452
санасын ояту керек де ген мәселе қойып Қазақ мемлекеттік халықаралық
қоғамы ел-жұрт, ата-аналар арасында көп жұмыстар жүргізді.
Қазақ
балабақшалары мен мектептері көптеп ашылды. Енді оянған сол сана
қайта қалғып бара жатқан сияқты. Тіл мәселесімен тұрақты шұғылданып
келеміз. «Біз ұрлық жасағанда ай жарық болды» дегендей, біздің жағдайға
экономиканың қиындығы тап келіп отыр. Қазір қазақ мектептері қайта
жабылып жатыр, өйткені онда жағдай жоқ. Дегенмен де «Ауызды қу шөппен
сүрте беруге болмайды» ғой, соңғы 4-5 жылдың жұмысы біраз нәтиже
берді. Халқымыздың
санасын бір оятуын ояттық, қайта қалғыса өзіне
байланысты. Экономикалық қиындыққа шыдамдылық танытуымыз керек.
Бір-ақ талап – бостандық. Сол бостандық бізге келді. Осы бостандықты
мемлекеттік рәміздің бірі ұлттық тілді сақтамасаң егемен мемлекет
болмайды. Бүгінгі ұрпақ ана тілін ұмыта бастады. Өзімізге байланысты
дейтінім осы. Бастықтар бәрі дұрыс-ақ деп қолдап-қолпаштағанымен соған
нақтылы жәрдем бермейді. Ал шет ел жұлдыздарын шақырып,
концерт
беруге миллиондаған ақша табады. Біздің жұмыс істеуімізге соның оннан
бірінің өзі жетіп жатыр. Бойымызда ұлттық намыс пен сезіміміз жоғары
болуы тиіс деп ойлаймын.
– Жаңа бір сөзіңізде барлығы өзімізге байланысты дедіңіз. Сөзбұйдаға
салып, проблема туындата бермей бұл мәселенің шешімін табуға болмас
па? Неге батыл қадамдар жасамасқа?
– Бізге ол дәрежеге жетуге әлі ерте, өйткені, орыстың ықпалы әлі де
күшті. Ұлттық сезімнің ар жағында ұлттық демография тұру керек. Он
адамның 8-і өзбек, 2-уі орыс болса, әрине өзбектің билігі жүреді. Ал 5-уі
орыс, 5-уі казақ болса жағдай басқаша қалыптасады. Қазақтың психологиясы
түрлі-түрлі. Мәселен, Өзбекстан қазақтарының психологиясы бір басқа да,
Қытай қазақтарының психологиясы екінші түрлі. Біртұтас боламыз деген
үш қазақтың біреуі сыртта жүр. Сондықтан тарыдай шашылып жүрген
бүкіл қазақтың басын қосып, бір мәмілеге келтіру оңай шаруа емес.
– Біздің газетіміз жайлы ой-пікіріңіз қандай, нендей мәселелермен
тереңірек шұғылданғанын қалар едіңіз? Жалпы газет өзінің бағытын,
бағдарын айқындай алған ба?
– Латынға көшу идеясын қолдап отырған қырым татарлары, башқұрттар
мен гагауыздар да жаңа әліпбиге көшетін сыңайы бар. Мен айтып отырған
латыншаға өту проблемасына байланысты осылардың басын қосатын
мақалалар газет бетінде жиі жарияланып отырса. Оянудың, жаңғырудың,
жаңаланудың түркі дүниесіне тән бір мақсаты – латыншаға көшу. Екінші,
жақындасып бір-бірімізді түсіну үшін ортақ тіл болғаннан кейін оны жілік-
453
жілікке бөлмей-ақ бір-бірімізді тұтас оқитындай жағдайды жасауымыз
керек. Ол үшін түркі халықтарының ғалымдары жиі-жиі бас қосып,
ақылдасып кеңесіп тұруы тиіс. Мәселен,
биылғы басқосу Қазақстанда
өтсе, келер жыл Өзбекстанда өткізілсе деген сияқты. Түркі халықтарының
бірлігін, болашағын ойлайтын болсақ, ортақ әліпбиді қабылдауымыз
қажет. Ертеңгі күні комиссия құрылып, қаулы қабылданар болса, бірінші
кезектегі мәселе ақылдасып, кеңесіп шешу болуы керек. Ал «ZAMAN-
ҚАЗАҚСТАН» газетінің бір мақсаты – осындай игілікті істерге мұрындық
болып, басқосуларға мүмкіншілік жасаса. Латыншаға көшу проблемасына
жекеайдар ашылып, туысқан халықтар түркологтарының
мақалалары
ұйымдастырылып, жүйелі түрде беріліп отырса деген тілегім бар.
Әңгімелескен К.Нақыпова
«ZAMAN-ҚАЗАҚСТАН» 26 қаңтар 1996
Достарыңызбен бөлісу: