Ортақ түрк әліппесі:
Aa, Bb, Cc, Dd, Ee, Әә, Ff, Gg, Hh, Xx, Ii, Jj, Kk, Qq, Ll, Mm, Nn, Oo, Pp,
Rr, Ss, Tt, Uu, Vv, Ww, Yy, Zz
Түркия мемлекеті мен түрк ғалымдарының, мәдени қайраткерлерінің
бұл іске белсене ат салысып, мұрындық болуында да ерекше мән бар екен.
Еске салып келсек, 20-жылдары КСРО-да жасайтын түркі тілдес халықтар
мен ұлыстар латын әліппесін жоғарыдан болған үкіммен қабылдап
жатқанда, шетелдік мемлекет – Түркия ғасырлар бойы қалыптасып қалған
араб жазуын алмастырып, өз еркімен латын әліппесіне көшкен болатын.
Оның шынайы себебін кейін елбасы Мұстафа Кемал Ататүрктің өзі:
«біз латын әліппесін КСРО-дағы қалың түрк туыстарымыздан қол
үзіп, көз жазып қалмау үшін қабылдағанбыз» деп түсіндірген екен.
Ал бұрынғы Кеңес елдеріндегі түрк халықтары болса, бас-аяғы 10-15
жылдың ішінде үш түрлі (араб, латын, кирилл) әліппені алмастырып та
үлгірген болатын. Түрік халқы болса, күні бүгінге дейін сол латынменен-ақ
экономикасын да, мәдениетін де дамытып, жер жүзіндегі өркениетті елдердің
бірі болып отыр.
Міне, сондықтан да Түркия елінің түрік ғалымдары мен мәдениет
қайраткерлерінің латын әліппесіне байланысты мәселеледің бәріне белсен
араласып, жыл сайын конференциялар ұйымдастырып, әбігерленудің басты
себебі – пайда іздеу, «ағалық жасау» емес, - түрк әлемінің басын біріктіру,
достыққа, қауымдастыққа шақыру. Алайда, бұл ізгі ниетті керісінше жорып,
«ой-бай, бізді түріктендіріп жатыр», «түрік болғымыз келмейді» деп,
байбалам салушылар да арамызда жоқ емес.
Құрметі Президент мырза!
«Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні» ретінде тоқ етерін айтсақ, басқа
халықтар сияқты қазақтар да латын әліппесі негізінде өзінің ұлттық жазуын
қалыптастыруға тиісті.
Әрине, бұл мәселе жөнінде республика жұртшылығының пікірі біркелкі
емес. Бұдан бір жыл бұрын газет-журнал беттерінде пікір алысқанымызда,
біреулердің орхон, біреулердің араб, біреулердің латын, біреулердің ойлап
тапқан өз жазуын, ал енді біреулердің үйреніп қалған кирилл жазуын
қолдайтынын аңғардық. Дегенмен, пікір айтушылардың көпшілігі-ақ латын
әліппесі негізінде ұлттық жазу дәстүрін қалыптастыру жағында екенін
байқатты.
Қалай болған жағдайда да , бұл мәселені республика үкіметі мен Жоғарғы
Кеңесінің өзі шешетіні баршаға мәлім. Бірақ қандай шешім қабылданбасын,
ол замана талабына, қалың жұртшылықтың мақсат-мүддесіне сай болуы тиіс.
426
Олай болса, бұл мәселені «ойланып пішкен тон келте болмас» деген
принцип бойынша үкімет пен ел-жұрт өзара ақылдаса отырып шешкені жөн.
Осыған орай, ортаға салар ойлар, анықтай түсетін пікірлер мен жауабын
жұртқа жария етіп айтуға тиісті сұрақ-сауалдар да аз болмаса керек. Біз енді
солардың біразына тоқталып өтпекшіміз.
1.
«Жарты ғасырдай қолданыста болып, етене үйренсіп кеткен кирилл
жазуын латын әліппесімен алмастырудың қандай қажеті бар?» деген сұрақ
әрдайым бірінші қойылады.
Бұл сұраққа бір ғана сөзбен ғана үзілді-кесілді жауап беру, әрине,
оңай емес. Өйткені жазу алмастыру тек тіл саясатына ғана емес,бір
жағынан экономика мен демографиялық жағдайға да, бір жағынан
әлеуметтік, демократиялық үрдіске де, бір жағынан өркениетті ел болуға
қадам басқан халқымыздың жарқын болашағын ойлауға да байланысты
«он өлшеп бір кесуді» талап ететін нәзік те күрделі, қиын болса да,
қажеттілігі зор мәселе.
Достарыңызбен бөлісу: |