18-тақырып. Әкімшілік құқықтың пәні мен әдістері


-тақырып. Ұлттық қауіпсіздікті басқару



жүктеу 142,86 Kb.
бет13/16
Дата04.01.2022
өлшемі142,86 Kb.
#31654
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы - 458771

31-тақырып.

Ұлттық қауіпсіздікті басқару

Тапсырма: тақырыптың мәнін ашу және нормативтік құқықтық актілерге талдау жасау.

Жоспары:

Мемлекеттік құпия ұғымы және оны қамтамасыз ететін органдар.

Мемлекеттік шекара және оны қорғау.

Мемлекеттік шекара туралы ҚР заңнамасы.

Шекаралардың түрлері.

Шекараның саяси қорғанысы.

Шекараның экономикалық қорғанысы.

Шекараның санитарлық қорғанысы.

Мемлекеттік құпия – ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келмес үшін мемлекеттің әскери, экономикалық, ғылыми-техникалық, сыртқы экономикалық, сыртқы саяси, барлау, қарсы барлау және халықаралық құқықтың әлемге ортақ қағидаларына қарсы келмейтін басқа да шараларды сәтті іске асыру мақсатында таралуына шек қоятын және өз қорғауында ұстайтын мәліметтері. Мемлекеттік құпияның құрамдас бөлігі - қызметтік құпия. Ондай құпия түріне жария болуы мен жоғалуы Қазақстанның ұлттық мүддесіне, органдары мен ұйымдарының мүддесіне залал келтіретін не залал келтіруі ықтимал мәліметтер жатады. Мемлекеттік құпияға жататын мәліметтер және олар сақталатын құралдар мемлекет меншігі болып табылады. Жария болу салдарынан келтірілуі ықтимал зиян деңгейі қаншалықты болса, мәлімет те соншалықты деңгейде құпияланады. Мемлекеттік құпия саналатын мәліметтер құпиялық деңгейіне қарай аса маңызды, өте құпия, құпия болып бөлінеді. Оларды құпия күйде сақтау мерзімі қаулыда көрсетіледі. Мәліметті құпияға жатқызу тәртібі мен оларды қоршау шаралары арнайы бағдарлама, ереже арқылы жүзеге асырылады. Қазақстанда мемлекеттік құпияға қатысты қылмыстық жауапкершілік ҚР ҚК- нің 165, 166, 172, 173 баптарында белгіленген.

Мемлекеттік құпияларды қорғау органдарына:

Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын қорғау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органы;

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен оның органдары;

мемлекеттік органдар мен ұйымдар, олардың мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі құрылымдық бөлімшелері жатады.

Мемлекеттік құпияларды қорғау органдары өздеріне жүктелген міндеттерге сәйкес және өз құзыреттері шегінде мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтердің қорғалуын қамтамасыз етеді. Мемлекеттік органдар мен ұйымдарда мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтердің қорғалуын ұйымдастыру үшін жауапкершілік олардың басшыларына жүктеледі. Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшылары мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтер пайдаланылатын жұмыстардың көлеміне қарай міндеттері Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін нормативтік құқықтық актілерге сәйкес және олар жүргізетін жұмыстардың ерекшеліктерін ескере отырып, аталған басшылар белгілейтін мемлекеттік құпияларды қорғау жөнінде құрылымдық бөлімшелер құрады.

Мемлекеттік құпияларды қорғау мемлекеттік орган мен ұйымның негізгі қызметінің бір түрі болып табылады.

Мемлекеттік шекара - мемлекеттік аумақты белгілейтін шектер.

Политологиялық тұрғыда шекараны ұлттық егемендік таралатын кеңістіктің шектері ретінде түсіндіреді. Мемлекеттік шекара – белгілі бір елдің құрлықтағы немесе судағы аумағының шегін көрсететін меже.

Меже ішіне енетін әуе кеңістігі мен жер қойнауы және су түбі сол мемлекеттің аумағы болып табылады. Көршілес мемлекеттердің шекара межелері өзара келісімдер мен шарттарда белгіленеді.

Мемлекеттер арасындағы шекараны белгілеу делимитация деп аталады.

Жер бетінің құрамына қарай (тау жоталарымен, өзен арналарымен, т.б.) жүргізілген шекара сызығы орография деп аталады.

Жер бетіндегі екі белгі арасында тікелей тартылған шекара сызығы геометрия деп аталады.

Әдетте шекараны делимитациялау туралы шарттар шекара жөніндегі арнаулы келісімдерде, бітім шарттарында, мемлекеттік аумақтың белгілі бір бөлшегін екінші бір мемлекетке беру туралы, т.б. келісімдерде белгіленіп, шекара сызығын сол белгіленген жерлер бойынша нақтылы жүргізу демаркациялау деп аталады.

Ресми түрде белгіленген және бекітілген сызығын мемлекеттердің бір жақты бұзуы немесе қайта қарауы халықараралық құқыққа қайшы келеді. Мемлекеттік шекараны бойлай шекаралық белгілер орнатылады. Мемлекеттік шекараның күзетін шекаралық әскер (шекарадағы күзеттер, шекаралық қара-уылдар) жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасынан керекті құжаттарсыз және тиісті рұқсатсыз өту немесе шекаралық белгілерді заңсыз алу, жылжыту не жою қылмыстық жауапкершілікке тартылады (Қазақстан Республикасы Қазақстан Конституциясынің 330, 331-бабы). Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғалы бері көршілес мемлекеттер – Қырғыз Республикасы, Қытай Халық Республикасы және Өзбекстан Республикасымен мемлекеттік шекараны делимитациялау туралы меморандумға қол қойды.

ҚР Мемлекттік шекарасы – Қазақстан территориясындағы құрлықтың, судың, жер қойнауының және әуе кеңістігінің шегін анықтайтын түзу сызық, сол сызық арқылы өтетеін жазықтық.

1. Мемлекеттік шекараны қорғау шекаралық кеңістікте Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуден тұрады және оны Қазақстан Республикасының Үкіметі мен уәкілетті органдар өз құзыреті шегінде саяси, құқықтық, ұйымдастырушылық, экономикалық, шекаралық, әскери және өзге де шараларды қолдану жолымен жүзеге асырады.

Мемлекеттік шекараны қорғауға Қазақстан Республикасының азаматтары мен ұйымдары қатыса алады.

2. Шекаралық кеңістік шегінде Мемлекеттік шекараны қорғау мақсатында мынадай режимдер:

1) Мемлекеттік шекара режимі;

2) өткізу пункттеріндегі режим;

3) шекара режимі;

4) аумақтық сулар (теңіз) және ішкі сулар режимі;

5) континенттік қайраң режимі енгізіледі.

Мемлекеттік шекараны қорғау қағидаттары

Мыналар:


1) Мемлекеттік шекараны қорғау жөніндегі қызметті жүзеге асыру кезінде заңдылықты сақтау;

2) Қазақстан Республикасы аумағының тұтастығын, қол сұғылмаушылығын және бөлінбестігін қамтамасыз ету;

3) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сақтау;

4) жеке адамның, қоғамның және мемлекеттің Мемлекеттік шекараны қорғау кезіндегі өзара жауапкершілігі;

5) халықаралық құқық нормаларын сақтау Мемлекеттік шекараны қорғау қағидаттары болып табылады.

Мемлекеттік шекараны қорғаудың құрамдас бөлігі ретінде Мемлекеттік шекараны күзету уәкілетті органдардың Мемлекеттік шекараның өтуін өзгертуге жол бермеуден, сондай-ақ Мемлекеттік шекара режимін және өткізу пункттеріндегі режимді бұзушылықтардың алғышарттарын, белгілері мен фактілерін анықтау және олардың жолын кесу жөніндегі іс-шаралар кешенін өткізуден тұрады.

Құрлықта, аумақтық суларда (теңізде) және ішкі суларда (оның ішінде су астындағы ортада) Мемлекеттік шекараны күзетуді Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі жүзеге асырады.

Әуе кеңістігінде Мемлекеттік шекараны күзетуді Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері жүзеге асырады.

Мемлекеттік шекараны қорғау жөніндегі шаралар.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Мемлекеттік шекараны қорғау жөніндегі іс-шараларды орындау үшін осы Заңға, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес уәкілетті органдардың, ұйымдардың және азаматтардың күштері мен құралдарын тартады.

Мемлекеттік шекараны қорғау жөніндегі шаралар оның учаскелерін санаттарға бөлу ескеріле отырып қолданылады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекара туралы заңнамасы.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекара туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.

Шекара қауіпсіздігі – шекаралық кеңістікте жеке адамның, қоғамның және мемлекеттің саяси, экономикалық, ақпараттық, гуманитарлық және өзге де мүдделері қорғалуының жай-күйін білдіретін Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздігінің құрамдас бөлігі.


жүктеу 142,86 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау