18-тақырып. Әкімшілік құқықтың пәні мен әдістері


Тапсырма: тақырыптың мәнін ашу және нормативтік құқықтық актілерге талдау жасау



жүктеу 142,86 Kb.
бет12/16
Дата04.01.2022
өлшемі142,86 Kb.
#31654
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы - 458771

Тапсырма: тақырыптың мәнін ашу және нормативтік құқықтық актілерге талдау жасау.

Жоспары:

Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша өндірістің қатысушылары.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша шығарылатын қаулылар. Олардың түрлері мен орындалу тәртібі.

Әкімшілік процесс құрылымында әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша өндіріс өте маңызды элемент болып табылады.Оны өкілетті субъектілердің әкімшілік жазаны қолдану бойынша қызметі және осы кезде туындап әкімшілік құқық нормаларымен реттелген қатынастардың жиынтығы ретінде де қарастыруға да болады.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша өндірістің міндеттері:

1) әрбір істің мән – жайларын өз уақытында, жан — жақты, толық және әділетті түрде (объективті) айқындау;

2) оны заңнамамен нақты сәйкестендіре шешу;

3) шығарылған қаулының орындалуын қамтамасыз ету;

4) әкімшілік құқық бұзушылықты жасауға итермелеген, ықпал еткен себептер мен жағдайларды анықтау;құқық бұзушылықтардың алдын алу, азаматтарды заңдарды сақтау рухында тәрбиелеу, заңдылық нығайту.

Жалпы құқық қолданушылық қызмет – ұсақ бөлімдердің жиынтығынан, іс жүргізулерден, яғни іс жүргізулердің жиынтығынан тұрады.

Әкімшілік іс жүргізушілік дегеніміз – нақты жеке әікмшілік істерді қарайтын және шешетін өкілетті субъектілердің нормативті реттелген әрекеттерінің тәртібі.

Әкімшілік процеске қатысушы азаматтар процесте оның тарабы болып қатысуы мүмкін, сондай-ақ оның басқа да қатысушылары ретінде — сарапшы, куә, процестің тараптарының құқықтарын қорғаушы болып қатысуы, яғни басқа да азаматтардың, қоғамдық ұйымдардың немесе мемлекеттің (заңды өкілдер, қорғаушы, қоғам өкілдері, ұйымның әкімшілігінің өкілдері) мүдде-макқсаттарын білдіруі мүмкін.

Процесте толық қанды субъектісі болып қатысу үшін азаматтың әкімшілік құқық қабілеттілігімен тығыз байланысты әкімшілік процессуалдық құқық қабілеттілігі болуы қажет. Сондықтан азамат, егер оның құқығын, міндетін, заңмен қорғалатын мүддесіне қатысты жағдайдың бәрінде олар әкімшілік процестің тарабы бола алады.

Азаматтардың әкімшілік-процессуалдық әрекет қабілеттілігі материалды қатынастардың мазмұнынан (тұрғын үй, еңбек, салық, әкімшілік, тәртіптік) туындауына байланысты анықталады.

Әкімшілік жауапкершілікке 16 жасқа толған әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғалар тартылады. Бұл жағдайда әкімшілік процесте жақтың шектеуі әрекет қабілеттікті көрсетеді. Әкімшілік-процессуалдық құқық қабілеттілік көп жағдайда азаматтық-процессуалдыққа ұқсайды.

Процеске оның бір тарабы ретінде қатысатын азаматтардың әкімшілік-процессуалдық статусы екі негізгі заңды белгілермен анықталады:

1) істің негізінде заңды мүдделі болуы;

2) азаматқа нақты әкімшілік іс бойынша қабылданған шешімнің барлық құқықтың салдарлары таралады.

Әкімшілік процесте азаматтың жағдайы басқару аппатары мен жеке азаматтың арасындағы өзара қатынастарының ерекшелігімен анықталады. Атқарушы органдар, лауазымды тұлғалардың және ааматтардың арасындағы қатынастар құқықтарын жүзеге асыру бойынша азаматтардың ынтасы бойынша туындайды.

Азаматтардың міндеттерін орындауы бойынша қатынастар азаматтардың өзінің ынтасы бойынша, сондай-ақ сәйкес атқарушы билік органдарының ынтасы бойынша да қалыптасуы мүмкін.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулы шығару. Өкілетті орган немесе лауазымды тұлға істі қарағаннан кейін іс бойынша қаулы шығарады, онда мыналар көрсетіледі:

1) қаулы шығарған органның аты;

2) істі қараған күн;

3) іс бойынша шешім шығарған тұлға туралы мәліметтер;

4) қарау кезінде анықталған мән-жайларды баяндау;

5) осы әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауапкершілік қарастырылған нормативтік құқықтық актіге сілтеме;

6) іс бойынша қабылданған шешім;

7) қаулыға шағым беру тәртібі мен мерзімі.

Іс бойынша шығарылатын қаулының 2 түрі болады:

1) әкімшілік жазаға тарту (салу)

2) іс жүргізушілікті тоқтату туралы.

Іс жүргізушілікті тоқтату туралы қаулы мынадай жағдайларда шығарылады:

1) іс бойынша іс жүргізушілікті болдыртпайтын мән-жайлар (құқық бұзушылық оқиғасының жоқтығы, 16 жасқа толмаған тұлға құқық бұзушылық жасаса, құқық бұзушылық жасаған тұлғаның есі дұрыс емес жағдайда жасаған болса);

2) өзге де мән-жайлар (онша елеулі емес мән-жайлар және ауызша ескерту жасау, материалдарды қоғамның, прокурордың, алдын ала тергеу органдарының қарауына беру).

Істі қаруды аяқтағаннан кейін қаулы бірден жарияланады. 3 күн ішінде қаулының көшірмесі құқық бұзушы тұлғаға табыс етіледі, ал жәбірленушіге оның сұрауы бойынша беріледі.

Осы аталған тұлғалар 1 айдың ішінде қабылдаған шаралары туралы ұсыныс жасаған органға хабарлауы қажет.

Қабылдаған шешімді орындау — әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізудің соңғы сатысы.

Әкімшілік жазаны салу туралы қаулыны барлық мемлекеттік және қоғамдық органдар, ұйымдар, лауазымды тұлғалар және азаматтар орындауға міндетті.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша шығарылған қаулыға шағым арыз қаулы шығарылған күннен бастап 10 күн ішінде беріледі. Бұл стадия осы іс жүргізушіліктің қосымша стадиясы болып табылады.


жүктеу 142,86 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау