2-китап indd


Айта беретін «сауатсыздықтың» сыры, біле білсек, осында болды



жүктеу 2,63 Mb.
Pdf просмотр
бет170/196
Дата20.10.2023
өлшемі2,63 Mb.
#43915
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   196
68840cb3f30ffba49b4a0b6e74baf6a5

Айта беретін «сауатсыздықтың» сыры, біле білсек, осында болды. 
Ал одан кейінгі жарты ғасырда сауаттанған ұрпақ пен сауатын латынмен 
ашатын жас ұрпақтың саналы түрде, үлкен дайындықпен өткізілетін жазу 
реформасынан «сауатсыз болып қаламыз-ау» деп қорқуының еш жөні жоқ. 
Бүгінде кирилл жазуымен сауаттанған жұрт өз өмірін өз өмірінің аяғына 
дейін оны толық пайдаланып өтетініне дау жоқ. Ал латын әліппесін үйрену 
оларға ешбір қиындыққа түспейді. Мәселен, латынды бұрын оқығандар мен 


429
шет тілі арқылы үйренгендер үшін оның оқу мен жазуын меңгеру, шындап 
кіріссе, бас-аяғы екі-үш сағаттан екі-үш күнге ғана созылуы мүмкін.
Екіншіден, шынында да, жазуымызды бірінен кейін бірін 
ауыстыруымыздан рухани мәдениетіміздің біршама тоқырағаны рас. 
Бірақ ұтылғанымыздан ұтқанымыз көбірек сияқты. Елу жылдық жазба 
мәдениетіміз соның кепілі. Соның өзінде де жоғалттық деп жүргеніміздің 
бірі болмаса да, көбісі-ақ қалпына келген тәрізді: кейінгі ұрпақ жөнді оқи 
алмай жүрген араб, латын жазуларындағы көпшілік қолды шығармалар 
негізінен кирилге қотарылып болған көрінеді. Бұл әрине, басы артық 
шығын. Дегенмен, қажеттілік одан да артық қой. Әйтпесе, Қытайдың 
Шинжаңындағы қазақ туыстарымыз бізде шыққан том-том кітаптарды 
арабшаға қотарып, басып шығарар ма еді?
Үшіншіден, латын жазуы сөз бола бастағаннан бері (бұрын ондай 
әңгіме көп болмайтын) онымен бір кезде Ахмет Байтұрсынұлы реттеп
жеңілдеткен арабтың төте жазуын таластырушылар да табылып жатыр. Егер 
бүгінгі жазу мәселесі тек қана қазақ тіліне байланысты болса, мүмкін, бұл 
ұсыныстың салмағы басқашалау болар еді. 
Бүгінде мәселенің қойылуы 
мүлдем өзгеше, әйтеуір жазу өзгерту емес, бүкіл түрк қауымдастығын 
жақындата түсетін ортақ жазуды сайлау керек боып отыр ғой. 
Ал түрк 
әлеміндегі араб жазуының мәні мен дәстүріне келсек, онда түрк, өзбек, 
әзірбайжан, татар,түрікпен халықтарының алдына түсу бізге қиын болар 
еді. Олардың ғасырлық жазба дәстүрі араб жазуына байланысты. Соның 
өзінде де бұл халықтар латын жазуын таңдап алып отырған жоқ па? Осы 
арада бір нәрсенің басын ашып кеткен жөн ғой деп ойлаймыз. Бүгінде 
қазаққа «араб жазуын үйренбе» деп жүрген адам жоқ. Әрбір сауатты адам 
ол жазуды білгені жөн. Біз де жастарды соған үгіттеудеміз. Бұл, әрине, 
басқа мәселе. 
6. Латын мәселесіне республикамыздағы этнодемографиялық 
жағдайдың да қатысы бар екені сөзсіз.
Рас, біз көптеген ұлттар мен ұлыстардың өкілдері жасайтын 
мемлекетте тұрамыз. Ұлт өкілдері мен жергілікті қазақ халқының 
сандық ара қатысы латын әліппесін қабылдап жатқан көршілес түрк 
республикалардан мүлдем басқаша. Жазу ауыстыру мәселесінің осы 
күнге дейін ресми түрде сөз болмай келуі де, міне дәл осы жағдайға 
қарайлауға байланысты екені айдан анық. 

жүктеу 2,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   196




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау