1731 ж. – Xixғ. екенші жартысы. XVIII ғасырдың 20



жүктеу 306,2 Kb.
бет20/112
Дата21.01.2022
өлшемі306,2 Kb.
#34185
түріҚұрамы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   112
тарих гос

6-Билет

1.


Қазақстан Қазан төңкерісі кезінде

Қазан төңкерісі — 1917 ж. 25 қазанда (қарашаның 7) Петроградта болған ірі әлеуметтік-саяси, тарихи оқиға. Көтеріліс В. И. Ленин басқарған большевиктер партиясының жетекшілігімен жүзеге асырылды.



Оған Петроград жұмысшылары, қала гарнизонының солдаттары мен Балтық флоты матростарының өкілдері қатынасты. Көтеріліс жеңіске жеткен күні кешкісін Петроградта ашылған Кеңестердің Бүкілресейлік ІІ съезі Уақытша үкіметтің құлатылғандығын және бүкіл елдегі өкімет билігі Кеңестердің қолына көшкендігін жариялап, В. И. Ленин дайындаған Бітім және Жер туралы декреттерді қабылдады. Алғашқысында 1914 ж. басталған І-дүниежүзілік соғысқа қатысушы елдердің үкіметтері мен халықтарына аннекциясыз және контрибутциясыз демократиялық бітім жасау ұсынылса, Жер туралы декретте жерге жеке меншік жойылып, ол жалпы халықтық мемлекеттік меншік болып жарияланды. Съезде В.И. Ленин басқарған және жұмысшышаруа үкіметі аталған Ресей ХКК құрылды. Сонымен қатар Кеңестердің Бүкілресейлік ОАК-нің (БОАК) жаңа, большевиктендірілген құрамы сайланды. Съезд В.И. Лениннің жұмысшыларға, солдаттар мен шаруаларға арналған үндеуін қабылдап, ол арқылы халықты барлық жерде жаппай Кеңес өкіметін орнатуға шақырды. Кеңес үкіметі көп ұлтты Ресей еңбекшілерін өз жағына тартуда айтарлықтай насихатшылдық рөл атқарған екі саяси құжат жариялады. Біріншісі 2 (15) қарашада жарияланған Ресей халықтары құқықтарының декларациясы, екіншісі 20 қарашадағы (3 желтоқсан) Ресей мен Шығыстың барлық мұсылман еңбекшілеріне деген үндеу болды. Бұл құжаттарда Ресейді мекендеген халықтардың теңдігі, олардың өздерінің мемлекеттік құрылысын өздері шешуге құқылы екендігі айтылып, ұлттық және этностық топтардың еркін дамуына, бұрынғы езілген ұлттардың өздерін-өздері билейтіндігіне кепілдік беріледі делінді. Мұның үстіне Кеңес өкіметі мен большевиктер партиясы Зауыттар мен фабрикаларға жұмысшыларға!, Жер шаруаларға!, Теңдік бұрынғы езілген ұлттарға! деген ұрандарды үзбей қайталаумен болды. Осы уәделер мен ұрандарға әуел баста бұқараның айтарлықтай бөлігі, ең алдымен, қоғамның жаппай кедейленген мүшелері сенді, сондықтан олардың өкілдері Кеңес өкіметін орнату үшін күреске қатысты. Петроградтан кейін 1917 ж. қарашаның басында Кеңес өкіметі Мәскеуде, елдің өнеркәсіпті орталығы аудандарында жеңіске жетті, көп кешікпей бұл жағдай мемлекеттің ұлт аймақтарын, оның ішінде Қазақстанды да қамтыды. Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы ұзаққа созылды. Бұл кезде Кеңес өкіметі негізінен алғанда қалалар мен өлкенің басқа да ірі елді мекендерінде орнады. Ал ауылдар мен селолардың басым көпшілігінде Кеңес өкіметінің орнауы азамат соғысы басталғанға дейін, тіпті одан кейінгі жылдарға дейін жалғасты. Бұл өлкенің әлеуметтік-экономикалық артта қалуынан, жергілікті жұмысшы табы мен большевиктік ұйымдардың сан жағынан аз әрі әлсіз болуынан, ұлтаралық қатынастардың күрделілігінен шиеленісіне түсті. Мұның үстіне ұлттық-демократия Алаш қозғалысының жетекшілері Қазан төңкерісі мен Кеңес өкіметінің идеяларын қабылдамады. Ал Қазақстанда орналасқан Орал, Жетісу, Батыс Сібір және Орынбор казак әскерлерінің әскери үкіметтері Кеңес өкіметінің орнауына қарулы қарсылық көрсетті. Кеңес өкіметінің Қазақстанда жеңіске жетуіне негізінен славян текті халықтардың (ең алдымен, орыстар мен украиндардың) өкілдерін біріктірген жергілікті гарнизонның солдаттары мен жұмысшы-солдат және шарауалар кеңестеріне топтасқан қоғамның кедейленген мүшелерінің өкілдері барынша ат салысты. Қазақстанда Кеңес өкіметін орнату ісіне Ә.Жангелдин, С.Сейфуллин, К.Сүтішев, А.Асылбеков, Ә.Майкөтов, И.Дубынин, К.Шугаев, Я.Ушанов, А.Иманов, С.Цвиллинг, Т.Рысқұлов, Т.Бокин,

П.Виноградов, Л.Емелев, Т.Өтепов, А.Розыбакиев, т.б. неғұрлым белсене қатысты.

Қазан төңкерісі кеңестік тарихнамада, Кеңес Одағы Коммунистік партиясының құжаттарында күллі адамзат тарихына түбірлі өзгеріс енгізген, жаңа заманды капитализмнен социализмге өту дәуірін ашқан 20 ғ-дың басты оқиғасы деп дәріптеліп келді. Шын мәнінде Қазан төңкерісі көп ұлтты Ресейдің, оның құрамына енген көптеген елдер мен халықтардың табиғи, эволюцияның даму жолын күштеп [[революция |революцияшыл]] қайта өзгерістер үрдісіне түсірді. 74 жыл өмір сүрген Кеңес Одағында ел өмірінің барлық салалары (экономика мен саясат, мәдениет пен руханият) сталиндік нұсқада, әміршілдік мәндегі тәжірибелер жасау алаңына айналды. Олардың барлығы да қазан төкерісі, социализм идеяларын жүзеге асыру үшін жүзеге асырылды деп түсіндірілді. Түбегейлі өзгерістер жасау тәжірибесінің зиянды салдарлары аз болмады. Олардың қатарына ауыл шаруашылығынкүштеп ұжымдастыру мен көшпенділердің зорлап отырықшыландырылуы нәтижесінде елді жайлаған ашаршылық салдарынан сан мыңдаған адамдардың қырылуы мен басқа елдерге ауа көшуін, көптеген мемлекет, қоғам, мәдениет, ғылым қайраткерлерінің әміршілдік жүйе ұйымдастырған саяси қуғын-сүргіннің құрбандарына айналуын, демографиялық саясат пен мәдени-рухани салада орын алған келеңсіздіктерді жатқызуға болады. Солай болса да, қазан төңкерісінен кейінгі 74 жыл Кеңес Одағы үшін, оның құрамдас бөлігі болған Қазақстан үшін, тек қана бос кеткен кезең емес. Атап айтқанда, Республиканың материалдық өндіріс жүйесі түбегейлі жаңарды, халықтың білім деңгейі күрт өсті, сапалы ғылым жүйесі қалыптасты, адамдар арасындағы қарым-қатынастар жақсарды

Қазан төңкерісінен кейін Қазақстанда кеңестік аппарат құру және экономика саласында алғашқы өзгерістер енгізіле басталды. Ол қандай шаралар:



  • ескі мекемелер, оның, ішінде уақытша өкіметінің комиссарлары, отарлау-шенеуіктік әкімшілік қоныстандыру басқармасы, бұрынғы сот жүйелері жойылып, өкімет билігі жұмысшы, солдат депутаттары кеңестерінің қолына өте бастады;



  • Ескі мемлекеттік аппараты қирату отарлау саясатына берілген үлкен соққы болды. Ол

еңбекшілердің кеңес жұмысына белсене қатысуына жағдай жасады;



  • шіркеу мемлекеттен, мектеп шіркеуден ажыратылды;



  • ерлер мен әйелдер теңдігі іске асырылды, адамдардың сословиеге бөлінуі жойылды;



  • төңкеріске қарсылар мен күрес жөніндегі төтенше комиссиялар, милиция құрылды;



  • кеңестердің жанынан еңбек, ағарту, денсаулық сақтау т.б. бөлімдер ашылды;



  • аңдар, жарлықтар тек қана орыс тілінде ғана емес, қазақ тілінде де жарияланатын болды;



  • кеңес қызметкерлерін даярлайтын курстар жұмыс істей бастады;





  • жерге жеке иелік ету жойылып, Қазақстандағы шіркеу мен монастірлердің, помещиктердің, бай қазақ-орстардың, патша шенеуіктерінің иелігінде болып келген, срндай-ақ қоныс аудару қорындағы жерлер еңбекшілердің пайдалануына берілді.

2.


жүктеу 306,2 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   112




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау