Тәуелсіз Қазақстанда нарықтық қатынастарың қалыптасуы (мемлекеттік меншікті жекешелендірү үдерісі, бағаны босату т.б.): 1992- 2016 ж. әлеуметік бағытталған нарықты құру.
Қазақстан Республикасының нарық жағдайы. Жалпы айтқанда нарық дегеніміз – тауарларды сату-сатып алу формасындағы өнім өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы жанама,тікелей екі жақты байланыс, тауарақша қатынастарын іске асыру саласы, сонымен бірге құралдардың, әдістердің, жабдықтардың, ұйымдыққұқықтық нормалардың, құрылымның және тағы басқа сондай қатынастардың орнығуларын қамтамасыз ететін барша жиынтықты айтамыз.
Нарықтық қатынастарға сай экономиканың тиімді дамуын қамтамасыз ететін несие түрлерінен несиелеу принциптерінен,несиелеу әдістері мен тәсілдерінен және несиелік тәуекелді басқарудан тұратын экономикалық механизмдерінің құрамдас бөліктерін қарастырып кеттік.
Нарықтық экономика ұтымды жұмыс істейді,егерде мына жағдайлар айқын болжанып және анықталса:
1.
Тауарды қанша көлемде өндіру керек,қандай қызмет атқару керек.
Не өндіру керек, яғни қоғамның материалдық тұтынымын толығырақ қамтамасыз ететін
тауарлар мен атқаратын қызметті анықтау.
Қоғамға қажет тауарлар қалай өндіріліп, қандай қызмет атқаруы керек.
Өндірілген өнім кімге арналған, оны кім алу керек, яғни өндірілген өнім нақты тұтынушылар
арасында қалайша бөлінбек.
Өзгерістер бола қалса қатысушылырдың соған бейімделе беруіне қол жеткізу.
Экономиканы тұрақтандыру мақсатында Республика Үкіметі нарыққа өтудің тұжырымдамасын жасап шығарды.Тұжырымдама мемлекеттік және стратегиялық бағыттарын анықтаған.Реттеулі нарықтық экономикаға өту келесі негізгі бағыттардан құралады:
меншікті мемлекет иелігінен алу – ол мемлекеттік меншік монополиясын жою және өндірушілердің бәсекесін дамытуға жағдай туғызу. Қазақстан жағдайына орай:
акционерлік, ұжымдық, кооперативтік, мемлекеттік және жекеменшікке ауыстыру;
монополиясыздандыру және монополияға қарсы шаралар аталмыш
заңды қабылдау еркін кәсіпкерлікке жағдай туғызу және қатарлы өндірістік құрылымдарды дамыту, шетелдік капиталды ұдайы қарастыра отырып, бірлескен кәсіпорындарын ұйымдастыру;
қаржылық сақтандыру және экономиканы тұрақтандыру;
баға құрылымы саясаты (басты тағам өнімдерін басқа тұтыну өнімдері мен қызмет түрлеріне бағаны нарық талабына қарай қалыптастыру).
Қорыта келгенде, Қазақстан Республикасының нарық жағдайы және алдына қойылған мақсаттары туралы жалпы түсініктеме беріп, толық ашып кеттік. Осы курстық жұмысты осындай мәліметтермен толық ашып кеттік деп ойлаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |