етіп латын әліппесін қабылдауға ұйғарым
шығарсаңыз.
2. Мемлекеттік, саяси-әлеуметтік, ғылыми-практикалық
маңызы зор
бұл мәселені өз дәрежесінде және дұрыс шешу үшін бұл істің мәніне терең
түсінетін тәжірибелі мамандар мен парасатты зиялылардан (25-27 адамнан
тұратын) Мемлекеттік комиссия түзіп, ол белгілі мерзім ішінде ҚР Жоғарғы
Кеңесіне өз ұсыныстарын тапсыратын болса.
3. Латын әліппесі негізіндегі қазақ жазуының жобасымен қатар
оның емле ережелерінің жобасы да жасалып, олар бойынша кең
түрде пікір алысу үшін Мемлекеттік комиссия тарапынан баспа
беттерінде жарияланса.
4. Латын әліппесі негізіндегі қабылданатын жазу мен емлені
біртіндеп, жоспарлы түрде жүзеге
асыру мақсатымен көп жылдық
бағдарлама жасалынатын болса.
Magjan Jumabayuli
Qazaq tili
Erlik, eldik, birlik, qayrat, bag, ardin,
Jawiz taqdir joidi bәrin ne bardin.
Altin kunnen bagasiz bir belgi bop,
433
Nurli juldiz, BABAM TILI, sen qaldin.
Jariq hөrmey jatsan da uzaq, ken-tilim,
Taza, teren, өtkir kusti ken tilim;
Tarap ketken balalarindi bauirina
Aq qolinmen tarta alarsin sen tilim!
«Ана тілі», 30 желтоқсан 1993 ж.
Достарыңызбен бөлісу: