ҚР сыртқы саясаты: көпвекторлық ұстаным (1992-2016 жж.).
Бес институционалды реформаны жүзеге асыруға 100 қадам – ұлт жопары.
Қазақстандық қоғамды демократияландыру үдерісі. ҚР көп партиялы жүйенің қалыптасуы (1991-2000-жж.).
1. 1.
1.
Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты белсенділігімен, тепе-теңдік сақтауға ұмтылысымен, прагматизмдігімен, сындарлы сұхбат жүргізуге талпынысымен және көпжақты ынтымақтастыққа бағытталғандығымен ерекшеленеді. Халықаралық аренада мемлекетіміз өзінің тарихи, геосаясаттық және экономикалық факторларына байланысты көп ғасырлар бойы сыртқы саясатын халықаралық ынтымақтастық, көршілес мемлекеттермен татуластық және олардың аймақтық біртұтастығын құрметтеу принципіне негіздеп жүргізіп келеді. Қазақстанның өзге мемлекеттермен тең құқылы және екі жаққа да тиімді қарым-қатынас құруға дайындығы оның бүгінгі күні дипломатиялық байланыс орнатқан шет мемлекеттердің санының көптігімен дәлелденіп отыр.
4.
Қазақстанның халықаралық байланысының дамуы.
Қазақстан сыртқы саясатында басты үш мәселеге ерекше назар аударады:
ТМД, Азия, Европа елдері, АҚШ, Тынық мұхит, Таяу Шығыс аймағы елдерімен халықаралық байланысты өркендету.
Мәдени-экономикалық байланысты күшейте отырып, алдыңғы қатарлы өркениетті елдердің қатарына қосылу.
Қазақстанның сыртқы саясатында ерекше назар аударатын мәселе – ең жақын және ірі көрші мемлекеттермен, солтүстікте – Ресеймен, шығыста – Қытай халық Республикасымен ойдағыдай қарым-қатынас орнату.
Қазақстан-Ресей байланыстары.
1992 жылғы 25 мамырда Қазақстан мен Ресей арасында достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шарт жасалды. 1995 жылғы 20 қаңтарда – Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығын кеңейту туралы Декларация жариялады, ал 1996 жылғы 27 сәуірде Алматыда екі елдік бірлескен Декларациясына қол қойылды. Декларацияның маңызы:
Екі ел арсындағы егемендікті, тәуелсіздікті құрметтеу.
Аумақтық тұтастық пен бір-бірінің ішкі істеріне араласпау ұстанымдарын сақтау.
1998 жылғы 6 шілдеде МәскеудеІІІ ғасырға бағдарланған “Мәңгі достық пен ынтымақтастық туралы” Декларация жарияланды.
Нәтижелері:
Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі проблемасын шешуді алға жылжытты.
Қаржылық өзара келіспеушіліктерді реттеуді шешті.
Байқоңыр ғарыш орталығын бірлесіп пайдалану мәселесі қарастырылды.
Қазақстан-Қытай байланыстары.
1992 жылғы тамызда Қазақстан Президентінің Қытай халық Республикасына алғаш сапары болды, нәтижесінде барлық байланыс жолдары ашылды. 1994 жылы сәуір айында Қазақстан мен Қытай арасында шекара аумағын заңдастырып белгілеу (делимитация) жөніндегі келісімге қол қойылды (1718 шақырымдық).
1996 жылғы сәуір айында алғашқы Шанхай келісімі жүргізілді. Бұл келісім барысына Ресей, Қытай, Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан қатысты. Мұнда негізінен — шекараларды бұзбау, бейтарап аймақтық қашықтықты 100 шақырымға дейін жеткізу сияқты мәселелер қаралды. 1997 жылғы 25 қыркүйекте Алматыда болған келіссөздің нәтижесінде – Батыс Қазақстан мен Батыс Қытайды жалғастыратын мұнай құбырын жүргізу жөніндегі шартқа қол қойылды. Қытай үкіметі бұл жұмысқа 9,5 млрд.доллар жұмсауға келісті.
1998-1999 жылдары Қазақстан-Қытай арасында келісімдер нәтижесінде, шекараны нақтылау негізінен аяқталды.
Қазақстан-АҚШ байланыстары.
Қазақстанның сыртқы саясатында АҚШ-пен қарым-қатынастың маңызы өте зор. 1991 жылғы 25 желтоқсанда АҚШ Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін таныды. Қазіргі кезде АҚШ-Қазақстан экономикасының аса ірі инвесторы. 1997 жылы Қазақстан мен АҚШ арасында экономикалық әріптестік бағдарламасы жасалды.
Екі ел арасында Қарашығанақ кеніші жөнінде және Каспий қайранын бөлісу жөнінде келісімдерге қол қойылды.
1999 жылғы желтоқсанда Қазақстан мен АҚШ арасындағы келісімде – екі ел арасындағы серіктестікті одан ары дамыту, АҚШ-тың Қазақстанға демократиялық, экономикалық өркендеуде қолдау көрсету, аймақтық, ғаламдық негізде тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында ынтымақтастық үшін барлық мүмкіндіктерді пайдалану сияқты мәселелер қаралды.
АҚШ Қазақстанға мәдениет пен білімді дамыту саласында үлкен қолдау көрсетуде “Болашақ” бағдарламасы шеңберінде қазақстандық студенттер АҚШ, Франция, Германия оқу орындарында оқиды.
Қазақстан және ТМД елдерімен тығыз өзара байланыста болу – біздің ел үшін өте қажет. 1994 жылы – Орталық Азия экономикалық қауымдастығы құрылды (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, кейін Тәжікстан).
Қоғамдық және әлеуметтік-экономикалық өмірдің барлық саласындағы дағдарыс ТМД басшыларын интеграциялық жаңа жолдарын іздеуге итермеледі.
Қазақстан және дүниежүзілік қауымдастық.
КСРО тарағаннан кейін ядролық қару негізінен Ресей жерінде шоғырланды. Қазір жер жүзінде 5 ядролық держава бар. АҚШ, Ресей, Қытай, Ұлыбритания, Франция.
1993 жылы Президент Н.Ә. Назарбаев Лиссабон хаттамасына қол қойды. Қазақстан ядролық қарудан еркін аймақ болып жарияланды. Соғыс өнімдерін шығаратын кәсіпорындарды бейбіт заттар өнімдеріне айналдыру – (конверсия) жүзеге асырыла басталды.
1996 жылғы 31 қыркүйекте Қазақстан БҰҰ-ға мүше 129 елдің қатарында ядролық қаруды таратпау жөнінде шартқа қол қойды.
Қазақстан басшылығы әскери-саяси одақ НАТО-мен ынтымақтастыққа маңызды орын береді. Бұл ынтымақтастық “Бейбітшілік үшін әріптестік” бағдарламасы негізінде жүзеге асуда. 1997 жылғы 15-21 қыркүйекте Шымкент (Қазақстан) және Шыршық (Өзбекстан) жерінде НАТО әскери бөлімдерінің қатысуымен әскери жаттығу өткізілді.
2001 жылғы 29 тамызда Алматыда “ІІІ ғасыр ядролық қарудан тазарған дүниені қалайды” атты халықаралық конференция ашылды.
Тәуелсіздік алғаннан бері халықаралық ұйымдарға мүше болып кіруге республикаға жол ашылды. 1997 жылдың басына қарай Қазақстан 60-тан астам халықаралық ұйымдарға мүше болып кірді. Соның бірі ЮНЕСКО – ірі халықаралық ұйым. Ол – Білім, Ғылым және Мәдениет, “Адам және биосфера”, “Адам табиғи ортада” т.б. бағдарламалар негізінде жұмыс жасайды.
ЮНЕСКО – Қазақстанда биологиялық әртүрлілікті сақтау мақсатында елдің ерекше қорғалатын табиғи аймақтарын ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік табиғи және мәдени мұрасы және “Адам мен биосфера” бағдарламасы шеңберіндегі аймақтар тізіміне кіргізу туралы шараларды іске асыруда, бірлесіп жұмыс атқаруда. Бұнымен қатар, Қазақстан халықаралық ұйым ЮНИСЕФ – Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар Қоры. ЮНИСЕФ Қазақстан Республикасындағы өзінің жұмысын 1992 жылы бастады, негізінен, денсаулық сақтау саласында, шұғыл жәрдем көрсетуді насихаттайды.
ЮНИСЕФ-тің Арал аймағының халқын сауықтыру жөніндегі бағдарламасы — әйелдер мен балалардың денсаулығын қорғау, білім беру, балалардың тамағын жақсарту, сумен қамтамасыз ету, санитарлық қызметті жақсарту жөніндегі нақты шараларды жүзеге асыруға бағытталған. Сонымен бірге Қазақстан 800-ге жуық мемлекетаралық және үкіметаралық келісім-шарттарға қол қойылды.
Қазақстанның даму болашағы.
Егемен Қазақстанның жаңа мемлекет құрудағы философиялық тұжырымдарында көрсетілген бағыттары және елдің идеологиясы АҚШ, Франция, Ресейде белгіленген философиялық ұстанымдарды басшылыққа алады. Халықаралық тәжірибе тоталитаризмнен демократиялық бағыт жолына түскен елдердің өтпелі кезеңде идеологиялық дағдарысқа ұшырайтынын көрсетті. Сондықтан өркениетті елдердің өтпелі кезеңнен өту тәжірибесімен танысу өте маңызды.
1. 1. 1. 2.
«100 нақты қадам» - бұл жаһандық және ішкі сынқатерлерге жауап және сонымен бір мезгілде, жаңа тарихи
-
жағдайлардаұлттың дамыған
|
мемлекеттердің отыздығына кіруі
|
жөніндегі жоспары. «100 нақты қадам»
|
елімізге «2050-стратегиясын» жүзеге
|
асыру мен қазақстан мемлекеттілігін
|
нығайтуға, жолдан адаспауға, күрделі
|
кезеңнен сенімді өтуге жағдай
|
туғызатын беріктік қорынжасап
|
беретін болады. жоспардың негізгі
|
мақсаты «аурулардың сыртқы
|
белгілерін» сылап-сипап қою емес, оларды «жүйелі емдеу»болып табылатын қоғам мен мемлекетті түбегейлі қайта өзгертуге негіз қалайды.
І. КӘСІБИ МЕМЛЕКЕТТІК АППАРАТ ҚҰРУ
1-қадам. мемлекеттік қызметке қабылдау ресімдерін жаңғырту. мемлекеттік қызметке қабылдау төменгі лауазымдардан басталуы тиіс.
2-қадам. төменгі лауазымдарға кандидаттарды реттеу және одан әрі лауазымдық өсу іскерлік қасиеттер негізінде жүзеге асырылуы тиіс.
3-қадам. қазақстан республикасының мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің рөлін арттыру есебінен мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданушыларды іріктеу ресімін орталықтандыру. үш сатылы іріктеу жүйесін енгізу.
5-қадам. мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын қызметінің нәтижесіне байланысты өсіру.
II. ЗАҢНЫҢ ҮСТЕМДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
16-қадам. азаматтардың сот төрелігіне қолжетімділігін жеңілдету үшін сот жүйесі инстанцияларын оңтайландыру. бес сатылы сот жүйесінен (бірінші, апелляциялық, кассациялық, қадағалау және қайта қадағалау жасау) үш сатылы (бірінші, апелляциялық, кассациялық) сот төрелігі жүйесіне көшу.
18-қадам. оқуды және сот тәжірибесі арасындағы өзара байланысты күшейту үшін сот төрелігі институты мемлекеттік басқару академиясының құрылымынан бөлінуі керек. аталмыш институт жоғарғы соттың жанында жұмыс істеп, қызмет бабындағы судьялардың біліктілігін тұрақты түрде арттыруды қамтамасыз ететін болады.
19-қадам. судьялардың есеп беру тәртібін күшейту. судьялардың жаңа этикалық кодексін жасау, соның негізінде азаматтар судьялардың әрекеттері бойынша еліміздің жоғарғы сотының жанынан құрылған арнайы сот алқасына шағымдана алатын болуы керек.
ІІI. ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМ
35-қадам. ауылшаруашылық жерлерін тиімді пайдалану мақсатымен оларды нарықтық айналымға енгізу. жер кодексіне және басқа да заң актілеріне өзгерістер енгізу. 36-қадам. жер телімдерін мақсатты пайдалану түрін өзгертуге рұқсат алу ресімдерін жеңілдету.
ауылшаруашылық жерлерін пайдалануға тұрақты түрде мониторинг жүргізу. барлық пайдаланылмай жатқан жерді алдағы уақытта жекешелендіру үшін мемлекеттік қорға беру.
37-қадам. салық және кеден саясатын және ресімдерін оңтайландыру.
БІРТЕКТІЛІК ПЕН БІРЛІК
85-қадам. «мәңгілік ел» патриоттық актісі жобасын әзірлеу.
86-қадам. қазақстан халқы ассамблеясының «үлкен ел - үлкен отбасы» кең көлемді жобасын әзірлеу және жүзеге асыру,
ЕСЕП БЕРЕТІН МЕМЛЕКЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
91-қадам. мониторингтің, бағалау мен бақылаудың стандартталған және азайтылған ресімдері аясында мемлекеттік басқарудан нақты нәтижелер бойынша мемлекеттік басқаруға көшу.
92-қадам. мемлекеттік жоспарлаудың ықшам жүйесін құру.
93-қадам. аудит пен мемлекеттік аппарат жұмыстарын бағалаудың жаңа жүйесін енгізу.
94-қадам. «ашық үкіметті» енгізу. 95-қадам. мемлекеттік органдар басшыларының халық алдында стратегиялық жоспарлар және аумақтық даму бағдарламаларының маңызды көрсеткіштеріне қол жеткізілгендігі туралы жыл сайынғы ашық баяндамалар жасауларын және олардың есептерін ресми веб-сайттарда орналастыруды тәжірибеге енгізу.
99-қадам. мемлекеттік органдар мен әкімдер жанындағы қоғамдық кеңестердің стратегиялық жоспарлар мен аумақтық даму бағдарламаларын; бюджеттерді, есептерді, мақсатты индикаторларға қол жеткізуді, азаматтардың құқықтары мен еркіндіктерін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер жобаларын; бағдарламалық құжаттар жобаларын талқылау бөлігіндегі рөлдерін күшейту.
3. Қазақстандық қоғамды демократияландыру үдерісі. ҚР көп партиялы жүйенің қалыптасуы (1991-2000жж.).
Қазіргі таңда Қазақстанда болып жатқан саяси өзгерістер қоғамның демократиялық даму үрдісіне әсер етіп,ерекше реформалық жолмен өркендеуіне мүмкіндік беріліп отыр. Осы демократиялық жаңғыру үрдісінің кейбір өзіне тән ерекшеліктеріне тоқтала кетейік. Бірінші ерекшелік – Қазақстандағы демократиялық дамудың игі бастамасында үкіметтік құрылымдар басты рөл атқаруда. Басқаша айтқанда, ол атқарушы биіктің қызығушылығымен «жоғарыдан» жүргізіліп отыр. Ол алғашқыда күшті әсер қалдырғанымен, біртіндеп бәсеңдей бастады. Ал азаматтық қоғам қазірге дейін бұған самарқау қарап келді. Екінші ерекшелік – еліміздегі бұл демократиялық даму атқарушы билік топтарында айрықша орын алғанымен, сот құрылымы жүйелерінің өкілеттілігі шектеулі болды. Үшінші ерекшелігі – республикамыздағы саяси реформалардың қаржылық қамтылуы экономикалық даму үрдісіне ілесе алмай қалды. Мемлекеттік билік жүйесін реформалау барысын алатын болсақ,Мемлекеттік билік жүйесін реформалау барысын алатын болсақ, 2001 жылы «Қазақстан Республикасы жергілікті атқарушы билік туралы» Заң қабылданды. Бұл заң жергілікті билік өкілдеріне белгілі бір дәрежеде құқықтық мәртебе беріп, өкімет орындары мен жоғарғы атқарушы билік пен жергілікті атқарушы биліктің аражігін ашып береді. Осы кезеңде төменгі атқарушы билік – ауыл әкімдерін сайлау арқылы тағайындаумен сипатталады. Атап айтатын болсақ, 2001 жылы бірнеше ауыл әкімдері тәжірибе ретінде сайланды. Сондай- ақ, осы кезеңдердегі құқықтық реформалардың маңызды бөлігі ретінде 2002 жылғы Елбасының халыққа Жолдауынан көрініс тапты. Мұнда әсіресе, қылмыстық жазаларды ізгілендіру мәселесі мен түзету мекемелеріндегі азаматтардың хал- жағдайына баса назар аударады. Соңғы жылдардағы бұл үрдістердің қарқынын теңестіру үшін саяси реформалар жасау қолға алына бастады. Демократиялық жаңғырудың Қазақстандағы төртінші ерекшелігі Әкімшілік жүйе өзгерісінің мемлекеттің қоғам дамуындағы кейбір қажетті шараларға әсері байқала бастады. Әсіресе, мемлекеттің қоғамның, оның ішіндегі жеке салаларға белгілі бір салаларға белгілі бір деңгейде билік бере бастағаны байқалады. Бұл құқықтық мемлекет құруға талпынған игі әрекетіміз екендігі деп түсіндіреміз. Бесінші ерекшелік – мемлекетіміздің экономикалық және әлеуметтік даму алғышарттарының кезең- кезеңімен жүзеге асырылуы. Еліміздегі саяси тұрақтылық нәтижесінде бұл жаңғыртулар кезең- кезеңімен жүзеге асырыла бастады. Бұрынңы тоталитарлық жүйе мен демократиялық қайта жаңғыру процесі арасындағы бұрын мұндай қиыншылықтарды бастан кешірмеген Қазақстандық саяси жүйе осындай кезеңдерден өтуге мәжбүр болады. Бұл кезеңге тән игі қадам ізгілендіруді жаңғыртуда бұқаралық ақпарат құралдары қызметін жетілдіру болып табылады. Мемлекет басшысы жанынан Ұлттық кеңес пен бұқаралық ақпарат құралдары кеңесі орталығы құрылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің мемлекеттік 2006-2010 жылдарға арналған бағдарламасы қабылданды. 2003 жылы Елбасы жолдауындағы мына мәселелер Қазақстанды демократиялық жаңғыртудың нақты көрінісі болып отыр: 1. Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру. Әсіресе, мемлекеттік басқару мен бюджетаралық жүйелер аражігін ажыратып, міндеттері мен құзыреттілігін айқындау. 2. Елдегі сайлау жүйесін жетілдіру, оның ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету. 3. Азаматтық қоғам институттарын құрып, бекіту.
257 4. Бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдағы демократиялық жолмен дамытудағы рөлін күшейту. 5. Құқық қорғау органдары мен сот жүйелерінің азаматтардың бостандығы жолындағы бағытын жетілдіру.
Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздікті және егемендікті алғаннан кейін жаңа саяси, әлеуметтік-экономикалық, рухани өлшемдерге аяқ басып, бірінші міндеттердің бірі құқықтық-демократиялық мемлекетті құру, азаматтық қоғам институттарын қалыптастыру болды. Қазіргі кезде ескі қоғамдық және мемлекеттік құрылымдарды жою процесі және демократия дамуының қазіргі уақыттағы деңгейлеріне және қажеттіліктеріне сай жаңа құрылымдарды құру әлі де жалғасуда. Осы жаңа өлшемдерінің сапалы көріністерінің бірі- партиялық құрылысты зерттеу болып табылады.
Қоғам динамикалық құрылым болғандықтан, оның негізгі бөлшектері экономикалық, саяси жүйелер болып табылады. Қоғамда мемлекетпен қатар маңызды орынға әртүрлі қоғамдық ұйымдар, бірлестіктер, соның ішінде саяси партиялар да ие болады.
Саяси партия дегеніміз «Азаматтардың, әртүрлі әлеуметтік топтардың мүдделерін мемлекеттік биліктің өкілді және атқарушы, жергілікті өзін-өзі басқару органдарда білдіру және оларды қалыптастыру Қазақстан Республикасы азаматтарының ерікті бірлестігі саяси партия деп танылады». Қазірде 21 мемлекеттік пария бар, олардың 12 ,ғана ірілері болып табылады.
●
Азат Жалпыұлттық социал-демократиялық партия
Ақ жол демократиялық партиясы
Қазақ конституциялық-демократиялық партиясы
Қазақстан аграрлық партиясы
Қазақстан азаматтық партиясы
Қазақстан Коммунистік партиясы
Қазақстан коммунистік халық партиясы
Қазақстан патриоттары партиясы
Қазақстанның «Азат» Демократиялық партиясы
Қазақстанның «Ауыл» социал-демократиялық партиясы
Әділет (демократиялық партия)
24 билет
1.
ХХ ғ. басында Қазақстанда саяси ой-пікірдің дамуы. Қазақ баспасөзі.
1920-1930 жылдардығы Қазақстандағы оқу, ғылым және мәдениет жағдайы.
Ұлт аралық және дін аралық келісім мен толеранттықты, өзара сыйластықты қалыптастыру
жөніндегі ҚР Президентінің саясаты (1992-2016 жж.).
1.
XX ғасырдың басы - қазақ халқының тарихындағы бүкіл саяси қоғамдық ой-пікірдің өрлеуіне мүмкіндік туып, Ресей патшалығы əдейі тұмшалаған ой-сананың ояну дəуіріне жол ашқан кезең болды. XX ғасырдың екінші жартысында қазақ ағартушылары мен ақын жазушылары аңсаған ілімді-білімді үйренуге үндеу XX – шы ғасырдың бас кезінде біршама нəтижесін беріп, алдыңғы қатардағы қазақ азаматтарын елді ояту, азаматтықты аңсау мақсатына жетеледі. Осынау зиялылар ел бағытын айқындар сара жолды жаңылмай нұсқап, адастырмас даңғылға алға шығуға ұмтылған жаңа тұлғалар халыққа таныла бастады.
ХІХ ғасырдың соңында «Түркістан уалаятының газеті» мен «Дала уалаятының газеті» атты екі басылым шығып тұрды. 1905 жылға қарай бірқатар жаңа газеттер мен журналдар пайда болды. 1907 жылы қазақ зиялыларының бір тобы Петерборда редакторы Әбдірашид Ибрагимұлы болған «Серке» газетін шығара бастады. Бұл газеттің екінші нөмірінде Міржақып Дулатұлының «Біздің мақсат» деген мақаласы жарияланды. Патша тыңшылары газетті «қазақ халқын барлық үкімет орындары мен өкілдеріне қарсы қоздырушы» үндеу ретінде қарап, жауып тастады. 1907 жылы наурызда Троицкіде бірінші нөмірі шығысымен тыйым салынған «Қазақ газеті» жарық көрді.
Оқу ағарту мен білім идеяларын бұқара арасында насихаттау мен бастауыш білім беру жүйесін кеңейтуде «Айқап» журналы, «Киргизская степная газета», «Степной край», «Қазақ» газеттері елеулі рөл атқарды. 1911 жылы Троицкіде «Айқап» журналының бірінші нөмірі жарық көрді. Журналдың редакторы мен идеялық дем берушісі Мұхаммеджан Сералин болды. Журанал әдебиеттің дамуы мен қазақ әдеби тілінің қалыптасуына үлкен үлес қосты, онда ауыз әдебиеті, этнография, тарих жөніндегі зерттеу мақалалар жарияланды. Сол уақытта «Айқап» журналы далада мектептер мен медреселер ашу, ескі мектептерге реформа жасауды насихаттады. Журналда түрік және парсы тілдерінен аударылған шығармалар, мысалы, Фирдаусидің «Шахнамасы» жарияланды. 1911 жылдан бастап редакторы Сағынгерей Бөкеев болған «Қазақстан» газеті шыға бастады. Газетті саяси мақалалардан басқа қазақтар мен ноғайлардың халық әдебиеті жөніндегі зерттеу мақалалар да жарияланды. Ұлттық баспасөздің дамуында Орынбор мен Торғайда 1913 -1918 жылдар аралығында Ахмет Байтұрсынұлының редакторлығымен шығып тұрған «Қазақ» газеті ерекше рөл атқарды. Газеттің негізгі міндеттері қазақ халқының мәдениетін көтеру, қазақтың әдеби тілі мен әдебиетін дамыту болды. Әлихан Бөкейханның ауыз әдебиеті мен Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тілі мен қазақ әдебиеті жөніндегі жұмыстарына көп орын берілді.
1913 жылы қыркүйектен Петропавлда татар және қазақ тілінде «Есіл даласы» атты газет шыға бастады. Оған жылдың соңында «революциялық идеяларды таратқаны» үшін тыйым салынды. 1916 жылдан 1917 жылдың соңына дейін Ташкентте К.Тоғысов басшылық жасаған апталық «Алаш» газеті шығып тұрды. 1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін әр түрлі бағыттағы бірқатар газеттер мен журналдар шыға бастады. Маусым айынан бастап Семейде апталық басылым «Сарыарқа», Оралда «Ұран» газеті, Семейде «Абай» әдеби журналы мен «Халық сөзі» газеті, Ташкентте пантүріктік және жәдит бағытындағы екі басылым – бас редакторы Мұстафа Шоқай болған «Бірлік туы» мен «Жас алаш» газеті, Ақмолада «Қазақ» газетіне жақын позиция ұстанған «Тіршілік» газеті шығып тұрды.
2. 1920-1930 жылдардығы Қазақстандағы оқу, ғылым және мәдениет жағдайы
Қазакстанда болып жатқан жағдайлар мынадай міндеттердің жуық арада шешілуін қажет етті. Ол еңбекшілердің сауатсыздығын жою еді. Осы мақсатга 1924 жыддың кекегіңде "Республикада сауатсыздықты жою" қоғамы құрылды. Осы қоғамның күшімен 1927 жылы Қазақстанда 200 мыңдай адам оқытыла бастады. Алайда бұл уақытгың талабына және сол кездегі қалыптасқан жағдайға жауап бере алмады. Сондықтан да 1931 жыдцың желтоқсанында республикада 15 пен 50 жас арасындағы еңбекші тұрғынға міндетті түрде сауатсыздықты жою мақсатында оқу жүктелінді. Жылдан жылға халыққа білім беру мақсатында жұмсалатын қаржы арта тусті. 1939 жылы Республика тұрғындарының сауаты 65 пайызға көтерілді. Қазақ тұрғындарының арасында 60 пайызға жетті. Түгелдей сауатгандырылган аудандарға Алматы, Қарағанды, Орал, Шымкент, Тараз, Риддер, Лениногорск қалалары жатқызылды. Республиканың қүрылғанына 20 жыл толуына қарсы сауатсыздықты жою негізінен аяқталды. Сауатсыздықты жою мен
қатар оқу-ағарту жұмыстары белсене түрде дамыды. 1926 жылдың мамыр айында республикалық СНК "КАССР-де бірдей еңбек мектебінің уставы" қабылданды. 1930-1931 жылдары көшпелі және отырықшы аудандарда жалпыға бірдей білім беру ендірідді. Орта мектептерде жоғарғы кластарды нығайтуға ерекше көңіл бөлінді. Колхоздар мен совхоздардың қаржысына интернаттар ашу жүйесі кеңейтіле түсті. 1940 жылы Қазақстанда 44 мыңнан астам оқушылар бодды. Соғыстың алдында 20 жоғарғы оқу орны, 118 арнаулы орта білім беретін орын жұмыс істеді. Оларда 40 мың адам оқыды. Одан басқа 1940 жылы еліміздің әр түрлі аудандарында 20 мыңнан астам қазақстандықтар оқып, білім алды.
Республиканың ересек тұрғындарының арасындағы сауатсыздықты жою, жалпыға бірдей бастауыш мектепті оқуды ендіру, халыққа білім беруді дамыту немесе жетілдіру, профессионалдық білім беру, мектепке Шығыс халықтарыньщ қыздарына жоғарғы білім беру осылардың барлығы ұлтгық интелегенцияның қалыптасуына қажетті жағдай туғызды.
Әлеуметтік саясатты іске асыруда бірқатар жетістіктерге қол жетті. 1940 жылы Қазақстанда 3100 -дей магазин, 600-дей асхана мен ресторандар, 200-дей жана емхана және 120-дай аурухана салынды. Мәдениағарту мекемелерінің жүйесі қалыптасты.
3. Ұлт аралық және дін аралық келісім мен толеранттықты, өзара сыйластықты қалыптастыру жөніндегі ҚР Президентінің саясаты (1992-2016 жж.).
Елімізде Рухани келісім күнін мерекелеудің тамаша дәстүрі 1992 жылы қазан айында Елбасының тікелей қатысуымен Алматыда өткен Бүкіләлемдік Рухани келісім конгресінің бірінші сессиясынан бастау алады. Ұлтымыз бен діни сенімге қарамастан барлығымызды біріктіретін осы күн – қоғамдағы тұрақтылық пен келісім күні. Сондықтан да бірлік пен қайырымдылық, жақсылық пен сенімділік, ауызбіршілік пен сыйластық мерекесі болып табылады. Қазақстан қоғамының қазіргі жағдайы рухани келісім мен өзара түсіністіктің орын алуымен ерекшеленеді. Ол халықаралық деңгейде де мойындалып отыр. Жалпы алғанда, ішкі саяси тұрақтылықты – әртарапты қоғамдық құбылыс ретінде тануға болады және оған әртүрлі: саяси, экономикалық, әлеуметтік, діни, этникалық, тілдік тағы басқа да факторлар әсер етеді.
Бұл ретте саясатымыздың басым бағыттарының бірі – рухани-ғұрыптық қауіпсіздіктің бір аспектісі болып табылатын діни факторды және дінаралық татулық мәселесін алға қоюымыз керек. Себебі, діннің табиғаты сондай, сенімі күшті діндар адам өзінің туыстары мен ұлтына, еліне көп алаң болмай, рухани бірліктегі өзінің діндес бауырларын жақын тұтып, соларға жәрдем етуге бейім болады және қажет болған кезде солардан қолдау күтіп, көмек сұрауға да дайын тұрады. Итальяндық философ Томазо Кампанелла «Дін – магиялық күшке ие, өйткені ол адамдардың рухын біріктіреді немесе бүлінушілік пен қирату құралына айналуы да мүмкін», – деген екен. Әлемдегі кейбір қақтығыстардың түп-төркіні діни түсінбеушілікте екендігі тарихтан мәлім.
25-билет
1.
Алаш партисы мен Алаш Орда үкіметінің құрылуы. Алаш партиясының бағдарламасы.
Семей ядролық сынақ алаңының жабылуы.
2015-2019 жж. арналған республика өнеркәсіп орындарын диверсификацяи мене бәсекеге қабілеттілігінарттыруға арналған индустриалды-инновациялық дамудың Концепциясы (2013ж. желтоқсан).
Алаш партисы мен Алаш Орда үкіметінің құрылуы
Еліміз тәуелсіздік алып, жариялылық самалы ескелі бері төл тарихымызда да жабық тақырыптарға жол ашылып, бұрынғы тоталитарлық жүйенің кейде айлашарғысымен, кейде күштеп таңуымен мызғымастай орнығып келген қасаң тарихи әдіснаманың көбесі сөгілді. Қиғаш пікір, оғаш ойлардың бұрыстығы дәлелденіп, бір саусағын ішіне бүккен зымиян саясаттың бет пердесі сыпырылды. Тарихшыларымыз бір ауыз сөз айтуға батылы бармайтын бүкіл бір кезең, дәуір тарихы қайта қаралып, бірте-бірте ақтаңдақтардың да орны толтырылуда. Соның ішінде әлі де болса шынайы баға беріліп, тың деректердің негізінде қайта обьективті зерттеуді талап етіп отырған нәрсе Алашорда үкіметі мен Алаш партиясының қызметі және ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ зиялыларының қызметі мен қайғылы тағдырлы. Бұл тақырыпты көптеген ғалымдарымыз зерттеп, өздерінің үлкенді-кішілі еңбектерін жазуда. Алаш партиясы құрылғаннан бастап, яғни 20-30 жылдарда көптеген пікірталастар болған, ол туралы көптеген ғалымдар, тарихшылар зерттеу жүргізген. Мәселен, А.Бочагов кезінде Алашты – «ұсақ ұлттық буржуазиялық партия» десе, С Брайнин мен Ш.Шафиро – «Бүкіл байлардың саяси ұйымы» деді, ал Құрамысов – «Жартылай феодалдық байлардың партиясы» деп өз ой-пікірлерін білдірген. М.Қ. Қозыбаев Алаш партиясының бағдарламасының жобасын және бүкілқазақстандық екінші сьездің құжаттарын талдай келіп, жарты ғасырдан астам уақыт бойы осы партияны ұлтшыл саяси ұйым деп айыптаудың негізсіз екенін айтты. Пікір алысуға қатынасушылардың біразы: М.Қ. Қозыбаев, М.Қойгелдиев, Қ.Нұрпейісов, Ә.Тәкенов 1917 жылғы революцияға дейінгі қазақ интелегенциясының тарихы мен Алаш партиясының тарихын шатастыруға болмайтындығын көрсетті. «Алаштың» ақиқатын кім айтады деген жалпы тақырыпта зертеушілер А.Григорьевтің, К.Нұрпейісовтың, Т.Кәкімевтің мақалаларында жазылады. Зерттеушілер мұнда Алаштың партия ретінде қалыптасуы, оның әлеуметтік тірегі қазақ қауымының қандай топтарынан тұратындығына басты назар аударады.Григорьев мақалада Алаштың қалыптасуы 1917 жылы аяқталған және кадеттер жолын қуған буржуазиялық-ұлтшыл партия деп анықтап, ал партия жетекшілерінің басты тірегі қазақ байлары болды деген өзінің пікірін қайталаған.
1989 жылдың ақпанында Семейдегі атом полигонын табу үшін күресті бастауға ұйғарған «Невада - Семей» қозғалысының алғашқы митингісі өткізілді. Оны басқарған – белгілі қоғам қайраткері, ақын Олжас Сүлейменов. Сол жылдың 6 тамызында Семей облысының Қарауыл ауылында ядролық қаруды сынауға мораторий жариялау жөніндегі ұсынысты КСРО және АҚШ Президенттеріне үндеу қабылданды. Онда былай делінген болатын: «Сайын даламыз ядролық жарылыстардан қалтырап бітті, сондықтан да онда ары қарай үнсіз қалу мүмкін емес. 40 жыл ішінде бұл арада мыңдаған Хиросималар жарылды. Біз келешекті қауіппен күтудеміз. Уайымсыз отырып, су мен тамақ ішу, өмірге нәресте әкелу мүмкін емес болып барады. Қазақстандағы ядролық қаруды тоқтату үшін, өз үйімізде бейбітшілік пен тыныштық орнату үшін, өз құқықтарымыз үшін күресу мақсатында біз «Невада - Семей» қозғалысын құрдық». Осы уақытқа дейін үнсіз тығылып келген халық бір дауыстан «ядролық қаруға жол жоқ!», «Сынақтар тоқтатылсын» деп мәлімдеді. Ядролық сынақтардың қатері жөнінде барлық бұқаралық ақпараттары құралдарында, телевидение мен газеттерде әңгіме бола бастады. Түрлі елдердің парламенттері өз сессияларында қозғалыс ұрандарын талқылап жатты. Радиациялық сәулелердің зардаптары жайлы дәрігерлер мен ғалымдардың ашық әңгіме қозғауға батылдары жетті. Бұқараның қысымымен Семей полигонындағы сынақтар саны азая бастаған еді. Халықтың бастамасымен тұңғыш ретКСРО Үкіметі ядролық қаруды сынауға тыйым салу – мораторий жасау туралы шешім шығарды. Қазақстан Республикасының егемендігі туралы Декларацияда ел ауағы ядросыз аймақ деп жарияланды. Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев Семей полигонын жабу туралы Жарлық шығарған күні – 1991 жылдың 28 тамызы. Сөйтіп тиянақтылық пен елімталдық көрсеткен қазақ халқы өз мақсатына жетті: ең үлкен полигон жабылып, атом қаруынан бас тарту әрекеті жасала бастады. Семей полигоны жабылғаннан кейінРесейдің,АҚШпенФранцияныңполигондарында ядролық қаруды сынауға мораторий жарияланды. 1991 жылдың 29 тамызында Семей ядролық полигоны жабылып, 1992 жылдың мамырында оның базасында Курчатов қаласындағы Ұлттық ядролық орталық құрылды. 3. 2015-2019 жж. арналған республика өнеркәсіп орындарын диверсификацяи мене бәсекеге қабілеттілігінарттыруға арналған индустриалды-инновациялық дамудың Концепциясы (2013ж. желтоқсан).
Жаңалық пен ғылымды, технологияны, техниканы өндіріспен тығыз байланыстыру мақсатында Қазақстанда «Индустриалды-инновациялық даму» бағыты көзделген. Бүгінде біз үлкен мүмкіндіктері бар ел ғана емес, сол мүмкіндіктерді нақты жүзеге асырып отырған алып мемлекетке айналудамыз. Мемлекеттің бәсекеге қабілетін көрсететін басты көрсеткіш – оның экономикасы. Экономиканың бәсекеге қабілетті болудың басты бағыты – индустриалды-инновациялық экономика құру және шикізаттық емес секторды дамыта отырып, инновациялық процесстерге бет бұру .
Дамыған индустриялы елдерде технологиялардан, құрал-жабдықтардан, кадрлар даярлаудан, өндірістерді ұйымдастырудан көрініс табатын жаңа ілімдер үлесіне ІЖӨ өсімінен 80-нен 95%-ына дейін келеді. Бұл елдерде жаңа технологияларды енгізу нарықтық бәсекелестіктің өзекті факторы өндіріс тиімділігін арттырудың және тауарлар мен кызметтер санасын жақсартудың негізгі құралы болып отыр. Қазіргі уақытта ғылымды көп қажетсінетін отандық өндірісті дамыту, бәсекеге қабілетті өнімдерді алуға бағдарланған ғылымды көп қажетсінетін жаңа технологияларды және ақпараттық технологияларды әзірлеу мен игеру республиканың өнеркәсіп пен ғылыми техникадағы әлеуетін сақтау мен дамыту есебінен ұлттық экономикалық кауіпсіздік мүдделерін қамтамасыз ету болып табылады. Қазақстанның ғылымитехнологиялық саясаты инновациялық үдерістерді жандандыруға, жаңа технологиялық құрылымдарды енгізуге өнеркәсіптегі жаңа қайта бөліністерді игеруге, ұлттық ғылыми-техникалық әлеуетті жандандыруға, ғылым мен өндіріс арасындағы алшақтықты жоюға, индустриялық қызметті ынталандыруға, озық шетел технологиясының нақты трансферті мен халықаралық стандарттарды енгізуді қамтамасыз етуге бағытталған. Ғылыми техникалық салада кәсіпкерлік секторды қалыптастырмай инновациялық қызметті дамыту мүмкін емес. Соңғы жылдар ішінде өнеркәсіп өндірісі көлемінде және жұмыспен қамтылу санында шағын бизнес секторының үлесі өзгеріссіз қалып отыр және тиісінше 2,83,2% және 12,4-14,0%-ды құрап отыр, бұл индустриясы дамыған елдердегіден бірнеше есе аз.
Алаш партиясы қазіргі замандағы тәуелсіз еліміздің мемлекет болып қалыптасуында зор маңызы бар. Ұйықтап жатқан елімізді оятуға және де тәуелсіздігімізді алудағы бастауы болып табылады. Патша өкіметінің отарлық езгісінен құтқарудағы алға қойылған саясат, еліміздің ең алғашқы құрылған ұлттықдемократиялық, саяси партиясы болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |