1731 ж. – Xixғ. екенші жартысы. XVIII ғасырдың 20



жүктеу 306,2 Kb.
бет23/112
Дата21.01.2022
өлшемі306,2 Kb.
#34185
түріҚұрамы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   112
тарих гос

Театр өнері 20-жылдардың басында Қазақстандағы мәдени революция міндеттерін шешу барысында көркемөнерпаздар ұжымдары, халықтық театрлар өмірге келе бастады. Тұңғыш кәсіпқой қазақ театрын ұйымдастыру мәселесі 1925 жылы каңтарда Орынбор қаласында өткенI Жалпықазақтық съездекөтерілді. 1925 жылы сәуір айында Қазақстан Кеңестерінің V съезінде Қазақстанда тұңғыш кәсіпқой театр ашу туралы шешім шығарылды.

Қазақ театрының бірінші труппасы студенттік көркемөнерпаздар үйірмесі мүшелерінен және белгілі халық өнері көсіпқой орындаушыларынан құрылды. Бұлар — Қалибек Қуанышбаев, Серке Қожамқұлов, Елубай Өмірзақов,Әміре Қашаубаев, Иса Байзақов, Құрманбек Жандарбеков және т.б. Театр Алматыға көшкеннен кейін труппаға Күләш Байсейітова, Қанабек Байсейітов, Манарбек Ержанов, Қуан Лекеров, Жүсіпбек Елебековтер қосылды. 1926 жылы 13 қаңтар күні М.Әуезовтің «Еңлік—Кебек»спектаклінен үзінді қойылып, одан кейін концерт берілді. Театрдың алғашқы режиссері Жұмат Шанин еді. Ұзақ уақыт бойы театрдың айқын шығармашылық бейнесі болған жоқ, спектакльдер концерттермен және халық шығармашылығы кештерімен аралас өткізіліп отырды. 1927 жылы 3 наурызда кеңес тақырыбына жазылған бірінші пьеса — «Зарлық» пьесасы қойылды.

1926 жылы Денсаулық сақтау халкомының тапсырысы бойынша Н.Анов жазған «Жарадан арылу» пьесасы қойылды. Пьеса арасында дәрігердің дәріс оқуы беріліп отырды. Бұл қазақ сахнасында қойылған бірінші орыс авторының шығармасы еді.

Спектакльдер адамдарды жаңа өмірге бейімдеуге, социалистік құрылыс міндеттеріне лайықты болуы міндеттелді.

Алматыға ауысқаннан кейін театр жанынан көркемөнерпаздар студиясы ашылып, онда әртістер музыкалық сауаттарын ашып, рояль мен оркестрге қосылып ән айту дағдысына жаттықты, актерлік шеберліктерін шыңдады. «Еңлік—Кебек» спектакліне музыканы сазгер Дмитрий Дмитриевич Мацуцин жазды. Верныйда дүниеге келген ол қазақ тілінде сөйлейтін, қазақ халқының дәстүрлері мен шығармашылығын жақсы білетін. Д.Мацуциннің М.Әуезовтің «Еңлік—Кебек» драмасына музыка жазуы қазақ спектаклін әнмен және оркестрмен музыкалық көркемдеудің бірінші тәжірибесі болды. Материал ретінде сазгер халық әндері мен күйлерін кеңінен пайдаланды.

1933 жылы Алматыда қазақ опера театрын даярлау үшін мемлекеттік музыкалық студия ашылып, оның негізінде кейін Абай атындағы академиялық опера және балет театры өмірге келді. Студия даярлаған

«Айман-Шолпан» музыкалық пьесасы Айман рөлінде Күләш Байсейітова) тұңғыш қазақ опералары «Қыз Жібек» пен «Жалбырды» қоюға даярлық есебінде болды. «Қыз Жібек» операсын халық музыкасы негізінде Е.Брусиловский, либреттосын Ғ.Мүсірепов жазды.

Бірінші қазақ балеті «Қалқаман—Мамырды» сазгер В.В.Великанов М.Әyезовтің либреттосы бойынша жазып, ол 1938 жылы қойылды. Қазақстан балет өнерінің бастауындағы белгілі қазақ бишісі Шара Жиенқұлованың өнері жарқын еді.

1933 жылы М.Әуезовтің «Еңлік—Кебек» спектаклінің жаңа редакциясы қойылды. Осы жылы орыс кеңес драматургтерінен аударылған — В.Кирмонның — «Нан», Н.Погодиннің — «Менің досым», Й.Пруттің «Батыл Мстислав» пьесалары қойылды. 1937 жылы 27 акпанда театрға академиялық театр атағы берілді.

Ұйғыр театр өнерінің бастауында 1919—1920 жылдары Жаркентте жұмыс істеген көркемөнерпаздар үйірмесінің мүшелері тұрды. Кәсіпқой ұйғыр ұлттық театры 1933 жылы күзде Алматыда құрылды,

Театрдың шығармашылық ұжымына Х.Илиева, Ө.Шәмиев, Р.Тохтанова, С.Саттарова және Ә.Әкбәровтар кірді.

1932 жылы 9 қыркүйекте Владивостокта Қиыр Шығыс өлкелік Корей драма театры ұйымдастырылды. 1937 жылы корей халқын жер аударуына байланысты театр Қызылордаға ауысты. Бұған дейін театр бірнеше ұлттық пьеса қойып, кеңестік корейлер өміріндегі жаңалықтарды бейнелеген еді. Алайда театр өнері саласындағы бірегейлендіруге орай театр ұжымы бұл жылдары орыс және кеңес авторларының шығармаларын қоюға көшті. 1937 жылы К.Треневтің — «Любовь Яровая», 1938 жылы М.Горькийдің — «Жаулар», В.Гусевтің — «Даңк», 1939 жылы Л.Шейнин мен ағайынды Турлардың «Отты ставка» спектаклдерін қойып, соғысқа дейінгі жылдары театр актерлік өнердің Станиславскийлік жүйесін барынша игерді.


жүктеу 306,2 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   112




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау