РЕФЕРАТ
Оқу мекемесі;Авиценна жоғарғы медициналық колледжі
Тақырып: Қабылдау, түйсік, ес, назар, интелект
Орындаған : Қойшыбаев Ермек Арманұлы Л-201
Тексеруші: Айдос Адилулы
Жоспар:
1)Ұмыту және оның түрлері
2)Интеллект
3)Зейіннің негізгі түрлері
4)Түйсіктің бұзылыстары
1)Ұмыту дегеніміз — қабылдағанды, есте қалдырғандарды қажет болған кезде еске түсіре алмау, танымау немесе еске түсіру мен танудың қателесіп жаңылысуы. Ұмыту жүйке қызметінің күйіне байланысты. Жүйке жүйесі әбден шаршағанда не ауруға ұшырағанда, адамда ұмытшақтық басым болады. Ұмыту қабылданған материалдардың нашарлығына да байланысты. Жүйке жүйесінің нашарлауына орай ұмытшақтық қартайған адамдарда жиі кездесе береді. Мысалы, әлемге әйгілі табиғат зерттеушісі, ғалым Карл Линней әбден қартайғанда өзінің 40-50 жыл бұрын жазған шығармаларын оқып отырып: "Шіркін-ай, мен осындай шығарманың авторы болсам, — деп таңырқапты. Ұмыту ес үрдісі ретінде бұрынғы әсерлерді және оларды қайта бейнелеу мүмкіндіктерін жоғалтумен байланысты. Адамның ішіп жүрген кезінде ұмытқандары бір кезде жаңғырып, еске түсуі мүмкін. Уақытша ұмытуды сақтық тежелуді атайды. Ұмыту — жүйкедегі тежелу үрдісінің дамуы. Адамның бұрынғы істеген қызметі қазіргі есте сақтау жұмысына бөгет болса, оны проактивтік тежелу, ал бұрыннан есінде сақталған материалына кейінгі қызметтері бөгет болса, ретроактивтік тежелу дейді.Мысалы, мұндай жайттар мағынасы бір-біріне жақын материалдарды үйренуде жиі кездеседі. Оқу-тәрбие істерінде, әсіресе, сабақ кестесін жасауда осы мәселені айрықша ескеру қажет, яғни бір тектес пәндер мен түсінігі жеңіл, күрделі болып келетін пәндерді араластырып отырған жөн. Ұмытуды алғаш рет Г. Эббингауз зерттеп (1885), мағынасыз вербалдық материалдың жадта сақталуының уақытқа тәуелділігін эксперименттік тұрғыда анықтады. Бұдан кейінгі зерттеулер ұмыту қарқынының есте сақталатын материалдың көлеміне, оның мазмұны мен ұғынылу дәрежесіне, есте сақталатын және интерференттелетін материалдың ұқсастығына, есте сақталатын материалдың мәнділік дәрежесі мен оның субъектісінің қарекетіне қамтылатындығына және т.б. байланысты. Қайсыбір материалды еске түсірудің мүмкін еместігі оның мүлдем ұмытылғандығын білдірмейді: материалдың нақты нысаны ұмытылады, бірақ оның субъект үшін мәнді мазмұны сапалық өзгерістерге ұшырап, субъектінің тәжірибесіне қосылады. Интерференциялық теорияларға сәйкес, ұмыту проактивтік және ретроактивтік интерференцияның ықпалымен жад ізінің өшірілуінің салдары болып табылады. Р. Аткинсон бойынша ұзақ мерзімдік жад мәңгі, ал ұмыту былайша болады: еске түсірудің кілті сынама ақпарат болып табылады, осының арқасында ұзақ мерзімдік жадтың қоймасында тиісті іздеу жинағының белсенділігі күшейеді: сынама ақпараттың лайықты таңдалмауы және одан кейінгі сәтсіз қайта жаңғырту ұмытуға әкеп соғады. Бірақ бұл теория да осал, өйткені ұмытудың барлық феномендерін түсіндірмейді. Қазіргі уақытта жадтың ұмыту феноменін түсіндіретін психологиялық теориясының жасалу келешегі дәстүрлі іздер доктринасымен байланысты емес, жад туралы осы сөздің өз мағынасындағы іс-әрекет ретіндегі түсінікпен байланысты
2)Интеллект (лат. іntellectus — таным, ұғыну, аңдау) — жеке тұлғаның ақыл-ой қабілеті. Ақыл-ой сезімі адамның таным әрекетімен байланысты.
Алғашында бұл термин адам психикасының орынды ойлау функцияларын белгілесе, казіргі кезде оған барлық танымдық үрдістер кіреді. Интеллект - адамның болмысты тануының негізгі нысаны. Интеллект - ақпаратты мақсатты бағытта қайта өңдеуге, реттеуге, оқуға қабілеттіліктің күрделі жүйелерінің танымдық іс-әрекеті. Интеллект функциялары:
оқуға деген қабілеттілік;
қоршаған болмысының заңдылықтарын белсенді меңгеруге қабілеттілік. Бірқатар психологиялық тұжырымдамаларда интеллект ақыл-ой операцияларының жүйесімен теңестірледі.
Теориялық және практикалық Интеллект жеке адамның эмоциялық- еріктік ерекшеліктерімен байланысты. Интеллект түрлері:
абстрактылы интеллект,
ересектер зияты,
нақты интеллект,
кристалданғая интеллект,
қарапайым интеллект,
жануарлардың зияты,
жасанды интеллект.
Интеллектті диагностикалау интеллект коэффициентімен жүргізіледі
3)Зейіннің түрлері – адамдардың зейіні ырықты, ырықсыз және үйреншікті болып үшке бөлінеді. Сыртқы дүниенің кез келген объектілері кейде ырықсыз-ақ біздің назарымызды өзіне тартады. Мәселен, көшемен кетіп бара жатқан адамның бояулы афишаға көзі түссе, оған мойнын бұрады не милиционердің ысқырығына жалт қарайды т.б. Адам өмірінде ырықсыз зейін елеулі орын алады. Зейіннің бұл түрі әсіресе жас балаларда жиі кездеседі. Өйткені балалық дәуірде адамның күрделі іс-әрекетке (оқу, еңбек т.б.) белгілі жүйеге келе қоймайды да осының нәтижесінде оның психикасы өте нәзік, түрлі сыртқы әсерге берілгіш келеді. Әрине,бұдан бала есейген соң, оның ырықсыз зейіні маңызын жояды деген қорытынды тумау қажет. Адам өмірінің барлық кезеңдерінде ырықсыз зейін тиісінше орын алып отырады. Қызығу – ырықсыз зейіннің бұлағы. Өйткені қызықты іске көңіліміз тез ауады. Мәселен, қызықты кітап оқуға ырықсыз зейін жеткілікті. Ал қызықсыз кітапты оқу – ырықты зейінді керек етеді. Ырықты зейінде қызығу орын алуы тиіс. Бірақ ырықты зейін де жанама, дәнекерлі қызығуды керек етеді. Мұнда адам істен шығатын нәтижеге қызығады, оны орындау үшін күш жұмсайды. Өйтпесе іс өнбейді, күткен нәтиже шықпайды.
Ырықсыз зейін физиологиялық тұрғыдан барлау (ориентировочный) рефлексінің жемісі болып табылады. Зейіннің бұл түрі жануарлар мен адамдардың сыртқы ортамен байланысында үлкен рөл атқарады. Ырықсыз зейін кез келген тітіркендіргіш арқылы пайда бола бермейді. Ырықсыз зейіннің көрінуіне төмендегі жағдайлар себеп болады:
а) күшті тітіркендіргіштер (көзді аштырмайтын жарық, қанық бояулы заттар, қатты дауыс, мұрын жаратын иіс т.б.), заттар мен құбылыстардың жаңалығы мен қозғалысы (мәселен, адамның үстіндегі киімінің өзгеруі, дыбыстың, жарықтың артуы не кемуі т.б.).
ә) адамның сыртқы дүниедегі объектілерге қатынас жасауының дәрежесі (қызығу, қажетсіну, көңіл күйінің хош болуы) ырықсыз зейіннің тууына жақсы әсер етеді.
Адамның ырықты зейіні әрекетті саналы түрде белгілі ерік күшін жұмсау арқылы орындалуынан көрінеді. Ырықты зейінде белгілі бір мақсат көздеп, объектіге ерекше зер алып отыру көзделеді, ол жұмыстың басынан аяғына дейін ерік-жігерді сарқа жұмсауды талап етеді. Ырықты зейін мынандай ерекшеліктермен сипатталады;
Қандай болмасын бір әрекеттің талабына сай зейініңді бағындыра алу үшін іс-әрекетке тікелей кірісу қажет.
Үйреншікті жұмыс жағдайын жасап алып, алаңдататын нәрселерден бойды аулақтатқан жөн.
Орындалатын істің мәнісін, маңызын түсіну үшін білімге шын ықыласпен берілген дұрыс.
Түрлі қолайсыз жағдайларда да жұмыс істеуге машықтану. Мәселен, көңілді алаң қылатын бөгде тітіркендіргіштердің (айқай-шу, тарсыл-гүрсілдер де) әсеріне берілмей жұмыс істей беру. Бұл зейінді шынықтырудың, оны мықты және шыдамды етіп тәрбиелеудің ең жақсы жолы болып табылады. Зейінді болуды өзіңе үнемі ескертіп отыру керек. Бір сөзбен айтқанда, ырықты зейін деп іс-әрекетті жоспарлы түрде [[ұйымдастыруды айтады. Зейіннің екі түрі де бір-бірінен ешқашан қалмай ілесіп отырады. Ырықты зейін ырықсызға, ырықсыз зейін ырықтыға қарай жиі алмасады. Шындығында, адамның үнемі ырықты зейін жағдайында болуы мүмкін де емес. Оқушы алғашқыда жай қызыққан нәрсесіне тікелей зейінін аударады, ал содан кейін сабақтың мақсатына қарай тікелей қызық емес басқа материалдарға да зейін қояды. Алғашқы уақытта қызықсыз болып көрінген сабақ кейін балаға түсінікті бола бастайды. Бұл кезде оның ырықсыз зейіні сыртқа теуіп, ырықты зейінінің пайда бола батстағаны. Зейіннің үйреншікті деп аталатын түрі де бар. Үйреншікті зейін – адамға табиғи сіңісіп кеткен, арнайы күш жұмсамай-ақ орындалатын зейін. Мәселен, бала оқуға төселсе, бұл оның тұрақты әдетіне айналса, оның зейіні де үйреншікті бола бастайды. Қандай нәрсеге болса да үйреніп, жаттығып алған соң, адамның іс-әрекеті дағдысына айналады. Үйреншікті зейіннің де табиғаты осыған ұқсас. Өйткені үйреншікті зейін ырықты зейіннен дамып қалыптасады. Зейіннің қай түрі болмасын іс-әрекеттен нәтиже шығаруға бағытталады. Егер адам жұмысқа өздігінен беріліп істесе ырықсыз зейіні көрінеді. Бірақ ұзақ жұмысты тікелей қызығып істей беру де оңай емес. Мұндай жағдайда ырықты зейінге орын беріледі. Ылғи ырықты зейінмен жұмыс істеу де адамды қажытып шаршатады. Сондықтан адам жұмысты зейіннің осы екі түрін қатынастыра отырып, үйреншікті зейінмен істеуді әдетке айналдыруы қажет.
4)Түйсіктің бұзылуы
Түйсіктің бұзылу түрлері
Гиперестезия
(жоғары сезгіштік)
Гипестезия
(төмен сезгіштік)
Анестезия
(сезгіштіктің болмауы)
Парастезия
(күю, шаншу, тарту және т.б)
Тері қышымасы
Түйсіктің бұзылуының алғашқы ауруларына тері қышымасын жатқызуға болады. Ол науқастың психикасына жағымсыз әсер етеді: тітіркенгіштік, төзбестік, кекшілдік және долдаланғыштық пайда болады. Мұндай науқастар төзімді және байыпты қарым-қатынасқа мұқтаж.
Сеннестопатия
Науқастар ұнамсыз, жаны қиналатын түйсіктерді, денесінің ішіне қарай тартылуы, қысылып және керілуі, домалану және дірілдету, бұрғылау, сорып алу сияқты ұнамсыз түйсіктер сынынан өтеді.
Түйсік ішінде ең бір ауыр зардаптарды ауыру немесе ауырсыну әкеледі. Ауырудың қалыптасуына қыртыс, сонымен қатар, қыртыс аралық ісік-өкпелер қатысады. Өте қатты ауырғанда ол адамның сезімі мен ойын түгелдей иеленіп алуы мүмкін. Ауыру ұйқысының бұзылуына, әртүрлі невротикалық реакцияға соқтырылуы мүмкін
Түйсік ішінде ең бір ауыр зардаптарды ауыру немесе ауырсыну әкеледі. Ауырудың қалыптасуына қыртыс, сонымен қатар, қыртыс аралық ісік-өкпелер қатысады. Өте қатты ауырғанда ол адамның сезімі мен ойын түгелдей иеленіп алуы мүмкін. Ауыру ұйқысының бұзылуына, әртүрлі невротикалық реакцияға соқтырылуы мүмкін
Медицина қызметкерлерінің тактикасы
Қатты аурудан зардап шегетін науқастарға жақсы ілтипат пен қамқорлық керек. Ауыру басқа бұзылуларға қарағанда науқасқа қатты әсер етеді. Қазіргі таңда аурудың бетін қайтаратын дәрі-дәрмектер, анальгетиктер өте көп. Егер де мейірбике қатты ауыру кезінде дәрігер тағайындаған затты беруіне нұсқауы болмаса, онда ол кезекші дәрігерді шақырып, онымен аурудың бетін қайтаратын мәселені шешуге тырысып, науқастың жағдайына көп көңіл бөлуі тиіс
Қабылдаудың бұзылуы
Қабылдаудың бұзылуының негізгі себептері:
-кейбір патологиялық күйлерде;
-психикалық және жүйкелік ауру кезінде;
-Дәрі-дәрмектен уланғанда;
-Есірткіге құмарлық кезінде бұзылуы мүмкін.
Қабылдау бұзылыстары 3-ке бөлінеді:
Иллюзия;
Галлюциянация;
Агнозия.
Иллюзия. Иллюзияның пайда болуы
Иллюзияның пайда болуы- нақты объектінің қате, бұрмаланған қабылдауы, басқаша айтқанда объектіні қате қабылдау. Иллюзия сезім органдарына тікелей әсер етеді, яғни иллюзия 5-ке бөлінеді
-Көру;
-Есту;
-Дәм сезу;
-Иіс сезу;
-Сипап сезу.
Мысал ретінде: көзі көрмейтін адамның көру иллюзиясы немесе қараңғыны жарықпен шатастыру, саңылау адамның есту иллюзиясы алсақ болады. Яғни науқас өзіне жеткіліксіз ақпаратты елестету арқылы толтырады.
Науқас адам қатты шаршап иллюзияға ұшыраса, күрделі иллюзия болып саналады. Ал, егер невротикалық бұзылулары бар науқас ауырса, онда біз бұл иллюзия түрін парэйдолия деп атаймыз. Бұл аурудың белгісі: науқас суреттерден, оюлардан қорқынышты бейнелерді елестетіп, айналасына күдікпен қарайды. Емдеу жолы: науқастың шағымына зер салып тыңдап, оның айтқандарын жоққа шығармай, дәрігердің нұсқамасын алу қажет. Олай болмағанда, иллюзия асқынып галлюциянацияға алып келуі мүмкін.
Галлюцинациялар- объектісі жоқ қабылдаулар. Психикалық аурулар салдарынан пайда болуы мүмкін. Мезгілге қарай мінезі, сезімі өзгеріп отырады. Галлюцинацияның кезінде науқас жоқ дыбыстарды естіп, жоқ адамдар мен бейнелерді көреді. Иллюзия секілді сезім мүшелеріне бөлінеді.
Күрделі таным процестерінің бұзылуы-агнозия деп аталады. Мысалы: заттық агнозия кезінде науқастар құмыраның суретін сала алмайды. Есту агнозиясы кезінде қағаздың сылдыры, жақындаған пойыздың шуы естілуі мүмкін. Агнозияның түрлері: -көру агнозиясы; -есту агнозиясы; -жанасу агнозиясы астеренез; -заттық агнозия; Агнозияның негізгі шығу себебі: -тамырлық аурулар; -ісік аурулары; -жарақат; -бас ми қыртысының зақымдануы кезінде пайда болады.
Қабылдауды зерттеу: -Кестелер мен суреттер; -науқаспен сөйлесу арқылы алайда, кейбір науқастар өз шағымдарын білдіргісі келмейді. Ондай жағдайда айналасындағы адамдармен сөйлескен кездегі әңгімесін тыңдап, мінез-құлқын бақылау арқылы шағымдарын жинау керек.
Достарыңызбен бөлісу: |