Қазақстанның посткеңестік экономиканың жаппай дағдарысқа ұщырауы (1992-1996 ж.).
Бірінші кезеңі 1992-1993 жылдарды қамтиды, яғни бұл экономикадағы кең ауқымды реформадан бастап ұлттық валюта — теңгені енгізгенге дейінгі кезең. Бұл кезең республика экономикасында нағыз ауыр дағдарыс жылдары болды. Елдің макроэкономикалық саясаты Ресеймен байланысты және Мәскеуде қабылданатын шешімдерге тәуелді болды. Республикада бағалардың ырықтануы нәтижесінде ел терең экономикалық дағдарысқа ұшырады, инфляция өзінің ең жоғарғы деңгейіне жетті (3060%), оның орташа айлық қарқыны 1993 ж. - 39 % болды. Екінші кезеңі - 1993-1996-жылдар. 1993 жылдың 15 қарашасынан бастап ұлттық валютаны енгізу мен өзіндік макро - экономикалық саясаттың қалыптасу кезеңінің басталуы деп саналады. Бұл кезең экономиканы реформалауда кейбір оң нәтижелердің болуымен сипатталады. Қабылданған шаралардың және үкіметтің инфляцияға қарсы жүргізіп отырған қатаң саясатының нәтижесінде инфляцияның қарқыны төмендей бастады: тұтынушылар бағасының индексі 1994 жылы - 1258%-ға дейін, 1995 жылы - 160,3%-ға, 1996 жылы 128,7%-ға дейін төмендеді. Теңгенің валюталық бағамы тұрақтандырылды, бюджет тапшылығы азайды, ең басты - өндірістің құлдырауы тоқтады. Осы кезеңде аса маңызды жүйелі өзгерістер жүргізілді, экономика белсенді түрде ырықтандырылды, макроэкономикалық оң үрдістердің қалыптасуымен оның даму мүмкіндіктерінің негізі қаланды.
Үшінші кезең - 1997-2000 жж. ЖІӨ-нің өндіріс көлемінің инвестициялар ж
әне басқа макроэкономикалық көрсеткіштердің қарқынды өсуімен сипатталды. Бұл кезеңде қаржы саласында елеулі реформалар жүргізілді, банк секторы нығайды, екінші деңгейдегі банкілердің депозит шоттарындағы салымдардың сақталуына кепілдіктер беретін қор құрылды, сақтандыру нарығында да реформалар жүргізілді. Алайда 1997-1998 жж. әлемдік қаржы дағдарысының салдарынан (Оңтүстік - Шығыс Азияда 1997 жылы, Ресейде 1998 ж.) экономиканың оңтайлы даму серпіні елеулі бәсеңдеді. Осының әсерінен қаралын отырған кезеңдегі 1998 ж. ЖІӨ-нің Қазақстанда төмендеген жылы болды.
Экономиканы тұрақтандыру және оны дағдарыстан шығару, инфляцияның жоғары қарқынын төмендету үшін ҚР үкіметі реформаның әр кезеңінде инфляцияға қарсы саясат жүргізді. Бірінші кезеңдегі инфляцияға қарсы саясаттың нәтижесін қарайық.
Дағдарысқа қарсы бағдарлама қабылдау. Жоғарыда айтылғандай, 1992 ж. баға ырықтанғаннан кейін материалдық өндіріс саласына жағдай өте шиеленісіп кетті. Өнеркәсіп 1981 жылғы деңгейде жұмыс істеді. Көмір және мұнай өндірісі қысқартылды. Металлургия өнеркәсібінде де жағдай күрделі болды. Кокстелетін көмір өндіру көлемінің, қара және түсті металл қалдықтары мен сынықтарын жеткізудің қысқаруы, жабдықтардың тозуы барлық технологиялық цикл бойынша өндірістің қысқаруына алын келді. Болат құбырлар мен басқа көптеген прокат түрлерінің өндірісі қысқартылды. Түсті металдар - мыс, магний, қорғасын, мырыш, титан өндірісі қысқарды. Машина жасау құрылысында өндірістің құлдырауына байланысты металлургия, химия өнеркәсібінің жұмыстары нашарлады, ауыл шаруашылығы және құрылыс техникасын шығару қысқарды.
Қабылданған бағдарлама бойынша 1993-1995 жж. экономикада төмендей бағыттар белгіленді:
— макроэкономикалық тұрақтылыққа жегу, өндірістің құлдырауын тоқтату;
— инфляция қарқынын төмендету;
— экономикада құрылымдық өзгерістер енгізу;
— нарықты тұтыну тауарларымен толтыру;
— кәсіпорындардың қаржы-экономикалық жағдайларын тұрақтандыру;
— ақша - кредит механизмдерін ретке келтіру;
— бағаларды мемлекет тарапынан мақсатты бағыттарда реттеу бойынша жұмыс жүргізу;
— жіберілген қателіктерді ескеріп, жекешелендіруде жаңа қадамдарды жүзеге асыру;
— кәсіпкерлікке жаңа серпін беру;
Достарыңызбен бөлісу: |