Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 19 қаңтардағы
№ 111 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 10 мамырдағы
№ 196 бұйрығымен
өзгерістер мен толықтырулар
енгізілген
Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім
беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім
беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Үлгілік
қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 25)
тармақшасына сәйкес әзірленген.
2. Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан
Республикасының білім беру ұйымдарына жалпы орта (орта жалпы), техникалық
және кәсіптік (бастауыш кәсіптік немесе орта кәсіптік), орта білімнен кейінгі,
жоғары (жоғары кәсіптік) білімі бар адамдар қабылданады.
Сырттай, кешкі нысандарда және экстернат нысанында білім алуға жол
берілмейтін жоғары білім беру мамандықтарының тізбесін білім беру
саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
3. Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына түсуші адамдарды
қабылдау мемлекеттік білім беру тапсырысын (білім беру грантын)
орналастыру, сондай-ақ азаматтардың өз қаражаты мен басқа да көздер есебінен
оқуға ақы төлеуі арқылы жүзеге асырылады.
Әскери, арнаулы оқу орындарында алынатын білімді қоспағанда,
Қазақстан Республикасының азаматтарына, егер Қазақстан Республикасының
азаматы оны бірінші рет алатын болса, мемлекеттік білім беру тапсырысына
сәйкес конкурстық негізде тегін жоғары білім алуға құқық беріледі.
Әскери, арнаулы оқу орындарын қоспағанда, Қазақстан Республикасында
тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға, егер олар осы деңгейдегі білімді
бірінші рет алатын болса, мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес
конкурстық негізде тегін жоғары білім алуға құқық беріледі.
Шетелдіктердің мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық
негізде тегін жоғары білім алу құқығы Қазақстан Республикасының
халықаралық шарттарымен айқындалады.
4. Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына түсуші адамдарды
қабылдау сертификаттағы балдарға сәйкес конкурстық негізде олардың
өтініштері бойынша жүзеге асырылады.
Сертификаттар ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі – ҰБТ) немесе
кешенді тестілеу (бұдан әрі – КТ) немесе эксперименттік алаң болып табылатын
"Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымының білім беру
бағдарламалары бойынша түлектердің оқудағы нәтижелерін сырттай бағалау
нәтижелері бойынша, сондай-ақ тiзбесiн бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган
айқындаған жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар
мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың) 2014, 2015, 2016
жылдардағы жеңімпаздарына (бұдан әрі – халықаралық олимпиадалар мен
конкурстардың жеңімпаздары) (бiрiншi, екiншi және үшiншi дәрежелi
дипломдармен марапатталған) беріледі.
"Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымының білім
беру бағдарламалары бойынша түлектердің оқудағы нәтижелерін сырттай
бағалау балдары ҰБТ сертификатының балдарына ауыстырылады, халықаралық
олимпиадалар мен конкурстардың жеңімпаздарына білім беру саласындағы
уәкілетті орган бекітетін шәкілге сәйкес қорытынды бағаларды балға ауыстыру
негізінде ҰБТ сертификаты беріледі.
Білім беру грантын беру конкурсы "Білім туралы" Қазақстан
Республикасы Заңының 4-бабының 5) тармақшасына сәйкес бекітілген Жоғары
білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережелеріне сәйкес
өткізіледі.
5. ҰБТ ағымдағы жылы жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу
бағдарламаларын меңгерген білім беру ұйымдарының бітірушілері, сондай-ақ
республикалық музыка мектеп-интернаттарының бітірушілері үшін өткізіледі.
КТ өткен жылдардағы жалпы орта (орта жалпы) білім беру ұйымдарының
бітірушілері, техникалық және кәсіптік (бастауыш кәсіптік немесе орта кәсіптік),
орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері, халықаралық
оқушылар алмасу желісі бойынша шетелде оқыған жалпы білім беретін мектеп
бітірушілері, сондай-ақ оқу орындарын шетелде бітірген адамдар үшін
өткізіледі.
6. Осы Үлгілік қағидалардың 43-тармағында белгіленген шекті балды
алмаған ҰБТ қатысушылары, нәтижелері жойылған қатысушылар және ҰБТ-ға
қатыспаған адамдар үшін ақылы негізде жоғары оқу орнына түсу үшін ҰБТ
қайта өткізіледі.
7. Осы Үлгілік қағидалардың 43-тармағында белгіленген шекті балды
алмаған КТ қатысушылары, нәтижелері жойылған қатысушылар және КТ-ге
қатыспаған адамдар үшін ақылы негізде жоғары оқу орнына түсу үшін КТ қайта
өткізіледі.
8. Осы Үлгілік қағидалардың 6 және 7-тармақтарында көзделген ҰБТ
немесе КТ нәтижелері бойынша осы Үлгілік қағидалардың 43-тармағында
белгіленген шекті балды алмаған адамдар жоғары оқу орындарына күндізгі оқу
бөліміне ақылы негізде қабылданады.
Бұл адамдар үшін жоғары оқу орнында білім алудың бірінші академиялық
кезеңі аяқталғаннан кейін ҰБТ немесе КТ қайта өткізіледі. Осы ҰБТ немесе КТ-
дің қорытындылары бойынша осы Үлгілік қағидалардың 43-тармағында
белгіленген шекті балды алмаған адамдар жоғары оқу орнынан шығарылуға
тиіс.
9. Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына түсуші адамдарды
ақылы негізде оқуға қабылдау ҰБТ немесе КТ нәтижелері бойынша жүзеге
асырылады.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімі бар
Қазақстан Республикасының азаматтары жоғары білімнің білім беру
бағдарламалары бойынша қысқартылған оқу мерзімімен оқуға қабылданады.
«Орта буын маманы» немесе «қолданбалы бакалавр» біліктілігін алған
техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі бар адамдарды
ұқсас мамандықтарға жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім
бағдарламалары бойынша жоғары оқу орындарына қабылдау КТ нәтижелері
бойынша жүзеге асырылады.
Жоғары білім саласындағы ұқсас мамандықтар мен техникалық және
кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мамандықтарының тізбесін білім беру
саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
Жоғары оқу орындарына жоғары білімі бар адамдарды ақылы негізде
қысқартылған мерзімде оқуға қабылдауды жоғары оқу орындарының қабылдау
комиссиялары жүзеге асырады.
10. Шетел азаматтарын мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде
бөлінген квота бойынша мемлекетаралық келісімдер негізінде құрылған
халықаралық жоғары оқу орындарына қабылдауды жоғары оқу орындары дербес
жүзеге асырады.
Шетел азаматтарын ақылы негізде жоғары оқу орындарына қабылдау
жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары өткізетін әңгімелесу
нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.
11. Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру
ұйымдарына оқуға түсу кезінде "Білім туралы" Қазақстан Республикасының
Заңы 26-бабының 8-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі
бекітетін мөлшерде қабылдау квотасы көзделеді.
Ауыл
жастары
арасынан
шыққан
азаматтар
үшін
Қазақстан
Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдау квотасы көзделген,
ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын жоғары білім
мамандықтарының тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
12. Мемлекеттік құпиялармен жұмыс істеуді талап ететін жоғары білім
берудің жекелеген мамандықтары бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы
бойынша оқуға қабылдау Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар
туралы заңнамасына сәйкес ұлттық қауіпсіздік органдарының рұқсаты бар
жоғары оқу орындарында жүзеге асырылады.
13. Пилоттарды даярлауды жүзеге асыратын жоғары оқу орындарына
түсетін адамдардан құжаттарды қабылдау жоғары оқу орындарының орналасқан
жері бойынша жүзеге асырылады және "Халық денсаулығы және денсаулық
сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 8-бабының 12)
тармақшасына сәйкес дәрігерлік-ұшқыштық сараптау комиссиясы берген
пилоттарды даярлау жөніндегі жоғары оқу орнында оқуға жарамдылық
бойынша медициналық қорытындысымен бірге міндетті түрде медициналық
куәландыру ұсынылады.
14. 14. ҰБТ немесе КТ тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган
бекітетін ҰБТ өткізу пункттерінің базасында немесе базалық жоғары оқу
орындарында өткізіледі.
ҰБТ шығармашылық мамандықтарға, сондай-ақ құқық қорғау және
арнаулы органдарға ведомстволық бағынысты жоғары оқу орындарына түсетін
адамдар үшін ҰБТ өткізу пункттерінің базасында өткізіледі.
КТ шығармашылық мамандықтарға түсетін, сондай-ақ құқық қорғау және
арнаулы органдарға ведомстволық бағынысты жоғары оқу орындарына түсетін
адамдар үшін түсушінің таңдаған жоғары оқу орны бекітілген базалық жоғары
оқу орнында өткізіледі.
15. ҰБТ және КТ өткізу қағидаларын білім беру саласындағы уәкілетті
орган бекітеді.
16. ҰБТ немесе КТ-нің бейіндік пәндері көрсетілген мамандықтар тізбесін
білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
17. КТ-нің жалпы бейіндік және бейіндік пәндері көрсетілген мамандықтар
тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
18. Педагогикалық мамандықтарға, арнаулы немесе шығармашылық
дайындықты талап ететін мамандықтарға оқуға қабылдау арнаулы немесе
шығармашылық емтихандар нәтижелерін ескере отырып жүзеге асырылады.
2. Мамандықтар тізбесі және арнаулы немесе шығармашылық
емтихандарды өткізу тәртібі
19.
Арнаулы
немесе
шығармашылық
емтихандар
өткізілетін
мамандықтардың тізбесі осы Үлгілік қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес
белгіленеді.
Педагогикалық немесе шығармашылық мамандықтарға түсетін адамдар
жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына жалпы орта (орта жалпы) немесе
техникалық және кәсіптік (бастауыш кәсіптік немесе орта кәсіптік), орта
білімнен кейінгі білімі туралы құжатын (түпнұсқа), 3 x 4 көлеміндегі екі
фотосуретін, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ҰБТ немесе КТ
сертификатын (бар болса) тапсырады.
20. Шығармашылық емтихандар оқуға түсушілердің бойындағы
қабілеттерді және шығармашылық бағыттағы кәсіптерді меңгеруге тұлғалық
алғышарттарды анықтауға бағытталған.
21. Шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтарға түсуші
адамдар өздері таңдаған жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары
өткізетін шығармашылық емтихандарды тапсырады.
Шығармашылық мамандықтарға түсетін жалпы орта (орта жалпы) білім
беру ұйымдарының бітірушілері немесе техникалық және кәсіптік (бастауыш
кәсіптік немесе орта кәсіптік), орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын
іске асыратын білім беру ұйымдарының бітірушілері үшін Қазақстан тарихы,
оқу сауаттылығы (оқу тілі) бойынша балдар ескеріледі.
Шығармашылық
мамандықтарға
жеделдетілген
оқу
мерзімімен
қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтарға
түсушілер үшін бейіндік пән бойынша балдар ескеріледі.
22. Оқуға түсушілерден шығармашылық емтихан тапсыру үшін өтініштер
қабылдау өздері таңдаған жоғары оқу орындары орналасқан жері бойынша 20
маусым мен 7 шілде аралығында жүзеге асырылады.
Шығармашылық емтихан 8-13 шілде аралығында өткізіледі.
23. Орта (орта жалпы) немесе техникалық және кәсіптік (бастауыш
кәсіптік немесе орта кәсіптік), орта білімнен кейінгі білімі туралы құжаттары
бар, шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтарға түсуші адамдар
екі шығармашылық емтихан тапсырады.
Шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтарға жеделдетілген
оқу мерзімімен қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша ұқсас
мамандықтарға түсуші адамдар бір шығармашылық емтихан тапсырады.
24. Педагогикалық мамандықтарға түсу кезіндегі арнаулы емтихан оқуға
түсушілердің педагогикалық қызметке бейімділігін айқындауға бағытталған.
25. Педагогикалық мамандықтарға түсу үшін оқуға түсушілерден
өтініштер қабылдау және арнайы емтихан өткізу жоғары оқу орындарында 20
маусымнан – 14 тамыз аралығында жүзеге асырылады.
26. Педагогикалық мамандықтарға түсуші адамдар жоғары оқу
орындарының қабылдау комиссиялары өткізетін бір арнаулы емтихан
тапсырады.
Педагогикалық мамандықтарға түсуші адамдар үшін Қазақстан тарихы,
математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы (оқу тілі), екі бейіндік пән
бойынша балдар ескеріледі.
Жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім беру бағдарламалары
бойынша ұқсас мамандықтарға түсуші адамдар үшін жалпы бейіндік және
бейіндік пәндер бойынша балдар ескеріледі.
27. Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихандарды өткізу нысаны
осы Үлгілік қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес белгіленеді.
Арнайы
және
(немесе)
шығармашылық
емтиханды
өткізу
бағдарламаларын жоғары оқу орны әзірлейді және жоғары оқу орнының
қабылдау комиссиясының төрағасы бекітеді.
28. Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтиханды ұйымдастыру және
өткізу үшін жоғары оқу орны ректорының бұйрығымен емтиханды өткізу
кезеңіне комиссия құрылады, ол төрағасын қосқанда тақ саннан тұрады.
Комиссия шешімі оның құрамының кемінде үштен екісі отырысқа қатысса
заңды деп саналады. Комиссия шешімі емтиханға қатысушылар санының
көпшілік даусымен қабылданады. Комиссия мүшелерінің дауыстары тең болған
жағдайда, төрағаның дауысы шешуші болып табылады.
29 Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтиханның кестесін
(емтиханды өткізу нысаны, күні, уақыты және өткізілетін орны,
консультациялар) қабылдау комиссиясының төрағасы бекітеді және құжаттарды
қабылдау басталғанға дейін кешіктірілмей оқуға түсушілердің назарына
жеткізіледі.
30. Оқуға түсуші арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихан
өткізілетін аудиторияға жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткенде
жіберіледі.
31. Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихан басталғанға дейін
оқуға түсушілерге емтихан материалдары беріледі және титулдық парақтарды
ресімдеу тәртібі түсіндіріледі, сондай-ақ арнаулы және (немесе) шығармашылық
емтиханның басталу және аяқталу уақыты, нәтижелерді жариялаудың уақыты
мен орны және апелляцияға өтініштер беру рәсімі көрсетіледі.
32. Жалпы орта (орта жалпы) немесе техникалық және кәсіптік, орта
білімнен кейінгі құжаттары бар оқуға түсушілер үшін шығармашылық
емтихандар 40 балдық жүйе бойынша бағаланады.
Жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім бағдарламалары
бойынша ұқсас мамандықтарға түсушілер үшін шығармашылық емтихан 20
балдық жүйе бойынша бағаланады.
Педагогикалық мамандықтарға түсушілер үшін арнаулы емтихан "өтті"
немесе "өтпеді" деген нысанда бағаланады.
33. Шығармашылық емтихан бойынша 5-тен төмен балл (жалпы орта (орта
жалпы) немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы
құжаттары бар адамдар) немесе 5-тен төмен балл алған (жеделдетілген оқу
мерзімімен қысқартылған білім бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтарға
түсуші адамдар) немесе емтиханға келмеген адамдарға осы мамандыққа түсу
үшін КТ-ге және білім тапсырысын (білім беру грантын) беру конкурсына
қатысуға рұқсат етілмейді.
34. Шығармашылық емтиханды өткізу қорытындылары – бағалау
ведомостарымен, арнаулы емтиханды өткізу қорытындылары – рұқсат беру
ведомосымен, комиссияның еркін нысандағы хаттамасымен ресімделеді және
қабылдау комиссиясының жауапты хатшысына (оның орынбасарына)
нәтижелерді жариялау үшін беріледі. Комиссия хаттамасына төраға және
комиссияның барлық қатысқан мүшелері қол қояды.
35. Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтиханның нәтижелері
емтихан өткізілетін күні жарияланады.
36. Арнаулы емтиханның нәтижелері бойынша оқуға түсушіге қабылдану
орны бойынша жоғары оқу орнына ұсыну үшін ведомостан үзінді беріледі.
Шығармашылық емтиханның нәтижелері бойынша оқуға түсушіге
шығармашылық емтиханды тапсыру орнына қарамастан, жоғары оқу орнына
ақылы негізде оқуға түсу үшін ведомостан үзінді беріледі.
37. Емтихандарды өткізу кезеңіне арнаулы және (немесе) шығармашылық
емтиханға қойылатын талаптарды сақтау, даулы мәселелерді шешу, тиісті
емтихандарды тапсыратын адамдардың құқықтарын қорғау мақсатында әрбір
жоғары оқу орны ректорының бұйрығымен апелляциялық комиссия құрылады,
ол төрағасын қосқанда тақ саннан тұрады.
38. Апелляцияға өтінішті апелляциялық комиссия төрағасының атына
арнаулы немесе шығармашылық емтиханды тапсырушы адам өзі тапсырады, ол
арнаулы немесе шығармашылық емтихан нәтижесі жарияланғаннан кейін келесі
күні сағат 13.00-ге дейін қабылданады, апелляциялық комиссия оны бір күн
ішінде қарайды.
39. Апелляциялық комиссияның шешімі отырысқа оның құрамының
кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп есептеледі. Арнаулы немесе
шығармашылық емтихан нәтижелерімен келіспеу туралы апелляция бойынша
шешім қатысушы комиссия мүшелері санының көпшілік даусымен
қабылданады. Апелляциялық комиссия мүшелерінің дауыстары тең болған
жағдайда, төрағаның дауысы шешуші болып табылады. Апелляциялық
комиссияның жұмысы төрағаның және барлық қатысушы комиссия мүшелерінің
қолы қойылған хаттамамен ресімделеді.
40. Жоғары оқу орындары меншік нысанына қарамастан күнтізбелік бес
күн ішінде білім беру саласындағы уәкілетті органға еркін нысанда арнаулы
және (немесе) шығармашылық емтихандарды ұйымдастыру және өткізу
жөніндегі қорытынды есепті, сондай-ақ арнаулы және (немесе) шығармашылық
емтихан қорытындылары туралы бұйрықтардың көшірмелерін ұсынады.
3. Жоғары оқу орындарына қабылдау
41. Студенттерді жоғары оқу орындарына қабылдауды қабылдау
комиссиялары 10 - 25 тамыз аралығында өткізеді.
Оқуға түсушілер жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына қабылдау
туралы өтінішпен бірге жалпы орта (орта жалпы), техникалық және кәсіптік
(бастауыш кәсіптік немесе орта кәсіптік), орта білімнен кейінгі немесе жоғары
(жоғары кәсіптік) білімі туралы құжатын (төлнұсқа), 3 х 4 көлеміндегі
6 фотосуретін, 086-У нысанындағы медициналық анықтаманы, ҰБТ немесе КТ
сертификатын, сондай-ақ білім беру грантын тағайындау туралы куәлікті (бар
болса) қоса береді.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру
бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім туралы
құжаттары бар, біліктілігін растаған және мамандығы бойынша кемінде бір жыл
жұмыс өтілі бар адамдар мынадай құжаттардың бірін:
1) еңбек кітапшасын;
2) жұмыс берушінің қолы қойылған, ұйымның мөрімен (бар болса)
расталған қызметтік тізімді (қызметкердің жұмысы, еңбек қызметі туралы
мәліметтер тізбесі);
3) қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтерді қамтитын архивтік
анықтаманы қоса береді.
Осы Үлгілік қағидалардың 8-тармағына сәйкес жоғары оқу орнына
қабылдау үшін адамдар жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына өтінішпен
бірге жалпы орта (орта жалпы) немесе техникалық және кәсіптік (бастауыш
кәсіптік немесе орта кәсіптік) орта білімнен кейінгі білім туралы құжатын
(түпнұсқа), 3 х 4 көлеміндегі 6 фотосуретін, 086-У нысанындағы медициналық
анықтаманы, ҰБТ немесе КТ сертификатын қоса береді.
42. Білім беру грантын тағайындау туралы куәлік алған адамдар куәлікте
көрсетілген жоғары оқу орнына қабылдау туралы өтініш береді және жоғары оқу
орны басшысының бұйрығымен студенттер қатарына қабылданады.
Шығармашылық мамандықтар бойынша білім беру грантын тағайындау
туралы куәлік иегерлері өздері шығармашылық емтихан тапсырған жоғары оқу
орнына қабылданады.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқуға түсетін Қазақстан
Республикасының
азаматтары
Қазақстан
Республикасының
Үкіметі
айқындайтын тәртіппен кемінде үш жыл жұмыспен өтеу туралы шарт жасайды.
43. Ұлттық жоғары оқу орындарына ақылы оқуға шығармашылық
дайындықты талап ететін мамандықтарға түсушілерді қоспағанда, ҰБТ немесе
КТ-ден өткен, тестілеу нәтижелері бойынша – кемінде 65 балл, ал «Білім беру»,
«Ауыл шаруашылығы ғылымдары» және «Ветеринария» мамандықтарының
топтары бойынша – кемінде 60 балл, басқа жоғары оқу орындарына – кемінде 50
балл, ал «Жалпы медицина» мамандығы бойынша – кемінде 65 балл, оның
ішінде Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы – оқу
тілі бойынша – кемінде 5 балл және әр бейіндік пәннен кемінде 5 балл алған
жалпы орта (орта жалпы) немесе техникалық және кәсіптік (бастауыш кәсіптік
немесе орта кәсіптік) орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске
асыратын білім беру ұйымдарының бітірушілері қабылданады.
Жоғары оқу орындарына ақылы оқуға шығармашылық дайындықты талап
ететін мамандықтарға түсушілерді қоспағанда, КТ-ден өткен, тестілеу
нәтижелері бойынша – кемінде 25 балл, оның ішінде жалпы бейіндік пән
бойынша – кемінде 5 балл және бейіндік пән бойынша кемінде 5 балл алған
жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім бағдарламалары бойынша
ұқсас мамандықтарға түсетін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі
білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының
бітірушілері қабылданады.
Ұлттық жоғары оқу орындарына шығармашылық емтихан тапсыруды
талап ететін мамандықтар бойынша ақылы оқуға ҰБТ немесе КТ-ден өткен,
тестілеу және шығармашылық емтихан нәтижелері бойынша – кемінде 65 балл,
ал «Білім беру» мамандықтары тобы бойынша – кемінде 60 балл, басқа жоғары
оқу орындарына – кемінде 50 балл, оның ішінде Қазақстан тарихы, оқу
сауаттылығы – оқу тілі бойынша – кемінде 5 балл және әр шығармашылық
емтиханнан кемінде 5 балл алған жалпы орта (орта жалпы) білім беру
ұйымдарының бітірушілері немесе техникалық және кәсіптік (бастауыш кәсіптік
немесе орта кәсіптік) орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске
асыратын білім беру ұйымдарының (жеделдетілген оқу мерзімімен
қысқартылған білім бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтарға түсушілер
үшін – кемінде 25 балл, оның ішінде шығармашылық емтихан бойынша –
кемінде 5 балл және бейіндік пән бойынша кемінде 5 балл алған) бітірушілері
қабылданады.
Осы Үлгілік қағидалардың 8-тармағында көзделген ҰБТ немесе КТ
нәтижелері бойынша осы тармақта белгіленген шекті балды жинаған адамдар
жоғары оқу орны басшысының атына ақылы негізде жоғары оқу орнына
қабылдау туралы өтініш береді.
Өтінішке ҰБТ немесе КТ сертификаты, уәкілетті адамның қолы қойылған
және мөрмен бекітілген транскрипт көшірмесі қоса беріледі.
44. Жоғары оқу орнына қабылдау оқыту нысаны, мамандықтар және тілдік
бөлімдер бойынша жеке жүргізіледі.
Шығармашылық емтихандар белгіленген мамандықтарға қабылдау осы
емтихандар бойынша алынған балдар есепке алына отырып жүргізіледі.
Педагогикалық мамандықтарға қабылдау арнаулы емтиханның нәтижелері
ескеріле отырып жүргізіледі.
45. Оқуға түсуші екінші деңгейдегі банктер беретін білім беру кредитін
ресімдеген жағдайда, ол құжаттарының қаралып жатқандығы туралы банктен
тиісті анықтаманы ұсынған кезде жоғары оқу орнының студенттері қатарына
қабылданады.
Бұл ретте оған білім беру қызметін көрсету шартында белгіленген және
азаматты оқуға қабылдауға дейін төлеуге жататын соманы төлеу мерзімі білім
беру кредитін ресімдеу кезеңіне, бірақ банктен анықтама алған кезден бастап
төрт аптадан асырылмай ұзартылады.
46. Шет тілінде берілген құжаттардың мемлекеттік немесе орыс тіліндегі
нотариалды куәландырылған аудармасы болуы тиіс.
Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар адамдар
оқуға қабылданғаннан кейін оқудың бірінші семестрі ішінде заңнамада
белгіленген тәртіппен нострификациялау рәсімінен өтеді.
47. Осы Үлгілік қағидалармен регламенттелмеген мәселелерді жоғары оқу
орындарының қабылдау комиссиялары дербес шешеді.
Жоғары білімнің білім беру
бағдарламаларын іске асыратын
білім беру ұйымдарына оқуға
қабылдаудың үлгілік
қағидаларына 1-қосымша
Арнаулы немесе шығармашылық емтихан өткізілетін мамандықтар тізбесі
Коды
Мамандықтардың атаулары
1
2
Арнаулы емтихан тапсыру талап етілетін мамандықтар
5В010100
Мектепке дейінгі оқыту және
тәрбиелеу
5В010200
Бастауышта оқытудың
педагогикасы мен әдістемесі
5В010300
Педагогика және психология
5В010500
Дефектология
5В010900
Математика
5В011000
Физика
5В011100
Информатика
5В011200
Химия
5В011300
Биология
5В011400
Тарих
5В011500
Құқық және экономика негіздері
5В011600
География
5В011700
Қазақ тілі мен әдебиеті
5В011800
Орыс тілі мен әдебиеті
5В011900
Шетел тілі: екі шетел тілі
5В012000
Кәсіптік оқыту
5В012100
Қазақ тілінде оқытпайтын
мектептердегі қазақ тілі мен
әдебиеті
5В012200
Орыс тілінде оқытпайтын
мектептердегі орыс тілі мен
әдебиеті
5В012300
Әлеуметтік педагогика және өзін-
өзі тану
5В012500
Химия-Биология
5В012600
Математика-Физика
5В012700
Математика-Информатика
5В012800
Физика-Информатика
5В012900
География-Тарих
5В013000
Тарих-Дінтану
Шығармашылық емтихан тапсыру талап етілетін мамандықтар
1
2
5В010400
Бастапқы әскери дайындық
5В010600
Музыкалық білім
1
2
5В010700
Бейнелеу өнері және сызу
5В010800
Дене шынықтыру және спорт
5В020600
Дінтану
5В021500
Исламтану
5В040100
Музыкатану
5В040200
Аспаптық орындаушылық
5В040300
Вокалдық өнер
5В040400
Дәстүрлі музыка өнері
5В040500
Дирижерлеу
5В040600
Режиссура
5В040700
Актерлік өнер
5В040800
Эстрада өнері
5В040900
Хореография
5В041000
Сценография
5В041100
Композиция
5В041200
Операторлық өнер
5В041300
Кескіндеме
5В041400
Графика
5В041500
Мүсін
5В041600
Өнертану
5В041700
Сән өнері
5В042000
Сәулет
5В042100
Дизайн
5В042200
Баспа ісі
5В042300
Арт-менеджмент
5В050400
Журналистика
5В051400
Қоғамдық байланыс
5В090600
Мәдени-тынығу жұмысы
5В140100
Орындаушылық өнер
5В140200
Халық аспаптары
5В140300
Ән айту өнері
5В010300**
Педагогика және психология**
5В021100
Теология
Жоғары білімнің білім беру
бағдарламаларын іске асыратын
білім беру ұйымдарына оқуға
қабылдаудың үлгілік
қағидаларына
2-қосымша
Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихандарды өткізу нысаны
Коды
Мамандықтардың
атаулары
Арнаулы және (немесе)
шығармашылық
емтихандарды өткізу
нысаны
1
2
3
Арнаулы емтихан тапсыру талап етілетін мамандықтар
5В010100
Мектепке дейінгі
оқыту және
тәрбиелеу
Педагогикалық жағдаятты
шешу
5В010200
Бастауышта
оқытудың
педагогикасы мен
әдістемесі
Педагогикалық жағдаятты
шешу
5В010300
Педагогика және
психология
Педагогикалық жағдаятты
шешу
5В010500
Дефектология
Педагогикалық жағдаятты
шешу
5В010900
Математика
Педагогикалық жағдаятты
шешу
5В011000
Физика
Педагогикалық жағдаятты
шешу
5В011100
Информатика
Педагогикалық жағдаятты
шешу
5В011200
Химия
Педагогикалық жағдаятты
шешу
5В011300
Биология
Педагогикалық жағдаятты
шешу
5В011400
Тарих
Педагогикалық жағдаятты
шешу
5В011500
Құқық және
экономика негіздері
Педагогикалық жағдаятты
шешу
5В011600
География
Педагогикалық жағдаятты
шешу
5В011700
Қазақ тілі мен
әдебиеті
Педагогикалық жағдаятты
шешу
5В011800
Орыс тілі мен
әдебиеті
Педагогикалық жағдаятты
шешу
5В011900
Шетел тілі: екі
шетел тілі
Педагогикалық жағдаятты
шешу
5В012000
Кәсіптік оқыту
Педагогикалық жағдаятты
шешу
5В012100
Қазақ тілінде
оқытпайтын
мектептердегі қазақ
тілі мен әдебиеті
Педагогикалық жағдаятты
шешу
5В012200
Орыс тілінде
оқытпайтын
мектептердегі орыс
тілі мен әдебиеті
Педагогикалық жағдаятты
шешу
5В012300
Әлеуметтік
педагогика және
өзін-өзі тану
Педагогикалық жағдаятты
шешу
5В012500
Химия-Биология
Педагогикалық жағдаятты
шешу
1
2
3
5В012600
Математика-
Физика
Педагогикалық жағдаятты
шешу
5В012700
Математика-
Информатика
Педагогикалық жағдаятты
шешу
5В012800
Физика-
Информатика
Педагогикалық жағдаятты
шешу
5В012900
География-Тарих
Педагогикалық жағдаятты
шешу
5В013000
Тарих-Дінтану
Педагогикалық жағдаятты
шешу
Шығармашылық емтихан тапсыру талап етілетін мамандықтар
1
2
3*
4
5В010400
Бастапқы әскери
дайындық
Спорт түрлері
бойынша нормативтер
Спорт ойындары
5В010600
Музыкалық білім
Орындау шеберлігі
Жалпы музыкалық
қабілетін көрсету
5В010700
Бейнелеу өнері
және сызу
Сурет (адам бетінің
гипстен жасалған
маскасының суреті)
Кескіндеме (натюрморт)
5В010800
Дене шынықтыру
және спорт
Мамандану бойынша
нормативтер
Жалпы дене даярлығы
бойынша нормативтер
5В020600
Дінтану
Кәсіпке
жарамдылығын
анықтау үшін
әңгімелесу
Дін негіздері бойынша
ауызша емтихан
5В021500
Исламтану
Кәсіпке
жарамдылығын
Ислам негіздері бойынша
ауызша емтихан
анықтау үшін
әңгімелесу
5В040100
Музыкатану
Музыкалық әдебиет
бойынша ауызша
емтихан. Музыкалық
тақырыптарды
орындау
Гармония және
сольфеджио бойынша
ауызша және жазбаша
емтихан
5В040200
Аспаптық
орындаушылық
Соло бағдарламаны
орындау
Гармония және
сольфеджио бойынша
ауызша және жазбаша
емтихан
5В040400
Дәстүрлі музыка
өнері
Соло бағдарламаны
орындау
Гармония және
сольфеджио бойынша
ауызша және жазбаша
емтихан.
Гармония және
этносольфеджио бойынша
ауызша және жазбаша
емтихан (домбыра
мамандығы бойынша)
5В040500
Дирижерлеу
Дирижерлеу. Естіп
талдау. Рояльда ойнау.
Коллоквиум
Гармония бойынша
ауызша емтихан.
Сольфеджио бойынша
диктант
5В040600
Режиссура
Жазбаша жұмыс
Ауызша емтихан немесе
көрсетілім
5В040700
Актерлік өнер
Актерлік шеберлік,
сахна тілі
Би, вокал немесе
коллоквиум
5В040800
Эстрада өнері
Эстрада вокалы.
Аспапшылар үшін
бағдарлама орындау
Музыка теориясы
бойынша ауызша
емтихан, сольфеджио
5В040900
Хореография
Орындау шеберлігі
Хореография
педагогикасы бойынша
ауызша емтихан
5В041000
Сценография
Сурет, кескіндеме
Композиция
5В041100
Композиция
Шағын нысанды
жанрдағы
шығармалардан
көрініс. Музыкалық
әдебиет бойынша
коллоквиум
Гармония бойынша
ауызша емтихан.
Сольфеджио бойынша
диктант
5В041200
Операторлық өнер
Практикалық жұмыс –
павильонда және
табиғатта түсіру
"Әлем және қазақ
киносының тарихы"
бойынша ауызша емтихан
5В041300
Кескіндеме
Сурет, кескіндеме
Композиция
5В041400
Графика
Сурет, кескіндеме
Композиция
5В041500
Мүсін
Сурет, мүсін
Композиция
5В041600
Өнертану
Жазбаша жұмыс
Өнертану бойынша
ауызша емтихан
5В041700
Сән өнері
Сурет, кескіндеме
Композиция
5В042000
Сәулет
Сурет
Сызу
5В042100
Дизайн
Сурет
Сызу
5В042200
Баспа ісі
Еркін тақырыпқа
жазбаша эссе
Мәтінді редакциялау
5В042300
Арт-менеджмент
Реферат немесе арт-
жобаны таныстыру
Коллоквиум
5В050400
Журналистика
Шығарма
Кәсіпке жарамдылығын
анықтау үшін әңгімелесу
5В051400
Қоғамдық байланыс
Еркін тақырыпқа
жазбаша эссе
Ауызша презентация
5В090600
Мәдени-тынығу
жұмысы
Орындау шеберлігі
Ұйымдастыру-қойылым
жұмысының негіздері
5В140100
Орындаушылық
өнер
Соло бағдарламаны
орындау
Гармония бойынша
ауызша емтихан.
Сольфеджио бойынша
диктант
5В140200
Халық аспаптары
Соло бағдарламаны
орындау
Гармония бойынша
ауызша емтихан.
Сольфеджио бойынша
диктант
5В140300
Ән айту өнері
Соло бағдарламаны
орындау
Музыканың бастауыш
теориясы бойынша
ауызша емтихан.
Сольфеджио бойынша
диктант
5В010300**
Педагогика және
психология**
Музыкалық
педагогика негіздері
Музыкалық психология
негіздері
5В021100
Теология
Кәсіби жарамдылығын
анықтау үшін
әңгімелесу
Дін негіздері бойынша
ауызша емтихан
* - жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім бағдарламалары бойынша ұқсас
мамандықтарға оқуға түсушілер үшін.
«** Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігіне ведомстволық
бағынысты жоғары оқу орындарына түсушілер үшін.
Достарыңызбен бөлісу: |