№№19-20 (251-252) 13.10.2016 ж.
4
Тәуелсіздік тірегі –тіл мен рух
22 қыркүйек - Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күні
Тәуелсіздік – азаттықтың алтын діңгегі,
өрлеудің ұлы күші.
Тәуелсіз елдің ұлы – өжет,
қызы – қайратты, халқы – қаһарман.
Ә.Нұршайықов
Алтайдан Алатауға, Арқадан Жетісуға
дейін созылып жатқан дарқан қазақ
даласы өз басынан не өткермеді. Ата-
бабаларымыз ат үстінде жүріп, «Ақ білектің
күшімен, ақ найзаның ұшымен» жанын
сала қорғаған жеріміз өмірдің қызығын да
шыжығын да көп көрді.
Қанды шеңгел Шыңғыс жорығы, Жоңғар
шапқыншылығы, орыстың отаршылдығы
Қазақ жерін қанға бояп, өз еркінше илегісі
келді. Қазақтың тілі мен түрін, діні мен
ділін жойғысы келіп, небір амал-айла
қолданды.
Мәңгүрттік орнына аяусыз итермеледі.
Осындай құлма заманда халқымыз қарап
жатпады. Әр заман өзінің асыл ұлдарын
туғызды. Олар елінің бостандығы үшін
жанын сала күресті, өз өмірлерін құрбан
етті. Ер Абылай, Малайсары, Кенесары,
Наурызбай, Махамбет пен Исатай, Шоқан,
Ахмет тағы басқа ер-ұлдары халқының
елін, жерін қорғаумен, сара жол көрсетумен
өтті.
Қараңғы қазақ көгіне,
Өрмелеп шығып күн болам.
Қараңғылықтың кегіне,
Күн болмағанда, кім болам? – деп
Сұлтанмахмұт саңқылдаса, «Оян, қазақ!»-
деп Міржақып жанұшыра үн қатты. Дана
Абайдың өзі: Адасып, алжастырма, жол
таба алмай,
Берірек, түзу жолға шық, қамалмай.
Не ғылым жоқ немесе еңбек те жоқ,
Ең болмаса кеттің ғой мал баға алмай,-
деп толғанады.
Сөйткен қазақтың ақ күні, қуанар сәті
туды. 70 жыл кеңестік құрсау сыпырылып
түсті. Қаз басқан өзі жас, тарихы мол ел
өз алдына тәуелсіздік мемлекет болды.
Тәуелсіздік шамын жақты.
Тәуелсіздіктің қайта оралғаны – біздің
ата-бабаларымыз сан ғасырлық азаттық
күресінің заңды өтеуі. Ата-бабамыз
осындай байтақ жерді ақ найзаның
ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап
қалғанының арқасы. Сол жолда қисапсыз
қан да төгілді, есепсіз жан да қиылды.
Тәуелсіздіктің баянды етілгені – Қазақстан
халқының тәуелсіздікке лайықты болып
шыққанының арқасы. Арқаға түскен ауыр
жүкті қайыспай көтере білгеннің арқасы.
Бізге азаттық азаппен, арпалыспен келген,
тәуелсіздік тәуекелге түскен. Сондықтан біз
бұл ұлы ұғымдардың қадірін де, қасиетін
де білеміз, бағалаймыз.
Тәуелсіздік тарихының біздің ұрпаққа
берген, тағдырдың қазаққа берген басты
бақыты, баға жетпес дәулеті. Бүгінгі
біздің басты міндетіміз - Қазақстанның
егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы
мен дамуының негізгі бағыттарын дәл
айқындап, нақты қадамдар жасай білу.
Мәселен, «Дәмі бітпес, таусылмас тәтті бар
ма?» - деген Абай атамыздың сауалына
қайтарар жауап бар. Ол - Тәуелсіздік.
Одан биік мұрат жоқ.
Тәуелсіздік, қазағым, сенің
тамыр-тарихың,
Тәуелсіздік,қазағым,
сенің абыройың, намысың.
Иығыңда
қалқаның,
маңдайыңда
жұлдызың,
Төбеңдегі айдарың,қабағыңа біткен
айбарың.
Биылғы
жылдың
Тәуелсіздіктің
25
жылдығының
басты
мақсаты
–
жұртшылықтың
басым
бөлігінің
әлеуметтік-экономикалық
жағдайын
жақсарту. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін –
жұмыссыздықпен күресу керек.
Осы
жылдарда
мемлекетімізде
көптеген
өзгерістер
болды.
Біздің
қазағымызда тарихи жолда қызмет
атқарған
қазақ
азаматтарымыздың
аттары ұмытылып қалған еді, соларды
қайтадан рух пен даңқтарын көтерді.
Мысалға алсақ, Абылай, Қабанбай, Төле
би, Иассауи есімдері қайта оралып,
олардың атымен көше, елді мекендер
атала бастады. Сталиндік лагерьде
жазықсыз дүние салған А.Байтұрсынұлы,
М.Жұмабаев, М.Дулатов, Ә.Бөкейханов
сияқты
қайраткер,
ақын-жазушылар
атымен мектептер мен елді мекендер,
көшелер мен алаңдар атала басталды.
Елбасымыз Қазақстандағы 1986 жылғы
17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны
үшін жауапқа тартылған азаматтарды
ақтау үшін жарлық шығарды. Біздің Отан
қорғаушы Қазақ азаматтарының әр елде
өздерінің әскери борыштарын өтеуші еді,
ал бүгінде өзіміздің Қазақстанда өтеп
қайтады.
Міне, Қазақстан осы 25 жылда
тұлпарын баптап, ер-тұрманын сайлап,
атқа қонды. Демократиялық жаңғыру мен
егемендіктің аясындағы бүкіл іс-тірлігіміз
елдік пен ауызбірліктің «тұрақтылық пен
бейбітшіліктің бастауы» бола берсін деп
тілеймін. Рухы мықты елдің келешегі де
мықты болады дей келе, шығармамды
мына өлең жолымен аяқтаймын.
Биыл міне 25 жыл азат күн,
Жалғасуда елімізде ғажап күн.
Жасай берсін тыныштығы бұзылмай,
Бірлігі мен татулығы қазақтың!
Майра ТӨЛЕНОВА
Тайпақ мектеп-гимназиясының
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Ақжайық ауданы, Тайпақ ауылы
Ел мен тіл. Өз басым тіл тағдыры
мен ел тағдырын бөліп қарамаймын.
Мен үшін бұл екеуі – егіз ұғым. Адамды
мұратқа жеткізетін – ана тілі мен ата
дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті
мұрамыз, ана тіліміз – қазақ тілі. Мәңгілік
ел мұратын бағдар еткен жас та болса
жасампаз Отанымыздың ең басты рухани
құндылығы – мемлекеттік тіліміздің
өркендей беруі, өрісін кеңейтуі турасында
ой толғайықшы...
Тіл – жеке адам ойлап тапқан туынды
емес, ол барша ұлтқа ортақ, соның төл
перзенті, атадан балаға мирас болып қалып
отыратын баға жетпес мұра. Дүние жүзінде
бес мың алты жүз елу бір тілдің ішінде
жетпісінші орынға ие болған ана тіліміз,
қазақ тілі – «қазақ ұлтының жаны». Ана
тілінің күші мен құдыретін туған халқымыз
әуелден-ақ бағдарлап, сөз өнерін бар
өнердің басы деп санады. «Өнер алды-
қызыл тіл», «Тіл тас жарады, тас жармаса
бас жарады», «Түгел сөздің түбі бір, түп
атасы – Майқы би», «Тоқсан ауыз сөздің
тобықтай түйіні бар», «Аңдамай сөйлеген
ауырмай өледі», тағы басқа мақал-мәтел,
қанатты сөздерден халқымыздың орынды
сөзге қандай мән бергенін көреміз.
Әлем таныған ел болу үшін, Елбасымыз
айтпақшы дамыған 30 елдің қатарында болу
үшін тіліміздің жұлдызын биіктетуіміз керек.
Тәуелсіз елдің жас ұрпағын парасатты
да білімді, іскер де қабілетті, отансүйгіш
те ұлтжанды тұлға етіп қалыптастыруда
мемлекеттік тілдің атқаратын қызметі
орасан зор.Біздің барша ұлттық келбетіміз
бен болмысымызды, салт-санамыз бен
дініміз осы ұлттық мәдениет пен тілімізде
жатыр.
Тәуелсіздігіміздің негізгі тірегі –
мемлекеттік тіліміз.Дүние жүзінде халық
та, тіл де көп.
Ана тіліміз – қазақ тілі
еліміздің Конституциясымен Қазақстан
Республикасының
мемлекеттік
тілі
мәртебесіне ие.
Қазақ халқы ұлт болып
қалыптасқаннан бері қазақ тілі өмір сүріп
келеді. Тілдің иесі – кешегі қазақ, бүгінгі
қазақ және болашақтағы қазақ. Тілдің
ғұмыры уақыт тәрізді мәңгілік.
Тіл – таусылмайтын байлық.Қанша
тіл білсең, өзгеден соншалықты биік
деңгейдесің. Дегенмен де өзіміздің ана
тілімізді ұмытпау- басты парызымыз.
Егер әрбір қазақ ана тілінде сөйлеуге
ұмтылса,
тіліміз
әлдеқашан
Ата
Заңымыздағы мәртебесіне лайық орнын
иеленер еді. Қазақ тілі туралы айтқанда,
істі алдымен өзімізден бастауымыз керектігі
ұмыт қалады. Тағы да қайталап айтайын:
қазақ қазақпен қазақша сөйлессін. Сонда
ғана қазақ тілі барша қазақстандықтардың
жаппай қолданыс тіліне айналады. Тілге
деген көзқарас, шындап келгенде, елге
деген көзқарас екені даусыз. Сондықтан
оған бей-жай қарамайық. Қазақ тілі жаппай
қолданыс тіліне айналып, шын мәніндегі
мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілгенде,
біз елімізді «ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТІ» деп
атайтын боламыз», - деді Нұрсұлтан
Әбішұлы.
Мәңгілік
елдің
мұраты-
мемлекеттік тілдің өркендеуінде ағайын.
Самал ЖУМИНА
Қаракөл ЖОББМБ-ның қазақ тілі мен
әдебиеті пәні мұғалімі
Қаратөбе ауданы
«Тілін сүйген – елін сүйер»
Еліміздің елеулі мерекелерінің бірі - Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күні. Тіл – қандай
ұлтта, елде болмасын әрқашан қастерлі де құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады.
Тіл - әрбір елдің жаны. Бүгінде қазақ жерінде 130-дан астам ұлт өкілдері өмір сүріп келеді және олардың
әрқайсысының ана тілі мен ата дәстүрі бар. М.Горький атындағы қалалылық кітапхананың №2 филиалы
тәуелсіз елімізде өмір сүріп отырған ұлт өкілдері арасындағы достық пен бірлікті нығайту барысында
мемлекеттік тілге құрмет сезімдерін қалыптастыру мақсатында Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің
кітапханасымен біріге отырып «Тілін сүйген –
елін сүйер» тақырыбында зияткерлік сайысын
ұйымдастырды. Сайысқа колледж студенттерінен
құрылған
«Тапқырлар»
және
«Білгірлер»
топтары қатысып белсенділік көрсетті. Сайыс
мынадай кезеңдерден тұрды: «Таныстыру», «Сөз
тапқанға…», «Жедел жауап», «Өнер алды қызыл
тіл», «Бәрін білгім келеді», «Қызықты ұйқастар»,
«Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы». Әділқазылар
алқасы Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің
кітапхана меңгерушісі А.Сахметова, ұстаздары
Э.Абдрахманова, А.Тлеушова сайыскерлердің ұпай
санын есептеп, өз бағаларын берді. «М.Горький
атындағы Орал қалалық кітапхана» атынан белсене қатысқаны үшін «Тапқырлар» және «Білгірлер»
топтары алғыс хатпен марапатталды. Кітапханашы Т.Сарбаева «Тілі бірдің – тірегі бір» тақырыбындағы
кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады. Тіл – халықтың байлығы. Ол халықпен бірге жасап, бірге
дамып, мемлекет дәрежесіне көтеріліп отыр. Тілімізді сақтап дамыту – бәріміздің қасиетті міндетіміз.
Толқынай САРБАЕВА
М.Горький атындағы Орал қалалық
кітапханасының №2 филиал кітапханашысы, Орал қаласы
«Тілім менің ғасырлардан
аманат»
Қазақстан Республикасы халықтарының Тілдер күні мерекесіне
байланысты Круглоозерный ОЖББМ-де 16 - 22 қыркүйек аралығында
жоспарлы түрде ауқымды шара ұйымдастырылды.
Оқушылардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттырып, туған
тілін сүюге, оны қорғауға және қамқорлық жасауға тәрбиелеу, сонымен
қатар оқушыларды тіл мәдениетін сақтай білуге, тіл тазалығы үшін
күресуге, сөз өнеріне баулу мақсатында бастауыш, орта буын, жоғары
сынып оқушылары арасында мәнерлеп оқу байқауы, шығармалар
сайысы оздырылды.
Мектеп кітапханасында «Ана тілім – айбыным» атты тақырыптық
көрме ұйымдастырылып, онда қоғам қайраткерлерінің тіл туралы
нақыл сөздері, мақал-мәтелдер жазылған плакаттар, суреттер,
буклеттер қойылды.
«Тілім менің ғасырлардан аманат» тақырыбында өткен
интеллектуалды сайыс барысында оқушылар асыл сөздің маржанын
төгілдіріп айтып берді.
Ана тіліміздің мәртебесі асқақтай берсін! Ана тілін білу, оның
қасиетін түсіну- біздің парызымыз.Өз ұлтына деген махаббаттың,
құрмет пен ізеттің бастауы ол өз тіліңді құрметтеуден басталады,
- деп қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Айнұр Сафуанқызы
кезекті шараны қорытындылады. Бұдан әрі Тіл мерекесіне арналған
шаралар өз жалғасын таппақ.
А. АБІЛХАЙЫРОВА
Круглоозерный ОЖББМ-нің
кітапхана меңгерушісі
Мәңгілік елдің
мәңгілік тілі
Адамға екі нәрсе тірек тегі:
Бірі - тіл, бірі - ділің жүректегі.
Ж.Баласағұн